Өзіндік сұрақтар:
Құстардың құрылыс ерекшелігі
Құстардың қанқасы
Құстардың систематикасы
Пингвиндердің ерекшелігі
Қырсыз төсті Құстардың құрылысы
Қырсыз төсті Құстардың систематикасы
10, 11- лекция. Тақырыбы: Қырлы төсті құстар.
Түйінді сұрақтар
1.Салыстырмалы анатомиялық шолу.
2.Құстардың ең басты отрядтарына, тұқымдастарына сипаттама, географиялық таралуы.
3. Құстардың систематикасы.
4.Құстардың маңызы.
5.Құстардың экологиясы.
Лекция мәтіні: Бұл отряд тармағына қырсыз төстi құстар мен пингвиндерден басқа ұшуға қабiлетi бар, қырлы төстi сүйегi бар қазiргi құстардың барлығы жатады. Арктикадан Антарктикаға дейiн барлық географиялық аймаққа таралған. тiршiлiк ететiн ортасы да алуан түрлi. Көпшiлiк түрлерi өмiрiнiң бiраз уақытын суда өткiзсе, ендi бiр түрлерi ашық далалы жерлерде, орманда т.б. орталарда өткiзедi.
Қазақстанда кездесетiн қырлы төстi құстар 23 отрядқа бөлiнедi. Солардың маңызына қарай сипатталады.
Гагар тәрiздiлер отряды (Gaviiformes). Суда жақсы жүзедi, сүңгидi, бiрақ нашар ұшады. Артқы аяқтары созылыңқы, мойыны ұзын, тұмсығы екi бүйiрiнен қысыңқы. Қанаттары, құйрығы қысқа болады. Қауырсыны тығыз орналасқан. Балапандары ширақ және үлпiлдек мамықты болады. Қара жемсаулы гагар бiздiң елiмiзде көбiрек кездеседi. Бiрден үшке дейiн жұмыртқа салады. Жұмыртқасын атасы мен анасы кезектесiп басады. 28 күннен кейiн жұмыртқадан балапан шығады[1].
Поганкалар отряды (Podicipediformes). Поганкалар гагарларға туыстық жағынан жақын. Олардан мөлшерi жағынан кiшiрек әрбiр саусақтарының айналасында жарғақтары болады. Бұлардың iшiнде үлкен поганка немесе чомга кең тараған. 2-7 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын атасы мен анасы кезектесiп басады. Поганкалар өмiрiнiң барлығын суда өткiзедi. Тек дем алу үшiн ғана судан жағалауларға шығады.
Ескек аяқтылар отряды (Steganopodes). Су құстарының iшiндегi iрiсi, (0,4-тен 13 кг-ға дейiн). Ескек аяқтылар тұщы суда, көбiнесе теңiзде тiршiлiк ететiн, саусақтары жарғақпен қосылған. Су құзғындары мен бiрқазан тәрiздi құстар. Олардың бәрi жақсы жүзедi және ұшады. Тұмсығы ұзын екi жақ сүйегiнiң аралығында созылмалы терi қалтасы бар. Балықпен қоректенедi. Ұя салғанда топтанып бәрi бiр жерге салады. Бiрден алтыға дейiн жұмыртқа салады, оларды ұрғашысы мен еркегi басады. Моногамды. Балапандары жұмыртқадан шыққан әлсiз, қызылшақа болады. Қазақстанда екi тұқымдасқа жататын бес түрi кездеседi. Қызғылт бiрқазан, бұйра бiрқазан Қазақстанның қызыл кiтабына енген. Дене мөлшерi iрi, салмақтары 12 кг-ға дейiн.
Дегелек тәрiздiлер отряды (Ciconiformes). Дене мөлшерi әртүрлi iрi келген құс (салмағы 0,1-6 кг дейiн). Мойыны, аяқтары ұзын болып келедi. Тұмсығы түрлi пiшiндi, ұзын, заттарды шоқуға ыңғайлы болып келедi. Қазақстанда таралған түрлерiнiң салмағы 150 г-нан 4 кг дейiн болады. Бұлар жануар тектес азықтармен қоректенедi. Ұя салғанда топтанып бiр жерге жиналып салады. Ұялары ағаш басында, бұталарда, жартастарда, үйлердiң маңайында т.б. болады. 2-9-ға дейiн жұмыртқа салады, оларды ұрғашысы мен еркегi бiрiгiп басады. Балапандары жұмыртқадан шыққан әлсiз, қызылшақа болады. Қазақстанда үш тұқымдасқа жататын 13 түрi бар – көкұқтан, дегелек, бақылдақ (кваква), оқпан (волчак), көлбұқа (выпь), жалбағай (колпица), каравай т.б. Қызыл кiтапқа енген түрлерi: сары құтан, кiшi ақ құтан, қалбағай, қарабай, ақ ләйлiк, қара ләйлiк[2].
Қаз тәрiздiлер отряды (Anseriformes). Үйрек, қаз және аққу тәрiздi, бұлар нағыз су құстары. Жақсы жүзедi және сүңгидi. Тұмсығы жалпақ, сырты жұқа терiмен қапталған, тұмсығының ұшында мүйiздi пластинкалары бар. Кейбiр түрлерiнде жақтарының жиектерiнде мүйiздi тiсшелерi болады. Құйымшақ бездерi жақсы жетiлген. Қаздар су маңында кейде далада өсiмдiктермен қоректенедi, балықтарменде қоректентiндерi бар. Ұялары су маңайында болады, кейде судан алыс жерлерде болуы ықтимал.Балапандары үлпiлдек жүндi. Көпшiлiгi жыл құстары. Олардың маңызы зор, көпшiлiгi кәсiптiк маңызы бар құстар. Үй қаздары Қазақстан даласында кең тараған жабайы сұр қаздардан шыққан. Үй үйректерi Европа мен Азияда кең тараған барылдауық үйректен шыққан. Ендеше алдағы уақытта да құстардың жаңа тұқымдарын шығаруда әлiде мүмкiншiлiктер туатыны сөзсiз.
Тырналар отряды. (Gruiformes). Ашық далалы жердi, жиiрек судың маңайын мекендейтiн iрi құс (салмағы 2-15 кг дейiн) Мойны аяқтары және тұмсығы ұзын, ал құйрығы қысқа, жақсы жүретiн құстар. Олардың тамақтарының құрамында өсiмдiк тектес, және жануар тектес азықтар бар. Ұяны жерге салады, жұмыртқадан балапандары ширақ үлпiлдек жүндi болады. Тырналардың барлығы да жыл құстарына жатады. Қазақстанда 6 түрi тiршiлiк етедi – тырна, қара тырна, қызылсирақ тырна, ақ тырна, ақбас тырна[3].
Дуадақтар отряды (Otides). Далалы және шөлейттi жерлерде тiршiлiк ететiн iрi құстар. Құрғақ ортада тiршiлiк ететiн болғандықтан, оларда құйымшақ безi болмайды. Азықтарын күндiз iздейдi. Жақсы жүгiредi, ұшады, қажымай талмай жүре бередi. Негiзгi азығы өсiмдiк тектес, ал жаз айларында нсекомдар мен омыртқасыз жануарлармен қоректенедi. Топтанып өмiр сүредi. Ұяны жерге салады. Жұмыртқадан балапандары ширақ үлпiлдек жүндi болады. Жыл құстарына жатады. Қазақстанда олардың үш түрi кездеседi – жекдуадақ, безгелдек, дуадақ. Зиянды насекомдарды жеп пайда келтiредi.
Достарыңызбен бөлісу: |