Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет32/51
Дата14.09.2023
өлшемі0,76 Mb.
#107294
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51
Байланысты:
СОНГЫ омырткалылар зоологиясы лекция

Өзіндік сұрақтар:

  1. Бауырыменжорғалаушылардың жалпы сипаттамасы

  2. Бауырыменжорғалаушылар класының систематикасы

  3. Кесірткенің сыртқы құрылысы

  4. Кесірткенің тері жабындысы

  5. Бауырыменжорғалаушылардың тыныс алу мушесі

  6. Бауырыменжорғалаушылардың қанқасы

  7. Бауырыменжорғалаушылардың асқорыту жуйесінің ерекшелігі

  8. Тасбақалардың ерекшелігі

  9. Жасырынмойынды тасбақалардың құрылыс ерекшелігі

  10. Дала тасбақасын ерекшелігі

  11. Кеселдер тұқымдасының ерекшелігі, өкілдері

  12. Нағыз кесірткелер тұқымдасының ерекшелігі. өкілдері

  13. Жыландардың құрылыс ерекшелігі

  14. Жыландардың систематикасы

  15. Қурт тәрізді жыландардың құрылыс ерекшелігі, өкілдері

  16. Жалған аяқтылар тұқымдасының ерекшелігі, өкілдері

  17. Қазақстанда тіршілік ететін улы жыландардың өкілдері

  18. Қазақстан Қызыл Кітабына енген бауырыменжорғалаушылардың өкілдері

  19. Крокодилдердің ерекшелігі



9-лекция. Тақырыбы: Құстар класы (Aves)
Түйінді сұрақтар
1. Морфологиялық және биологиялық сипаттамасы.
2. Қазіргі құстардың географиялық таралуы және систематикасы.
3. Нағыз құстар кластармағы.
4. Пингвиндер, қырсыз төсті құстар.


Лекция мәтіні: Құстар омыртқалы жануарлардың iшiндегi жоғары сатыдағы дамығандардың бiрi. Денесi қауырсынмен жабылып, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. құстардың ұшуы эволюциялық дамудың жемiсi, юра дәуiрiнiң басында бауырымен жорғалаушылардан құстар келiп шыққан. Эволюцияның ұзақ жылдар дамуының нәтижесiнде олар ағаштан ағашқа қалықтап барып қонады. Дамудың келесi сатысында құстардың ұшу қабiлетi дүние жүзiнде кең таралуына мүмкiндiк бердi. Сөйтiп құстар генетикалық жағынан бауырымен жорғалаушыларға жақын, оның прогрессивтi бiр бұтағы. Құстардың ұшуы оның денесiне көптеген өзгерiстер тудырады. Дүние жүзiнде құстардың 8500 түрi тiршiлiк етедi.
Құстарды жан-жақты зерттейтiн зоологияның бөлiмiн орнитология деп атайды. Құстар барлық географиялық аймақтарда таралған. Сыртқы пiшiнi мен тұрқы әр алуан. Ең кiшкентай құс колибри дене тұрқы арадай, ең үлкен құс африка түйеқұсы биiктiгi 275 см[1].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет