Лекция№3 Саптық жаттығулардың негізгі терминдері



бет2/2
Дата21.12.2023
өлшемі23,43 Kb.
#142301
түріЛекция
1   2
Байланысты:
183933003.lekciya.gimnastika (1)

Саптарды басқару
Сапты басқару командалармен жүзеге асырылады, оны староста дауыстап, белгілермен және жеке өзі көрсете отырып, сондай-ақ техникалық байланыс құралдары арқылы беруі мүмкін.
Командалар лек бойынша топтар старосталары және тағайындалған қадағалаушылар арқылы берілуі мүмкін.
Сапта аға староста, оған команда беруге ыңғайлы жерде болады. Команда алдын ала берілетін және орындалатын болып бөлінеді; командалар тек орындалатын болуы мүмкін.
Алдын ала берілетін команда оқушлардың назарын күшейту және орындалатын команданы орындауға дайындалу үшін сапта тұрғандар старостаның олардан қандай іс-қимылдарды талап етіп тұрғанын түсіну үшін нық, дауыстап және созылмалы беріледі.
Орындалатын команда үзілістен кейін, дауыстап, буындалып және нық беріледі. Орындалатын команда бойынша оны шұғыл және нақты орындау жүргізіледі.
Топтың немесе жекелеген оқушылардың назарын аудару мақсатында қажет болған кезде алдын ала берілетін командада топтың атауы немесе студенттің атағы мен тегі аталады.
Мысалы: «сынып - ТОҚТА». «Қатардағы оқушы Әлімов, Артқа -БҰРЫЛ».
Староста топқа назар аударған кезде және алдын ала берілетін команда бойынша саптағы орнында тұрған студенттер саптық қалыпты қабылдайды, ал қозғалыста саптық адымға көшеді. Староста саптан тыс студентке назар аударған кезде ол старостаға қарай бұрылады және саптық қалыпты қабылдайды.
Командалар берген кезде дауыс саптың еніне және тереңдігіне сәйкес келуі тиіс, ал баяндау анық, дауысты күрт көтерместен айтылады.
Сапты басқару үшін белгілер 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген.
Қажет болған кезде староста сапты басқару үшін қосымша белгілерді тағайындайды.
Барлық топтарға қатысты командаларды топтардың барлық старосттылары қабылдайды және дереу орындайды.
Командаларды белгімен берген кезде алдын ала «НАЗАР САЛ» белгісі беріледі, ал егер команда топтардың біреуіне ғана қатысты болса, онда сол топтың нөмірін көрсететін белгі беріледі. Топтардың нөмірлерін белгілеу үшін белгілерді топ старостасы белгілейді.
Белгімен команданы қабылдауға әзірлік, сондай-ақ «НАЗАР САЛ» белгісімен белгіленеді.
Белгіні қабылдау оны қайталаумен расталады.
Тәсілді болдырмау немесе тоқтату үшін «ТОҚТА» командасы беріледі. Осы команда бойынша тәсілді орындауға дейін болған қалып қабылданады.
Топтарды сапқа тұрғызу «САПҚА ТҰР» командасы бойынша жүргізіледі, оның алдында сапқа тұрғызу тәртібі көрсетіледі.
Мысалы: «Топ, бір қатарға - САПҚА ТҰР».
Осы команда бойынша оқушы саптағы өз орнына жедел тұруы, белгіленген аралық пен арақашықтықты сақтауы, саптық қалыпты қабылдауы тиіс.
Саптық қалып
Саптық қалып «САПҚА ТҰР» командасы бойынша қабылданады. Осы команда бойынша жылдам сапқа тұрып, қалыпты жағдайда тік тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшеп сызығы бойынша, оларды табан еніне қойып түзеу керек; тізені жазу, бірақ тым қатайтпау керек; кеудені шамалы көтеріп, ал денені біршама алға ұстау керек; ішті тарту керек; иықтарды артқа жазу керек; саусақтарды жартылай бүгіп, алақандарды ішке қаратып, екі жанына тиетіндей етіп қолдарды төмен түсіру керек; басты жоғары және тік, иекті алға шығармай ұстау керек; өзінің алдына қарап тұру керек; шұғыл іс-қимылға даяр болу керек.
Орнында «ТІК ТҰР» командасы бойынша саптық қалыпты жылдам қабылдау және қозғалмау керек.
«ЕРКІН ТҰР» командасы бойынша еркін тұрып, оң немесе сол тізені бос ұстау, бірақ орнынан кетпеу, назарды әлсіретпеу және сөйлеспеу керек.
«РЕТТЕЛ» командасы бойынша саптағы өз орнын тастамамау керек; қажет болған кезде рұқсат алу үшін саптан шығып тікелей старостаға өтініш жасау керек.
«РЕТТЕЛ» командасы алдында «ЕРКІН ТҰР» командасы беріледі.
Орнында бұрылулар
Орнында бұрылулар: «Оң-ҒА», «Жарты айналым оң-ҒА», «Сол-ҒА», «Жарты айналым Сол-ҒА», «Артқа БҰРЫЛ» командалары бойынша орындалады.
Артқа, солға, жарты айналым солға бұрылулар сол қол жаққа қарай сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға, жарты айналым оңға бұрылулар - оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жасалады.
Бұрылулар екі тәсілмен орындалады:
бірінші тәсіл - дененің дұрыс калпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, дененің салмағын салмақ түсетін аяққа түсіру керек; екінші тәсіл - қысқа жолмен екінші аяқты қою керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет