Лекциялар жинағы алматы ерте және орта ғасырлардағЫ Қазақстан


Акимбеков С.М.Дала тарихы. Еуразия тарихындағы Шыңғысхан мемлекетінің феномені. Алматы, 2022, 668 бет



бет24/40
Дата10.05.2023
өлшемі0,56 Mb.
#91604
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40
Байланысты:
Kazahstan taryihy -2022-2023 (1)

Қосымша әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы. 1-5 т. Алматы. Атамұра. 2010

2. Акимбеков С.М.Дала тарихы. Еуразия тарихындағы Шыңғысхан мемлекетінің феномені. Алматы, 2022, 668 бет.

3. Раздықов С.Қазақстан тарихы. Оқулық. 2018, 240 бет.


4. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы, Алматы, 2017, 656 бет.
5. Қаражан Қ. С. Қазақстан Республикасының тарихы: хрестоматия. әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; құраст. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2018. - 412 б.
6. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы: оқулық жалпы ред. басқ. Т. Омарбеков, Әл-Фараби атын. ҚазҰУ. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2018. - 475 б.


Түрік қағана­ты (551–603 жж.) VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар орын алды. Алтай, Сібір, Монғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, күшті əскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты феодалдық мемлекет құрылды.Түрік қағанатының жері Солтүстік Моңғолиядан бастап Шығыс Еуропаға дейінгі өңірге дейін созылып, қоныс өрісі Əмударияның жоғарғы ағысына дейін жетеді. Қазақстан да осы қағандықтың құрамына кірді. Бұл мемлекет туралы жазба деректер Түрік империясының өз тілінде VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазбалары арқылы белгілі. Бұл ескерткіштер түркілер мекендеген Енисей өзенінің бойы мен қазіргі Моңғолия жеріндегі Орхон өзені маңайынан табылғандықтан «Орхон-Енисей» жазуы деп аталып кеткен. Ескерткіштер - VII-VIII ғасырлардағы түркі ру-тайпаларының іргелі елі Түрік қағандығының тұсында Білге қаған, Күлтегін (əскер басы), Тоныкөк (ақылшы, кеңесші) сияқты атақты адамдарға арнап тұрғызылған құлпытастағы жазулар.Алғаш рет түрік атауы 542 жылы қытай жазбаларында кездеседі. Түрік атауы моңғолша тау сияқты дулыға дегенді білдіреді, кейде, түрік атауы ақсүйектер деген мағынада да қолданылады. Ал қытайлар түріктерді сюннулердің (ғұндардың) ұрпақтары деп санаған.Түріктер 546 жылы Алтайды мекендеген теле /тирек/ тайпасын жеңіп, олардың 50 мыңнан астам əскерін тұтқынға алып, өз армиясына қосып алды. 552 жылы көктемде түріктердің билеушісі Бумын өздерінің билеушісі аварларға (жуань-жуаньдарға) қарсы шығып, оларды ойсырата жеңіп, Түрік қағанатын құрады. Түрік ордасының алғашқы қағаны Бумын болды. Бумын қаған 553 ж. қаза табады. Оның мұрагері Мұқан-қаған (553-572 жж.) билік құрғанжылдарда Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болды. Олар маньчжуриядағы кидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырып, Солтүстік Қытай мемлекетінен алым-салық алып тұрды.Бір тілде сөйлеген түркі халқының құрамында оғыз, қарлұқ, қырғыз, түргеш, ұйғыр, қыпшақ сияқты т.б. 30-дан астам ру-тайпаларбіріккен. Бұл тайпалар шығыстан батысқа қарай жылжып, қазіргі қазақ жеріндегі үйсін, қаңлы тайпаларымен бірігіп, оларды өздеріне сіңіріп жіберген.Түріктерəуелгіде Орта Азияны өзіне бағындыруда Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі жер-лерге ие эфталиттерге қарсы Иранмен одақ құрып, 587 ж. Бұхара түбінде оларды жеңеді. Тохаристан облысы Иран қарауына өтіп, Батыс түрік қағанаты мен Иранның саяси ықпал жасау аймағының шекарасы Амудария бойымен өтеді.Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Жібек жолына иелік ету жорықтарын бастап Иранға қарсы Византиямен одақтасты. 571 жылы түріктердің əскери қолбасшысы Естеми Солтүстік Кавказды басып алып, Керчь шығанағына (Боспорға) шығып, 576 жылы Қырым жеріне енеді. Бірақ Естеми өлгеннен кейін, қағанат ішінде билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен əлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты əлсіретіп, 588 жылы Герат түбінде түріктер Ираннан жеңіліс тапса, 590 жылы Византия Боспорды қайта жаулап алады. 581-618 жылдары Солтүстік Қытайдың қағанат шекараларына шабуыл жасауы қағанатты одан бетер əлсірете түсіп, Түрік қағанатындағы саяси күйзеліс ақырында 603 ж. қағанаттың екіге - Шығыс жəне Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталады.
Ба­тыс Түрік қағана­ты (603–704 жж.). Батыс түрік қағанатының астанасы Жетісу жеріндегі Суяб қаласында (қазіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде), ал жазғы орталығы Мыңбұлақта (Түркістан төңірегі) болды. Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлап, Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді өздеріне қаратты. Сонымен қатар ол Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан жəне Орта Азияның Самарқанд, Бұқара тағы басқа қалаларын басып алды. Осы қалаларда қағанның орынбасарлары отырды. Батыс түрік мемлекетінің бірінші басшысы - қаған жоғарғы билеуші, бүкіл жердің иесі болды. Жоғарғы лауазымдар - жабғы, шад жəне елтебер қаған əулетінен шыққандарға берілді. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Негізгі еңбекші халық - “қара бұдын” (қара халық) деп аталды. Жегуй қаған (610-618 жж.) мен оның інісі - Түн-жабғы қаған (618-630 жж.) билеген кезде қағанаттың күш-қуаты арта түсті. Тохарстан мен Ауғанстанға жасаған жаңа жорықтар мемлекет шекарасын Үндістанның солтүстік-батысына дейін кеңейтеді. Батыс түрік қағанаты мал жəне егін шаруашылығымен шұғылданды. Қалаларда сауда-саттық кеңінен өрістеді. VII ғасырдың ортасына қарай он алты жылға (640-657) созылған қағанат ішіндегі өзара тартыс, тайпалар арасындағы
соғыс қағанатты əлсіретеді. Осыны пайдаланған Таң империясы Жетісуды басып алып, онда таққа өз адамын отырғызады. Түріктер мен Таң империясы арасындағы үздіксіз соғыстардың нəтижесінде түргештер күшейіп, VIII ғасырдың басында Жетісудағы билікті өз қолдарына алады.Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді. Қағанаттың негізін қалаушы Үшелік-қаған болды. Қағандықтың аумағы Орта Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Турфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. VI ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарында өмір сүрген түргештер VII ғасырда Жетісуға қоныс аударып, Батыс түрік қағанатының сол қанатының құрамына енген, халқы ең көп тайпа болған. Қағандық халқының этникалық құрамы негізінен сары жəне қара түргеш тайпаларынан тұрды. Жазба деректердің көрсетуі бойынша олар Шу, Талас, Іле бойларында өмір сүрген. Үшелік қаған өзінің негізгі тайпаларын екі Ордаға бөліп, басты орталығын Суяб қаласында, екінші ордасын Іле аңғарындағы Күнгіт қаласында орналастырған. Батыс түрік қағандығының құрамында болған басқа да түрік тілдес тайпалар да түргештердің құрамына енген. Саяси əкімшілік билік қағандықтың ең жоғарғы билеушісі бас қағанның қолында болды. Үшелік қаған қағанатты 20 əкімшілік аймақтарға бөліп, əр аймақта 7 мыңнан əскер ұстады. 706 ж. Үшелік қаған қайтыс болып, оның орнына баласы Сақал қаған (706-711 жж.) отырды. Сақал қаған тұсында мемлекет ішінде бірлік болмай қаған билігі үшін сары жəне қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Оның үстіне қағанатқа батыстан арабтар, оңтүстіктен қытайдың Таң империясы, шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төндірді. Ішкі тартыстардың барысында қара түргештер жеңіске жетіп, олардың көсемі Сұлу-қаған (715-738 ж.ж.) билікке келеді. Оның тұсында Түргеш қағанаты күшейіп, нығайды. Мемлекет астанасы Талас (Тараз) қаласына ауысады. Сұлу қаған мемлекет ішінде тыныштық орнатып, бар күшті батыстағы арабтарға қарсы жұмылдыруға мүмкіндік алады. 723 жылы түргештер Ферғана қарлұқтарымен жəне Шаш тұрғындарымен бірігіп арабтарға күйрете соққы берді. Бірақ та арабтар 732 жылы түргештерді ығыстырып, Бұхара қаласын басып алады. 737 жылы Сұлу қаған арабтарға қарсы жорық ұйымдастырып Тохарыстанға дейін жетті, бірақ көп ұзамай жеңіліп, қайтар жолында өзінің қолбасшыларының бірінің қолынан қаза табады. Сұлудың орнына оның баласы Тұқарсан Құтшар қаған болды. Оның тұсында қағанат ішінде сары жəне қара түргештер арасында билік үшін 20 жылға созылған ұзақ күрес басталып, қағандықтың саяси жəне экономикалық жағдайы мүлдем əлсірейді.Осы алауыздық кезінде Жетісуға Алтайдан қарлұқ тайпалары көшіп келіп қоныстана бастайды. Түргештер қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Осы жағдайды пайдаланған Қытай империясының Шығыс Түркістандағы билеушісі 748 жылы Суяб қаласын басып алып, содан кейін Шаш қаласының билеушісін жазаға тартады. Оның баласы көмек сұрап, арабтарға барады. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы түбінде Зияд-ибн-Салық бастаған араб əскері мен Гао Сяньжи басқарған қытай əскерлері арасында 5 күнге созылған үлкен шайқас болды. Шешуші сəтте қарлұқтар арабтар жағына шығып, қытай əскерлері ауыр жеңіліске ұшырады. Қытай əскері Жетісуды ғана емес, Шығыс Түркістан жерін де тастап өз иеліктеріне кетуге мəжбүр болды. Сондай-ақ арабтар да Талас өңірінде тұрақтай алмай Шаш қаласына шегінді. Осыған қарамастан іштей əлсіреген Түргеш қағанаты қайтадан қалпына келмей, 756 ж. қарлұқ тайпаларының қысымына шыдамай, біржола құлайды. Осы-дан кейін бұрынғы Батыс түрік қағанатының орнына төрт мемлекет: Төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказ жеріндегі Хазар қағанаты, Сырдың орта жəне төменгі ағысы мен Арал өңірінде Оғыз мемлекеті, Қазақстанның Солтүстік, орталық, шығыс аймақтарында Қимақ мемлекеті, Жетісу жерінде Қарлұқ мемлекеті пайда болды. Қарлұқ қағанаты (756-940 ж.ж.). Қарлұқтар туралы алғашқы деректер V ғасырда олардың тирек тайпаларының құрамында болғандығын айтады. Қарлұқ туралы алғашқы дерек “суй əуле-тінің тарихында” 581-618 жылдары кездеседі. Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен бұлақ (було) деп аталған. Қарлұқ тайпаларының əуелгі орналасқан аймағы - Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке.VII ғ. орта кезінде қарлұқ бірлестігінің құрамына ірі-ірі үш тайпа - бұлақ, шігіл жəне ташлық кірген. Əмудариядан бастап Қытайға дейінгі түріктердің барлығын шігіл деп атаған. Олардың біразы Таласқа жақын жерде Шігіл деп аталатын қалада тұрған. Шу аңғарында тұрған қарлұқ қоныстарының орталығы - Баласағұн қаласы. Қарлұқтардың біраз тобы Х ғасырда Іле аңғарында, Ыстықкөл мен Балқаш көлдерінің аралығында көшіп-қонып жүрген. Қарлұқтардың көсемдерін “жабғу” деп атаған. Олардың астанасы Қойлық қаласы болды. ІХ ғасырдың аяғында қарлұқтардың жағдайы біршама нашарлады. Себебі, Орта Азиядан саманидтер əулеті мен арабтардың шабуылы жиілейді. Сөйтіп, саманидтер мен қарлұқ қағандығының арасында Оңтүстік Қазақстан жері үшін ұзақ жылдарға созылған күрес басталды. 893 жылы Тараз қаласына Саманидтердің тегеурінді шапқыншылығы жасалды. Саманидтер Испиджаб, Тараз қалаларына өз ықпалын күшейтіп, мұсылман дінін енгізе бастады. Х ғасырдың басында Қарлұқ қағанатының жағдайы ішкі қырқыс, талас-тартыстардың нəтижесінде əлсіреді. Осы жағдайды пайдаланған Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар 940 жылы Баласағұн, Испиджаб қалаларын басып алады да, Қарлұқ мемлекеті құлап, Шу аңғарында Қарахандар əулетінің үстемдігі орнайды.Оғыз мемлекеті (Х-ХІ ғғ.). Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта жəне төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғасырларда Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. Əйгілі М.Қашқаридің сөздігі «Диуани-лұғат-ат-түрік» бойынша Оңтүстік Қазақстанның жерінде, əсіресе Ыстықкөл мен Шудың орта бойында қырғыз, қыпшақ, оғыз, иағма, чігіл, имек сияқты түрік тілдес тайпалардың қатар өмір сүргендігі белгілі. Осыған қарағанда оғыздардың алғашқы отаны Жетісу болғандығына күмəн жоқ. Алайда VІІІ ғ. екінші жартысынан бастап қарлұқ тайпаларының күшеюіне
байланысты оғыздар Сырдарияның орта жəне төменгі бойына ауа бастаған. Сөйтіп ІХ ғ. аяғында осы аймақта оғыз тайпаларының бірлескен одағының нəтижесінде патриархалды-феодалдық мемлекет құрылады. М. Қашқари оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін жазады.Х ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы - Янгикент немесе «Жаңа гузия» деп аталатын қаласы болған. Оғыз мемлекеті өзінің саяси жəне əлеуметтік құрылысы жағынан көне феодалдық мемлекет болды. “Жабғу” атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болып саналды. Оғыз жабғыларының орынбасарларын
күл-еркін деп атаған. Жабғы мемлекетінде оғыз əскерлерінің бас қолбасшысы “сюбашы” деп аталды. Х ғ. аяғы мен ХІ ғ. бас кезінде Оғыз жабғысының мемлекетінде алым-салықты тиянақты түрде жинап отыру жүйесі қалыптасқан, бұл жағдай мемлекетте тұрақты басқару аппаратының құрылғандығын көрсетеді. Х ғ. аяғында орыс деректерінде оғыздардың 965 ж. Киев князі Святославпен одақтасып хазарларды жəне князь Владимир 985 ж. оғыздарымен келісе отырып, Еділ, Кама бойындағы бұлғарларды талқандағаны туралы айтылады. Оғыздардың жер үшін жүргізген ұрыстарының көп жағдайда сəтті болуы, олардың саяси беделін де көтере түскен. Алайда, ұзақ жылдарға созылған соғыс, халықтан көп мөлшерде алынған алым-салық оғыз тайпаларының əр жерде бас көтерген наразылықтарын туғызады. Осы кезде Жент қаласының маңына келіп қоныстанған селжұқтар көсемі Жент қаласындағы оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап, қаланы басып алады. Деректерге қарағанда селжұқтар көп ұзамай қаланы тастап шыққан. Осы кезде ел басына Əлиханның мұрагері Шахмəлік келіп, мемлекет едəуір күшейіп, 1041 жылы Хорезмді жаулап алады. Бірақ Шахмəлік көп ұзамай оғыздарға қарсы қайта көтерілген селжұқтардың қолынан Хорезм түбінде қаза табады. Селжұқтармен жүргізілген көп жылғы соғыстар оғыз мемлекетін қатты əлсіретті. Сөйтіп, ХІ ғ. екінші жартысында күшейе бастаған қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады. Оғыздардың бір бөлігі Европаның Шығысына, Кіші Азияға қарай жылжыса, кейбір бөліктері Қарахан əулетінің қарамағында қалды, біраз бөлігі Хорасан селжұқтарының қол астына кірсе, қалғандары қыпшақтардың құрамында қалып, олармен сіңісіп кетті. Оғыз тайпалары қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, түрікмен, өзбек, қарақалпақ халықтарын қалыптастырушы түріктердің бірі болды.2. Дамыған орта ғасырлар мемлекеттері (Х-ХІІ ғғ.)Қарахан мемлекеті. Х ғасырдың орта кезінде Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан жерінде Қарахан мемлекеті пайда болды. Орталығы - Баласағұн қаласы. Кейіннен мемлекеттің батыстағы шекарасы Орта Азияның көптеген жерін қамтиды. Жазба деректерге қарағанда Қарахан мемлекетінің құрылуы мен даму тарихында басты рөлді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды, бұл конфедерацияға қарлұқтармен бірге шігіл жəне ягма, оғыз, қаңлы сияқты т.б. түрік тілдес тайпалар кірген. Қарахан мемлекетінде шігіл мен ягма тайпалары негізгі рөл атқарған. Өкімет басындағы билеушілер осы тайпалардан алма-кезек ауысып тұрған. Х ғ. ягманың бір бөлігі қарлұқтармен бірге Жетісуды, Нарынның түскейін мекендейтін. Кейінірек, ХІ ғ. ягмалар қиян теріскейде, Іле алқабында да тұрады. Ыстық көлдің Солтүстік жағынан көшіп келген шігілдер де осы алқапқа тарап кеткен еді. Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ Бограхан (915-955 жж.), қарлұқ қағаны Білге Қадыр ханның немересі. Сатұқ Бограхан саманилердің қолдауына сүйеніп, өз ағасы Оғылшаққа қарсы шығады да, Қашғар мен Таразды өзіне қаратады. 942 ж. Сатұқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап, Қарахандар мемлекетінің тарихы басталады. Қарахан сөзі Х ғ. аяғынан бастап, олардың Орта Азияны жаулап ала бастаған кезінен мұсылман деректерінде пайда болған. Ал, Қарахан мемлекеті деген атау Х-ХІ ғасырда тарихшылардың зерттеулерінде шартты түрде қабылданған.Сатұқ өлгеннен соң билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Қарахан мемлекетінің астанасы - Қашғар қаласы болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен - ілек Баласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның баласы Хасан Боғра хан мұра етіп алды. Мұса өлгеннен соң жоғары қаған атағы оның баласы Əли Арсылан ханға көшті. Оның енші жерінің орталығы Қашғар болды, сонымен қатар, ол Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болып есептелді.Қарахан мемлекетінің саяси тарихы ол өмір сүрген алғашқы ондаған жылдың өзінде-ақ ықпалды əрі күшті екі əулеттің - Əли Арсылан хан мен Хасан Боғра ханның ұрпақтары арасындағы өзара қырқысқан күреске толы болды. Алғашқы кезде Əли (Əлилер) ұрпағының ықпалы күштірек болды, ал кейін бұл ықпал Хасан ұрпақтарына (Хасанилерге) көшті. Х ғ. 80- жылдарында Орта Азиядағы күшті мемлекет Саманилер өз ішіндегі əлеуметтік қайшылықтармен, феодалдық талас-тартыстар мен қырқыстардан əлсіреп құлдырады. Осыны Қарахан мемлекетінің билеушілері пайдаланып, Хасан Бограхан 990 жылы Исфиджабты, 992 жылы Бұхараны жаулап алады. Осы жылы оның баласы Жүсіп Қадыр хан Қотан қаласын басып алған. Ал Хасанның немере інісі Қарахан билеушісі Əли Арсыланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилерге қарсы жорыққа шығып, ойсырата соққы берген. Қарахан хандығы қиян-кескі ұзақ соғыстардан кейін 1004-1005 жылдары Мəуераннахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті ХІ ғасырдың 30 жылдары Шығыс жəне Батыс Қағанат болып бөлініп, екі иеліктен тұрды:
1. Шығыс хандық: оның жері Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан, астанасы - Баласағұн, кейде Қашқар қаласы болып тұрған.
2. Батыс хандық: Мəуераннахр жерлері. Оның орталығы Самарқан қаласы болды.Шығыс хандық Қарахандықтардың негізгі бөлігі болып саналған. Сондықтан оның ханы дəстүр бойынша жоғарғы Ұлы қаған болып есептелген. Бірақ екі хандықтың арасында онша бірлік болмай, олар жиі жеке-жеке бөлініп кетіп отырған. 1056 жылы Қадырханның ұлы Йинал-тегін өкімет мұралығы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алады, бірақ ол көп ұзамай у беріліп өлтіріледі. Тəж-таққа Йинал-тегінің баласы Ибраһим ие
болады, алайда ол да біраздан кейін Барысхан əміршімен болған соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатты 15 жыл бойы (1059-1074 жж.) Қадырханның балалары Юсуф Тоғрұл мен Богра-хан Харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады, ал екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді. Тоғрұл қайтыс болғаннан кейін оның еншілігі Богра-хан Харунның (1075-1102 жж.) - Қашғар, Баласағұн мен Хотан қожалығының қол астына көшеді. Қарахан мемлекетінің əлсіреуінпайдаланып 1089 жылы селжұқ сұлтаны Мəлік шах Самарқанды басып алады, сөйтіп Бограхан Мəлік шахтың кіріптар вассалына айналады. 1102 ж. Бограхан өлген соң көп ұзамай Мəуеренахрға Баласағұн мен Таластың иесі Қадырхан Жабырайыл шабуыл жасап, Əмударияға дейінгі жерлердің бəрін басып алды, бірақ Термез қаласының түбінде жеңіліс тауып, өзі тұтқынға түсіп жазаланады. Құдіретті сұлтан Санжардың басқаруы кезінде (1118-1157 жж.) селжұқтар Мəуераннахрға шексіз билігін жүргізеді, бірақ бұл кезде Қарахан əулетінің саяси құлдырауының белгісі біліне бастаған еді. ХІІ ғасырдың ортасында қаптаған Қарақытай (Қидандар) Жетісу мен Баласағұнды, сосын Шығыс Қарахандықтардың қалған иеліктерін түгел басып алады. Сөйтіп, құдіретті Қарахан мемлекеті ХІІ ғасырдың ортасында өзінің өмір сүруін тоқтатады.Қарахан мемлекетінің жоғарғы өкімет билігі - хақанның қолында болды, оған ең жақын кеңесші, көмекші - уəзірі болды. Бұдан басқа күзет бастығы, есік қорғаушылары, қазынашылар жəне елшілер қызмет істеді.
Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды əлеуметтік саяси институт əскери мұралық жүйе болды. Хандар елді өзіне жақын адамдармен жəне уəзірлермен бірігіп басқарды. Мемлекет бірнеше ұлыстарға бөлінді. Хан мемлекеттік немесе əскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұқсат еткен. Мұндай жерлер икта деп аталады, ал оны берушілерді немесе иесін иктадар деп атаған. Тұтас алғанда Қарахандар дəуірі сапалық жағынан жаңа, яғни Қазақстан аумағында феодалдық құрылыстың нығаюының тарихындағы маңызды кезең болып табылады.ІХ-ХІ ғғ. Қимақ қағанаты. Күйреген Батыс Түрік қағанатының орнына көшпелі жəне жартылай көшпелі түркі тілдес тайпалар қазіргі Қазақстан аумағында құдіретті үш мемлекет: Жетісуда -Қарлұқ этникалық-əлеуметтік бірлестігін, Сырдарияның орта жəне
төменгі ағысы мен Арал өңірі далаларында - Оғыз державасын, ал Солтүстік, Шығыс жəне Орталық Қазақстанда - Қимақ қағанатын құрды. Қимақтар тарихының ерте кезеңі яньмо тайпасымен байланысты, ол Батыс Түріктер арасында VІІ ғасырда болған оқиғаға орай, Қытай деректерінде аталып өтеді. Синологтар яньмо тайпасы мен имек (кимек) тайпасы екеуін бір тайпа деп есептейді. Ал, имек термині шығыстанушы ғалымдардың пікірінше, Кимек (Қимақ) атауының фонетикалық бір түрі болып табылады. Кимектер мен Қыпшақтар бір халық деп осы кезге дейін ай-тылып келген пікір қате, өйткені тарихи жазба деректер мəліметі оларды тек өз алдына екі бөлек халық, бірақ түрік тілді туыс этнос деп қарауға мүмкіндік береді. Телелер тайпасының бірі болып са-налатын яньмо VII ғасырдың бас кезінде Моңғолияның Солтүстік-Батысын мекендеген.
VIII ғасырдың екінші жартысы мен ІХ ғасырдың бас кезінде Кимек тайпалары үш бағытқа Солтүстік батысқа - Оңтүстік Орал (негізінен Қыпшақтар) жағына, Оңтүстік бағытқа - Сырдария мен Оңтүстік Қазақстанға жəне Оңтүстікке - Жетісудың Солтүстік-Батысына қарай қозғалады.766 жəне 840 жж. Кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл
ойпатының жерлерін жайлап, Шығыс Түркістанды мекендейтін Тоғыз Оғыздардың теріскей шебіне дейін жетеді. 840 жылы орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін, оған кірген тайпалардың бір бөлігі (Эймур, Байандұр, Татар) Кимек бірлестігінің ұйтқысына қосылады. Жеті тайпа құрамындағы Кимек федерациясы нақ осы кезде қалыптасады. Х ғ. басында Кимек мемлекетінің құрамында 12 тайпа болған. Х ғасырда Кимек тайпаларының басшысы «байғу» (яғбу) деген титулды, ал кейін яғбуге қарағанда екі саты жоғары тұратын хакан деген жоғары түрік дəрежесін иеленген билеушісі бар қуатты мемлекет құрылады. Орталығы - Имекия (немесе Кимекия) қаласы болды. Кимектерде мемлекет болғаны туралы алғаш рет ІХ ғасырдың аяғы мен - Х ғасырдың басындағы араб тілді тарихи географиялық шығармаларда айтылады. Мəселен, Əл-Якуби кимектер мен басқа да түркі тілдес халықтардың мемлекеттігі туралы былай дейді: «Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге, соның ішінде: қарлұқтар, тоғыз-оғыздар жəне кимек-тер, оғыздар болып бөлінеді. Түріктердің əр тайпасы жеке мемлекет, олар бір-бірімен соғысып жатады» деп хабарлайды. ІХ ғасырдың аяғынан ХІ ғасырдың басына дейін кимектер қалыптасқан мемлекет болды, ал ХІ ғасырдың басында Кимек мемлекеті біртіндеп ыдырай бастайды. Оның құлауының екі себебі болды: бірінші, өзін-өзі билеуге, өз мемлекеттілігін құруға ұмтылған қыпшақ хандарының кимектердің орталық билігіне бағынбауына байланысты ішкі себеп, екінші, ХІ ғасырдың басында қоныс аудара бастаған көшпелі Орталық Азия тайпаларының қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғалар. ХІ ғасырдағы тайпалардың қоныс аударуының негізгі себебі - 916 жылы Солтүстік Қытайда Қидандардың Ляо мемлекетінің құрылуы еді. Осы мемлекеттің жерінің батысқа қарай ұлғаюы көшпелі тайпалардың одан əрі ығысуына əкеп соқты.Ал, ХІ ғасырдың екінші жартысында Сырдария өзенінің бойындағы, Аралдың Батысы мен Каспийдің Солтүстік өңіріндегі оғыз жерін басып алған қыпшақтар айтарлықтай күшейіп, бұрынғы қимақ-қыпшақ орналасқан негізгі аймақта күші мен қуаты жағынан
алдыңғы орынға шықты. Қимақтар осы оқиғалар кезінде өзінің саяси жетекшілігінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен бірге қыпшақтарға тəуелді болып қалды. Осылай қыпшақтар Қимақ мемлекетінің мұрагері болды. Бұдан былай қимақтар қыпшақ тайпаларының құрамына еніп, қыпшақ деп аталды.Наймандар мен керейлер. Наймандардың, керейлердің ертеректегі мемлекеттері Орталық Азияның шығысында - Қазақстанға шектесіп жатқан Монғолия аумағында пайда болса да, олардың тарихының Қазақстан тарихына тікелей қатынасы бар.XII ғасырда керейлер мен меркіттер қосылған Наймандар конфедерациясы Орталық Азиядағы ірі мемлекеттік құрылым болды. Ғалымдар “найман” терминінің мəні моңғол тілі тұрғысынан алғанда конфедерацияға енген тайпалар санына қарап “сегіз” деген сөзді білдіреді деп болжам жасайды. Сондықтан наймандардың шығу тегі мен ертедегі тарихы туралы мəселе əлі күрделі. Зерттеушілердің арасында бұлардың тілі туралы əртүрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар бұл тайпаларды моңғол тілдес десе, екінші ғалымдар оларды түркі тілдес дейді. Олардың этникалық құрамы аралас болуы да ықтимал, бірақ ғылыми əдебиеттегі жаңа мəліметтер олар түркі тілдес болды дегенді дəйектейді. Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз деген атаумен пайда болған. Сегіз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатқан. Кейінірек наймандар да сол араны жайлаған. Наймандардың батыс жағында Ертіс бойын мекендеген қаңлылар мен қыпшақтар, солтүстігінде Енисей қырғыздары, шығысында Шығыс Моңғолияда көшіп-қонып жүрген керейлер, ал оңтүстік
жағында Орталық Азияның басқа да көптеген тайпалары мекендеген. Осы тайпалармен жəне ұйғырлармен көрші ретінде қарым-қатынас жасап тұрған. Наймандар, əсіресе, қаңлылармен өте тығыз этникалық-саяси жəне мəдени байланыста болған. Қаңлылар мен қыпшақтардың кейбір жеке топтары наймандардың жеріне келіп қоныстанады. X ғасырда сегіз-оғыздар Қидан мемлекетінің қол астына алынған кезден бастап, олар «найман» деген атпен белгілі болған. Наймандар Бұйрық жəне Беткін деген екі үлкен тайпалардың
бірлестігінен құралған. Наймандар мен керейлерде ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы, ұлыстардың құрылуымен қатар жүрді. «Ұлыс» деген өз ол кезде «халық» деген ұғымды білдірді, əрбір ұлыс белгілі бір жерлерді алып жатты. Оны белгілі бір рудың өкілі - хан басқарды. Хан ордасы, ұлыстың өздеріне меншікті жазғы жайылымы, қысқы қыстауы болған. Əрбір ұлыстар ондық бірліктер бойынша, əскери жүйемен сарбаздар жасағын құрған.
Ұлыстарды басқару жəне оның ішкі жұмыстарын, салық жинауды арнаулы шерби атағы бар адамдар жүргізген. Арнаулы іс жүргізетін адамдар да болған. Іс ұйғыр жазуымен жүргізілген. Жарлықтар ханның мөрі басылған жағдайда ғана бекітілген. Наймандар XІ ғасырдың бас кезінде христиан дінінің несториан бағытын ұстанған. Бұл наймандардың ерте феодалдық кезеңде басқа мемлекеттермен жəне халықтармен этно-мəдени байланыста болғандығын дəлелдейді. X ғ. басында Солтүстік Маньчжурия мен Моңғолияда қиданның Ляо мемлекеті құрылғаннан кейін (907-1125 жж. құрылып, өмір сүрген), наймандар оның құрамына кірген, бірақ Елюй-Даши өлімінен кейін тəуелсіздік алып, өздерініңбилеушісі етіп Инанч-Білге Буху ханды тағайындады. XII ғасырдың аяғы - XIII ғасырдың басында Найман хандығы екіге бөлініп, оны Инанчтың екі ұлы: Даян хан мен Бұйрық хан басқарды. 1204 жылы моңғолдар Даянханды, 1206 жылы Бұйрық ханды талқандады. Даянның ұлы Күшілік хан найманның қалған əскерін жинап, Қидан мемлекетіне барып, бас сауғалады. Қидан билеушілерінің тілін таба біліп, наймандардың шашырап кеткен əскерінің басын қайта біріктірген Күшіліктің қуаты тез күшейді. Осы кезде Хорезмшах Мұхаммедтің əскерінен жеңілген қидандар өлкеде нақты биліктен
айырылды. Осыны пайдаланып, Күшілік хан 1211 жылы қалған қидандарды тізе бүктіріп, өзінің ордасын Жетісуға көшірді. Күшілік 1213 жылы Алмалықтағы мұсылмандар иеліктеріне қарсы əскери қимыл-əрекетін бастады. Күшіліктің əскері Алмалықты алғанымен, моңғолдардың жақындап қалуына байланысты кері шегінді. 1218 жылы моңғолдар наймандарды талқандап, қашып кеткен Күшілікті ұстап алып, Бадахшанда өлтірді. Сөйтіп, XIII ғасырдың басында бүкіл Шығыс Түркістан мен Жетісу моңғолдардың қол астына кірді.Керейлер (Керейттер). Керейлер туралы жазба деректердегі ең ерте мəліметтер Х ғасырдың бас кезіне жатады. Керейлер конфедерациясының этникалық құрамы біртекті болмаған. Олар түрік тілді жəне моңғол тілді жұрттан құралады. Керейлердің батысында - наймандар, солтүстігінде - меркіттер, шығысында - татарлар, оңтүстігінде - таңғұттар тұрады.Керей тайпаларының екі ордасы болған, солтүстік ордасы Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласында, ал оңтүстік ордасы Хуанхе өзені бұрылысының теріскейінде тұрған. 1007 жылы керейттер наймандармен бірге христиан дінінің несториандық тармағын қабылдайды. Керейттер белгілі дəрежеде ұйғыр мəдениетінің ықпалында болған. ХІІ ғасырдың 50-жылдарында керейлердің Қытаймен арадағы қатынасы шиеленісті. Қытайларға қарсы керейлердің күресін бастаған Маргуз хан тұтқынға түсіп, азаптап өлтірілді. Одан кейін елді Худжар Бұйрық хан биледі. 1171 жылы хан тағы оның баласы Тоғырылға көшті. Тоғырыл хан тұсында Керейлер ұлысы солтүстікте - Селенганың жоғарғы бойынан, оңтүстікте - Хуанхеге дейінгі; Батыста - Хангай тауынан, Шығыста Халкин Голге дейінгі жерлерді жайлаған. Керейлер найман, қаңлы, ұйғыр, меркіт, моңғол, қарақытай, таңғұттармен тығыз саяси жəне этникалық-
мəдени байланыс жасап тұрған.Тоғырыл ханның бай жиһазды сарайында дала тайпаларының болашақ билеушілері - Темучин (Шыңғыс хан) мен Жамуха - тəрбие алып, саяси жəне елшілік өмірден хабардар болған. Керей билеушісі Тоғырыл хан сарай қызметіне қаңлы ақсүйектерінің өкілдерін кеңінен тартқан.
1180 жылдары Тоғырыл Темучинге қолдау көрсетіп, 1183 жылы керейлер мен моңғолдар Қытаймен одақтаса отырып, татар əскерін талқандады, сол үшін Тоғырыл хан Қытайдың Ван титулын иеленді. Бұл егеменді құқығы ресми мойындалған патша дегенді білдіреді. Сондықтан Тоғырылды тарихта Ван хан деп те атайды. 1203 жылы керейлер мен бұрынғы одақтасы моңғолдар арасында соғыс өрті бұрқ ете түсіп, ол керейлердің жеңілісімен аяқталды. Тоғырыл мен оның ұлы Сангум қаза тапты. Керейлердің бір бөлігі қолбасшы Қайранбайдың бастауымен Солтүстік-Батысқа, яғни Ертіс өзенінің орта ағысына қарай қашты. Ал басым бөлігі Моңғол мемлекетінің құрамына енді. Жалпы алғанда, моңғол шапқыншылығы Орталық Азияның этникалық процесіне үлкен əсер етті, соның салдарынан көшпелі халық орасан зор аймаққа көшіп-қонды. Моңғолдардан жеңілген наймандар мен керейлер біртіндеп қалыптасып келе жатқан түркі халықтарына, оның ішінде қазақ халқына араласып кетті. Наймандардың қазақтар құрамындағы үлесі едəуір еді. Моңғол дəуірінде олардың басым бөлігі Сырдарияға, яғни қазақтың кең да-ласына көшті, сөйтіп қазақ этносының қалыптасуында белсенді рөл атқарды.
Ал керейлердің бір бөлігі батысқа, Еділ бойына ұмтылды, онда олар өздерінің керей этнонимін сақтап қалды, кейін осы атаумен олар өзбектер мен қырғыздар құрамына енсе, аз бөлігі қазақтар құрамына кірді. Олардың (керейлердің) көпшілігі Солтүстік Қазақстанда қалып, Орта жүз қазақтарына Керей (Қара - Керей, Абақ- Керей) атауымен енді, сөйтіп бұрынғы «Кереит» деген этноним атауындағы «т» жалғауы алынып қалды.Керейлер мен наймандар əлеуметтік-саяси дамудың бір деңгейінде тұрған. Олар дербес мемлекеттік құрылым - ұлыстар болып ұйымдасып, ал ұлыстар болса, хандар əулеті бастаған бүкіл этносты біріктіріп, рулық-тайпалық институт атаулының бəрінен де жоғары тұрған. Əрбір ұлыстың өз аумағы болған. Оның шекарасының ең маңызды жерлері күзетке алынып отырған. Ұлыстарда хан қосының басқару орындары, əскері мен жасауылы бар басқару аппараты жұмыс істеген. Сонымен туысқан тайпалардың əлеуметтік жіктелуі мен бірігуі ерте феодалдық мемлекеттердің, яғни Керейлер мен Наймандар ұлысының құрылуымен аяқталады. Қыпшақ хандығы (ХІ-ХІІІ ғ. басы). «Қыпшақ» атауы ең алғаш рет 760 жылы ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде жазылған. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабектің 846-847 жылы жазған “Жолдар мен провинциялар
кітабында” қарлұқтар мен қыпшақтарды VIII ғасырларға жататын түрік тайпаларының тізімінде келтіреді.656 жылы Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтар Кимек қағанатының құрамына кірген еді, ал ХІ ғасырда Кимек қағанаты құлағаннан кейін, кимек, қыпшақ жəне куман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде əскери саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді.Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер əулеті Оңтүстік жəне Батыс бағыттарында белсенді қимыл-əрекеттерге кірісіп, Орта Азия жəне Оңтүстік Шығыс Еуропа мемлекеттерімен тікелей байланыс жасауға кіріседі.
ХІ ғ. екінші ширегінде қыпшақ тайпалары оғыз тайпаларын Сырдарияның орта жəне төменгі бойларынан, Арал мен Каспий өңірі далаларынан тықсырып қуып шығады. Қыпшақтар билігінің Арал өңірі мен Сырдария бойындағы аймақтарға таралуына байланысты этникалық-саяси жағдайдың өзгеруіне орай, Х ғ. екінші ширегінде «Оғыздар даласы» (Мафазат əл-гуз) деген атаудың орнына «Дешті Қыпшақ» (Қыпшақтар даласы) деген атау пайда болады. Маңғыстау мен оған жақын жатқан аймақтарды қаратып алған қыпшақтар Хорезмнің теріскей шебіне дейін жетеді.ХІ ғ. орта кезінде қыпшақ тайпалары Еділден көктей өтіп, батыс жаққа жылжып, Орыс жəне Қара теңіз өңірі далалары мен Византия, Венгрия шекараларына дейін қоныс аударады. Еділден Днепрге дейінгі қыпшақтар қоныстанған аумақ орыс жылнамаларында половцылар, «Половецтер өлкесі» деп атала бастайды.
1071 жылы қыпшақтар Кіші Азияға жетіп Анатоли қаласын жаулап алады, сөйтіп, османдық түріктердің негізін қалады, осы жылдары Трансилвания арқылы Молдавияға өтеді. Қазіргі Венгриядағы мадиярлар, Молдавиядағы гагауыздар қыпшақтарға жатады. Осылайша Батыс Еуропа деректерінде қыпшақтар «коман» деген атпен мəлім болады.ХI ғ. басында қыпшақ бірлестігі мейлінше күшейеді. Өріс-қонысы шығыста Ертістен, батысында Орал тауына, Доннан жəне Қара теңізге дейінгі ұлан-ғайыр алқапты алып жатқан шығысындағы бөлігі Елбөрілі руынан шыққан хан əулеті билеген Шығыс қыпшақ қағанаты, Кавказ, Қырым өңірін жəне одан əрі батысқа қарай созылып жатқан басында Тоқсоба рулық əулеті тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі болып екіге бөлінеді. Қазіргі Қазақстан аумағының көп бөлігі Шығыс қыпшақ ұлысының билігінде болды. Қазақстан жеріндегі қыпшақ этникалық қоғамдасуын үш кезеңге бөліп қарауға болады.
Бірінші кезең: қыпшақтардың қимақ тайпалық одағында болуы - VІІ ғ. екінші жартысынан VІІІ ғ. соңына дейін.Екінші кезең: VIII ғ. аяғынан - ХІ ғ. басына дейін. Бұл кезде қыпшақтар Алтай жəне Ертістен Орал таулары жəне Еділ бойына дейін қоныс тепті. Қыпшақ тайпалық одағының құрамына Мұғалжар жеріндегі кумандар жəне қимақ тайпалары кіреді. XI ғасырдан ХІІІ ғ. басына дейін қыпшақтардың дамуының үшінші кезеңі жүрді. Бұл кезде қыпшақ хандарының мəртебесі, күш-қуаты өсіп, олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, куман, ежелгі башқұрт, оғыз т.б. тайпалар кірді. Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, ұрандар, шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлұқтар, шігілдер əсерін тигізді. Бұл кезде қыпшақ хандары өз жерлерін оңтүстікте Тараз қаласына дейін жеткізіп, қарахандықтармен шектесті. Олардың арасындағы шекара - Балқаш көлі жəне Алакөл ойпаты болды. ХІІ ғ. қыпшақ тайпалары Алтайда, Ертістің жоғарғы жағында наймандармен, қаңлылармен, керейттермен шектесіп, солтүстікте қырғыздар жəне хакастармен көрші болды. ХІ-ХII ғғ. Қазақстан аумағында тұрған қыпшақтар екі қанатқа бөлінді. Бірінші қанаты - оң қанат Торғай даласын, Жем, Жайық, Еділ өзендерінің бойын, сондай-ақ Маңғыстау түбегін мекендеді, оны елбөрі руынан шыққан хандар басқарды. Ал, ордасы -
Сарайшық қаласы болды. Торғай өңірінде жоғарғы ханның ордасы болса керек.
Екінші қанат - сол қанат Орталық жəне Шығыс Қазақстанды, Сырдариядан Ертіс пен Есілге дейінгі аралықтағы жерлерді қамтиды. Орталығы Сығанақ қаласы болды, оның ханы ұран тайпасынан шыққан. Оң қанат екіншісінен күштірек болған. Əскери ұйымдар мен əскери əкімшілік басқару жүйесіне айрықша маңыз берілген, өйткені ол көшпелі өмірге мейлінше сай, мейлінше
қолайлы болған. Қыпшақ хандарының өкімет билігі мұрагерлікпен əкеден балаға қалдырылып отырған. Хандар шығатын ең əулетті ру елбөрілі еді. Орда деп аталатын хан қамалында ханның дүние-мүлкі мен əскерінің ісін жүргізетін басқару аппараты болды. Əскери-əкімшілік басқару жағынан Қыпшақ хандығы көне түрік дəстүрлерін сақтаған. Қыпшақ тайпаларының басында хан, тархан, басқақ, бек пен байлар тұрды. Қыпшақ қоғамы əлеуметтік жəне жіктік жағынан да тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі - малға жеке меншік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған, жеке меншікті бұзған адам қатал жазаланған. Хисапсыз көп малы бар ақсүйектер жеке меншігін заң жолымен бекітіп берілмесе де, мал жайылатын өрістің бəрін меншіктенген. Жайылымдарды бөліп беруді, көші-қон мəселелерін реттеп отыруды қыпшақ хандар мен тайпа тектілері уысынан шығармаған. Қоғамның қатардағы мүшелерінің басым көпшілігі еркін де ерікті болған. Сөйтіп, Қыпшақ хандығы қалыптасқан феодалдық мемлекет болды, ол көне түрік мемлекетінің дəстүрін дамытып, жалғастырды.Қыпшақтардың саяси жағдайына келсек, 1065 жылы селжұқтардың билеушісі Алып Арсылан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға шабуыл жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент пен Сауранға жорыққа шығып, қыпшақ тайпаларының бір бөлігін Хорасан селжұқтарына тəуелді етті. Алайда, XI ғасырдың соңғы ширегінде де қыпшақтар Маңғыстау мен Каспий теңізінің шығыс жағалауында бұрынғыша өз билігін жүргізіп тұрды.
1096 жылы қыпшақ бірлестігінің тайпалары Хорезмге қарсы жорық ашады, бірақ ол сəтсіздікпен аяқталды. XI ғ. аяғы мен II ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, Сырдарияның төменгі ағысындағы тағы басқа қалалар қыпшақ көсемдерінің қолына қарағанымен, XII ғ. алғашқы жартысында осынау қалалар қыпшақ хандары мен соларды қайтсе де басып алғысы келген Орта Азияның мұсылмандық əулеттері арасындағы қиян-кескі ұрыс алаңына айналады. Хорезм шахы Атсыз Жентті жаулап алады, сонан соң солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады. 1133 жылы Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз қыпшақтарды ойсырата жеңеді. Тап осы кезден бастап Қыпшақ хандығының ыдырауы басталады. Оған себеп болған негізгі жəйттер: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында Хорезмге бейімдеушілердің көбеюі, қаңлылардың аса ірі бірлестігінің құрылуы, өкімет билігі үшін өзара əулетті қырқыстың күшеюі еді.
XII ғ. екінші жартысынан, əсіресе, Текеш (1172-1200 жж.) билеген кезден бастап, Хорезм қыпшақ ақсүйектерімен жақындаса түсуді мақсат еткен саясат жүргізеді. Қаңлы, қыпшақ, имек, ұран тайпалары топтарының жетекшілерін Хорезм шахтары əртүрлі қызметтерге тартады. Бұдан басқа туысқандық үшін қалыптасқан дəстүрге сай Хорезм билеушілері əйелдерін қаңлы мен қыпшақтардың хан əулеттерінен алып отырған. Мысалы, XIII ғ. бас кезінде Хорезм шахы Ала ад-дин Мұхаммед қаңлылардың басшысы Əмин Мəліктің қызына үйленген. Осының арқасында Əмин Мəлік Хорезм шахтар сарайында маңызды рөл атқарған.Хорезм шахы Мұхаммед (1200-1220 жж.) өз мемлекетінің құрамына XIII ғ. бас кезінде Сығанақ жерін қосып алады.
Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан қыпшақ хандары Хорезмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра берді. Бұл кезде Хорезмшахы Мұхаммед Дешті қыпшақ еліне бірнеше рет жорық жасайды. 1216 жылы қыпшақ билеушісі Қадырханға қарсы аттанғанəскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетеді. Осы кезде ол Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуып келе жатқан Шыңғысхан қолымен соқтығысып қалады. Бұл монғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, сөйтіп, бұдан кейін монғол басқыншылығының дəуірі басталады.
Орта ғасырлық мемлекеттердің шаруашылығы мен мəдениеті. Мал шаруашылығы. Қазақстан жеріндегі орта ғасырлық мемлекеттер шаруашылығы отырықшы егін шаруашылығымен тығыз байланыста болған көшпелі жəне жартылай көшпелі мал шаруашылығына негізделген еді. VI-XII ғасырлардағы мемлекеттердің басты шаруашылығы мал өсіру болған. Орта ғасырлық қоғамда малға жеке меншік қалыптасып дамыды, сөйтіп ақсүйек байлар тобы бөлініп шықты. Малға жекеменшіктік теңсіздіктің негізі болған.
Бай ақсүйектермен біріге қауымның қатардағы мүшелері: кедейлер мен құлдар бұқарасы тіршілік еткен.Орта ғасырлардағы жазба деректердің мəліметтеріне қарағанда феодалдық мемлекеттердің жылқы, қой, сиыр, өгіз жəне түйе өсіргенін білеміз. Көшпенділердің малының құрамында қыста жаюға неғұрлым бейімделген жылқы мен қой басым болды. Олардың шаруашылығында ет пен май қорын тез толтыратын қой шаруашылығының маңызы зор. Сондай-ақ қойдың жүні мен терісінен жылы киім дайындалды. Жылқы көшпелі тұрмыс жағдайында алыс жайылымдарды игеруге мүмкіндік беретін ерекше шыдамдылығы мен төзімділігі, соғыста жəне аң аулауда пайдаланатындығы арқасында аса бағалы жануар деп есептелді. Сондықтан көшпелілер тек қана тебіндеп жайылатын жылқы өсіруге ерекше көңіл бөлген. «Бұл даланың ерекшеліктері мынада: оның шөбі малға арпаның орнына жүреді, басқа елдерде мұндай ерекшелік жоқ. Онда малдың көптігі де сондықтан»,- деп атап өткен араб саяхатшысы Ибн Баттута. Жылқы санының көп болуы əрқашанда байлықтың өлшемі, малшы билігінің экономикалық негізі болған. Кейбір жазба ескерткіштерде қыпшақтар елінде он мың жылқы иеленгендердің көп болғаны жөнінде мəліметтер бар. Түріктердің жылқысы климаты қатаң, жергілікті табиғи жағдайларға жақсы бейімделген еді, сонымен қатар сүтінің мол жəне еті мен майының сапасы жақсы болуымен ерекшеленді. Түріктер сиыр жəне қой етінен жылқы етін артық көретін, ал бие сүтінен тамаша, шипалы сусын - қымыз дайындайтын.Жазба деректердің мəліметтеріне қарағанда асыл тұқымды жылқыларды өсіруге зор көңіл бөлген. Түріктер қой, жылқы шаруашылығымен бірге ірі қара өсірумен де айналысты, бірақ саны жағынан ол əлдеқайда аз болды. Сиырлар мен өгіздер көшкен кезде алыс қашықтықта көп жүрісті көтере алмайды. Мұның өзі түркі тайпаларының белгілі бір топтарының тұрақты қыстаулары бар жар-тылай көшпелі тұрмыс салты болғанын көрсетеді. Этнографиялық зерттеулер көшпелілердің негізінен ең кедей бөлігі сиыр ұстағанын көрсетеді. Ірі қара көбіне жеуге пайдаланылды. Көшпелілердің Батыс Қазақстанға ілгерілеуіне қарай олардың жекелеген топтары түйе шаруашылығымен де айналысқан. Құмды жəне шөпсіз жерлер-де түйе ең пайдалы да қолайлы үй жануары болды. Көшпелілерде аң аулау қосалқы кəсіп болды. Əл Джахиз «Көшпелі түріктер аң аулағанда, əсіресе қарақұйрықтар мен құландарды қуған кезінде ғажап төзімді»,- деп көрсетеді. Аң аулаған кезде садақ пен жебеден басқа олар аңға құс салған, қоянды, түлкіні, тіпті қасқырды да итпен ұстаған. Аң аулаумен қатар өзен жағасында тұратындар балық аулаумен де айналысқан. Жалпы алғанда, аң аулау дербес сала болмай, шаруашылықтың негізгі түрі - мал шарушылығына көмекші ғана болған.
Егіншілік. Қалалардың өсіп өркендеуі, сауданың дамуы, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды. Егін шаруашылығы елдің оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендері алқабында, Жетісуда, Іле өзені бойында біршама жақсы дамыды. Орталық Қазақстан егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау баурайларындағы жерлерде ғана шұғылданды. Елдің барлық жерлерінде егіншілік кəсіптері мал шаруашылығымен ұштасып жатты. IX-XII ғасырларда Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орталығы болды. Мұнда егістік көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды. Су жолы Арыс өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп, оның бір саласы Отырар қаласына келді, екінші саласы Құйрық төбе, Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйік қалаларына барды. Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен қамтамасыз етіп, сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі алқапты суландырған. Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты жəне сол жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған жəне Үзкентті сумен қамтамасыз еткен. Талас жотасының тау бауырларындағы жерді суландыру үшін Бадам, Сайрамсу, Арыс, Ақсу өзендерінің суы пайдаланылған. Жер кетпен тəрізді темір шоттар жəне темір, не шойын ұштары бар, жер жыртатын құралдармен /омаш/ өңделіп, егін темір орақпен орылған. Дəнді ұнтақтау үшін тас диірмендер қолданылған.
Қолдан суару негізінде Жетісу тұрғындары астық өсіріп, жүзім шарушылығымен жəне шарап жасаумен айналысты, бақша жəне бау дақылдарын екті. Таудың төменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелен, Үлкен жəне Кіші Алматы, Бақанас, Көксу, Лепсі өзендерінің орта жəне төменгі ағыстарының бойында да суландыру құрылыстары болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тартылған су каналы арқылы қаланың айналасындағы бау-бақшалар суғарылған.Қолөнер кəсібі. Қазақстан жерінде халықтар өздерінің даму дəрежесіне қарай қолөнер кəсібімен де шұғылданды. Құмыра жасаушылардың, ұсталардың, ағашқа, сүйекке, тасқа өрнек салушылардың істеген заттарына халықтың сұранымы күшті болды. Саз балшық бұйымдар өндірісі ерекше дамыды. Отырар алқабында жəне Қаратаудың баурайларындағы қалаларда керамиканы өркендетудің қалыптасқан түрлері сақталған. Сырдарияның төменгі бойындағы қалалардан табылған саз балшықтан жасалған заттарда əсем өрнектер басым болды. Керамикадан кесе, тостаған, аяқ-табақтар, тағы да басқа ыдыстар жасалынып, сырты оюланып, неше түрлі қызыл, жасыл, сары, қоңыр түсті бояулар жалатылды. Аңдар мен
құстар бейнеленген құйма ыдыстар тобы ынта қоярлық. Мəселен, Тараз қазбалары кезінде арыстан бейнеленген тамаша табақша шықты. Отырарда өсімдік ою-өрнегімен əшекейленген құмыра табылды. Орта ғасырдағы қалалық мəдениет.
Қазақстан жерінде ежелден отырықшылық тарихи-мəдени ірі аймақтар, ал ортағасырдың ортасында қалалық мəдениет дамыды. Олардың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу еді. Оңтүстік Қазақстанда Исфиджаб (Сайрам), Газгирд, Шараб, Будухкет, Отырар, Шавгар жəне Сауран тəрізді ірі қалалар бой көтерді. Исфиджаб сауда жолы өтетін орталық болды, мұнда көптеген тауарлар өндірілді, бұл жерден маталар, қару-жарақтар, мыс пен темір тасылды. «Исфиджаб,- деп жазды ортағасырлық авторлардың бірі,- Түркістан шекарасындағы Мəуераннахрдың үлкен де, ірі қалаларының бірі. Ол Азия елдерінің өркендеген жəне керемет қалаларының бірі, жері құнарлы, ағаштары көп, суы мол жəне ғажайып бақтары бар».Талас алқабында ірі қала Тараз пайда болды. Ол VI ғасырдың өзінде-ақ белгілі болды. Тап осында Түрік қағаны Иштеми 568 жылы Земарх бастаған Византия императоры Юстиниан II-нің дипломатиялық елшілігін қабылдады. Шежірешілер Таразды саудагерлер қаласы деп атаған. Ол түргештердің, сосын қарлұқтар мен қарахандардың астанасы болды. ХІ ғ. бірінші ширегінде ақша айналымының қалыптаса бастауына сай Қазақстандық екі теңге сарайы - Тараз жəне Испиджаб қалаларында болды. Қалалардағы ішкі сауда айналымында мыс (қола) теңгелер жүрсе, ал күміс теңге қалааралық ірі товар айналымын қамтамасыз етіп, қаржы жинаудың құралы қызметін атқарды. ХІ ғасырдың 70-жылдарынан кейін күміс
құю тоқтатылып, айналымда оның орнына алтын қолданылды. Талас, Асса өзендерінің бойында, Тараз маңында Төменгі Барысхан, Жамукат, Жекіл, Бектөбе, Дех-Нуджикес, Адахкет, Текабкет, Шельджи, Жувикат жəне т.б. қалалар мен мекендер созылып жатты. Талас алқабынан Шуға дейінгі жолда Ақыртас, Құл-Шуб, Жұл-Шуб, Құлан, Мерке, Аспара, Нүзкет тəрізді қалалар орын тепкен. Тек VI-XIII ғасырларда Шу алқабында соғдылар, сириялықтар, түріктер, парсылар мекендеген ірілі-ұсақты 25 қала болған. Бұл Харанжуан, Жұл, Навакет, Бунджикет, Құрмырау, Суяб, Баласағұн, Жоғарғы Барысхан қалашықтары. Іле алқабының ірі қалаларының қатары Тальхиз (Талғар), Қойлық, Дунгене, Алмалық (Алматы), Ілебалық, Көк-Тума сияқты қалаларды жатқызуға болады. VII-XIII ғғ. қала мəдениеті тек оңтүстікте жəне оңтүстік-
шығыста ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де дамыды. Сырдарияның төменгі ағысында Асанас, Янгикент, Сығанақ, Жент, Барлышкент жəне т.б. қалалар орналасқан. Орталық жəне Шығыс Қазақстанда, оның ішінде Торғай, Жыланшық, Кеңгір, Нұра, Жезді, Сарысу өзендерінің бойында жетпіс сегіз қаланың орны табылды. Нұра алқабында Ақсикент деп аталатын мейлінше ірі қала болған, Сарысу жағалауында Жұбаныш пен Ұлыбағыр, Торғайдың төменгі
сағасында - Қаңлыкент, Қарақорым, Борсық қалалары болғаны белгілі. Ертіс өзенінің алқабында он алты қимақ қаласы кездессе, оның ішінде Хакан мен Хакан-Қимақ қалалары қағанаттың астанасы болған. Сол кезде қалалардың дамығанын сəулетті құрылыстардың болуы дəлелдейді. Тараз маңындағы Бабаджа-хатун (X-XI ғғ.), Айша-бибі (XI-XII ғғ.) кесенелері, Тараздағы Қарахан кесенесі, Сырдарияның төменгі сағасындағы Сырлытам, Орталық Қазақстанның Домбауыл кесенесі ортағасырлық сəулеттік ескерткіштерге жатады. Қазақстан қалаларының сəулеті бұрынғы өткен заманның сəулет өнерімен тығыз байланысты. Үйлерді салуға шикі кірпіш, құм, ағаш қолданылды. Ірі ғимараттар мен бекіністердің сыртқы қабырғасы көбінесе күйдірілген сары саздан жасалған плиткалармен қапталды. Сөйтіп, орта ғасырда Қазақстан аумағында тек көшпелі өркениет қана дамып қойған жоқ, сонымен бірге отырықшылық, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы мен қалалық мəдениет те дамыды, олар бір-бірін толықтырып, бір-бірін байытып, бір-біріне үлгі болған. Жазу мен ғылымның дамуы. VI-VIII ғасырларда түрік
қағанатына бағынған Орталық жəне Орта Азияның түркі тілдес халықтары, сондай-ақ Хазар қағанатын құрған төменгі Еділ бойының, Дон жағалауы мен Солтүстік Кавказдың түрік тайпалары өздерінің жеке жазуларын қолданды. Жазу негізінен əкімшілік жəне елшілік тəжірибелеріне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік актілерді бекіту қажеттілігінен туындаған тəрізді. Діни қатынастардың да белгілі бір рөл атқарғаны анық. Шежірелерде айтылғандай, ертедегі түріктер ағаш тақтайларға «қажетті адамдардың аттарын, салық пен малдың санын» есептеу мақсатында ойықтар салатын болған. Сонымен қатар түрік елшілері грамотамен жабдықталды. 567 жылы Константинопольге II Юстиниан императоры сарайына келген елші соғды Маниах қағаннан «скиф жазуымен» жазылған хатты əкелген. “Мұның не жазу» екендігін түрік қағанатының - Бугут көне жазуы ескерткішіне қарап білуге болады. Бағананың үш жағында соғды тілінде жазылған жазу бар. Оның бір жағындағы брахма жазуымен санскриттегі жазба толығымен өшкен. Сөйтіп, руна əріпі пайда болғанға дейін түріктер соғды əліппесін кеңінен қолданғанын, ол Түрік қағанатының бірінші ресми жазуы болғандығын білеміз.Жаңа жазба - көне түрік əліппесі - түріктердің арасында VII ғ. бірінші жартысында пайда болған. Əліппе алғашында бір-бірінен бөлек жазылатын геометриялық белгілерден құрылып, 37 немесе 38 əріптен тұрған, оның соғды əліппесінен айырмашылығы ағаш пен тасқа жазуға қолайлылығымен ерекшелінеді. Руна ғаріптері түркі тілінің ерекшеліктерін дəл бере білді. Əдеби жəне тарихи тұрғыдан алғанда, руна ескерткіштері тіл мен əліппеге қатысты біркелкі емес. Аймақтық белгісіне орай ескерткіштер бірнеше топқа бөлінеді.
Моңғолиядан табылған руна ескерткіштері Орхон, Тола жəне Селенга өзендері алқаптарында шоғырланған. Бұл топқа Білге-қаған мен Күлтегінге арналған белгілі руна мəтіндері жатады: Кошо-Цайдам бағаналары, Чойрэн бағанасы, Тоныкөк ескерткіші, Онгин жазуы, Куличор құрметіне арналған бағана, Селенга тасы, Сэврэй тасы, Терхин бағанасы, Тэсинь бағанасы, Қарабалғасун жазуы, Суджа жазуы, Тайхир-чулудің 20 жазуы, Исе-Асхеттің 2 жазуы, Хэнтэй жазуы, Хангай мен Гобаның ұсақ жазуы, сондай-ақ соғды тіліндегі Бугут жазуы. Бұл жазулар «орхон ескерткіштері» деп аталады.Тува жəне Минусин аймағындағыЕнисей ескерткіштеріне жататын құлпытастарда, тастарда, алтын жəне күміс ыдыстарда, теңгелерде қазіргі таңда белгілі болған жазудың 150 түрі белгілі болса, Лена-Байкал жағалауындағы ескерткіштер тобында тұрмыс заттарына жазылған, əлі күнге дейін оқылмаған 16 қысқа жазу кездеседі. Алтай тобының ескерткіштері: бір тас бағана мен тасқа жазылған жазулар жəне молалардан табылған күміс ыдыстағы жазулар (барлығы 50-ге жуық жазулар).Шығыс Түркістан ескерткіштеріне Тұрфандағы көне құрылыстың қабырғасында жазылған 4 жазу, үңгір ғимараттарындағы 2 жазу, Миран мен Дуньхуандағы қағазға түсірілген бірнеше ірі мəтіндер, қоладан жасалған қол айнадағы жазу жатады. Ал Жетісулық деп аталған Орта Азиялық ескерткіштер тобына - Талас алқабындағы құлпытастардағы, теңгелердегі, тұрмыстық заттар мен ағаш таяқтардағы 12 жазуды, ал Ферғана ескерткіштеріне жататын қосалқы тобы керамика мен металдағы 17 қысқа жазу жатады. Көне түркі мəдениетіндегі адамзат өркениетінің өлмес қазына-ларының бірі - баға жетпес асыл мұрасы - жазудың пайда болуы мен жазба əдебиетінің байлығы. Білге-қаған мен Күлтегіннің жəне басқа түрік елінің көрнекті қайраткерлерінің құрметіне арналған руна мəтіндері ең құнды əдеби шығармалар ретінде жəне сол кезеңнің тарихын баяндайтын дерек ретінде жоғары бағаланады. Бірақ біртіндеп оңтүстік өлкелерді арабтардың жаулауы, ислам дінінің көшпелі ақсүйектер арасына терең тамыр жаюы нəтижесінде ежелгі түріктердің руна жазуы ығыстырылып, араб графикасы негізінде жаңа түрік жазбасы қалыптасқан.
Ортағасырлық мəдениеттің қаншалықты деңгейде дамығандығына философ, ғалым энциклопедист, Отырардан (Фарабтан) шық-қан Əбу Насыр ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлак əл-Фараби ат-Түріктің (870-950) ғылыми еңбектері куə. Немістің шығыстанушысы Ф.Дитеритстен бастап Дж.Сартонға дейінгі мəдениет пен ғылымның көрнекті өкілдері, тарихшылар əл-Фарабиді кереметтеп, ұлы тұлға екендігін ерекше баяндайды. Ол астрономияны, логиканы, музыка теориясын, математиканы, социология мен этиканы, медицина мен психологияны, философия мен құқықты зерттеді. Оған «Муаллим ассана» - “екінші ұстаз» деген атақ берілген. Бұл жерде «екінші» деген Аристотельден кейінгі дегенді білдіреді. Əл-Фараби шын мəнінде əлемдік дəрежедегі ғалым болды, ол өзінің шығармаларында араб, парсы, грек, үнді мəдениетімен түрік мəдениетінің жетістіктерін бір-біріне жақындастырып, біріктіре білді. Ол атақты «Китаб аль-музык аль-кабир» атты еңбегінде музы-ка мəселесіне ерекше мəн береді. Ол ғылымды, білімді жаңғыртушы болды, бұл оның «Ғылымды топтау туралы сөз» деген еңбегінде қамтылды. Əл-Фараби саяси философия мен этикаға ерекше мəн берді, өйткені, солардың арқасында шын мəніндегі бақытқа қол жеткізуге болады, бұл бақытты алдамшы бақыттан ажырата білу керек деген, Əл-Фараби жақсылық тілеуші қаланы надан, адасқан қалаға қарсы қояды, ақ ниетті адамдар үшін өтірік айту, алдап-арбау жəне астамшылық жат нəрсе деген. Рухтың еркіндігі туралы Əл-Фараби шығармаларында өте анық жазылған. Фарабидің қолжазбалары əлемнің көптеген кітапханаларында сақталған. Əл-Фарабидің осы еңбектері арқылы ортағасырлық ғылым қалыптасты, оның ықпалымен Ибн Руштің, Ибн Синаның, Омар Хайямның, Роджер Бэконның, Леонардо да Винчидің жəне өзге де ойшылдардың дүниетанымы қалыптасты.
Дамыған орта ғасырлар кезеңіндегі тағы бір ірі əдеби поэтикалық шығарма «Құтадғу білік» немесе «Қайырымды білім» поэмасы болып табылады. «Құтадғу білік» ежелгі Түркістанның батысы мен шығысында бірдей ІХ ғасырдан бастап-ақ ықпалды, іргелі елдік құрған қарахандар əулетінің билігі дəуірлеп тұрған заманда Жүсіп Хас-Хаджиб жазған. Ол Х ғ. соңы мен ХІ ғ. алғашқы жылдарында қазіргі қазақ елінің жер ауқымына енетін ежелгі Баласағұн шəһарында туып өскен. Жүсіп Баласағұн айтулы этикалық-философиялық еңбегін 54 жасында жазған. Баласағұн қаласында бастаған бұл шығармасын Қашқарда аяқтап, Қарахандар мемлекетінің сол кездегі əмірі Сатұқ Боғра ханға тарту етеді. “Құтадғу білік” 6520 бəйттен тұрады жəне 124 бəйттің қосымша-сы бар. Шығарманың жалпы көлемі 13 мың екі шумақтан құралған өлең. Поэманың 3 түрлі қолжазбасы сақталған: ұйғыр жазуымен венгерлік, сондай-ақ араб қарпімен жазылған каир мен намангандық нұсқалары. «Қайырымды білім» тек əдеп-мораль трактаты ғана емес, терең философиялық шығарма, онда идеалдық қоғамның нормаларын, бұл қоғамдағы əртүрлі тап өкілдерінің мінез-құлық ережелерін суреттейді. Білім - билеуші үшін де, халық үшін де игілікке қол жеткізудің бірден-бір қайнар көзі деген идея оның мазмұнына арқау болған. Жүсіп Баласағұнның осы еңбегі арқылы Қарахандар дəуіріне барлау жасап, тарихи-этнографиялық құнды пайымдаулар түйіндеп, пікір қорытуға болады. Шығармада ел басқарудың экономикалық, əлеуметтік-тұрмыстық ахуалы, əскери істі ұйымдастырудың, шаруашылықты, тағы басқа да мемлекеттің əл-ауқатын жақсартудың ерекшеліктері суреткерлік-философиялық тілмен баяндалады. Еңбекте сол заманғы ғылым мен мəдениеттің жетістіктері де аңғарылып отырады. «Құтты білік» атты даналық дастаны ғұлама атын күллі Тұран еліне, Шығыс əлеміне танытты. Батыс пен Шығысты кең шарлап кеткен бұл əдеби жəдігер он ғасырдай мерзім өткенде өз атамекеніне оралды. 1986 жылы қазақ жерінде өз ана тілімізде алғаш рет жарық көрді. Сол Х-ХІІ ғасырлардың өзінде-ақ Орта Азия, Қазақ елі аумағын мекендеген халықтардың мəдени даму биіктерінің бірі болған философиялық поэманың даналық ойлары күні бүгінге дейін аса құнды, өміршең. «Құтты білік» - ежелгі түркі тіліндегі классикалық поэзияның тұңғыш шығармасы.
Түрік тайпаларының тілі, фольклоры, этнографиясы туралы шығарма авторы Махмуд Қашқари (1029-1101) еді, оның халиф əл-Мухтадиге арнап 1072-1074 жж. жазған «Түркі тілдерінің сөздігі» («Диуани лұғат ат-түрк») атты атақты шығармасы бар. Онда тарихи-мəдени, этнографиялық жəне лингвистикалық материалдар жинақталып, кеңінен қамтылған. «Түркі тілдерінің сөздігі» - XI ғасырдағы түркі халықтарының дүние танымының ерекшелігін, этникалық құндылықтары мен мінез-құлық нормаларын сипаттайтын түркі мəдениетінің ескерткіші, онда ата-бабаларымыздың бұрынғы мұралары толық қамтылған. Кітапта ежелгі зороастрийлік-шамандық дүниеге көзқараспен қатар жаңа идеология - исламның элементтері мен оның бір тармағы суфизм туралы да айтылған. Сөздік қазіргі кезде А.Н.Кононовтың айтуы бойынша XI ғасырдағы түріктердің өмірі туралы бірден бір ақпарат көзі болып табылады: атап айтқанда, олардың материалдық мəдениеті, тұрмыс-салты туралы, этнонимдер мен топонимдер, рулық бөлініс жөнінде, түрлі лауазым иелерінің атақтары мен атаулары, тағамдар мен сусындар атаулары туралы, мал шаруашылығы жөнінде, өсімдіктер мен дəндер туралы, астрономиялық терминдер, металдар мен минералдар туралы, географиялық терминология мен номенклатура туралы, қалалар, аурулар мен дəрілер атаулары, тарихи жəне мифологиялық батырлар, діни жəне этникалық терминология туралы, балалардың ойыны мен ойын-сауықтар туралы жəне т.б. Махмуд Қашқари өзінің кітабында мынандай негізгі жанрларды бөліп қарастырады: түркі тілді фольклорлық-тұрмыс-салт жəне лирикалық əндер, батырлар жырынан үзінділер, тарихи ертегілер мен аңыздар, 400-ден аса мақалдар, мəтелдер жəне шешендік сөздер.
Түркі суфизмінің негізін қалаушы, ойшыл жəне ақын Қожа Ахмет Яссауи ортағасырда өмір сүріп артында мол мұра қалдырды. Оның өмірі мен қызметі Яссы (Түркістан) қаласымен тығыз байланысты. Оның «Диуан-и хикмет» атты кітабы сақталған. Яссауи түркі суфизмінің көшбасшысы. “Диуан-и хикметте” исламның негізгі ережелері мен қағидалары баяндалады. Автор 4 ұстанымды, атап айтқанда, шариатты, тарихатты, хакихатты, мағрифатты түсіндіруге ерекше мəн береді. «Шариат» - ислам дінінің заңдары, дəстүрі, салт-дəстүрі, «Тарихат» - суфизм идеясы, «Хакихат» - құдайға құлшылық ету, бірігу. «Мағрифат»- дінді танып-білу. Яссауидің пікірінше, шариатсыз, тарихатсыз, мағрифатсыз хакихат жоқ. Ол “Хикметте” Алланың атын түріктер бұрын өзінің құдайы санаған Тəңір атымен жиі алмастырыпотырған. Түріктер жаңа исламдық өркениетке көшкен соң да халықтың даму бағытын бір арнаға салуға күш жұмсады. Демек, жаңадан енгізілген идеологияны бұқараның ғасырлар ойы қалыптасып қалған сана-сезімінен, олардың ұстанып келген Тəңірге табынушылық - шаманизммен, зороастрийлікпен біріктіре білудің орны ерекше болған, кейін мұндай процесс «Түркі халқының мұсылмандығы» деген атауға ие болды. Осы орайда яссауилік ілім зор рөл атқарды, ол əділдікті, рухани тазалықты жəне адамның рухани дамуын жетілдіруді насихаттады, ал мұндай игі қадам түркі халықтарының көңіліне қонды. Егер рухани күш болмаса, құдайға шын көңілмен сенбесе, тіпті соған орай өзін-өзі құрбан етуге дейін бармаса, адамның өзін-өзі тануы мүмкін емес,- деген қағиданы ұстанған Ахмет Яссауи өзінің барлық ғұмыры мен қызметін тап осындай идеялық-өнегелік жолға арнады. Осылайша VI-XII ғасырларда кең толғамды, парасатты пайымдаулары мол ғылыми мұралардың, ақындық өнердің үздік дара туындыларының дүниеге келуіне белгілі бір өркениетті ахуалдың құнарлы топырағы, тарихи-əлеуметтік орта тынысы мен қоғамдық-саяси жағдайлардың заңдылықтары, алғышарттары болғаны күмəнсіз. Бұл классикалық шығармалар сол кездің өзінде белгілі дəрежеде əдеби-мəдени дəстүрдің, көркемдік-эстетикалық танымның қалыптасқан мектебінің болғандығын меңзейді.
Осылайша, VI-XII ғасырларда тарихи қалыптасқан жағдай - ғылымның дамуына, феодалдық негіздің нығайып, мемлекеттік құрылымдардың шығуына, отырықшы-егіншілік мəдениет пен қалалардың өсуіне, этникалық шоғырланушылық процестердің күшеюіне əкелді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет