Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет2/51
Дата14.09.2023
өлшемі0,76 Mb.
#107294
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
СОНГЫ омырткалылар зоологиясы лекция

Өзіндік сұрақтар:

  1. Зоологияны даму тарихы

  2. Омыртқалы зоологияны мақсаты, міндеттері



1-лекция. Тақырыбы: Хордалылар типi (Chordata)
Түйінді сұрақтар
1. Хордалылар типiне жалпы сипаттама.
2. Хордалылар типiнiң систематикасы
3. Личинка хордалылар - Urochordata
Хордалылар типi (Chordata) теориялық және практикалық жағынан маңызы зор. Барлық үй жануарлары осы хордалылар типiне жатады (ет, сүт, май, терi, т.б.)
Көптеген хордалылардың, мысалы ондатр, суыр, зорман, бұлғын және т.б. жануарлардың кәсiптiк маңызы өте жоғары. Хордалылардың кейбiр өкілдері ауыл шаруашылығының зиянкестерi (кемiргiштер-тышқандар, саршұнақтар, аламандар, егеуқұйрықтар т.б.). Сонымен қатар, көптеген түрлерi орман, балық және аңшылық шаруашылықтарына зиянды әсерiн тигiзедi. Хордалылар типiнiң өкiлдерi адамдардың және ауыл шаруашылық малдарының қауiптi ауруларын сақтаушы және тасушы рөлiн атқарады. Ондай ауруларға: чума, туляремия, бруцеллез, лептоспироз, энцефалит т.б[1].
Хордалылар типiне жануарлар дүниесiнiң эволюциялық қатарының ең жоғарғы сатысында тұрған организдер жатады. Тип өкiлдерiнiң сырт көрiнiсi мен құрылысы, тiршiлiк ету тәсiлдерi бәрiнде бiрдей емес. Өйткенi, бұл типке өзiмiзге таныс ланцетниктер, балықтар, бақалар, кесiртке мен жыландар және әртүрлi құстар мен аңдар жатады. Тiптi, адам да осы типтiң өкiлi. Тип өкiлдерi iшiнде сырт көрiнiсi құртқа ұқсаған түрлерде бар. Бiрақ, тип өкiлдерi осындай әр алуан өзгешелiктерiне қарамастан, олардың құрылысында бұларды бiр-бiрiмен жақындастыратын, бәрiне ортақ бiрнеше белгiлерi бар[2].
Бәрiнiң де денесiнiң ұзына бойына созылып жатқан iшкi тiрек қаңқа хордасы болады. Хордасы солқылдаған серпiмдi созылып жатқан тұтас зат. Төменгi сатыдағы хордалыларда хорда өмiр бойы сақталады, ал жоғарғы сатыда дамыған хордалыларда дамудың барысында хорда омыртқа жотасына айналады. Хорда эмбриональдық даму кезiнде мезодерма қабатынан дамиды.
Хорданың үстiңгi бөлiмiнде нерв жүйесiнiң орталығы нерв түтiгi орналасқан. Бұл түтiктiң ішкi қуысын – невроцель деп атайды. Нерв түтiгiнiң құрылысы барлық хордалылар үшiн тән сипат. Дамудың барысында барлық хордалыларда нерв түтiгiнiң алдыңғы бөлiгi өсiп, үлкейiп бас миына, ал қалған бөлiгi жұлынға айналады. Орталық нерв жүйесiнен барлық мүшелерге нерв талшықтары тарайды[3].
Ас қорыту түтiгiнiң алдыңғы бөлiгi, сыртқы ортамен екi қатар саңылаулар арқылы қатысады, оларды – желбезек саңылаулары деп атайды. Желбезек саңылаулары суда тiршiлiк ететiн төменгi сатыдағы хордалыларда да (личинка хордалылар-асцидия; бас сүйексiздер-ланцетник, бас сүйектiлердiң iшiнде – дөңгелек ауыздылар, балықтар, ұрықтың даму кезiнде қос мекендiлер) өмiр бойы сақталады, басқа хордалыларда ұрықтық даму кезiнде болады да, содан кейiн жойылып кетедi. Жоғарыда айтылған үш негiзгi ерекшелiгiмен бiрге тағы да басқа хордалыларды сипаттайтын ерекшелiктерi бар. Ол хордалылардың денесiнде екiншi реттегi қуыстың (целом) пайда болуы. Хордалылар екiншi ауызды жануарлар. Бiрiншi ауыздың орнына аналь тесiгi пайда болады. Суда және құрлықта тiршiлiк ететiн бұл жануарлардың 50 мыңға жақын түрлерi белгiлi. Кейбiреулерi ұшуға бейiм, көпшiлiгi еркiн қозғалады. Хордалыларға бас сүйексiздер, личинка хордалылар, дөңгелек ауыздылар (миногалар мен личинкалары), балықтар, қосмекендiлер, бауырымен жорғалаушылар құстар мен сүтқоректiлер жатады[4].
Хордалылар типi өзара ерекшелiктерiне қарай үш тип тармағына бөлiнедi.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет