ne
jdB
RjdB ,
тасушылардың шоғыры. Өлшенген Холл тұрақтысының мәні бойынша өткізгіштегі ток тасушылар зарядының таңбасы мен олардың шоғырын анықтауға болады. Холл эффекті аналогты есептеуіш машиналар мен өлшеуіш техникада тұрақты токтарды көбейту мақсатында (Холл датчиктері) және т.б. қолданылады.
Магнит индукциясы векторының ағыны.
Индукциясы B біртекті магнит өрісінде орналасқан жазық S ауданша арқылы өтетін магнит ағыны деп аталатын скалярлық шаманы мына өрнектің көмегімен анықтайды
Ф BS cos
Bn S
BS
мұндағы - B векторы және ауданшаға жүргізілген n нормаль арасындағы бұрыш.
Магнит ағынының өлшем бірлігі – вебер (Вб): 1 Вб дегеніміз индукциясы 1 Тл біртекті магнит өрісіне перпендикуляр орналасқан ауданы 1 м2 жазық бет арқылы өтетін магнит ағыны.
Біртекті емес магнит өрісінде орналасқан кез-келген S бет арқылы өтетін магнит ағынын
Ф Bn dS BdS
S S
өрнектің көмегімен анықтайды.
Кез-келген тұйық бет арқылы өтетін магнит ағыны нөлге тең:
BndS
S
0 .
Магнит индукциясының векторы үшін Гаусс теоремасы деп аталатын бұл теорема магниттік зарядтардың табиғатта жоқтығын көрсетеді, соның салдарынан индукция сызықтарының не басы, не аяғы жоқ, демек олар тұйық болып табылады.
Тогы бар өткізгішке магнит өрісі тарапынан Ампер күші әсер етеді. Егер өткізгіш бекітілмеген болса, онда ол Ампер күшінің әсерінен орын ауыстырады.
Сондағы магнит өрісінің атқаратын жұмысы:
dA Fdx IBldx IBdS IdФ,
мұндағы BdS dФ дегеніміз dS ldx
ауданы арқылы өтетін магнит ағыны.
Сөйтіп, магнит өрісінде тогы бар өткізгіштің орын ауыстыру кезінде атқарылатын жұмыс ток күші мен қозғалыстағы өткізгіштің қесіп өткен магнит ағынының көбейтіндісіне тең.
Тұрақты тогы бар тұйық контур үшін оның шектеулі орын ауыстыру кезіндегі
магнит өрісінің атқаратын жұмысы A IФ .
Магнит өрісіндегі тогы бар контурға, рамканың жазықтығын B өрісіне перпендикуляр орналастыруға тырысатын, M моментке ие қос күш әсер етеді.
Бұл қос күштің моменті мынаған тең:
мұндағы
M
pm ISn
pm B,
– контурдың магниттік
моменті. Қос күш моментінің модулі
M pm B sin
мұндағы - рамканың
Электомагниттік индукция. Фарадей заңы.
Электр тогы өзінің айналасында магнит өрісін тудырады. Осыған кері құбылысты, яғни магнит өрісінің көмегімен токты қоздыруды, ашу үшін жасалған сансыз көп әрекеттер 1831 ж. табысты аяқталды. Бұл маңызды мәселені шешкен ағылшын физигі М. Фарадей электромагниттік индукция құбылысын ашты. Оның мағынасын былай тұжырымдауға болады: тұйық өткізгіш контурмен шектелген бет арқылы өтетін магнит ағыны өзгергенде сол контурда индукциялық деп аталатын электр тогы пайда болады. Индукциялық токтың пайда болуы тізбекте электромагниттік индукцияның электр қозғаушы күші бар екендігін көрсетеді. Индукциялық ток күшінің мәні, демек,
индукцияның i
э.қ.к.-ң мәні де тек магнит ағы-нының өзгеру жылдамдығымен
ғана анықталады, яғни
dФ
Ii ~ i ~ dt .
|