Лекциялар «Компьютерлік графикасы»



бет2/3
Дата16.09.2022
өлшемі62 Kb.
#39303
1   2   3
Байланысты:
1 дәрісАвтокад

Примитив түрлері

Қандай да бір сурет жай бөліктерден тұрады. Ал оны AutoCAD-та примитивтер дейді.


Примитивтер жай және күрделі болып бөлінеді. Жай примитевтерге мыналарды жатқызамыз:
-нүкте
-кесінді
-шеңбер (дөңгелек)
-доға
-түзү
-эллипс
-сплайн
-мәтін
Күрделі примитивтерге:
-полилиния
-мультилиния
-мультимәтін
-өлшем
-штрихтар
-блокты енгізу немесе сыртқы сілтемелер және атрибуттар жатады.
Кесінділер
Кесіндіні салудан бастайық. Ол үшін пернелік тақта арқылы КЕСІНДІ (LINE) командасын енгізу керек. Бұл команданы тышқан көрсеткішімен шақыруға болады немесе құлағыш меню Сурет (DRAW), бізге керек команданың батырмасы бірінші орналасқан .
AutoCAD – тың командалық жолында қойылатын бірінші сұрау (онда сұраудың екі нұсқасы берілінген: үстіңгі жолда сұрау түрі орыс тілінде, астынғы жолда – ағылшын түрінде):
Бірінші нүкте:
(Specify first point):
Ескерту: AutoCAD командалық жолда көрсетілген сұраққа ғана жауып күтеді. Егер сіз басқа командаға көшкіңіз келсе, онда пернесін басу керек.
Кесендінің бірінші нүктесін көрсетүдің ең жеңіл түрі – тышқанның көмегімен оны графикалық экранның көрінетін жерінде көрсету және тышқанның сол жақ батырмасын басу арқылы графикалық экранға бірінші нүкте түсіреміз. Нүктені тандау кезінде сол жақ төменғі бұрышта орналасқан координат санауышына бағдарлануға болады. Бірінші нүктені көрсеткеннен кейін AutoCAD сұрайды:
Келесі нүкте немесе [Өзгерту (Отметь)]:
(Specify next point or[Undo]):
Сұрақтың жартысы квадрат жақшада берілген. Оның мағынасы экранда келесі нүктені көрсету керек (кесендінің сонғы нүктесін) немесе опция таңдау (команданың келесі қадам нұсқасы) керек. Опция түріне AutoCAD Өзгерту (Undo)-ны ұсынады. Ол кесендінің алғашқы нүктесін өзгертеді. Опцияны пайдалану үшін, оны командалық жолда пернелік тақта арқылы үстіңгі немесе астыңғы регистрде теріп, басу керек.
Егер сіз Өзгерту (Undo) опциясын таңдасаңыз, онда AutoCAD соңғы нүктегі өзгертеді де қайтадан бірінші нүктені сұрайды.
Егер сіз тышқанның көмегімен экранда келесі нүктесі көрсетсеңіз, онда экранда кесінді пайда болады, бірінші нүктеден екінші нүктеге дейін жүргізілген.
КЕСІНДІ (LINE) командасы осымен тоқтамайды, тағы сұрайды:
Келесі нүкте немесе [Өзгерту]:
(Specify next point or[Undo]):
Бұл сұрауда, бір командамен бірінен соң бірі бірнеше кесінділер салуға болады, экранда бір сынық сызықтың көрінісі ретінде. Экранда үшінші нүктені көрсетіңіз. Сұраудың бұл түрі былай көрінеді:
Келесі нүкте немесе [Бекіту/Өзгерту]:
(Specify next point or[Close/Undo]):
Муңда Өзгерту (Undo) опциясынан басқа, Бекіту (Close) опциясы пайда болды. Егер бірнеше опциялар таңдау керек болса, олар «/» символымен ажыратылады. Пернелік тақтадан З(С) енгізгеннен кейін, үстіңгі немесе астыңғы регистрден, батырмасын басқанда AutoCAD тағы бір кесіндіні салып береді, соңғы нүктеден жүре отырып бірінші нүктеге дейінгі.
Егер сіз кесінділердің бекімеун қаласаңыз, тек қана КЕСІНДІ (LINE) командасының аяқталуын сұрасаңыз, онда батырмасын басу керек. Егер де екінші нүктеден кейін бассаңыз, онда үшінші кесінді салынбай КЕСІНДІ (LINE) командасымен аяқталушы еді. Сонда командалық жолда команда: (Command:) шақыруы пайда болады. Ол AutoCAD жүйесіндегі қандайда бір команданың дұрыс аяқталғаның көрсетеді:
КЕСІНДІ (LINE) командасын аяқтаудың тағы бір түрі бар. -дің орнына тышқан көрсеткішін графикалық экранның ішіне апарып, тышканның оң жақ батырмасын басқан жөн. Сол жерде контекстік меню пайда болады. Контекстік меню - жұмыстың келесі қадамын таңдауға көмектесетін қолайлы құрал. Оны тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы кез-келген уақытта шақыруға болады.
Контекстік менюдің ішіндегісі қазіргі сәтте жұмыс істеп отырған командаға байланысты. КЕСІНДІ (LINE) командасының жұмысын жалғастыруға тараулар берілген: ENTER, Үзу (Cancel), Бекіту (Close), Өзгерту (Undo), Панорамировалау (Pan), Зумиралау (Zoom). Осы менюде тарау таңдау қарапайым түрде іске асады. Enter тарауы команданы аяқтайды, Үзу (Cancel) тарауы команданың жұмысын үзеді. Бекіту (Close) және Өзгерту (Undo) тараулары жоғарғыда талдап кеткен іс-әрекеттер сияқты орындалады. Панорамировалау (Pan), және Зумиралау (Zoom) тараулары жоғалып тұратын командаларды шақырады (команданың жұмысың біраз уақытқа үзе тұрады) Пан және Көрсету. Осы командалар масштабты өзгерте алады.
Екінші нүктені көрсеткеннің орнына бассақ, онда КЕСІНДІ (LINE) командасы ешқандай объект салмай аяқталады. Ал егер бірінші нүктені көрсеткеннің орнына бассақ, онда ол соңғы нүктесін көрсетеді, егер не сурет, не соңғы салыңған объект жоқ болса, онда қате бар деп хабарлайды:
Жалғастырғанға не кесінді, не доға жоқ. Бірінші нүкте:
(No line or arc to continue. Specify first point:)
Егер соңғы нүктесі жоқ, соңғы салынған объект примитив болса (мысалы: мәтін), онда AutoCAD кесінді, полилиния немесе доғаны тапқаңға дейін соңғының алдыңғы нүктесіндей береді. Егер де соңғы табылған объект доға немесе полилиния болса, оның соңғы салыңған бөліғі доға түрінде болса, онда AutoCAD кесінді салады, соңғы табылған доғаның жалғасы болып және сұрайды:
Кесінді ұзындығы:
(Length of line:)
Бұл сұраққа сіз пернелік тақтадан не санды енғізу керексіз немесе экранда уақытша нүктені көрсетуіңіз керексіз. Екі тәсілдің біреуінен алынған сан болашақ кесіндінің милиметрлік арақашықтығы болады. Ол доғаның қатыстық жалғасы болып табылады.
Осылай, бір КЕСІНДІ (LINE) командасымен бір немесе бірнеше бірінен кейін бірі орналасқан кесінділерді салуға болады. Команданы аяқтау үшін батырмасын басу керек немесе бекіту опциясы – З(С) символын теру керек.
АЖЖ міндеттеріне орай, AutoCAD объектілер кескіндерімен емес, объектілердің техникалық кескінін құрайтын геометриялық сипаттамаларымен жұмыс істейді. Мысалы, кесінді екі нүктемен сипатталады, шеңбер центрі және радиусы арқылы сипатталады, доға –центрі, радиусы және центрлік бұрышы арқылы сипатталады. Объектілерді бұлайша бейнелеу векторлық деп аталады. Ол кез келген күрделіліктегі техникалық кескінді жасау үшін жеткілікті.
AutoCAD – тың графикалық объектілері графикалық примитивтер деп аталатын, типі бойынша алуан түрлі болып келетін элементтерден құралады. AutoCAD примитивтеріне бірқатар қасиет тән: қабатқа тиістілігі, сызық типі, сызық түсі, салмағы және т.б.
AutoCAD графикалық редакторы пайдаланушыға примитвтердің белгілі бір жиынын ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет