Лекциялар жинағы алматы ерте және орта ғасырлардағЫ Қазақстан


ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ЕРТЕ МЕМЛЕКЕТТЕР ЖӘНЕ ТАЙПАЛЫҚ ОДАҚ ТАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ



бет22/40
Дата10.05.2023
өлшемі0,56 Mb.
#91604
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40
Байланысты:
Kazahstan taryihy -2022-2023 (1)

ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ЕРТЕ МЕМЛЕКЕТТЕР ЖӘНЕ ТАЙПАЛЫҚ ОДАҚ ТАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

1. Сақтар (Б.з.б. VII-III ғғ.) Ерте темір дәуірі.


2. Үйсіндер және қаңлылар (Б.з.б. II –б.з. V ғғ.).
3. Ғұндар. Орталық Азиядағы тұңғыш көшпелі империя (б.з.б. III – б.з. I ғ.).
4. Сар­маттар
Ежелгі Қазақстан аумағындағы адамзаттың даму тарихында өзіндік орын алатын қола дəуірін ауыстырып, үлкен де күрделі өзгерістер əкелген кезең б.з.д. І мыңжылдықтың басы мен біздің заманымыздың басы болып табылады. Бұл кезең Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өз өндірісінде темірді пайдалануы жəне көшпелі шаруашылықтың дамуымен ерекшеленеді. Б.з.д. І мыңжылдықта Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия жəне Қазақстанның оңтүстік өңірін қамтитын кең-байтақ аумақта «сақ» деген атпен белгілі тайпалар мекендеген. Геродот (б.з.д. V ғ.) жəне басқа ертедегі тарихшылар оларды “азиялық скифтер” деп атаған. Сақ бірлестігі туралы мəліметтер кездесетін негізгі жазба деректер екі топтан тұрады: 1) антик дəуірінің авторлары (гректер) - Геродот, Страбон, Ксенофонт, Птоломей жəне т.б.; 2) Ахеменид-тер əулетінен (көне парсы) қалған сына жазулар (Бехистун сына жазуы, т.б.). Парсы жазбалары «сақ» атауын қолданса, грек деректері бұл тайпаларды «Азия скифтері» деп атайды. Сақ тайпалары Солтүстік Қара теңіз жағалауын, Днепр өзені бойын мекендеген скифтердің жəне төменгі Еділ өзенінің төменгі ағысы мен Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтардың, Кир мен І Дарий тұсындағы парсылардың жəне Александр Македонский дəуіріндегі гректердің замандастары болған. Олар ежелгі парсылар-мен тығыз қарым-қатынас орнатып, б.з.д. VІ-V ғасырларда Ахеменидтер империясының құрамына да кірген. Ахеменидтердің сына жазбаларында сақтар туралы аз болса да анық деректер келтірілген. Оларда сақтардың үш тобы: хаомаварга-сақтары (хаома сусынын даярлайтын сақтар), тиграхауда-сақтары (шошақ бөрікті сақтар), парадарайа-сақтары (теңіздің арғы жағындағы сақтар) туралы баяндалады. Алғашқы екі тобын Герадот «амюргия-сақтар» жəне «ортокарибантия-сақтар» деп атаған.Ғылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғандығы туралы түрлі болжамдар бар. Олардың біреуіне сəйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында жəне Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтары мекендеген, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал өңірі мен Таулы Алтай да енген.Парсы сына жазбаларында хаомаварга-сақтары ең ірі тайпа немесе тайпалар тобы деп айтылған, олар грек деректерінде амюргий-сақтары деп аталды. Бұл сақтар Ежелгі Бактрия жəне Маргиана аумағында (Əмудария мен Мұрғаб өзендерінің жағалауында) орналасқан. Ертедегі парсылардың танысқан сақтары осылар еді. Лингвистикалық зерттеулердің мəліметіне қарағанда сақтардың Орталық Азияның көне иран тұрақтарынан б.з.д. І мыңжылдықта бөлектеніп шыққан ирандық, нақтырақ шығыс ирандық тайпалар тобына жататындығы байқалады.
Сақ тайпалар одағына массагеттер, дайлар, исседондар, аримаспылар, қаспилер, аргипейлер жəне т.б. сияқты ондаған тайпалар кіреді. Олар ежелгі грек авторларының еңбектерінде аталады.
Зерттеушілердің болжамдары бойынша олар Қазақстан аумағында былайша орналасқан делінеді: массагеттер - Сырдарияның төменгі бойы мен Арал теңізінің оңтүстік жəне солтүстік-шығыс өңірінде, дайлар- Сырдарияның төменгі жағын, Арал теңізінің жағалауын, исседондар - Іле мен Шу өзендерінің бойын, оның шығыс жағындағы Тарбағатай тауына дейінгі алқапты, ал кейбір зерттеушілер, соның ішінде, М.Қ.Қадырбаев оларды Орталық Қазақстан кеңістігіне орналастырады, аримаспылар - Шығыс Қазақстан аумағын, қаспилер - Каспий теңізінің шығыс жағалауын, аргипейлер - Қазақстанның солтүстік аймағын мекендеген. Деректерге сүйенсек, сақтар мал шаруашылығымен айналысып, жылқы, ірі қара, қой өсірген. Мал шаруашылығының үш түрі болды: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы мал шаруашылығы. Сақтарда түйе өсіру Батыс жəне Оңтүстік Қазақстан аймақтарында өркен жайды. Олар атқа керемет мініп, садақ атуды өте жақсы
меңгерген. Б.з.д. VІІІ-VІІ ғасырларда Қазақстан мен Орталық Азияны мекендеген тайпалардың Ассирия жəне Мидиямен, ал б.з.д. VІ ғасырдың ортасынан бастап құрылған Ахеменидтер тұсында Персиямен қарым-қатынас жасаған жəне сол кезеңдегі көптеген тарихи оқиғаларға араласып отырған.
Жазбаша жəне археологиялық деректер б.з.б. VІІІ-VІІ ғғ. Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген тайпалар ежелгі дүние өркениеті - Ассириямен жəне Мидиямен, ал б.з.б. VІ ғасырдың ортасында Ахеменидтер мемлекеті құрылған уақыттан бастап Персиямен байланысты болғанын көрсетеді. Сақтар сол кездегі көптеген тарихи оқиғаларға қатысты. Мəселен, Кир сақтармен одақ жасап, Мидия патшасы Крезбен соғысуы кезінде олардан көмек алады. Кейінірек Кир сақтар мен массагеттерді бағындырмақшы болып жорыққа аттанады. Бірақ, оның жорығы қатты қарсылыққа кездесіп, соңында Кир бастаған парсылар сəтсіздікке ұшырап, əскерлері талқандалып, өзі қаза табады. Герадот мынадай аңыздық мəліметтерді келтіреді: парсыларды жеңгеннен кейін сақтардың патшайымы Тұмар (Томирис) торсыққа қанды толтыра құйғызып,
«Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансын!» деп оған Кирдің басын салдырған.Кирдің Орта Азияға басқыншылық жорықтарын І Дарий (б.з.д. 521-486) жалғастырды.
Б.з.б. 518 жылы І Дарий массагет-сақтарға қарсы жорық бастап, бірақ ол да жеңіліске ұшырады. Грек тарихшысы Полиэн массагет-сақтардың парсыларға қарсы ерлікпен күрескендігі жайлы мына бір оқиғаны келтіреді. Шырақ есімді бір сақ жауынгері өзінің денесін пышақпен тілгілейді де, парсыларға барып өзін сақ көсемдерінен зардап шеккен адам сипатында көрсетеді.Одан соң өзінің тайпаластарынан кек қайтарғысы келетінін мəлімдеген Шырақ жауларын, яғни парсыларды сусыз шөл далаға апарып адастырады. Ал, ол жерде парсылардың көбі шөлге шыдамай қырылады. Өз жерін жат жерлік басқыншылардан қорғаумақсатында сақ жауынгері Шырақ осындай ерен ерлік жасады. Дегенмен І Дарий аз уақыт болса да жекелеген сақ тайпаларын,соның ішінде хаомаварга-сақтарын жəне басқа да кейбір тайпаларды бағындырады. Бұл тайпалар Ахеменидтердің ХV сатрапиясының(салық аймағының) құрамына кіріп, алым-салық төлеуге тиіс болды, бірақ ол өз уақытында төленіп тұрмады жəне көбіне сыйлықтар сипатында болды. Сақтар болса Ахеменидтердің əскерінде қызмет атқарды. Тіпті, олардың біразы парсы патшасының «өлмейтін он мың» деп аталатын жеке əскери құрамасының қатарына да кірді. Б.з.б. VІ ғасырдың аяғымен V ғасырдың басында ежелгі Шығыста грек-парсы соғыстарының басталуына байланысты ірі-ірі саяси оқиғалардың болғаны белгілі. Сол тұста кейбір сақ тайпалары бұл соғыстарға одақтастар мен жалдамалылар ретінде парсылар жағында қатысып отырған. Мысалы, Гавгамелы маңындағы шайқасқа сақтардың жеңіл атты əскері қатысқан.
Грек-парсы соғыстары (б.з.б. 500-449 жылдары) парсылардыңжеңілуімен аяқталды. Ал, бұл кезде Грекияда экономикалық жəне саяси дағдарыс шиеленісе түседі, құл иеленушілер болса, бұдан шығудың жолдары шығысқа басқыншылық жорықтар ұйымдастыру деп түсінеді. Б.з.б. ІV ғасырдың 30-жылдарында македондық-гректер Александр Македонскийдің басшылығымен соңғы Ахеменидтік ІІІ Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Маракандты (Самаркандты) алып, олар Сырдарияға қарай бет алады. Гректердің баса-көктеп енуіне Орта Азия халықтары табан тіресе ерлікпен қарсыласты. Александр Македонскийдің əскерлеріне қарсы күресте сол кезде Қазақстанның оңтүстік аудандарын мекендеушілер,оның ішінде массагеттер белсене қатысты. Александр Македонский əскерлерімен Сырдариядан өтпек болған кезінде сақ жебесі тиіп, жараланады. Македондық-гректер Сырдария бойындағы қалаларды қоршаған кезде олардың тылында көтеріліс шығып, оны Спитамен басқарды. Спитамен массагет-сақтардың қолдауына сүйене отырып,сол кезде жеңілмейтін деп саналған македондық-грек əскерлерін бірнеше дүркін талқандаған болатын. Үш жыл бойғы кескілескен соғыстан кейін ғана македондық-гректер Орта Азияның кейбір тайпалары мен халықтарын уақытша бағындырды. Сырдарияның арғы
жағасындағы сақ тайпалары өздерінің тəуелсіздігін сақтап қалды.Александр Македонский өлгеннен кейін оның ұлан-байтақ империясы тығыз экономикалық жəне саяси байланыстары жоқ тайпалармен халықтардан біріктірілгендіктен дағдарысқа ұшырап ыдырады.Б.з.б. І мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тиграхауда-сақтарға кіретін сақ тайпаларының үлкен тобы қоныстанған Орта Азия мен Қазақстанның этно-мəдени сақ қауымының өзіндік жарқын мəдениетінің ірі ошағы болды. Сақ мəдениеті - Орталық жəне Алдыңғы Азияның мəдениеті мен өнері жетістіктерінің біріболды. Ол заманға қатысты қорымдардың көп болуы ерте кезден-ақ Қазақстан аумағының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінің толық игерілгенін байқатады. Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек,Шарын, Кеген өзендері мен т.