Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы 2009


-тақырып СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет63/76
Дата27.11.2023
өлшемі1,99 Mb.
#129183
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76
Байланысты:
Қазақстан тарихы. Қаражан Қ.С.

14-тақырып
СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДАҒЫ 
ҚАЗАҚСТАН (1946—1970 жж.)
Қоғамдық-саяси жəне мəдени өмірдегі өзгерістер
• 
Халық шаруашылығын дамытудағы сəтсіз реформалар
• 
1. Қоғамдық-саяси жəне мəдени өмірдегі өзгерістер
Қоғамдық-саяси жүйеде 20-жылдардың ортасында орныққан 
қатаң əкімшіл-əміршілдік жүйе 40—50 жылдары шарықтай 
түсті. Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тап-
ты. Адамның табиғи құқығын шектеу, ұлттық мүддені ескермеу, 
мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың 
шегі болмады. Қоғамдық-саяси жəне мəдени өмір орталықтан 
басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына 
алынды. Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік 
орын алды. Үкімет басшылары түрлі желеулермен заңдылықтарды 
өрескел бұзып, мемлекеттік билікті теріс қолданып жатты. Оған 
өзгеше ойлайтын адамдарды қудалауға жаңа науқан ашқан БКП 
(б) Орталық Комитетінің 1946 жылдың 14 тамыздағы “Звезда” жəне 
“Ленинград” журналдары туралы қаулысы бұл құбылыстың нақты 
дəлелі бола алады. Қазақстан партия комитеттері өз жұмысын атал-
мыш қаулының аясында жүргізді.
Мəскеу мен Ленинградта “Лениградтық іс”, “Дəрігерлер ісі” 
жүргізіліп жатқанда Қазақстанда талантты тарихшы “Бекмаха-
новтың ісі” ұйымдастырылды. Е.Бекмаханов соғыс жылдары 
А.П.Кучкин, А.М. Панкратова, Б.Д. Греков, Н.М. Дружинин жəне 
тағы басқа кеңес тарихшыларымен бірлесіп Қазақ КСР тари-
хын даярлаған болатын. Кітап 1943 жылы баспадан жарық көрді. 
Алғашқыда еңбек жоғары бағаланғанына қарамастан, көп ұзамай 
сынға алынып, əсіресе, кітаптағы ұлт-азаттық көтерілістерге 
берілген баға қызу айтыс тудырды. Е.Бекмахановтың 1947 жылы 
жарық көрген “Қазақстан XІX ғасырдың 20—40 жылдарында” 
деген көлемді еңбегі де сынға ұшырады. 1950 жылы “Правда” 
газетіндегі “Қазақстан тарихының мəселелерін маркстік-лениндік 
тұрғыдан жазу үшін” деген мақалада Е.Бекмаханов еңбегі айыптал-
ды. 1951 жылы 10 сəуірде Қазақстан Компартиясының Орталық 


282
283
Комитеті “Правда” газетіндегі мақала бойынша қаулы қабылдап, 
“Бекмахановтың буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарасын айыптады”. 
Қаулыны жүзеге асыру барысында тарих ғылымдарының докторы 
Е.Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен босатылып, 
барлық ғылыми атақтарынан айырылып, 1952 жылы 4 желтоқсанда 
25 жылға сотталды.
Е.Бекмахановпен қатар республиканың көрнекті қоғамтану 
ғалымдары А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Шалабаев, Б.Сүлейменов, 
Е.Смайлов, жазушы Ю.Домбровский осындай жалған айыптармен 
жазаланып, сондай-ақ Ə.Марғұлан, Ə.Əбішев, С.Бегалин секілді 
ғалымдар мен жазушылар саяси жəне буржуазиялық-ұлтшылдық 
қателіктер жіберді деп айыпталды.
1948 жылы “космополитизммен”, яғни шетел мемлекеттерінің 
мəдениетіне көңіл бөлушілермен күрес науқаны басталды. 
Космополитизм науқанында Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ 
халқының мақтанышы болып келген Шортанбай, Шəңгерей, 
О.Қарашев феодалдық-реакцияшылдар деп танылып, ал кейінгі 
кеңес əдебиетшілері — Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Ə.Қоңыратбаев, 
Е.Ысмайылов ұлтшылдар ретінде қудаланды. Ғылым Ака-
демиясының президенті Қ.Сəтбаев “Едіге батырға” алғысөз жазғаны 
үшін “ұлтшыл” атанса, М.Əуезов 1945 ж. жарық көрген “Абай
өмірінің жəне творчествосының биографиялық очеркі” еңбегінде 
Абайды “феодалдық ақындар Шортанбай, Мəшһүр Жүсіп Көпеев 
ортасында суреттегені үшін” қудаланады. Екі зиялыға да осын-
дай орынсыз кінəлар тағылғаннан кейін, Мəскеуге қоныс аударуға 
мəжбүр болды. “Космополиттер” қатарына белгілі шығыстанушы, 
академик В.В.Бартольд та енгізілді. Оған “араб, иран, қытай 
мəдениеттерін жоғары көтерген” деген мағынадағы кінə тағылды. 
Сонымен қатар 1946 жылы А.Маметованың “Абай Құнанбаев” атты 
əдеби еңбегіне де космополиттік деген кінə тағылып, басылым-
нан алынды. 1952 жылы баспадан С.Мұқановтың “Балуан Шолақ”, 
С.Мұқанов алғысөз жазған Қ.Аманжолов пен Х.Бекхожиннің 
“Батырлық эпосы”, Қ.Сатыбалдиннің “Əлия”, М.Хакимованың 
“Мəншүк” еңбектері қайтып алынды.
Осылайша соғыстан кейінгі жылдарда пісіп-жетіліп келе жатқан 
қоғамда өзгеріс қажет деген ұғымды əкімшіл-əміршілдік жүйе 
тұншықтырып тастады. 1953 жылы Сталин қайтыс болғаннан 
кейін қуғын-сүргін науқаны біраз баяулады. Сталиннің өз кезінде 
жоспарлаған Қазақ КСР Ғылым Академиясының тарих, археология, 
этнография институтын, тіл жəне мəдениет институтын, Кеңестік 
жазушылар Одағын “ұлтшылдардан” тазалау саясаты тоқтатылды. 
1953 жылы мамыр айынан бастап социалистік қоғамдағы 
қайшылықтар, жеке тұлға мен халықтың тарихтағы рөлі, Сталиннің 
жеке басына табыну мəселелері төңірегінде алғашқы пікірлер ай-
тыла бастады. Кезінде ОГПУ, НКВД-ні басқарып, əкімшіл-əміршіл 
жүйенің адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарын заңдастырған Бе-
рия ату жазасына кесілді. “Үштіктер”, “Бестіктер”, “Ерекше кеңес” 
жойылып, ГУЛАГ МҚК-не берілді. Л.П.Берияның қылмыстық іс-
əрекетін үзілді-кесілді тоқтату қоғамдық өмірді демократияланды-
ру жолындағы маңызды кезең болды. Бірақ бұл — əкімшіл-əміршіл 
жүйенің күйреуі емес болатын. 
Сотталған адамдар бұрынғыша лагерьлерде отырды, ал адам 
құқығының аяққа басылуына Сталиннің өзі сияқты қатысы 
болған көптеген саяси қайраткерлер жоғарғы өкімет орындарын-
да отыра берді. 1954 жылы Қазақстандағы тың жəне тыңайған 
жерлерді игерудің басталуы республикадағы қоғамдық өмірге 
үлкен əсерін тигізді. Тың жерлерді игеру науқаны барысында кад-
рлар өрескел түрде алмастырылды. Он жылдың ішінде Қазақстан 
Компартиясының Орталық Комитетінің бірінші хатшысы алты 
рет өзгертілді. Бірінші хатшы Ж.Шаяхметовтың орнына КСРО 
мəдениет министрі П.Понаморенко тағайындалды. Ал үкімет 
басындағы Н.Оңдасынов орнына Д.Қонаев келді. 1955—1957 жыл-
дары Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің екінші хат-
шысы қызметін атқарған Л.И.Брежнев П.Понаморенконың орнына 
көтерілді. Кейінгі басшылар: Н.И. Беляев (1957—1960), Д.А.Қонаев 
(1960—1962), И.Юсупов (1962—1964) болды. Бұл науқан барысын-
да тағайындалған басшылардың көбі қазақ тарихын, ұлттық табиғи 
ерекшеліктерін білмейтін. Сондықтан науқан нəтижесі экологиялық, 
демографиялық, рухани зардаптар алып келді.
1956 жылы 14 ақпанда Мəскеуде КОКП-ның ХХ съезі өтіп, онда 
Сталиннің жеке басына табыну айыпталды. КОКП Орталық Комите-
тінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы 
сталиндік диктат үстемдігін əшкерелеп, талдау жасауға тырысты. 
“Жеке басқа табынушылық жəне оның салдары” туралы мəселе 25 
ақпанда съездің жабық мəжілісінде көтеріліп, съезд өткен соң, жар-
ты жылдан кейін, 30 маусымында “Жеке басқа табынушылықтың 
зардаптарын жою” жөнінде қаулы қабылданды. Н.С.Хрущевтің ХХ 
съездегі «Сталиннің жеке басына табынушылығын əшкерелеу” 
туралы баяндамасының толық мəтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989 
жылы жарық көрді.


284
285
Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954—1964 жыл-
дары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, 
əміршіл-əкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы 
кеңес жəне қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық 
өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама 
ой еркіндігін туғызды. Нəтижесінде мыңдаған кінəсіз сотталған 
адамдар лагерьлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қай-
раткерлері ақталды. 1930—1950 жылдары істі болған зиялылардың 
істері қайта қаралып, 1953—1956 жылдары партия қатарынан 
шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып 
алған аумақтарда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист 
ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сəтбаев, М.Əуезов 
еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов, С.Кенебаев партия қатарына 
қайтадан алынды. Əйтсе де, Н.С.Хрущев пен оның төңірегін-
дегілердің Сталиндік тəртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, 
олар əбден орныққан əміршіл-əкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. 
Əлі де кінəсіз сотталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша 
өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ре-
сейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан 
бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық 
ақтаңдақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын 
біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ə.Бөкейханов, М.Жұмабаев, 
М.Дулатов, Ж.Аймауытов жəне т.б. алаш қайраткерлерінің 
қызметіне саяси əділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың 
егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы 
бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау жəне тағы басқа көптеген 
мəселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта 
құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін 
жасалған іс-əрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан 
депортацияға ұшыраған башқұрттар, қалмақтар, шешендер, ингуш-
тар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, ал, 
екінші жағынан қырым татарлары, немістер, месхет түріктеріне өз 
автономиясын қайта құруға əкімшіл-əміршілдік жүйе тыйым салды.
Əкімшіл-əміршіл жүйені мойындаған қазақ зиялыларына біраз 
кешірімдер жасалғанымен тоталитарлық тəртіп зиялыларды 
бақылауын тоқтатпады. Мысалы, 1953—1954 жылдары М.Əуезовтің 
“Ақын аға”, Қ.Шаңғытбаевтың “Намыс” жəне т.б. еңбектері басы-
лымнан алынып, жариялануға тыйым салынды. 
1956 жылы 19 желтоқсанында КОКП Орталық Комитеті жергі-
лікті партия ұйымдарына “Партия ұйымдарының бұқара арасын-
дағы саяси жұмысын күшейту жəне жау элементтердің антисоветтік 
бас көтеруіне тыйым салу жөнінде” арнаулы жабық хат жолда-
ды. Сөйтіп, тұтқындау науқанының жаңа кезеңі басталды. Саяси 
тұрғыда басқаша ойлаушылар қоғамның қайшылықтарын ашық 
айтқандары үшін қудаланды. Бір ғана мысал, 1956 жылы белгілі 
тарихшы Э.Н.Бурджалов “1917 жылғы наурыз-сəуір айларындағы 
большевиктердің тактикасы” атты мақаласы үшін қызметтен 
алынып, қудаланды. Ал, 1957 жылдың 3 айында ғана “Советтік 
шындықты бұрмалағаны үшін” жəне өткенді қайта қарағаны үшін 
100-ден астам адам тұтқындалды. Мұндай келеңсіздіктер 60— 
жылдары да қоғам өмірінен орын алды. 1959—1960 жылдары 155 
еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды. 1960 
жылы Қазақстан жазушылар одағы республика компартиясының 
төрағасына С.Торайғыровтың творчествосын қайта қарау туралы 
ұсыныс жіберді. Екінші жіберілген хатта Шəкəрім творчествосын 
қайта қарауға рұқсат сұрады. Бұған жауап ретінде республика ком-
партиясы 1961 жылы Қазақстан жазушылар одағының қызметін 
қанағатсыз деп тауып, ұлт мəселесін көтерушілермен күресті жан-
дандырды. Осы жылдары, керісінше, орыс тілінің рөлін ұлтаралық 
тіл ретінде көтеру мəселесі өте маңызды болды. 
Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Н.С.Хрущев рес-
публиканың барлық өміріне тікелей араласты. Қазақстанның оңтүстік 
аудандары Өзбекстанға берілді. Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік 
партия комитеті біріктіріліп, тікелей Мəскеуге бағындырылды. 
Ақмола — Целиноградқа, Батыс Қазақстан — Орал облысына ай-
налды.
Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар халық арасында, əсіресе, 
зиялылар мен жастар арасында түрлі наразылықтар туғызды. 
Кеңестік жүйе оларды барынша жасырып, бүркемеледі. Осылайша, 
Теміртаудағы толқу — тəртіпсіздіктің салдары ретінде бағаланды. 
1963 жылы Мəскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы Б.Тайжа-
нов, С.Ақатаев, М.Тəтімов, М.Əуезов бас болып “Жас тұлпар” атты 
ұйым құрды. Мақсаты — қазақ жастарының ұлттық санасын ояту. 
Мұндай ұйымдар кейінірек Ленинградта, Киевте, Алматыда, Одес-
сада, Ригада, Павлодарда, Қарағандыда, Ақмолада, Семейде, Шым-
кентте жəне басқа жерлерде пайда болды.
Қазақстанды орталықтан басқару ұлттық егемендікті толығымен 
шектеді. Əсіресе, экономиканың əскери сұранысқа сай бейімделуі 
қоғамға теріс ықпалын тигізді. 1949 жылы 29 тамызда Семей, Пав-
лодар жəне Қарағанды облыстарында салынған ядролық сынақ по-


286
287
лигоны орны толмас адам өмірі мен экологиялық жəне қаржылық
шығын əкелді. 1963 жылға дейін полигонда ашық ауада 113 жары-
лыс жасалса, 1964 жылы жер астына көшіріліп, 1989 жылға дейін 
343 сынақ жасалды. 
Н.С.Хрущев мемлекеттің “коммунизмге өтуіне байланысты” 
жаңа Конституцияның жобасын жасауды ұсынғаннан кейін, 1961 
жылы Конституциялық комиссия құрылады. Бұл комиссияның жо-
балары 1977 жылы КСРО Конституциясын жасауда пайдаланыл-
ды. 
Сол жылдардағы конституциялық заңдарда жазылған демокра-
тия талаптары іс жүзінде жүзеге аспады. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі 
КСРО Кеңесіне бағынды. Сонымен бірге Жоғарғы Кеңес тек бір 
палатадан тұрды, яғни балама болмады. Конституцияда тəуелсіз 
деп көрсетілгенімен, құқық қорғау, прокуратура органдары да 
орталыққа бағынды. Ал биліктің тармақтары: заң шығару, атқару, 
сот-тергеу, прокуратура Коммунистік партияға есеп беріп, бұйрық-
жарлықтарын орындап отырған. Ешбір кеңестік заңда бұл процесс 
заңдастырылмағанымен, іс жүзінде əкімшіл-əміршіл жүйе билік 
құрды. Депутаттарды сайлау науқандары да демократиядан мүлдем 
алшақ еді. КСРО Жоғарғы кеңесіне 20 мың адамнан біреу, облыстық 
кеңеске 5—8 мың адамнан — біреу, аудандық кеңеске 1000 адамнан 
— 1 таңдау негізінде жүргізілді. Дауыс берушілер іс жүзінде депу-
таттарды көрмеді, білмеді. Дауыс беру тек сөз жүзінде жүргізілді. 
Депутаттарды халық таңдамады, жергілікті əкімшілік органдар 
“тағайындады”. Сайлаған депутаттар өз міндеттерін білмеді. Депу-
таттар орындауға тиісті мəселелерін атқару комитеттеріне өтініш 
ретінде беріп отырды.
Саяси қателікке толы Хрущев қызметінің соңы 1964 жылдың 
қазан айында аяқталды. КОКП-ның Орталық Комитетінің Плену-
мында 1-хатшы қызметіне Л.И. Брежнев сайланса, ал Министрлер 
Кеңесінің төрағасы болып А.Н.Косыгин тағайындалды. Олардың 
ізін ала Қазақстан КП ОК 1- хатшысы болып Д.А. Қонаев сайлан-
ды.
Соғыстың зардабы мəдениет саласының дамуында да үлкен қиын-
шылық тудырды. Республиканың интеллигенция өкілдері, мəдениет 
қайраткерлерінің соғысқа алынуы, мəдени мекемелер, оқу орында-
ры мен мектептердің санының азаюы елдің мəдени даму үрдісіне 
кедергі келтірді. Аталған кезеңде дүниеге келген шығармаларда тек 
майданда ерлік көрсеткен жауынгерлер мен ауыл еңбеккерлерінің 
өмірі бейнеленді. Олардың қатарына Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солда-
ты”, Ə.Нұрпейісовтың “Курляндия”, С.Мұқановтың “Сырдария”, 
Ғ.Мұстафиннің “Миллионер” еңбектерін жатқызуға болады. Со-
нымен қатар республика əдебиеті жазушылар Ə.Нұрпейісовтың, 
Т.Ахтановтың, Б.Момышұлының, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтің; 
ақындар Қ.Аманжоловтың, Х.Ерғалиевтің т.б. жаңа шығармалары-
мен байыды. М.Əуезовтің “Абай жолы” романы дүние жүзіне таныл-
ды. М.Төлебаевтың “Біржан мен Сара”, Брусиловскийдің “Дударай”, 
Қ.Қожамияровтың “Назугул” опералары Қазақстанның музыкалық 
мəдениетінің алтын қорына кірді. 
1946 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясы ашылып, оның тұңғыш 
президенті болып Қ.И.Сəтбаев сайланды. Ғылым Академиясының 
толық мүшелері болып көрнекті ғалымдар — М.Əуезов, Ə.Бектұ-
ров, М.И.Горяев, А.Қ.Жұбанов, Н.Г.Кассин, Н.Т.Сауранбаев, мүше-
коррес-понденттеріне Н.О.Базанова, Р.А. Барукаев, Ə.Х.Марғұлан, 
М.И.Усанович жəне т.б. сайланды. 50- жылдардың аяғында 
Қазақстан Ғылым Академиясының жүйесінде 50 ғылыми зерттеу 
институты жұмыс жасады. 1958 жылы Орталық Қазақстанның 
кешенді металлогендік əрі болжамдық картасын жасағаны жəне 
оның əдістемесін зерттегені үшін ғалымдар: И.И.Бек, Р.А.Борукаев, 
Г.Ц.Медоев, Д.Н.Казанин, Қ.И.Сəтбаев жəне басқалары Лениндік 
сыйлыққа ие болды. 
Ал жоғары оқу орындарының құрамына тоқталар болсақ, 50- 
жылдары 13 институт: Семейде — малдəрігерлік-зоотехникалық 
жəне медициналық, Қарағандыда — медициналық, политехникалық 
жəне педагогикалық, Атырауда, Қостанайда, Шымкентте жəне басқа 
жерлерде педагогикалық институттар ашылды. 
Соғыстан кейінгі жылдарда мектепте білім беру ісі тоталитарлық 
тəртіптің ықпалынан шықпады. Партия, комсомол жəне пионер 
ұйымдары, мұғалімдер жас ұрпақтың санасы мен мінез-құлқын 
қатаң бақылауда ұстады. Оқу-тəрбие процестерін саясаттандырумен 
қатар жалпы көрсеткішті қудалау, оқу процестерін жасанды жүргізу, 
оқушылардың оқуға немқұрайлы қарауы орын алды. Осының сал-
дарынан 20 жылдың ішінде (1950—1970) қазақ мектептерінің саны 
3891-ден 2577-ге дейін азайды, ал сабақ орыс тілінде жүретін орыс 
мектептерінің саны 1,5 мыңға көбейді. Қазақ тілі тек тұрмыстық 
қолданыс дəрежесінде сақталса, орыс тілі негізгі мемлекеттік тіл 
ретінде қолданылды. Кітаптардың 95% орыс тілінде басылды, те-
ледидар хабарларының 70% эфирде тек орыс тілінде жүргізілді. 
Кеңестік тəртіптің бұл қылмысының нəтижесінде қазақ халқының 
ұлттық мəдениетінің аясы жылдан-жылға тарылып, тіпті ұлттық 
аумаққа қауіп төнген жағдайлар орын алды.


288
289
Сонымен, қаралған жылдары республикада интернационализм 
түсінігі үстем идеологияға айналды. Ұлттық мəселелердің барлығы 
тек интернационалдық тəрбиені жақсарту арқылы шешіледі де-
ген түсінік негізінде ұлыдержавалық шовинизм жатты. Ұлттық 
салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана үстемдікке ие болып, көбірек
дəріптелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет