Лекция№2 Тақырыбы: Ж. Б. Ламарктің эволюциялық концепциясы



бет3/3
Дата21.09.2022
өлшемі75,5 Kb.
#39783
түріЛекция
1   2   3
Түр туралы көзқарасы. Ламарктың көзқарасы салыстырмалы түрде алғанда терең ойлы эволюциялық концепция болып табылады. Ол идеалистік көзқараста болды. Оның ойынша материя бірінші және қозғалыссыз болады, ал материяны қозғайтын сыртқы күш. Жаратушы құдірет өзі қалаған кезде кенеттен бар дүниені мәңгіге қозғалысқа енгізген деп сенді. Оның түр туралы ойы қарама-қайшылықта болды. Алғашында Линней сияқты түрдің тұрақтылығын мойындап, өсімдіктер жүйесін жасап шықса, кейіннен оның көзқарасы түрлердің тұрақсыздығымен өзгереді. Ламарк тірі табиғатта түрлер жоқ деп санады. Ал, әр кластағы даралардың әр түрлілігін келесі себептермен байланыстырады:

  1. Белгілі бір тәртіпті сақтау үшін әр ағзаның ішінде өзін күрделендіру үшін ұмтылыстары болады;

  2. Тірі ағзаларға сыртқы ортаның әсер етуі;

Ламарк табиғат біртіндеп өзгереді, даралардың әр түрлілігін эволюцияның ауыспалы сатысы деп санады. Эволюцияны байқауға болмайды, ол бірқалыпты байқаусыз өтеді деп санады. (Линейше түр бар, бірақ олар өзгермейді, ал эволюция жоқ). Ол табиғатта түрлердің тұрақты еместігін, соның нәтижесінде бір түрдің басқа түрге біртіндеп айналатындығын айта келіп, табиғатта түрдің шын мәнісінде бар екенін жоққа шығарды.
Ламарк іліміне берілген баға. Ламарк ғылым тарихында эволюциялық идеяны ең алғаш ұсынған ғалым ретінде белгілі. Алайда, оның эволюциялық көзқарастары қатаң сыналып, жан-жақты талқылануда болды. Ол өз еңбегінде эволюция ілімінің негізгі проблемаларын қоя білді және оны өзінше шешуге тырысты. Осының өзі Ламарктың ұлылығын көрсетеді. Ламарктың жануарлар градациясы Боннэнің тіршілік сатысымен салыстырғанда алға жаңа бір қадам жасағанын көрсетеді. Градация негізінде ол ағзалардың тарихи даму принципін ұстанды. Боннэнің иерархиялық сатысы Ламарктың жануарлар градациясында тарихи сатыға айналды. Оның әрбір баспалдағы бір – бірімен тығыз байланыста болды. Ғалым эволюцияның әртүрлі бағытта жүретінін көрсетті. Соның арқасында тірі дүние бір жағынан күрделенсе, екінші жағынан бір өзінде әртүрлі жіктеулер жүріп отырады. Осының арқасында дүниенің алуан түрлілігі пайда болған. Ол эволюцияның бейімделу бағытында жүретінін атап көрсетті. Бірақ, эволюцияның себепетерін дұрыс көрсете алмай, оны түсіндіруге әр ағзада прогреске іштей ұмтылыс болады және ортаға бейімделуге әуел бастан мақсатқа сәйкестілік бар деген идеалистік қате ұғымда болды.
Дарвин эволюциялық идеяларды тұжырымдауда Ламаркты өзінің ізбасары деп танып, оның еңбектерін өте жоғары бағалады. Ламарктың эволюциялық көзқарастары деректі материалдармен жан-жақты толық мәнінде дәлелденбеуі себепті кең көлемде тарала алмады.


Бақылау сұрақтары :
1.Ж.Б.Ламарктің дүниеге көзқарастары?
2.Табиғаттың эволюциялық жолмен даму идеясы?
3.Эволюция себептерін баяндау?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет