Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары


Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйелерінің өзара байланысы



бет86/109
Дата19.05.2023
өлшемі252,53 Kb.
#94850
түріЛекция
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   109
Байланысты:
Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция

2.Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйелерінің өзара байланысы.
Жүйе құраушы маңызды факторлардың бірі, педагогикалық жүйенің қызметінің бастау көзі - оқушы тұлғасының үйлесімді дамуы, оның өзін-өзі айқындауына бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен әрекетінің мақсаты болып табылады. Мектептің мақсаты - тұлға қасиетінің ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, экологиялық, құқықтық және басқа да базаның мәдениетін қалыптастыру. Жалпы мақсаттар оқу-тәрбие процесінің жекелеген бағыттары бойынша нақтыланады.
Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау - бұл жүйелі білім беру үлгісін жасау процесі. Мұны әрі тәрбие жүйесін танып білу тәсілі ретінде де, әрі жүйені басқарудың маңызды компоненті ретінде, яғни келешекте де - оның қызметі мен даму сатыларында да, оның элементтері, байланыстары мен құрылымын өзгеріске ұшырап жатқанда да қажет деп қарастыру керек.

Үлгі жасау процесі кезінде шартты түрде 3 кезеңді бөліп алуға тура келеді:


I кезең - мектеп бейнесін жасау. II кезең - оқу орнының тәрбие жүйесінің бір үлгісіне мектептің осы бейнесін ендіру. III кезең - оқу мекемесінің тәрбие жүйесі үлгісі мен мектеп бейнесін нақтылайтын аздаған өзгерістер ендіріп өңдеу.
К.Д.Ушинский «Адамға тәрбие беру әдістері» атты еңбегінде «Тәрбие беру өнері жұрттың бәріне дерлік таныс және түсінікті іс, ал кейбіреулерге тіпті оңай іс болып көрінетін ерекшелігі бар - бұл, адамның онымен теориялық немесе практикалық таныстығы неғұрлым азырақ болған сайын соғұрлым түсініктірек және оңайырақ болып көрінеді. Жұрттың барлығы дерлік тәрбие беру төзімділікті талап ететінін мойындайды, кейбіреулер бұл үшін туа біткен қабілеттілік және іскерлік, яғни дағды керек деп ойлайды, бірақ төзімділік, туа біткен қабілеттілік пен дағдыдан басқа, арнаулы білім де қажет екеніне ... көз жеткізеді».
Олай болса, ұстаздарға қажетті тәрбие беру өнерін меңгерту арнаулы кәсіби орта және жоғары педагогикалық оқу орындарында жүзеге асырылады. Педагогикалық оқу орындарының студенттеріне тәрбие беру өнерін меңгертудің алғашқы кезеңі педагогикалық курстарды оқып-үйренуден басталады. Ол көп сатылы болып келеді. Соның ішінде тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесінің қызметі де айрықша. Бұл пәнің мақсаты – педагогикалық оқу орындарының студенттеріне оқушылардың тәрбие жұмысының мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесінің негізгі мәселелерін оқып-үйренуге, бағыт-бағдар беруге көмек көрсету.
Мектеп жағдайында бұл жауапты мәселені жүзеге асыру сынып жетекшілеріне жүктеледі. Оны нәтижелі ұйымдастыру, сынып жетекшілерінің педагогикалық білім деңгейінің сапасы мен педагогтық шеберлігіне байланысты. Оған мектептің педагогикалық ұжымы мен балалардың ата-аналарын, тіпті жұртшылықты тарта білу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет