Лекциялар жинағы кредит саны 6 Шымкент-2019 Құрастырған: аға оқытушы Балгимбекова У. Б


ЛЕКЦИЯ №3 Тақырып: Тораптық шешімдерді стандарттау



бет6/49
Дата06.01.2022
өлшемі258,65 Kb.
#13116
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
ЛЕКЦИЯ №3

Тақырып: Тораптық шешімдерді стандарттау.

ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ

1. Ашық жүйелердің өзара әрекеттесуін ұйымдастырудың эталонды үлгісі. Стандартты көзі.

2.Ашық жүйелер қарым-қатынасын ұйымдастырудың базалық моделі. «Ашық жүйе» түсінігі.

3.Функциональдық деңгей түсінігі. Физикалық, каналдық, тораптық, транспорттық, сеанстық және қолданбалы деңгейдің негізгі функциялары.
ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ

1. Ашық жүйелердің өзара әрекеттесуін ұйымдастырудың эталонды үлгісі. Стандартты көзі.

Кең мағынада ашық жүйе деп ашық спецификацияға сәйкес құрылған кез келген жүйе ( компьютер, есептеу желісі, ОЖ, программалық пакет, басқа да аппараттық және прграммалық өнімдер) аталуы мүмкін.

«Спецификация» (есептеу техникасында) терминінің аппараттық және программалық компоненттерінің формалданған сипатталуын, олардың іс-әрекеттерінің тәсілдерін, басқа компоненттермен әрекеттесуін, қолднылуы шарттарын, шектеулерін және басқа да сипаттамаларын білдіретіндігін естерініңзге сала кетейік.Кез-келген спецификацияның стандарт бола бермейтіндігі түсінікті де. өз кезегінде ашық спецификациялар ретінде стандарттарға сәйкес барлық мүдделі жақтардың жан-жақты талқылауына түсіп, өзара келісім нәтижесінде қабылданған, жарияланаған, жалпыға түсінікті спецификация қабылданады.

Жүйелерді құру барысында ашық спецификацияларды пайдалану үшінші жаққа осы жүйелер үшін әртүрлі аппараттық, программалық кеңейту және модификациялау жабдықтарын жасап, әртүрлі өндірушілердің өнімдерінен прграммалық –аппараттық кешендерді құруға жол ашады.

Шынайы жүйелер үшін толық ашықтық қол жетпейтін идеал ретінде қалып отыр.Әдетте, ашық деп аталатын жүйелердің өздерінде бұл анықтамаға ол жүйлердің сыртқы интерфейстерді қолдайтын кейбір бөліктері ғана қатысты. Мысалы, UNIX операциялық жүйесінің туыстарының ашықтығы, барлығынан бұрын, ядро мен қосымшалар арасындағы стандартты программалық интерфейске негізделген.Бұл қосымшаларды Unix-тің бір версиясының ортасынан басқасына жеңіл көшіруге жағдай жасайды. Жартылай ашықтықтың тағы бір мысалы-жеткілікті түрде жабық саналатын Novell NetWare операциялық жүйесінде тәуелсіз өндірушілердің ол жүйее желілік адаптерлердің драйверлерін қосу үшін Open Driver Interface ашық интерфейсінің қолданылуы. Жүйені құру үшін ашық спецификациялар неғұрлым көп қолданылса, жүйе соғұрлым ашық болы түседі.

OSI үлгісі ашықтықтың тек бір аспектілеріне ғана, атап айтқанда, есептеу желісімен байланысқан құрылғылардың ашық әрекеттесуіне қатысты. Бұл жерде ашық жүйе ретінде жіберілетін және қабылданатын хабарламалардың мазмұны мен мәндерінің форматын анықтайтын, стандартты ережелерді қолдану арқылы басқа желілік құрылымдармен әрекеттесуге даяр желілік құрылым түсініледі.

Егер екі желі ашықтық принцптерін сақтай отырып құрылған болса, онда ол төмендегідей артықшылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді:


  • Бір стандартты ұстанған әртүрлі өндірушілердің аппараттық және программалық жабдықтарынан желіні құруға;

  • Желінің жеке компоненттерін жетілген түрлерімен ауыртпалықсыз ауыстырып, желіні аз шығынымен дамытуға;

  • Бір желіні басқасымен қосуға;

  • Желіні игеруді және оған қызмет көретуді жеңілдетуге.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет