Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы 2009


 Қазақстан аумағындағы қола дəуірі



Pdf көрінісі
бет5/76
Дата27.11.2023
өлшемі1,99 Mb.
#129183
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
Қазақстан тарихы. Қаражан Қ.С.

2. Қазақстан аумағындағы қола дəуірі
Қазақстандағы қола дəуірінің зерттелуі Кеңес өкіметінің 
кезінде ғылыми жағынан жүйелі жолға қойылады. 1933 
жылы КСРО Ғылым академиясы Орталық Қазақстанды зерт-
теу үшін ұйымдастырған «Нұра экспедициясының» көрнекті 
мүшелері П.С.Рыков, М.И.Артамонов, М.П.Грязнов, К.Арзютов, 
И.В.Синицин сияқты ғалымдардың сіңірген еңбектері айтарлықтай. 
Қола дəуірін зерттеуде бұлардың ашқан басты жаңалықтарының 
бірі Шерубай-Нұра өзенінің аңғарынан қола дəуірінің атақты 
Дəндібай ескерткіштерін табуы. Қазақстанның батыс бөлігінде 
қола дəуірін зерттеуде ғалым О.А.Кривцова-Грекованың еңбегі 
зор. Əсіресе, Тарих, археология жəне этнография институтының 
жанынан ұйымдастырылған Орталық Қазақстан археологиялық 
экспедициясының меңгерушісі Ə. Марғұланның жүргізген жұ-
мыстары орасан зор. Ғалым Атасу, Бұғылы, Беғазы, Ақсу-Аюлы, 
Дəндібай сияқты ескерткіштерге қазба жұмыстарын жүргізді. Зерт-
теу жұмыстарының нəтижесінде Ə.Марғұланның қола дəуірі тура-
лы екі үлкен монографиясы, көптеген ғылыми мақалалары жарық 
көрген. Шығыс Қазақстанның жерінде қола дəуірінің ескерткіштерін 
зерттеуде жемісті жұмыс жүргізген көрнекті ғалым С.С.Черников. 
ХХ ғ. 50-жылдары қола дəуірін зерттеуде үлкен еңбек сіңірген ар-
хеолог ғалымдар К.А. Ақышев, А.М. Оразбаев, А.Р. Максимовалар 
болды. 
Қола дəуірі б.з. дейінгі 2 мыңжылдық пен 1 мыңжылдықтың 
басы аралығын қамтиды. Б.з. дейінгі 2 мыңжылдықта Еуразия дала-
сында қола алу тəсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс 
жасалды. Ежелгі адамдар мысқа қалайыны қосу арқылы металл 
бұйымдардың беріктігін күшейтті. Қоладан тіршілікке қажетті 
құралдар мен қарулар жасалды. Қазақстан жеріндегі қола дəуірінің 
кезіндегі өмір сүрген адамдардың негізгі мəдениеті — ғылымда 
Андронов мəдениеті деп аталады. Бұл дəуірде Қазақстан даласын, 
Оңтүстік Сібірді жəне Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, 
өзіндік мəдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мəдениеттің алғашқы 
ескерткіші табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы 
Андроново селосына байланысты бұл кезең — андронов мəдениеті 
деген атау алды. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913 жылы Б.В. 
Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П. Грязнов осындай 
қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мəдениетінің 
ескерткіштері шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға 
дейінгі орасан зор аумаққа тарағанын анықтады. Зерттеушілердің 
көпшілігі андронов мəдениетінің өмір сүрген уақытын 3 кезеңге 
бөледі: 
1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) — б.з.б. ХVІІІ—ХVІ ғғ.;
2. Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) — б.з.б. ХV—ХІІІ ғғ.;
3. Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) — б.з.б. ХІІ—VІІІ ғғ. 
Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сəйкес Фе-
доров, Алакөл, Замараев деп аталды. 


14
15
Қола дəуірінің атап көрсетерлік ерекшеліктері мынадай:
Түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі (қола метал-
• 
лургиясы);
Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал 
• 
шаруашылығының егіншіліктен бөлініп шығуы; 
Аталық отбасылық рулық қатынастың орнауы;
• 
Андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің 
• 
озық түрі — көшпелі мал шаруашылығына көшті;
Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер 
• 
құрыла бастады.
Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекенде-
ген. Негізгі қоныстанған ауданы — Орталық Қазақстан. Бұл өңірден 
көптеген мекендер, қорымдар, көне кен орындары, тастағы суреттер-
петроглифтер, 30-дан аса қоныстар мен 150-ден аса қабір табылып 
зерттелген. Ертедегі Нұра кезеңінде жерлеу салтында кремация 
(мəйітті өртеу) басым болған. Келесі — Атасу кезеңінде жерді иге-
ру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. 
Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі, оны көптеген тау 
кендерін өңдеу орындарының болуынан байқаймыз. Қорымдар мен 
қоныстардың үлкен бір тобы Атасу өзенінің бойында. Қоныстар мен 
қорымдарды қазған кезде қола құралдары, қару-жарақтары, сəндік 
заттар шықты. Мəйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып 
жерлеу жиірек ұшырасады. 
Қоланың кейінгі кезеңі Орталық Қазақстанда жаңа мəдениет 
— Беғазы-Дəндібай мəдениетінің құрылуымен белгілі. Орталық 
Қазақстанда көп жылдар бойы археологиялық зерттеу жұмысын 
жүргізген академик Ə.Х.Марғұлан қола дəуірінің соңғы кезінің өзіне 
тəн ерекшеліктерін ескере отырып, оны Беғазы-Дəндібай мəдениеті 
деп атауға ұйғарды. Бұл мəдениетке ғалым Беғазы, Бұғылы, Саңғыру, 
Айбас дарасы, Дəндібай ескерткіштерін жатқызады. Аталған ескерт-
кіштерден алынған материалдар қола дəуірінен темір дəуіріне 
өтетін өтпелі кезін көрсететіндігін дəлелдейді. Бұл мəдениетке тəн 
бір қасиет, ол бірінші жағынан, андронов дəстүрін сақтайды, екінші 
жағынан, онда жаңа элементтер: мазарлардың айрықша типі, өзіндік 
өзгешелігі бар жерлеу салты, қыш ыдыс-аяқтардың жаңа түрлері 
пайда болады. Мəйіттерді бүктеп жатқызып қоюмен бірге, оларды 
шалқасынан жатқызып қою да кездеседі. Бұл мəдениетке сонымен 
қатар Қарағандының оңтүстік бетіндегі Ақсу-Аюлы ІІ қабірі жа-
тады. Осы кезде жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер 
салу рəсімі кең жайылады. Тұрғын үйлерді салуға ағаш кеңінен 
пайдаланылған. Металл өндіріп балқыту орасан зор рөл атқарған. 
Солтүстік жəне Батыс Қазақстанда көптеген андроновтық 
мəдениет ескерткіштері ашылып зерттелген, олардың ішінен 
Алексеев қонысы мен Тастыбұтақ қорымы кеңінен мəлім бол-
ды. Ертедегі қола кезеңіне мəйітті өртеп көму рəсімі жатады. Сол 
кездері ежелгі қалалардың прототиптері деп есептелетін қоныстар 
пайда болды. Соның бірі — Арқайым Челябинск жəне Қостанай 
облыстарының шекарасында орналасқан. Кейінгі қола дəуірінің 
бірінші кезеңінде Солтүстік Қазақстанның тайпалары Арал өңірінің 
Қима мəдениетінің, ал Батыс Қазақстан — Еділ бойының Қима 
мəдениетінің қатты ықпалына түседі. 
Шығыс Қазақстанда Андронов мəдениетінің дамуы да осы 
тектес жолмен жүреді. Ертіс пен Бұқтырманың, Күршімнің 
көкорай шалғынды алқаптарынан, Алтайдың таулы аудандары-
нан, Тарбағатай мен Сауыр далаларынан қола дəуірінің ондаған 
қоныстары мен қорымдары табылды. Қанай қорымы жəне онымен 
қатар орналасқан қоныс қабірлерінің дені кейінгі қола кезеңіне жа-
тады. 
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қола дəуірінде халық тығыз 
қоныстанған аймақ болды. Таңбалы мен Қаратау сияқты тастағы 
суреттердің аса үлкен шоғыры тек Жетісу мен Қазақстанның 
оңтүстігінен ғана табылды. Жетісуға федоров пен алакөл 
тайпаларының мəдениеттері элементтерінің араласып-құраласып 
жататыны тəн болып келеді. Федоров дəстүрінде қоршаулары 
тікбұрышты жəне дөңгелек болып келетін қабірлер көбірек кездеседі. 
Жетісудың орта қола дəуіріне Таңбалы, Қарақұдық қорымдары жа-
тады. Қазақстанның оңтүстігінен, Қаратаудан Таутары қорымы 
қазылып аршылды. Сырдарияның төменгі жағынан, Арал алқабынан 
қола дəуірінің бірегей ескерткіші — Түгіскен кесенесі ашылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет