Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет39/51
Дата14.09.2023
өлшемі0,76 Mb.
#107294
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51
Байланысты:
СОНГЫ омырткалылар зоологиясы лекция

Тыныс алу мүшелері. Сүтқоректілердің тыныс алу мүшесі тыныс алатын көмекей, кеңірдек, бронхылар және өкпе. Кеңірдек көмекейден басталып жұтқыншаққа ашылады. Ауа танау тесіктері арқылы кіріп жылынады және әртүрлі қатты заттар қосылысынан тазартылады. Таңдайдың жақсы жетілуіне байланысты ауа жүретін жол ауыз қуысынан жекеленген,көкірек қуысында кеңірдек екі бронхыға бөлініп өкпеге енеді. Бронхылар өкпенің ішінде көптеген ұсақ тарамдарға бөлініп, жұқа қабырғалы көпіршіктер – альвеолдарды түзеді. Альвеолдар ұяшықтарына капиллярлардың ұшы келіп тұрады. Осы капиллярлар арқылы газ алмасу процесі жүзеге асады. Сүтқоректілердің тыныс алуына және шығаруына көкірек қуысының кеңейіп, ауа қабылдап немесе тарылып өкпеден газдың шығуына себепші қабырғаларды көтеретін қабырға аралық еттермен көк еттің (диафрагманың) үлкен әсері бар.
Қан айналу жүйесі. Сүтқоректілердің қан айналу жүйесі зат алмасу процесінің өркендеуінебайланысты төрт бөлімнен екі жүрекшеден, екі қарыншадан тұрады. Жүректің оң және сол жақ жартысы бір-бірінен толық бөлінген. Сондықтан сүтқоректілердің артерия қандары вена қандарынан толық бөлінген. Демек, олардың барлық мүшелері оттегіне қаныққан бай артерия қандарын қабылдайды. Жүректің атқаратын қызметінің көлеміне қарай тамырлары жақсы дамыған. Басқа омыртқалы жануарлар мен салыстырғанда жүректің қызметін нервпен қамтамасыз ету жоғары дәрежеде дамыған. Дененің барлық бөліктері қоректік заттармен және оттегімен жабдықталған және диссимиляция қалдытарынан да тез босайды. Олардың эритроциттерінің құрылысы өзінше сипат алады. Эритроциттерінде кішкентай ядролары болмайды. Сондықтан олар өте көп мөлшерде кездеседі (1 куб мм миллиондап болады.). Соның арқасында эритроциттердің бет көлемі артып, оттеін сіңіретін жалпы аумағы артады[4].
Сүтқоректілердің қаны суық жануарлардікіне қарағанда тез ұйиды. Ол жануарлардың жарақаттанған кезінде қанның көп ақпай, тез тоқтауына әсерін тигізеді. Қан айналу жүйесі кіші және үлкен қан айналым шеңберінен тұрады. Қан жасап шығарушы мүше – көкбауыр (талақ) болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет