Лекциялар жинағы кредит саны 6 Шымкент-2019 Құрастырған: аға оқытушы Балгимбекова У. Б


ЛЕКЦИЯ 11 Тақырып:Глобальды тораптардың құрылымы



бет36/49
Дата06.01.2022
өлшемі258,65 Kb.
#13116
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49
Байланысты:
Комп жели лекция 222

ЛЕКЦИЯ 11
Тақырып:Глобальды тораптардың құрылымы
ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ

1.Глобальды тораптарды құру функциялары мен құралдарының жалпы сипаттамалары. 2.Глобальды тораптардың түрлері: бөлініп алынған каналдар, каналдары коммутацияланған глобальды тораптар, пакеттері коммутацияланған глобальды тораптар.

3. ISDN тораптары
ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ

1.Глобальды тораптарды құру функциялары мен құралдарының жалпы сипаттамалары.

ISDN тораптары. ISDN (Integrated Services Digital Network-интегралды қызмет атқаратын сандық желілер) негізгі коммутация режимі каналдарды коммутациялау тәртібі болып табылатын, ал мәліметтері сандық түрде ізделетін желілерге жатады. Жалпы пайдаланудағы телефон желілерінің мәліметтерді толығымен сандық іздеуге көшіру идеясы ертеректе талқыланған болатын, бұл кезде ақырғы абонент мәліметтерді тікелей сандық түрде алып отырады. Алдымен, аталмыш желі абонеттері тек дыбыстық хабарламаларды ғана жөнелте алады деп топшыланған болатын. Осындай желілерге IDN атауы берілді - Integrated Digital Network. "Интеграцияланған желі" термині абонент дауысымен сандық берілісті желімен ақпаратты сандық іздеу интеграциясына қатысты. Осы желі жөніндегі идея 1959 жылы айтылған болатын. Содан кейін айқындалғандай, мұндай желі өз абоненттеріне тек өзара сөйлесіп қана қоймай, сонымен қатар компьютерлік мәліметтерді тарату секілді басқа дак қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Соған қоса, желі абоненттер үшін қолданбалы деңгейдегі әралуан қызметтерді - факсимильді байланыс, телемәтін (қостерминал арасынды мәліметтер тарату), бейнемәтін (мәліметтер желісінде сақтаулы ақпаратты өз терминалына қабылдау), дыбыстық пошта мен бірқатар басқа да қызметтерді қамтуы тиіс болатын. ISDN желілерін енгізу айтарлықтай ертеректе басталды- 80-ші жылдардың соңында, алайда тұтынушылық интерфейстің жоғары техникалық күрделілігі, көптеген өмірлік маңызды қызметтерге арналған біртұтас стандарттардың жоқтығы, сонымен қатар телефондық АТС мен байланыс каналдарын қайта жабдықтау үшін қомақты капитал салымдарының қажеттілігі инкубациялы қезеңнің ұзақ жылдарға созылуына әкеп соқтырды, ал қазіргі таңда, яғни бірнеше ондаған жылдар өткеннен соң ISDN желілерінің таралу ауқымы кеңеюде. АҚШ-да ISDN желілерін енгізу үрдісі Еуропадан әлдеқайда артта қалып қойды, сондықтан желілік индустрия аталмыш желілердің бар екендігін күні кеше аңғарды. Егер коммуникациялы құрал-жабдықтар бойынша жапондық желілерді қарастырсақ, онда жалған қорытынды тууы мүмкін, ISDN технологиясы шамамен 1994-1995 жылдарда пайда болды деген секілді, себебі дәл осы жылдарда ISDN интерфейстеріне қызмет көрсететін маршрутизаторлар пайда бола бастаған болатын. Бұл жағдай келесі тұжырымды дәлелдейді, дәл осы жылдары ISDN желісі АҚШ-та корпоротивті желілерге арналған желілік құралжабдықтар өндірісі бойынша көшбастап келе жатқан компанияларды қамтитын елде барынша кең тарады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет