Лекция заманауи фиқҺ МӘселелерін шешу жолдары: негізгі көЗҚарастар, назарда ұсталуы қажет басты принциптер, заманауи пәтуа шығарумен айналысатын ұйымдар дайындаған: Алпысбаев Е



бет1/9
Дата28.12.2022
өлшемі82,49 Kb.
#60109
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

№ 3. Лекция

ЗАМАНАУИ ФИҚҺ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ: НЕГІЗГІ КӨЗҚАРАСТАР, НАЗАРДА ҰСТАЛУЫ ҚАЖЕТ БАСТЫ ПРИНЦИПТЕР, ЗАМАНАУИ ПӘТУА ШЫҒАРУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ҰЙЫМДАР

Дайындаған: Алпысбаев Е.

Осы дәрісте біз заманауи фиқһ мәселелерін шешуге қатысты қалыптасқан әртүрлі көзқарастарды, осы мәселеде ескерілуі керек негізгі қағидаларды және оларды шешуге көмектесетін кейбір фиқһ ережелерін қарастырамыз.

  • Осы дәрісте біз заманауи фиқһ мәселелерін шешуге қатысты қалыптасқан әртүрлі көзқарастарды, осы мәселеде ескерілуі керек негізгі қағидаларды және оларды шешуге көмектесетін кейбір фиқһ ережелерін қарастырамыз.
  • Сондай-ақ, біз күніміздегі өзекті фиқһи мәселелерді зерттеумен айналысатын топ жұмыстарына тоқталатын боламыз.

Негізгі көзқарастар

Негізгі көзқарастар

  • Классикалық фиқһтың ең басты ерекшелігі - белгілі бір мәзһабтардың негізінде қалыптасуы. Фиқһи мәзһабтардың пайда болуының және белгілі бір мәзһабты ұстанудың тарихи және идеологиялық негізідері бар.
  • Мәзһабтардың негізгі функцияларының бірі - өз ішінде үйлесімді және жүйелі көзқарастар қалыптастырып, осылайша діни міндеттерін орындағысы келетін мұсылмандарға барынша сенімді жол көрсету. Сондай-ақ фиқһи мәзһабтар құқықтық және қоғамдық қатынастарда жүйелілік, бірізділік және тұрақтылықты қалыптастыру сынды маңызды функцияларды да атқарады.
  • Соңғы уақытқа дейін фиқһ мәзһабтары өздеріне тән мәзһабішілік үкім шығару әдістерін қолдана отырып, туындаған жаңа мәселелерді оңай шеше алды.
  • Бірақ соңғы кезеңдегі фиқһқа қатысты туындаған проблемалар мен оқиғалар шиеленісіп, күрделі жағдайға түсті.

Оларды белгілі бір мәзһабтың әдістері мен көзқарастары шеңберінде немесе бір фақиһтың ижтиһады негізінде шешу әрдайым мүмкін бола бермейді. Сондықтан біз өмір сүріп жатқан дәуірде фиқһ және ижтиһад түсініктеріне қатысты айтарлықтай өзгерістер мен даму орын алуда.

  • Оларды белгілі бір мәзһабтың әдістері мен көзқарастары шеңберінде немесе бір фақиһтың ижтиһады негізінде шешу әрдайым мүмкін бола бермейді. Сондықтан біз өмір сүріп жатқан дәуірде фиқһ және ижтиһад түсініктеріне қатысты айтарлықтай өзгерістер мен даму орын алуда.
  • Бұл құбылысқа Ислам әлемі бірнеше ғасырлар бойы басынан өткеріп келген әртүрлі саяси, әскери, әлеуметтік және экономикалық жағдайлар айтарлықтай әсер етуде. Бұл жағдайлар мұсылман ғалымдарын барлық салалардағыдай ойлау мен ижтиһадтың дәстүрлі модельдерінен тыс жаңа әдіс-тәсілдерді іздеуге итермеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет