Байланысты: Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция
3.Тәрбиенің инновациялық, интерактивті әдістері және тәрбие технологиясы. Жаңа Қазақстанның жаңа ұрпағын даярлау барысында, педагогика саласында «тәрбие технологиясы» деген ұғым пайда болды. Себебі жаңа ұрпақты жаңа заман дәстүріне лайықты тәрбиелеу қажеттігі туындады. Қазіргі педагогтар алдында тұрған міндет қазақ халқының көптеген жылдар бойы қалыптасқан жағымды пайдалы ұлттық құндылықтарын сақтай отырып жаңа заман талабына сай жаңа формациядағы білімді, мәдениетті ұрпақты тәрбиелеу.
«Технология» термині гректің - «шеберлік» деген ұғымын білдіреді. Технология ұғымы да әдістеме ұғымын толықтыра тереңдете түседі. Яғни екі ұғымның да негізгі фнукциалдық мақсаты «тұлғаны тәрбиелеу» болып табылады. Осы тәрбиелеу үрдісі кезінде технология мен әдістеменің айырмашылығы туындайды.
«Әдістеме» үрдісі тәрбиенің әдіс-тәсілдеріне сипаттама берсе, «технология» үрдісі тәрбие үрдісін басқарудың жүйелі қалыптасқан жүйесін құрастырады, реттейді және іске асырады. Тәрбие технологиясының өзіне тән міндетті құрам бөліктері (атрибуттары) болады. Обьективті құрам бөлігіне тәрбие ісін басқарудың мақсаты, мазмұны, формасы, ұстанымдары, әдісі жатады. Субьективті құрам бөліктерінің іс-әрекет түрі (стиль), тәрбие ісіндегі қарым-қатынас, тәрбиеге қатысты тұлғалардың функциясы және олардың құқығы мен міндеттері жатады.
Тәрбие технологиясының үлгісі (модель) 3 түрлі деңгейге бөлінеді.
2. Тактикалық технология
3. Жеделдете жүргізетін технология
Стратегиялық үлгі - көптеген жылдарға арналған тәрбие жүйесінің басты
болашақтағы негізгі бағыттарын қамтиды.
Тактикалық үлгі - белгілі бір кезеңдегі атқарылатын істерді басқаруды жүзеге асырады.
Жеделдете жүргізілетін тәрбие технологиясының үлгісі кейінге қалдыруға болмайтын педагогикалық жағдайларды іске асыру туралы тәрбие ісі. Бұл үлгі алдағы екі үлгіні іске асырудың алғашқы бастапқы кезеңі десе де болады. Бұл үлгі нақты практикалық іс-шара бойынша жүргізіледі.
Сонымен тәрбие технологиясы дегеніміз - белгілі тәртіппен, арнайы уақытта жүргізілетін, алдына қойған мақсаты бар жүйеленген педагогикалық іс-әрекеттердің жиынтығын басқару үрдісі болып табылады. Тәрбие технологиясы нысанының ізденушілік танымдық мотивациялық шеберлігіне, әрекетіне немесе ниетіне байланысты тез іске асу ықтималдығы бар.
Сондықтан тәрбие технологиясы көп нұсқалы (вариант) әрі шығармашылық ізденістің жемісі болып табылады.
Қазіргі заман талабына сай жас ұрпақты тәрбиелеудің базалық негізінің идеялары етіп мына көрсеткіштерді ұсынамыз.
1. Қазіргі заманға лайықты еркін ойлайтын азаматты тәрбиелеу.
2. Адамгершілігі мол адам тұлғасын тәрбиелеу.
3. Рухани байлығы мол адамды тәрбиелеу.
4. Шығармашылық қабілеті мол адам тәрбиелеу;
5. Практикалық іс-әрекеті бар (Прагматик) тұлғаны тәрбиелеу яғни, қазіргі таңдағы актуалды проблемалар
6. Өмір, қоғам, саясат, дүниетаным туралы тұрақты өзіндік пікір қалыптастыру.
7. Ұлтжандылық, ұлтшылдыққа өз елін, жерін, тілін, халқын сүюге
тәрбиелеу де тәрбиенің негізгі идеясы.