Байланысты: Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция
2.Білім мазмұнының негізгі компоненттері. Білім - әлеуметтік тәжірибенің бірінші элементі болса, оның екінші элементі - әлеуметтік тәжірибедегі іс-әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету, білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек айтсақ адамзат жасаған іскерлік пен дағдыларды меңгерту. Сыртқы (практикалық) және ішкі (ақыл-ой) дағдылары мен іскерліктеріне барлық пәндер үйретіп, оқушы жоспар құруға, мәтінді бөлуге, салыстыруға, қорытынды жасауға машықтанады. Кейбір оқу пәндерінің өздерінің қалыптастыратын іскерліктері мен дағдылары бар. Мысалы, физикадан немесе математикадан есептер шығару, химиядан тәжірибе өткізу, т.б. Ақыл-ой іскерліктері мен оқу іскерліктеріне конспектілеу, аннотация жазу, оқулықпен, сөздікпен жұмыстар жатады.
Сонымен білім мазмұнының тәжірибелік бөлігінде нақты іс-әрекет жасауға мүмкіндік беретін, жастардың мәдениетті сақтау қабілетін жетілдіретін көркем өнер, еңбек, қарым-қатынас, іс-әрекеті түрлері бар.
Танымдық (оқу және оқудан тыс) іс-әрекет оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниені танудың маңызды құралдарының бірі білім алуға, өздігінен білім алуға ынталандырып, ақыл-ойдың дамуына, ғылыми білімдерді жүйелі меңгеруге көмектеседі. Еңбек іс-әрекеті материалдық заттар жасауға, оларды сақтауға, көбейтуге бағытталған. Түрлері: өзіне-өзі қызмет көрсету, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек. Көркем өнер іс-әрекеті эстетикалық дүниетанымды дамытып, әдемілікке сұранысты туғызып, әдемі ойлауға үйретіп, нәзік сезімге бөлейді. Қоғамдық іс-әрекет оқушының әлеуметпен байланыс орнатуына көмектесіп, азаматтық бет-бейнесін қалыптастырады.
Қарым-қатынастық іс-әрекетке бос уақытты ұйымдастыру арқылы үйретіледі. Іс-әрекетке үйрену үшін оқушы үлгілерге қарап жұмыс істеп, жаттығулар орындайды.
Білімнің үшінші элементі шығармашылық жұмыс тәжірибесі "дайын" білімдерді хабарлау, жаттығулар орындау, үлгіге қарап жұмыс істеумен шектелмейді. Шығармашылық жұмысқа оқушыны іздендіретін, оқулықтағы мәселелік әдіспен баяндалған шығармашылық есептер, тапсырмалар үйретеді
Әрине оқулықтың барлық тақырыптары мәселелік әдіспен түсіндірілсін деп ешкім талап етпейді. Бірақ тақырыпқа сай қиын әдісті қолданған жақсы. Оқушыларға ғылымда, өндірісте қандай қиын болғанын, оларды шешу үшін қандай жұмыстар атқарылғанын, нәтижесінде ғылыми жаңалықтар ашылып, олар ғылымда, техникада үлкен өзгерістер әкелгенін баяндау қажет. Сол сияқты ақиқат үшін күрескен, баланың адамгершілігіне игі әсерін тигізетін ғалымдардың өмірі және қызметімен таныстырған дұрыс.
Оқушыларды іздендіретін білім, іскерлік, дағдыларын жаңа жағдаяттарда қолдандыратын тапсырмаларды оқулықтардан, басқа деректерден, оқушылардың өз тәжірибелерінен алуға болады, Оқушылар ғылыми әдістер қолданып, шығармашылық жұмыстар арқылы бағдарламадағы білімдерді өз беттерімен, шағын зерттеу жұмыстары арқылы меңгереді. Осы теорияға сәйкес бастауыш сыныптың математика оқулығына шығармашылық есептер, қазақ тілі оқулығына шығармашылық тапсырмалар енгізілген.
Білім беру мазмұнының төртінші элементі - тәжірибе, адам, іс-әрекет, құрал, өзара қатынас.
Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы сүйенетін, заңдылықтары қолданылатын математика, дүниетану, физика, химия, биология, сызу, тарих, еңбек сабақтары политехникалық білімді көбірек береді. Сондықтан кәсіпорындарға саяхат жасалып, оның қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылады.