Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы 2009



Pdf көрінісі
бет7/76
Дата27.11.2023
өлшемі1,99 Mb.
#129183
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76
Байланысты:
Қазақстан тарихы. Қаражан Қ.С.

Қоғамдық құрылысы
Қола дəуірінде мал шаруашылығы 
мен
 
металлургияның жедел дамуы ерлердің еңбегін көп қажет 
еткендіктен қоғамда ер адамдар рөлі жоғарылап, аталық отбасылық 
қатынас орнады, аналық ру орнына аталық ру келді. Андроновтықтар 
қоғамында барлық істі халық жиналысы шешіп отырды: ру басшы-
ларын сайлау, айыптыларды ел алдында жазалау жəне т.б. Жоғарыда 
айтқанымыздай андроновшылар үлкен үйде үлкен отбасылық 
қауым болып өмір сүрген жəне бірге тұрып, бəріне ортақ шаруаны 
ағайын-туыстардың бірнеше буыны бірлесіп атқарған. Қоныстар 
материалына қарағанда көзге түсерліктей ешбір елеулі əлеуметтік 
жəне мүліктік теңсіздік байқалмайды, алайда қорымдарды зерт-
теу ісі адамның байлық дəрежесі мен қоғамдағы мəртебесінің 
айырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ертедегі қола 
дəуірінің өзінде көптеген біркелкі молалар ішінен өзгелерге қарағанда 
қабірі үлкенірек те тереңірек, ағаш мазарының құрылысы да күрделі, 
мола ішіне қойылған құмыралары мен тағамы да мол зират ерекше 
назар аудартқан. Мұндай қабірлерден сондай-ақ соғыс арбасының 
жұрнағы мен аттардың сүйектері, мəйіт басынан қола қанжарлар, 
жебелер табылған. Орта жəне кейінгі қола дəуірлерінде де тап осын-
дай жəйттер кездеседі. Қорымдардағы қарапайым қабірлер арасы-
нан ірі тастардан екі немесе үш қабат қоршауы бар бірнеше аса үлкен 
оба не мазарлар көзге түседі. Обалар салып, қабірлер қазу ісімен, 
онда қойылатын заттар арасындағы елеулі айырмашылықтарға 
жүгінсек, андронов қоғамы біртекті болмаған. Үлкен қорымдарда 
сол кезде қоғамда айрықша топқа бөлінген жауынгерлер қойылған. 
Қоғамның жіктелуі басталған — оның қатардағы қалың мүшелері 
арасынан бөлініп «патшалар» — билеушілер, жауынгерлер — кша-
трийлер шыққан. Олардың жақындары да қоғамда жоғары дəрежеге 
ие болған. Үнді-иран шежірелеріне қарағанда абыздар да жоғары 
бағаланған. Олар діни жоралғыларды жүргізуші, ежелгі дəстүр мен 
білімдерді сақтаушылар болды. Олардың өзгелерден айрықша бір 
белгісі — ағаш табақ пен ерекше бас киімі (бөркі). 
Қола дəуірінде еңбек құралдарының жетілдірілуіне жəне 
шаруашылықтың дамуына байланысты азық-түлік молайып, 
артық қор құрылды. Қоғамда біреулер байып, басқаның еңбегін 
пайдалануға мүмкіндік алды. Сондықтан тұтқындарды өлтірмей, 
оларды құлға айналдырды. Рулық ұжымдық меншіктің орнына жеке 
меншік орнап, еңбекті қанау пайда болды. Бұл мүлік теңсіздігінің 
шығуына алып келді. Сөйтіп, қола дəуірінде рулық қауым ыды-
рап, шағын отбасылардың рөлі күшейіп, патриархалдық-рулық 


18
19
қатынастарды сақтаған көршілік қауым өркендеді. Кейінгі қола 
кезеңіне қарай отбасылық қауымдар бөлшектеніп, нəтижесінде 
алғашқы қауымдық құрылыс ыдырай бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет