Лекциялар жинағы кредит саны 6 Шымкент-2019 Құрастырған: аға оқытушы Балгимбекова У. Б


Қажетті өткізу қабілеті, желідегі беру жылдамдығы



бет5/49
Дата06.01.2022
өлшемі258,65 Kb.
#13116
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Комп жели лекция 222

Қажетті өткізу қабілеті, желідегі беру жылдамдығы;

  • Желінің өлшемі;

  • Қажетті қызметтер жиынтығы (деректерді беру, мультимедиажәне басқа);

  • Шуға және сақтандыруға қарсылық деңгейіне талабы;

  • Жабдықты сатып алу, монтаж және кейінгі пайдалану кезіндегі жобаның жалпы құны.

    Жергілікті компьютерлік желілерде деректерді берудің негізгі ортасы – экранадалмаған қос орам, коаксиальды кабель. Сол себепті ЛКС-те негізінен көпмодалық оптика қолданылады.


    4.Бірлік ортасына қатынас құру әдістері.

    Желілік адаптерлердің платалары физикалық интерфейс ретінде ұсынылады, немесе компьютер және желілік кабельдің арасындағы байланыс ретінде ұсынылады. Платалар барлық желілік компьютерлердің және серверлердің кеңейтілу слоттарына орналасады. Компьютер және желі арасындағы физикалық байланысты қамтамасыздандыру үшін платаның (оның орнатылуынан кейін) сәйкесінше разъемына немесе портына желілік кабель жалғанады. Неғұрлым әртүрлі типтегі разъемдар адаптердің (BNC, RJ45…) платасына орнатылған болса, соғұрлым желі құру үшін қолданылатын кабельдердің таңдауы да көп болады.

    Желілік адаптердің платасының тағайындалуы:


    • Компьютерден келіп түсетін мәліметтерді желілік кабель арқылы тасымалдауға дайындау;

    • Басқа компьютерге мәліметтерді тасымалдау;

    • Компьютер және кабелді жүйе арасындағы мәліметтер ағынын басқару.

    Желілерге арналған адаптерлер – соларға арналған кадрды және айырып танитын кадрларды қашан тасымалдауға болатынын өзінше анықтай алатын айтарлықтай күрделі құрылғылар. Басқармалы бағдарламалық қамтамасыздандырумен жұмыс істей отырып, адаптерлер кадрды тасымалдау немесе оны қабылдау процесінде негізгі жеті операцияны орындайды:

      1. Мәліметтерді тасымалдау. Мәліметтер компьютерлік жадтан адаптерге немесе DMA (жадқа тікелей рұқсат каналдары) арқылы адаптерден жадқа тасымалданады;

      2. Буферлеу. Мәліметтер желілік адаптерде өңделіп жатқанда олар буферде сақталады. Бұл жағдай платаға барлық кадрларға рұқсат алуды қамтамасыздандырады және желіде мәліметтерді тасымалдау жылдамдығы және компьютерде өңдеу жылдамдығы арасындағы айырмашылықты компенсациялауды рұқсат етеді;

      3. Кадрдың құрылуы. Желілік адаптер келіп түскен мәліметтерді жеке порцияларға бөледі (ал тасымалдау кезінде сәйкесінше, оларды жинап алады). Тақырып пакеттен бұрын болуы керек, ал оны әдеттегідей қорытынды аяқтау керек.

      4. Кабельге рұқсат. Тасымалдамас бұрын арнаның жұмыс қабілеттілігін тексереді.

      5. Параллельді-тізбекті түрлендіру. Алмастыру барысында мәліметтер байты буферден желіге келіп түседі және сәйкесінше желіден буферге, ол дегеніміз мәліметтер биті бірінен соң бірі тізбекетеледі. Адаптер тасымалдамас бұрын бірнеше секунд ішінде параллельді мәліметтерді жүйелікке немесе жүйеліктен параллельдіге түрлендіруді іске асырады;

      6. Кодтау\Декодтау. Мәліметтерді желі арқылы тасымалдау үшін арнайы электрлі сигналдар құрылады, олар тасымалданатын ақпаратқа сәйкес келеді және сол ақпарат қабылдайтын құрылғыда қалпына келтіріледі;

      7. Импульстерді тасымалдау\қабылдау. Мәліметтері бар электрленген кодталған импульстер, яғни мәліметтер кадрын құрастырып, күшейтіліп, байланыс арнасына тасымалданады;

    Желілік адаптерлер және басқарушы бағдарлама коллизия және бөгет және құрылғының ақаулығынан туындайтын қателіктерді анықтап, оларды жөндейді.

    БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

    1.Тораптық элементтердің топологиялық жіктелуі қандай?

    2.Негізгі түсініктер: тораптар түйіндері, кабельді сегмен түрлері қандай?

    3.Физикалық және логикалық топология түрлері қандай?

    4.Бірлік ортасына қатынас құру әдістері түрлері қандай?


    ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

    1. К.С. Дүйсебекова, Ш.А. Жомартова «Есептеу желілерінің негіздері»

    2. Котус, И. Влейник - Интерфейс «человек-компьютер», 1996.

    3. Ханенко В.И. - «Информационные системы» - Л:Машиностроение, 199S.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет