Лекция №21
Қазіргі таңдағы оқу-тәрбие үдерісіндегі тәрбие технологиясы
Лекция жоспары:
1.Педагогикалық технология ұғымы. Педагогикалық технологияларға жалпы сипаттама.
2.Педагогикалық технологияларды жобалау, технологиялардың өзіндік ерекшелігі.
3. Тәрбие технологияларының тиімділігінің педагогикалық шарттары.
1.Педагогикалық технология ұғымы. Педагогикалық технологияларға жалпы сипаттама.
Жаңа Қазақстанның жаңа ұрпағын даярлау барысында, педагогика саласында «тәрбие технологиясы» деген ұғым пайда болды. Себебі жаңа ұрпақты жаңа заман дәстүріне лайықты тәрбиелеу қажеттігі туындады. Қазіргі педагогтар алдында тұрған міндет қазақ халқының көптеген жылдар бойы қалыптасқан жағымды пайдалы ұлттық құндылықтарын сақтай отырып жаңа заман талабына сай жаңа формациядағы білімді, мәдениетті ұрпақты тәрбиелеу.
«Технология» термині гректің - «шеберлік» деген ұғымын білдіреді. Технология ұғымы да әдістеме ұғымын толықтыра тереңдете түседі. Яғни екі ұғымның да негізгі мақсаты «тұлғаны тәрбиелеу» болып табылады. Осы тәрбиелеу үрдісі кезінде технология мен әдістеменің айырмашылығы туындайды.
«Әдістеме» үрдісі тәрбиенің әдіс-тәсілдеріне сипаттама берсе, «технология» үрдісі -тәрбие үрдісін басқарудың жүйелі қалыптасқан жүйесін құрастырады, реттейді және іске асырады. Тәрбие технологиясының өзіне тән міндетті құрам бөліктері (атрибуттары) болады. Обьективті құрам бөлігіне тәрбие ісін басқарудың мақсаты, мазмұны, формасы, ұстанымдары, әдісі жатады. Субьективті құрам бөліктерінің іс-әрекет түрі (стиль), тәрбие ісіндегі қарым-қатынас, тәрбиеге қатысты тұлғалардың функциясы және олардың құқығы мен міндеттері жатады.
Тәрбие технологиясының үлгісі (модель) 3 түрлі деңгейге бөлінеді.
1. Стратегиялық технология
2. Тактикалық технология
3. Жеделдете жүргізетін технология
Стратегиялық үлгі - көптеген жылдарға арналған тәрбие жүйесінің басты
болашақтағы негізгі бағыттарын қамтиды.
Тактикалық үлгі - белгілі бір кезеңдегі атқарылатын істерді басқаруды жүзеге асырады.
Жеделдете жүргізілетін тәрбие технологиясының үлгісі кейінге қалдыруға болмайтын педагогикалық жағдайларды іске асыру туралы тәрбие ісі. Бұл үлгі алдағы екі үлгіні іске асырудың алғашқы бастапқы кезеңі десе де болады. Бұл үлгі нақты практикалық іс-шара бойынша жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |