Нүкте – әртүрлі графикалық белгілердің көмегімен кескінделетін қарапайым примитив.
Кесінді – екі шеткі нүктесі арқылы берілетін түзу сызықтың бөлігі.
Түзу – Түзуге тиісті екі нүкте арқылы берілетін, шексіз ұзын түзу сызық.
Сәуле – берілген нүктеде басталып, шексіздікке кететін түзу сызық.
Мультисызық (Мсызық) – параллель сызықтар жиынтығы (1-ден 16-ға дейін), олардың әрбіреуінің өз түсіжәне типі болуы мүмкін.
Шеңбер – центрінен бірдей қашықтықта орналасқан барлық нүктелер. Әртүрлі тәсілдермен салынуы мүмкін.
Доға – центрі, радиусы және шеңбер бойындағы екі нүктемен анықталатын шеңбер бөлігі. Әртүрлі тәсілдермен салынуы мүмкін.
Эллипс – үлкен және кіші осьтерін көрсету арқылы салынатын екінші ретті қисық сызық.
Сплайн – берілген нүктелер жиыны арқылы өтетін тегіс қисық сызық.
Полисызық – түзусызықты және доғалық сегменттер жиынынан тұратын біртұтас объект түріндегі сызық. Қалаңдығын полисызыққа түгел немесе оның жекелеген сегменттеріне жеке-жеке беруге болады.
Тіктөртбұрыш– екі қарсы жатқан төбелерін көрсету арқылы беріледі. Сызық қалыңдығы ағымдағы полисызықтың қалыңдығына сәйкес келеді.
Сақина – ішкі диаметрі, сыртқы диаметрі және центрі арқылы беріледі.
Көпбұрыш– шеңберге іштей немесе сырттай сызылған дұрыс көпбұрыш болып салынады. Жақтарының саны – 3 тен 1024 –ке дейін.
Блок – басқа примитивтерден құралатын, біртұтас объект болып табылатын құрама примитив.
Өлшемдер – AutoCAD–та сызықтық, радиустық, бұрыштық өлшемдер аттары жоқ арнайы блоктар болып табылады.
Мәтін – пайдаланушы ұсынатын белгілі бір мәтіндік стилімен сипатталатын жазулар.
Бұлардан басқа, бірнеше кеңістіктік примитивтер бар, мысалы, үшөлшемді полисызық, үшөлшемді қыр және т.б.
Титульный лист жазу үшін форматтын өлшемін өзгертеміз. Клавиатурадан F7 –СЕТКА – көсып қоясындар. Формат – суреттерді шектеу – 0,0 Enter басасындар – 210, 297 Enter . Ол А4 форматтын өлшемдері.
Рамка сызу үшін – Сызу – Түзү - Бірінші нүкте 20,5 Enter – сол жағына түзу корсетіп 185 аласындар - Enter, тузу жоғыры апарып 277 Enter, оң жағына 185 Enter, төменгі 277 –екі рет Enter.
Тексті өндеу.
Тексті (редакциялау) оның қассиеттерін редакциялау үшін бірнеше мүмкіндіктер қарастырылады.
Формат – Стиль текста – Standart – Times New Roman (Gost A) – 7.0000 – 15 градус – назначить – закрыть.
Сызу – текст – однолинейный – g – f – пределы текста – текст – 2 рет Enter.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министерлігі
Д. Серікбаев атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИҚАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жалпыинженерлік пәндер кафедрасы
СЫЗУЛАР ЖИНАҒЫ