Лекциялар «Компьютерлік графикасы»



бет1/3
Дата16.09.2022
өлшемі62 Kb.
#39303
  1   2   3
Байланысты:
1 дәрісАвтокад


1 Дәріс AutoCAD автоматты жобалау жүйесі

Қазіргі заманғы техника деңгейі дербес компьютерде автоматты жобалау жүйелерінің (АЖЖ) негізін білуді қажет етеді.


АЖЖ дегеніміз не? АЖЖ – дегеніміз есептеу техникасының базасында заман ағымына сай жобалық-конструкторлық құжаттарды жасау үрдісін автоматтандыра алатын жүйе.
АЖЖ – мынадай қамту түрлері бар күрделі құрылым:

  • әдістемелік;

  • математикалық;

  • бағдарламалық;

  • техникалық;

  • лингвистикалық;

  • ақпараттық;

  • ұйымдастырушылық.

Жобалаудың дәстүрлі әдістерінде уақыттың 70% сызба-графикалық жұмыстарды орындауға, ал қалған 30% ғана творчестволық үрдіс қалады. АЖЖ қазіргі заманғы құралдары конструкторға негізгі уақытын құрау жұмыстарына арнауға мүмкіндік береді, ал сызбаны көркемдеу, қатты көшірмелерін жасау, архивтар ұйымдастыру және жүргізу секілді операцияларды AutoCAD – автоматтандырылған жобалау жүйесі.
АЖЖ-ның артықшылықтары техникалық ұсыныстан қатты көшірме (сызбалар) алғанға дейін кешенді жобалау мүмкіншілігінде, сол секілді сызба-файлдарын өндірісті технологиялық дайындауда қолдануында. Сонымен қатар, графикалық ақпаратқа тез жету, экранда барлық сызбаны, оның жекелеген бөліктерін, немесе екеуін бірге көрсете алу, конструкторлық сызбаларды жасауға, оларды асқан дәлдікпен редакциялауға және жоғары сапамен орындауға жол ашады.
Әлемде АЖЖ – нің міндеттерін үздік орындай алатын жүйелер мен техникалық құралдар көптеп кездеседі. Олардың ішінен қажеттісін таңдау алға қойылған міндеттердің мақсаты мен күрделілігіне байланысты.
Бұл жерде конструкторлық құжаттар жасауға арналған AutoCAD автоматты жобалау жүйесі сипатталады. Өзінің табиғаты бойынша бұл графикалық редактор пайдаланушыға сұхбаттық режимде қандай да бір конструкторлық міндеттерді, бірден экран мониторынан оның іс-әрекетінің нәтижесін көрсете отырып шешу мүмкіндігін береді. AutoCAD командалары адам қабылдауына оңай, әрі түсінікті, ал онымен сұхбаттасу әртүрлі менюлер (бас, экрандық, құлайтын, контекстік, графикалық), сұхбаттық терезелер, мәтіндік терезелер, инструменттер панельдері көмегімен іске асырылады.
AutoCAD жүйесінде сызба даярлау үшін қажет базалық геометриялық объектілердің – кесінділердің, нүктелердің, шеңберлердің, доғалардың, көпбұрыштардың және тағы басқалардың кең ауқымы келтірілген.
AutoCAD командалары және инструменттік құралдары кез келген жобалық жұмыстарды орындауда қолданылатын сызба мен модельдердің дәл, әрі толық кескіндерін алуға мүмкіндік береді.
AutoCAD бекітілген стандарт бойынша өлшемдерді қоюдың тез, әрі оңай процедураларын қамтамасыз етеді.
Тетікбөлшектің материалын көрсету үшін, жекелеген тетікбөлшектердің немесе функционалды элементтерінің шектерін көрсету үшін AutoCAD штрихтау және түске бояуды басқару сұхбаттық құралдары қарастырылған. Олар алдын-ала берілген штрихтау тәсілдерімен қатар, пайдаланушы ұсынған әдістерді де қолдануға мүмкіндік береді. Штрихтау шекарасы автоматты түрде орнатылады, сол арқылы таңдалған стильді көріп шығуға, сол секілді штрихтау сызықтарының қалыңдығын, көлбеулік бұрышын, штрихтар арасындағы қашықтықты анықтауға болады.
AutoCAD қаріптердің кең таңдауын ұсына отырып, мәтіндік ақпаратты енгізудің және оны редакциялаудың әртүрлі тәсілдерін қарастырады.
AutoCAD командаларының көмегімен үшөлшемді қатты денелі модельдер жасауға болады, сонымен қатар модельделінетін объектінің көлемін, инерция моментін, салмақ центрінің орнын және тағы да басқа физикалық шамаларын есептеуге болады.
Сол секілді, дербес компьютерде жұмыс істеп үйренбейінше, информатика және сызу курстарын білмейінше, тіпті AutoCAD жүйесі секілді әмбебап инструментті де үздік меңгеру мүмкін емес.
AutoCAD бағдарламасын іске қосқанда үнсіздік бойынша сурет салудың меню және инструменттер панелімен қоршалған бос терезесі ашылады (сурет 2.3), - Жұмыс үстелі.
AutoCAD жұмыс үстелінде Windows үшін:

  • Меню облысы – мұнда 4 жол кіреді: 1 – бағдарлама терезесінің атауы; 2 – құлайтын меню жолы; 3 - Standard (Стандартная-Стандартты) панелдер және Styles (Стили-Стильдер); 4 –Layers (Слои-Қабаттар) панелдер және Properties (Свойства-Қасиеттер);

  • Графиқалық аймақ – экранның центрлік облысы, жұмыс аумағы;

  • Командалық жолдар терезесі;

  • Ағымдағы жағдай (строка состояния) қосылған.

AutoCAD жұмыс үстелінің барлық төрт облысын ретімен қарастырамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет