Қуат
Жұмыстың жылдамдығын сипаттау үшін қуат түсінігін енгіземіз.
N қуат физикалық шама, ол ∆А жұмысының осы жұмысты істеуге кеткен ∆t уақытқа қатынасына тең.
N A
t
Егер дене F күшінің әсерінен тұрақты жылдамдықпен қозғалатын болса, онда қуат мына формуламен өрнектеледі
N A
Fs S F,
t t s
демек қуат күш проекциясы мен дене жылдамдығының көбейтіндісіне
тең.
Егер куат тұрақты болса, онда белгілі бір уақыт аралығындағы істелінген жұмыс былай анықталады
A N0t ,
демек жұмыс N=N0; t=t1; t=t2 түзулерімен шектелген тік төртбұрыштың ауданына тең. Егер айнымалы қуат үшін N=N(t) тәуелділік графигі берілген болса, онда жұмыс N=N(t) қисығымен шектелген фигураның ауданына тең болады
Суретте көрініп тұрғандай, t=t2–t1 уақыт аралығы екі суретте де бірдей болса да 1-суреттегі фигураның ауданы 2-суреттегі фигураның ауданына қарағанда үлкен. Сондықтан бірінші жағдайдағы жұмыс артық.
Айнымалы қуат жағдайын (бірдей t уақыт аралығында бірдей емес жұмыс орындалады) қорытындылай келе лездік қуат түсінігі енгізіледі:
N lim
A d A
t0 t d t
Егер лездік қуат тұрақты болмаса, онда
N A
Fs S F
t t s
формуласы < N> орташа қуатты анықтайды.
Қуттың өлшем бірлігі – ватт (Вт): 1 Вт – 1 с уақыт аралығында 1 Дж-ға тең жұмыс істеу кезіндегі қуат (1 Вт = 1 Дж/с).
Достарыңызбен бөлісу: |