б. өзендердің аңғарларында көптеген тас жəне топырақ обалар шоғырланған. Мысалы, Жуантөбе қорымы (Іле өзенінің сол жақ жағалауы) - 300 обадан, Берікқара қорымы (Талас өзенінің аңғары) 500 обадан, Кетпен - Төбе алқабында (Солтүстік Қырғызстан) 700 обадан тұратын қорымдар табылған. Оларда адамдар əр түрлі уақыттарда жерленіп, жүздеген жылдар бойы қалыптасқан.Биіктігі 20 метрге дейін жететін «патша» обалары саналатын обалардың көп табылуы жағынан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға тең келетін Орта Азия мен Қазақстанның басқа аудандары жоқ. Осындай археологиялық ескерткіштердің мол табылуына байланысты А.Н.Бернштам «патша сақтары мен үйсіндер» Жетісуды мекендеген деп қорытынды жасайды.Б.з.б. V ғасырға жататын Бесшатыр қорымының тянь-шань қарағайлары бөренелерінен тұрғызылған ірі жерлеу құрылыстары тамаша сақталған күйінде табылды, олар Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы жер бетіне ағаштан салынған ең ежелгі сəулет өнерінің бірегей ескерткіштері.Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі үлкен қорымға енетін «Есік» обасындағы ақсүйек сақтың қабірі жерлеу ғұрпының байлығымен қайран қалдырады. Оның басынан аяғына дейінгі киімдері алтыннан жасалған 4000-ға жуық қаптырма мен қалақша арқылы əшекейленген, олардың көпшілігі скиф-сақ кезіндегі «аң» стилінде жасалған. Есік қабірінен табылған күміс тостағанның маңызы ерекше, оның түбіндегі 26 таңбадан тұратын жазу, тегінде, əліпбилік жазба болуы ықтимал.Б.з.д. І мыңжылдықтың басы сақ қоғамындағы рулық қауымның ыдырап, əлеуметтік құрылымның қалыптасу үрдісінің жаңа сипатымен ерекшеленеді.
Археологиялық деректер жекеменшік, ал кейіннен отбасылық меншік түрінің шыққанын айқын байқатады. Сақ заманының қоғамдық құрылымын: шағын туыс отбасылар тобы (патронимия) - яғни, көшпелі қауым-тайпалар одағы деп атауға болады. Бұл құрылымның патронимия деп аталған төменгі ұясы өрбіген үлкен патриархаттық-рулық əлеуеттің үлкейіп, табиғи бөлшектенуі нəтижесінде құрылды. Ол бөліністер əулет басшысының есімімен аталды. Ал қоғамның жіктеліп, байлар мен кедейлерге бөлінуі сақ қоғамында мүлік теңсіздігінің, яғни, əлеуметтік теңсіздіктің болғанының дəлелі болып табылады.Сақ қоғамында халықтың үш тобы болған. Олар: жауынгерлер, абыздар, қауымшыл сақтар. Осы жіктердің əрқайсысының өзіне тəн дəстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге - қызыл жəне сары-қызыл, абыздарға - ақ, қауымшыл сақтарға - сары мен көк түстер тəн еді. Сонымен қатар, абыздардың белгісі - құрбан табақ пен айрықшабас киім болды. Сақ көсемдері мен патшалары жауынгерлер тобынан сайланған. Патшалардың белгісі жебелі садақ болды. Сақ əйелдері қоғамдық өмірдің барлық салаларына, тіпті соғыс шайқастарына да ерлермен бірдей қатынасып, ерлік көрсетіп отырған. Б.з.д. VІ-V ғасырлардың өзінде-ақ сақтардың қоғамдық құрылысының сол заманғы прогрестің неғұрлым жоғарғы сатысына көтерілгендігін, оған экономикалық жəне саяси алғышарттардыңболғандығын көрсетеді.
Б.з.б. І мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігіндегі Ордостан Каспийге дейінгі Орталық Азияның ұлан-байтақ кеңістігін шығу тегі мен этникалық құрамы жағынан əртүрлі тайпалардың мекендегені белгілі. Шаруашылықтың біртіндеп даму барысы, тұрмыстың біршама ортақ болуы, этникалық жақындық пен түрлі саяси фактордың əсері Орталық Азияда ертедегі ірі тайпалық бірлестіктердің құрылуына негіз болды. Олардың уақыты жағынан алғашқылары саналатыны хунну (ғұндар) еді. Б.з.д. ІІІ ғасырдың аяғында қытай деректерінде кездесетін сюнну немесе хунну (ғұндар) əртүрлі тайпаларды біріктірген. Ғұндар туралы мəліметтерді негізінен қытай жазбаларынан аламыз. Олар Тынық мұхиты мен
Солтүстік Қытай, Алтай мен Жетісуға дейінгі аумақта, ал кейінненодан əрі батысқа да таралып отырған саяси құрылым болып табылады. Ғұндар 24 руға бөлінген. Əрбір рудың көшіп жүретін өз жері болды. Ғұндардың жоғарғы билеушілері қытай деректерінде “шаньюй” деп аталған. Б.з.д. ІІІ ғасырдың соңына қарай ғұндар бірігіп əскер түзеп, өздерінің мемлекетін құрды. Оларды бір одаққа біріктіру əйгілі Мөде шаньюйдің есімімен байланысты. Ғұндар қытайлармен көп соғысты. Б.з.д. 3 ғасырда ғұндар шабуылының күшейгені
соншалық, қытай императорын Ұлы қорғанды тұрғызуға мəжбүр етті. Б.з.д. 209 жылы ғұн тайпаларын Мөде шаньюй басқарып, ол билік құрған алғашқы жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасап, күйрете соққы берді. Кескілескен күресте Мөде бастаған ғұндар өздерінен əскери-саяси қуаты басым Хань əулетін ғұндардың Ордостағы көшіп-қонатын жерлеріне көз тігуінен бас тартуға мəжбүр етті. Хань императоры Гаоцзу Мөде шаньюйдың алдында бас иіп, онымен “өзара тыныштық жəне туыстық туралы шартқа” қол қояды. Бұл шарт бойынша Хань императоры шаньюйге өзінің ханшасын əйелдікке беріп жəне жыл сайын салық төлеп тұруға міндеттеледі.
Мөде бастаған ғұндар кейін шығыстағы “шығыс ху” тайпаларын бағындырады, ал оның құрамына Керулен жəне Онон өзенінің алқаптарында мекендеген сяньби жəне ухуань тайпалары кіретін еді. Одан соң ғұндар батыстағы юечжи тайпаларына жорықтар жасайды. Бұл кезеңде қазіргі Кореядан Тибетке жəне Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейінгі кең аумақ ғұндардың қол астына өтеді, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына кірген тайпалардың мекені Байкалға дейінгі аумақты алып жатқан еді.Ертедегі деректерге қарағандағұндар Саян-Алтай тайпаларына жорықтар жасаған. Б.з.д. 201 жылы сюннулердің солтүстік жəне солтүстік-батысқа қарай жорықтарын жалғастырып, Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь жəне Синьли елдерін бағындырған. Олардың аумағы батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле өзенінің алқабына дейінгі жерлерді алып жатты.Б. з. д. 201 жылғы жорықта ғұндар Алтай өңірін мекендеген тай-паларды түгелдей дерлік бағындырды. Одан кейінгі жылдарда олар батыста да белсенді əрекет жасайды. Б. з. б. 177 жылы Мөде шаньюй көршілеріне қарсы əрекет жасамақ болды деген сылтаумен өзінің батыстағы иеліктерінің билеушілерін юечжилерге қарсы жорыққа аттандырады. Ғұндардың атты əскерлері Чжанье-Ганбчжоу ауданы маңында юечжилерді жеңіп, қалыптасып жатқан бірлестігінің төңірегіндегі бірнеше иелікті бағындырады. Бұл жөнінде шаньюй былай дейді: “Аспанның рахымымен жауынгерлер аман, ал аттар мықты шықты: олар юечжилерді жойып, жуасытты; семсердің ұшына іліп немесе бағындырып, өз билігін нығайтты. Лоулань, Үйсін, Хуцзе жəне оларға шектес 36 иелік (князьдік) сюннулерге қаратылды. Олардың бəрі сюннулердің армиясына кіріп, бір əулетке айналды”. Ғұндар бірлестігіне шығу тегі əртүрлі тайпалар мен этникалық-саяси құрылымдар кірген. Конфедерацияның қоғамдық-саясиөміріне бір орталықтандырылған билікке бағынғысы келмейтін күштер мен ұланғайыр аумақта орналасқан иеліктер арасында тығыз саяси жəне экономикалық байланыстардың болмауы қатты əсер етті.
Б. з. д. I ғасырдың ортасында ғұн қоғамы өзінің вассалдық иеліктерінен айрылумен қатар бұрынғы бірлестік құрамында болған ғұндар б.з.д. 55 жылы оңтүстік жəне солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік бөлігін Хуханье шаньюй, солтүстік бөлігін Чжичжи шаньюй басқарды. Оңтүстіктегілер Ордос аумағында мекендеп қалды да, солтүстіктегілер өз тайпаларының қысымына шыдамай Саян мен Байкал өңіріне ығысып, яғни солтүстік пен батысқа қарайқоныс аударды.Б. з. д. 49 жылы Чжичжи Хань империясының боданына айналған оңтүстік ғұндардың жерін басып алуға, сол арқылы бірлікті қайта орнатуға əрекет жасады. Бірақ оның бұл əрекетінен нəтиже шықпады. Өз күші жетпеген соң үйсін күнбиінен көмек сұрайды, бірақ үйсін күнбиі оған көмек беруден бас тартады. Осыдан кейін одақтассыз қалған солтүстік ғұндар оңтүстік ғұндардың жерінен кетуге мəжбүр болады.Солтүстік ғұндардың билеушісі Чжичжи шаньюй солтүстік-батыс Моңғолиядағы Қырғыз-Нұр көліне таяу жерде өз ордасын орнатады. Осы арадан ол үйсіндердің көрші тайпаларына жорық жасап тұрады. Сөйтіп, б.з.д. І ғасырдың екінші жартысында Чжичжи бастаған ғұндар Қазақстанның Жетісу аймағына алғаш рет көшіп келе бастады.Ғұндардың батысқа қарай қоныс аударуының екінші толқыны б.з. 93 жылы басталады. Олар Сырдария бойы мен Арал өңіріне, Орталық жəне Батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Б.з. ІV ғасырында ғұндар Еуропаға дейін жетеді. Ғұндардың Батысқа жорығы Халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуына түрткі болды. Олар Шығыс Рим империясының жеріне шапқыншылықтар
жасайды. Əсіресе, V ғ. басында Ругила патшалық құрып тұрғанкезде Рим мемлекетіне шабуылы күшейеді, Дунай жағалауындағы римнің иеліктерін жаулап алады. Паннония (қазіргі Венгрия аумағы) жерінде жаңа мемлекет - Батыс ғұн империясы құрылады. Ғұндар Рим империясына үлкен қауіп туғызады. 433 жылы Руги-ла қайтыс болғаннан кейін мемлекет билігі іс жүзінде Аттиланың (Еділ батыр) қолына көшеді. Ол 453 жылы қайтыс болғанға дейін
Еуропаның көптеген халықтарын өзіне бағындырып, бүкіл Еуропаны дүр сілкіндірді. Бірақ Аттила өлгеннен кейін Батыс ғұн империясы ыдырап кетті.
Ғұндардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығы басты рөл атқарады. Жылқы өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген. Ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандарыда болған. Дəнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Ғұндар өмірінде аңшылық та үлкен орын алған. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болды. Зергерлік өнердегі полихромдық стильді дүниеге əкелген. Көк тəңіріне табынып, ата-баба рухына сиынған. Өздерінің дəстүрлі құқық жүйесін қалыптастырған. Ғұндар қоғамында патриархалды-рулық қарым-қатынастар күшті болған. Елді шексіз билік иесі - шаньюй басқарған, оның жақын туыстары түменбасы лауазымын иеленді. Деректер ғұндарда малға жəне жерге де жекеменшік болғанын білдіреді. Ер азаматтардың барлығы дерлік қатардағы жауынгер саналған. Ғұн əскерінің негізін атты əскер құрады. Олардың жауынгерлік құдіретінен сескенген қытайлықтар Ұлы Қытай қорғанын салдырған. Сонымен, қорыта келгенде, ғұндар - бастапқы кезде Орталық Азияда пайда болған ежелгі дəуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Бұл тайпалардың бір бөлігі қазақ халқының құрамына қосылып, қазақ халқын қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Үйсін мемлекеті. Б.з.д. ІІ - б.з. VІ ғасырларда Қазақстанаумағында мекендеп мемлекеттік дəрежеге көтерілген көне тайпалық одақтардың бірі үйсіндер болып табылады. Үйсін - қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Ежелгі қытай жазбаларында үйсін атауы б.з.б. ІІ ғасырдан бастап кездеседі. Жетісу үйсіндерінің шығу тегіне келетін болсақ кейбір ғалымдар үйсіндердің сақ заманындағы исседондармен туыс екенін
дəлелдеп, оларды Тянь-Шань жəне Шығыс Түркістан тармағы деп бөледі. Белгілі антрополог О. Смағұлұлының дəлелдеуінше үйсін антропологиялық типінің морфологиялық құрылыстары нəсілдік жағынан сақ дəуірінде өмір сүрген тайпаларға өте жақын. Демек, үйсіндерді сақ тайпаларының тікелей ұрпақтары деп тұжырымдау орынды. Белгілі қытайтанушы тарихшы-ғалым Н. Мұқаметқанұлы: “Үйсін мемлекеті дегеніміз- үйсін тайпалар одағынан құрылған Қазақстан аумағында б.з.д. ІІ - б.з. VІ ғасырларда өмір сүрген
байырғы мемлекеттердің бірі. Байырғы үйсіндер, Үйсін мемлекеті бізге қытай жылнамаларының орысша аудармасы арқылы “Усунь” деген атпен белгілі болған. Үйсін мемлекеті жөнінде жазылған тарихи деректер мол, қазылған археологиялық мұралар көп, зерттеу еңбектері де аз емес”... Аталмыш “Үйсін” деген этноним ең алғаш қытай тарихшысы Сы Мачянь (Сыма Цянь) жазған “Тарихнама -Ши цзы. Хұндар тарауында” хатталған”,- деп көрсетеді.Үйсін мемлекетінің негізгі аумағы қазіргі Қазақстанның Жетісу өлкесі, Шу, Талас өңірі, Ыстықкөл аумағы жəне Қытайдың Іле аймағы болды. Шекаралары батысында Шу мен Талас өзені, шығысында Тянь-Шаньның шығыс атырауларына, солтүстігінде Балқаш көліне, оңтүстігінде Ыстықкөлге дейінгі аумақты алып жатты. Үйсін мемлекеті батысында қаңлылармен, шығысында ғұндармен, ал оңтүстігінде Ферғанамен шектесіп жатты. Қытай жазба деректері
бойынша Үйсін мемлекетінің астанасы Чигу-Чэн (Қызыл аңғар) қаласы болған. Ол Ыстық көлдің жағасында орналасқан. Ғұндардың күшеюінен қорыққан қытай үкіметі өзіне одақтас іздеп, батыс елдеріне елшілік жіберді. Қытай елшісі келген кезде үйсіндер Қытаймен жəне ғұндармен терезесі тең қуатты мемлекет
болды. Үйсіндер мен Үйсін мемлекеті жайлы жазылған қытай деректеріндегі мəліметтерге қарағанда - үйсіндердің 120 мың түтіні, 630 мың адамы, 188 мың 800 əскері болған. Мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі гуньмо (күнби) деп аталған. Үйсін елі құрылғаннан бастап, оның бүкіл елді басқаратын үкіметтік ұйымы болды. Əлеуметтік қатынастар заңдар арқылы реттелді, күшті, ұйымдасқан əскері болып, қытайлар үшін «Батыс өлкедегі ең күшті мемлекет» саналды.Үйсін қоғамы біртекті болмаған, онда байлары - тайпа менру дəулеттілері, жасауылдар мен абыздар жəне қатардағы бұқара - малшылар мен егіншілер болған. Үйсіндер қоғамында құлдар да болған, олар негізінен соғыс тұтқындарынан құралды жəне үй шаруашылығында пайдаланылды. Үйсін қоғамында мүліктік жəне əлеуметтік теңсіздік, малға жеке меншік болды. Əрбір отбасы өздерінің малын ажырататын өз таңбаларын салды. Жер иеленуге де жеке меншік болғанын жаз-ба деректер мəлімдейді. Үйсін қоғамында леуметтік теңсіздіктің болғанына археологиялық қазбалар дəлел. Жетісудың көптеген
қорғандарының көлемі əртүрлі - үлкен, орташа жəне шағын болыпкеледі. Үйсіндердің шаруашылығы мен мəдениеті жайындағы деректер археологиялық қазбалардан анықталып отыр. Қытай жазбаларында үйсіндерді көшпелілер ретінде сипаттайды. Б.з.б. 105 жылы үйсін күнбиіне ұзатылған Қытай императорының қызы киізбен қаптаған дөңгелек үйде тұратынын, ет, сүтпен қоректенетінін айтып, өлеңмен зарлы хат жазған. Үйсіндердің негізгі шаруашылығы - мал шаруашылығы. Əсіресе, жылқы мен қой өсіру жақсы дамыды. Кейбір байлардың 4-5 мың жылқысы болған. Сонымен қатар егіншілік те дамыған, бау-бақша өсірілген, кейбір қожалықтар жартылай отырықшылық тіршілікке көшті. Іле, Шу, Талас өзендері алқабынан суландыру жүйесінің іздері анықталды. Обалардан табылған мəдени мұралар қолөнер кəсібінің болғандығын да дəлелдейді. Қарғалы үңгірінен табылған диадема (бас киім) б.з.д. ІІ-І ғғ. өмір сүрген үйсіндік зергер-ұстаның тамаша туындысы. Бұл ұзындығы 35 см., ені 5 см. диадемада аңдар, жануарлар, адамдар бейнеленген. Ол суреттер үйсіндердің наным-сенімдерін білдіреді.Мысалы, ондағы пырақты аттар күннің символы болып табылады. Үйсін шеберлері алтын əшекей бұйымдарды зерлеу тəсілімен жасады. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған осындай жəне басқа да қолөнер заттары мен бұйымдары үйсін өнерінің жоғары даму деңгейін көрсетеді.Үйсін мемлекетінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы оның көршілес елдер, тайпалармен (қытай, ғұн, қаңлы, ұйғыр, қырғыз жəне т.б.) саяси, экономикалық жəне мəдени байланыстарды дамытуына мүмкіндік жасады. Бастапқыда Үйсін мемлекеті ғұндармен қалыпты қарым-қатынаста болды. Бірақ Хань патшалығыныңғұндарды жеңіп, батысқа бет алу əрекеті үйсіндерді қытайлармен тығыз байланыс орнатуға мəжбүр етті. Қытайлар ғұндарға қарсы батыста жатқан елдерден одақтастар іздеуге кірісті. Қытай императоры Уди б.з.д. 138 жылы үйсін еліне Чжан Цянь бастаған елшілік жібереді. Осыдан кейін екі жақты қарым-қатынастар етек алып, үйсіндер Қытаймен кең дипломатиялық жəне туыстық қатынаста болған. Қытайлар үйсіндермен құдаласып, күнбиге Хань патшалығының ханшасын əйелдікке береді. Əрине, бұл құдалық белгілі саяси мақсатты көздеп, хань əулеті үкіметі мен үйсіндер арасындағы одақтастық байланыстың негізін қалады. Өз кезегінде ғұндар да үйсіндермен құдаласып, күнбиге өздерінің қыздарын беріп отырған. Үйсін мемлекеті біртұтас ел ретінде б.з. VІ ғасырының ортасына дейін өмір сүріп, одан соң Түрік қағанатының құрамына енеді.Қаңлылар - қазақ халқының негізін құраған ежелгі тайпалар-дың бірі. Олар туралы деректерді негізінен қытай жазбаларынан аламыз. Шығыстанушы Н. Аристов «қаңлылар - ежелгі түркі руы» деп көрсетеді. В.Востров олардың ежелгі тайпа жəне түркі тілдес екенін нақтылап берді. А.М. Бернштамның пікірінше де қаңлылар түрік тілді халық болған. Қаңлы мемлекеті (б.з.д. ІІ ғ.- б.з. V ғ.) - Оңтүстік Қазақстанда құрылған алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің бірі. Қытай деректері бойынша астанасы Битянь қаласы болған. Қаңлының билеушісіне 5 иелік бағынышты болды. Кангюй мемлекеті мен ның иеліктерінің орналасу мəселелерінің тарихы И.Бичуриннен басталады, ол оның орналасқан жерін Сырдария өзенінің солтүстік жағындағы далалар деп белгілеген. «Шицзи» мəтініне «Давань туралы хикаяда» берген түсініктемесінде ол «Кангюй иелігі қазіргі қазақтың Ұлы жүзі мен Орта жүзі көшіп жүрген Сырдарияның солтүстік жағындағы далаларды алып жатыр» деп атап өткен. «Шицзиде» кангюйдің орналасуы туралы былай делінген: «Кангюй Даванның солтүстік-батысында шамамен алғанда 2000 ли жерде жатыр. Бұл - əдетте 20 000 əскері бар юечжиліктерге ұқcайтын көшпелі иелік. Кангюй Даваньмен шектес жəне күшінің аз болуына қарай оңтүстікте юечжилердің билігін, шығысында ғұндардың билігін таниды».
Б.з.д. ІІ-І ғғ. қаңлылар батыс өңірдегі белді мемлекеттердің бірі болды. Үлкен Хань əулетінің келесі хроникасы «Цянь Ханьшудың» «жерге орналасуды суреттеу» деген тарауында кангюйге арналған бөлім бар, онда сөзбе-сөз келтіргенде былай делінген: «Кангюй билеушісі Лоюень елінде, Уананнан 12 300 ли жердегі Битянь қаласын мекендейді. Ол наместникке тəуелді емес. Əміршінің жазда болатын жеріне Лоюеннен жеті күнде жетуге болады. Халқы
120 000 отбасынан, 600 000 адамнан тұрады; əскер саны 120 000 адам. Əдет-ғұрпы үлкен юечжимен бірдей. Кангюй шығыс жағында ғұндарға бағынады...». Осы ғасырдың ортасына қарай олардың орна-ласу мəселелері жөнінде негізінен екі көзқарас: 1. Кангюйлер Ташкент жазирасынан Хорезмге дейінгі қос өзен арасындағы кең-байтақ жерді алып жатты; 2. Кангюй иелігі Сырдария өзенінің сағасынан Ташкентке дейінгі алқапта шоғырланған, ал байырғы жерлері Сарысу өзенінің орта ағысынан сол өзен мен Шу өзенінде, Ұлытауғадейін орналасқан деген көзқарастар қалыптасты.Алайда кангюйлердің байырғы жерлері Сырдарияның ортаағысы бойындағы жерлер болған. А.Н.Бернштамның пікірі бойынша, неғұрлым ертедегі тарихи ескерткіштер - Авестада, Махабхаратада, Пехлевилердің бундахишні мен эпикалық Шахнамада аңызға айналдырылған Кангха нақ осында орналасқан. Ол ежелгі
түріктердің руналық ескерткіштерінің Кенгутарбант елін де осында орналасқан деп көрсетуді ұсынған еді. Кейіннен бұл көзқарасты Қазақстан зерттеушілері мен ежелгі Орта Азия тарихының саласындағы басқа да мамандар негізге алды. С.Г. Кляшторный мен Л.М. Левинаның еңбектері кангюйлердің орналасу мəселелерін зерттеуге қосылған елеулі үлес болды. Біріншісі кангюйлер тура-
лы жазбаша деректердегі хабарларды қорытып, кангюй жерлерінің орналасуы жөніндегі негізгі пікірлерге сын көзбен талдау жасады. Л.М.Левина сол кезге қарай жинақталған археологиялық деректерді жүйеге келтіру мен қорытуда көп еңбек етті. Ол кангюйлер заманындағы Сырдария алқабының негізгі үш мəдениетін сипаттап, оларды кезеңдерге бөлуді ұсынды. Жан-жақты талдау негізінде автор өзі қарастырған жетіасар, отырар-қаратау, қауыншы мəдениеті
кангюй мемлекеті тұрғындары мəдениетінің нұсқалары болып табылады деген қорытындыға келді.Сонымен, Кангюйлер Сырдария өзенінің орта ағысының солтүстік жағын мекендеген жəне Кангха мемлекетінің ұйтқысы болған тайпалар одағы деп айтуға болады.Егер б. з. б. II ғасырдың екінші жартысында қытай елшісі Чжан-Цянь Кангюй жерлерінің оңтүстігінде юечжиге, ал солтүстігінде ғұндарға тəуелді екенін айтса, біздің заманымыздағы I ғасырда
мұндағы жағдай өзгереді. Егер Чжан-Цянь юечжи əскерін 100-200мың, ал кангюй əскерін 90 мың деп хабарлаған болса, Цанб-Хань-Шу енді кангюй əскерін 120 мың, юечжи əскерін 100 мың дейді. Бұл кезеңде Орта Азиядағы қос өзен аралығында юечжилердің негізгі бөлігінің оңтүстікке, сол жағалаудағы Бактрияға ығысуы, жерге отырықшылық орын алып, жеке-жеке бес иелікке бөлінгенін, мұның өзі кангюймен салыстырғанда олардың əлсіреуіне əкеп соқпай қоймағанын, ал кангюйлердің алдынан оңтүстік пен батысқа басқыншылық жорық жасау үшін мүмкіндік ашылғанын атап өткенжөн. Сол кезде б. з. б. II ғасырдың аяғы - I ғасырдың басы, сірə, кангюйдің жоғарыда аталған тəуелді бес иелігі пайда болса керек.Б.з.д. І ғасырдың екінші жартысында Чжичжи шаньюй бастаған ғұндар Оңтүстік-шығыс Қазақстан жеріне алғаш рет көшіп келе бастады. Осындай жағдайда Қаңлы мемлекеті Чжичжимен одақ құрып, оны үйсіндерге қарсы пайдаланбақ болды. Қаңлы билеушісі Чжичжиді Талас алқабына шақырып, оған өзінің атты əскеріне қолбасшылық ету құқын берді. Бірақ, қаңлылардың үміті ақталмады.Чжичжи үйсіндерді бағындыра алмады. Енді ғұндар мен қаңлылар арасында қайшылық туды. Чжичжи қаңлы билеушісінің қосынынан қуылып, Таластың жоғарғы жағына кетеді, сол жақтан өзіне қала тұрғызады. Шаньюй құрлысқа қаржыны Ферғана мен Парфия билеушілерінен алым ретінде алып отырды, сірə, ол құрылысшы-шеберлерді де сол жақтан шақырып алса керек. Екі жыл бойы салынған қала мықты бекітілді, ол екі қорғанмен қоршалды, оның сыртқысы ағаш, ал ішкісі мұнаралары бар қамкесектен тұрғызылған дуалдан болатын. Чжичжидің күшеюі, үйсіндерге шапқыншылығы Қытай империясын мазалады. Көп кешікпей қытай əскері жорыққа шықты. Ол Ұлы Жібек жолын бойлай екі бағытта жүрді. Үш отряд Қашғар, Ферғана арқылы, Шатқал жотасындағы Шанаш жəне Талас жотасындағы Қарабура асулары арқылы оңтүстік жолмен, үш отряд солтүстік жолмен - Шығыс Түркістаннан, сірə, усундердің Чигучэн ордасы орналасқан Ыстықкөл қазан шұңқырындағы Бедел асуы арқылы өткен болар, содан соң Шу аңғарымен Таласқа беттеді. Əскерлер Чжичжи қаласы қорғанының жанында қосылды. Шаньюйдің өзі қоршауға дайындалған еді, ол өз əскерлерін қабырғаларды бойлай орналастырды, ал қала қақпаларының екі жағына «балық қабыршағы» сияқты етіп əдеттен тыс сап түзеген жаяу жауын-герлер отрядын қойды. Алайда, қаһармандықпен қорғанғанына қарамастан, қытайлар сыртқа ағаш қорғанды өртеп, топырақ дуалды опырып жіберді, қоршаудағылардың қарсылығын басып, қалаға басып кірді де қамалды басып алды. Чжичжи мен оның төңірегіндегі жақындары көптеген туыстарымен, балаларымен, əйелдерімен жəне атақты князьдарымен бірге 1518 адам тұтқынға алынды. Олардың бəрінің басы шабылды. Бір мың екі жүздей жауынгері Усун мен Ферғананың вассалдық князьдарына сыйға тартылды. Қытай-кангюй қатынастарының басқа бір жағы Шығыс Түркістандағы оқиғаларға байланысты. Біздің заманымыздағы 78-жылы Бань Чжао басқарған қытай армиясы Шығыс Түркістан жазирасына үстемдігін орнатады. Алғашқыда кангюйлер император наместнигіне одақтас болады да, көп кешікпей өзінің көзқарасынөзгертіп, біздің заманымыздың 85-жылы Бань Чжаоға қарсы көтерілген Суле (Қашғар) билеушісіне көмекке əскер жібереді.Қаңлы тайпаларының негізгі кəсібі көшпелі мал шаруашылығы болған. Олардың бір бөлігі егіншілік жəне бау-бақша өсірумен айналысқан. Қолөнер едəуір дамыды. Олар Ұлы Жібек жолы арқылы көп елдермен сауда жасасқан, халықаралық саудаға қатысқанын археологиялық жұмыстар кезінде өзге елдерде жасалған заттардың табылуы дəлелдейді. Сол заманға сай қалалары да болды. Қаңлылар өрмекпен жүн мата тоқыған, алуан түрлі қыш ыдыстар істеген. Қоладан жəне темірден құрал-саймандар мен қару-жарақтар жасаған. Зергерлік бұйымдар мен əшекейлерді алтын, күміс жəне қоладан жасады. Ерте замандағы қаңлылардың жазу мəдениеті болған. Қаңлылар негізінен ата-аналарының аруағына, ал бір бөлігі отқа, айға, күнге табынған. Қаңлы ескерткіштерінің жарқын көріністерін қауыншы, оты- рар-қаратау, жетіасар мəдениеттерінен көруге болады. Олар Сырдария сағасынан Ферғанаға дейінгі өңірге тараған. Қауыншы мəдениеті
Ташкент аймағын қамтиды. 1958-1963 жж. А.Г.Максимова жетекшілік еткен Шардара археологиялық экспедициясы Оңтүстік Қазақстаннан қауыншы мəдениетіне жататын бірқатар ескерткіштер ашты. Оның біршама толық зерттелгені Шардараға таяу, Сырдарияның оң жағалауындағы Ақтөбе қонысы. Отырар алқабында Отырар-Қаратау мəдениетіне жататын ескерткіштер көп шоғырланған. Арыс өзенінің сол жағалауында аумағы əртүрлі Пұшық-Мардан, Қостөбе, Шаштөбе, Сейітман төбе, Ақайтөбе, Шалтөбе сияқты жиырма шақты қалашықтар бар. Олардың ең үлкені - Көкмардан. Бұлардың көбін 1969-70 ж. К.Ақышев жетекшілік еткен Отырар археологиялық экспедициясы тапқан. Жетіасар мəдениеті Қуаңдария мен Жаңадария аңғарын қамтиды. Бұл кездегі қала орындары біртектес. Қалалар мен обалардан Жетіасар мəдениетіне жататын түрлі бұйымдар табылды. Археологиялық қазбалар барысында табылған əшекей бұйымдар, шаруашылық заттар қаңлылардың егіншілікпен, мал шаруашылығымен, қолөнер кəсібімен, саудамен айналысқанын жəне өз тұсындағы Қытай, Парфия, Рим жəне Кушан империясы сияқты ірі мемлекеттермен саяси, экономикалық,мəдени байланыста болғанын дəлелдейді. ІІІ-V ғғ. қытай деректері бойынша кангюйлер өзінің Орта Азиядағы қос өзен аралығындағы, Арал өңіріндегі иеліктеріне үстемдік етуінен айырылып, бірқатар тəуелсіз иеліктерге бөлініп кетеді. V ғасырда ол император сарайына елшілік жіберген елдер тізімінде ғана белгілі. Сірə, бұл кезге қарай кангюйлер орнында пайда болған ұсақ иеліктер эфталиттер мемлекетіне тəуелді болса ке-рек. Біздің заманымыздағы 1 мыңжылдықтың орта шенінен бастап ортаңғы жəне төменгі Сырдария ауданындағы этникалық-саяси жағдай өзгерді. Оған түркі тілдес тайпалар басып кірді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет