2.Отбасында педагогикалық үдерісті ұйымдастыру. Отбасындағы тәрбие әдістері - бұл ата-аналардың өз баласының санасы мен әрекет-қылығына педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты көзделген жөн-жосығы, жолы. Бұлардың бәрі де тәрбиенің жалпы әдістерімен теңдейлес, дегенмен өз ерекшеліктеріне ие. Олар:
- әр балаға болған ықпал тұлғаның жекелеген нақты әрекет-қылығы мен ақыл-парасатына икемделуінен даралықты келеді;
- тәрбие әдістерін тандау ата-аналардың педагогикалық мәдениетіне орайлас келіп, олардың тәрбие мақсатын тануына, өз қадір-қасиетіне құндылықтық бағыт-бағдарына, өз жанұясында орнатқан қарым-қатынасына т.б. тәуелді.
Осыдан да отбасылық тәрбие әдістері ата-аналардың тұлғалық сән-сипатымен қайнай бітіскен және олардан ажыратыла қарастырылуы мүмкін емес. Қаншама ата-ана болса, әдістері, түрі де соншалықты: жылы сөзбен көндіру, қорқыту, айқайлап үркіту, мақтау мен мадақтау, қаталдық құрсауына салу және жазалау. Әдістер ата-аналар таңдаған тәрбиелік бағыт-бағдарға тәуелді келеді: біреулері өз баласының тіл алғыштығын тәрбиелегісі келеді, осыдан олардың әдісі ересектер талабын мүлтіксіз орындатуға бағдарланады. Екінші біреулері дербес, өз бетінше ойлай білуте негіз болар тұлғалық қасиеттерді орнықтыруды көздеп, осыған сәйкес әдістік жолдарды тандастырып, қолданады.
Отбасылық тәрбие арасында ата-аналар баршаға бірдей ортақ жалпыланған әдістерді пайдалану үрдіске айналған. Мұндай әдістер түрі келесідей топтастырылған: сендіру (мақтау, мадақтау, балаға болашақта пайдалы да қызықты мүддені түсіндіру арқылы); жазалау (қандай да көңіл рахатынан айыру, ортадағы достық қатынасты үзу, ұрып-соғу); кей отбасыларда педагогтар кеңесі мен тәрбиелік жағдайлар әдейі жасалып қолданылады.
3.Отбасындағы тәрбиенің этникалық ерекшеліктері. Отбасындағы тәрбиелік міндеттерді атқарудың құралдары да әртүрлі. Олар арасында кең қолданымдағылар: сөз, ауыз әдебиеті, ата-ана беделі, еңбек, оқу, табиғат, үй тұрмысы, ұлттық салт-дәстүрлер, қоғамдық пікір, жанұядағы рухани және материалдық болмыс, ақпарат көздері (газет, журнал, радио, теледидар), күн тәртібі, көркем әдебиет, мұражайлар мен көрмелер, ойындар мен ойыншықтар, дене шынықтырулар мен спорт, мейрамдар, рәміздер, ерекше белгілер (атрибут), қастерлі заттар, бұйымдар ж.т.б.
Ата-аналар тәрбиесі әдістерін іріктеу мен қолдануда келесідей жалпы шарттар ескерілуі тиіс:
1. Ата-аналардың өз баласының болмысын жете тануы.
2. Ата-аналардың жеке тәрбиесі мен беделі, отбасында орнатқан қатынастар сипаты.
3. Егер ата-аналардың тәрбиелік істерінің бағыты бірлікті келсе, іс-әрекеттер әдістері басым келеді.
4.Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті, осыдан педагогиканы меңгеру, тәрбиелік ықпалдардың қыр сырларын үйрену, тұрмыстық қажеттікке айналады.
Ата-аналар міндетіндегі отбасылық тәрбие - балалардың тән-дене және рухани сапаларын қалыптастыру бағытындағы саналы да парасатты істерге негізделген үздіксіз жетіліп жатқан процесс.