Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы 2009


Қола дəуірі адамдарының діні мен өнері



Pdf көрінісі
бет8/76
Дата27.11.2023
өлшемі1,99 Mb.
#129183
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76
Байланысты:
Қазақстан тарихы. Қаражан Қ.С.

Қола дəуірі адамдарының діні мен өнері.
Қола дəуірінің тай-
палары табиғат күштеріне табынған. Жерленген адамның басы 
батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратылып, қол-аяғы бүгіп 
жатқызылған. Бұл жер-ана құшағына барған сəби қалпындағы адам 
түсінігін берген. Өлікті матаушы ажал құдайы Ямаға сыйынған. 
Ерте қола дəуірінде жерлеу салтында кремация, яғни мəйітті 
өртеу басым болған. Бұдан андроновтықтардың отқа табынғанын 
байқаймыз. Кейінгі қола дəуірінде жерлеудің кесенемен бірге 
өртеу түрі болған. Үй құрылысы да құрбандық шалудан басталған. 
Құрбандыққа сүт толы ыдыстар, бұқа не бағлан шалынған. Сүт 
ішіліп, ет желініп болған соң, құмыралар мен сүйектер болашақ 
үйдің ошағының басына, оның табалдырығының астына көмілген. 
Үйдің ошағы отбасының киелі орны есебінде қатты құрметтелген. 
От пен күлге байланысты жөн-жоралғылардың бəрі құдайдың 
рақым-шапағатымен денсаулық, отбасының амандығын, құт-береке 
болса деген тілекпен жасалған. Мəйітті көкке əкететін от құдайы 
— Агнияға арнап құрбандыққа ешкі сойған. Қола дəуірінің соңына 
қарай күнге, айға жəне жұлдыздарға табынған. Ата-баба аруағына 
сиыну жəне о дүниеге сену кең тарады. 
Қола дəуірінің жартастар бетіне салынған суреттерінің өзіндік 
ерекшеліктері бар, ертедегі адамдар жартастардың тегіс бетіне 
қатты да үшкір тас сынықтарымен жануарлар, Күн бейнелі адам-
дар суретін, соғыс арбалары мен шайқас көріністерін салған. Бұл — 
адамның рухани мəдениеті жəне оның дүниетанымы жөніндегі аса 
бағалы хабарлар бастауы болып табылады. Қазақстан — жартаста-
ғы суреттер-петроглифтердің саны мен əралуандығы жөнінен 
əлемдегі ең бай жерлердің бірі. Осындай суреттер көп табылған 
Таңбалы, Ешкіөлмес, Қаратау, Маймақ, Тарбағатай, Бөкентау 
аймақтары дүниежүзілік мəдениеттің қорына қосылады. Қола 
дəуірінің адамдары ойлаудың мифологиялық сатысында болған. 
Жартастардағы салынған суреттер — андроновшылардың өздерін 
қоршаған дүние жайлы түсініктерінің көрінісі еді. Суреттерде жиі 
кездесетін бейне — мүйізін алға кезеп, шоқтығы күдірейіп, алып 
денесі шиыршық атып, аяқтарымен жер тіреп тұрған турдың — 
жабайы бұқаның суреті. Əлемді жарату жөніндегі мифтерде дүние 
— Күн құдайы Митра құрбандыққа шалған бұқаның мүшелерінен 
жасалған делінеді. Сонда Митра бұқамен қатар қойылып, бірдей 
саналады. Ешкіөлмес тауындағы суреттердің бірінде Митра, басы
күн шұғыласымен қоршаулы адам бейнелес секілденіп, бұқа үстін-
де түрегеп тұрған күйде бейнеленген. Бірқатар киелі орындарда 
ертедегі адамдардың басы күн шұғылалы Митраға тағзым етіп, та-
бынып жатқан кездегі көрінісі салынған. Таңбалы шатқалында күн 
басты бір кісінің маңында айнала билеп жүрген кішкентай адам-
дар, жұптасып жəне жеке өзі билеп жүрген адамдар бейнеленген. 
Бұқа бейнесі молшылық, құдіреттілік пен күшті білдіреді. Жартас 
көркем өнеріндегі жиі кездесетін суреттердің бірі — қос өркешті 
бактриян түйесінің бейнесі. Ол ирандықтарда күн күркіреу құдайы 
— Веретрагна, үнділіктерде — Индра бейнесі болып есептеледі. 
Қола дəуірі петроглифтерінің арасында соғыс арбасын бейнелеу де 
кеңінен тараған. Қаратау тастарындағы суреттерде соғыс арбасы 49 
жерде кездеседі, олар Таңбалыда да, Ешкіөлместе де бар. Олардың 
көпшілігінде екі доңғалақты аңшы жəне соғыс арбалары бейнелен-
ген. Ат пен арба жайлы ирандықтар арасында көктегі күн күймесі 
жөнінде əпсана-аңыз бар. Олар жоғарғы құдайлардың бəрі аспанда 
пырақ жегілген күймелермен заулап жүреді деп есептеген. Тастағы 
суреттердің ішінде жер жырту көріністері де кездесіп қалады, олар-
да соқаға жегілген бұқалар, аттар мен ешкілер бейнеленеді. Соқа ба-
сында адам болады. Бұл көріністер жаңа жылды мейрамдауға, күн 
мен түннің теңелуі, табиғаттың жаңару мейрамына, құнарлылыққа 
байланысты болса керек. Бұл мерекенің ең бір маңызды бөлігі — 
түрен тарту болып табылады. Бірінші түрен тарту құқы, яғни 
алғашқы соқа салу құрметі патшаға берілген.
Қола дəуірі мəдениетінің гүлденуі Жерорта теңізі жəне Кіші Азия 
мəдениеті мен экономикалық қатынастың нəтижесі болды. 
Сонымен, қорыта келгенде, Қазақстандағы қола дəуірінің өзіндік 
мəдениеті болғандығын, олар өз ерекшеліктерін сақтай отырып, 
Қазақстан аумағында таралып, белгілі бір даму сатыларынан 
өткенін байқаймыз. Осы дəуірде аридтық табиғи-географиялық 
жағдай көшпелі тұрмыс пен көшпелі мал шаруашылығына өтуге өз 
əсерін тигізді.


20
21


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет