2015 жылғы мамырда Министрлер конференциясында мақұлданған



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата24.03.2017
өлшемі0,82 Mb.
#10368
  1   2   3

 

 

 



 

 

 



 

 

 

ЖОҒАРЫ БІЛІМНІҢ ЕУРОПАЛЫҚ КЕҢІСТІГІНДЕ  

САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ СТАНДАРТТАРЫ 

МЕН НҰСҚАУЛЫҒЫ (ESG) 

 

 

2015 жылғы мамырда Министрлер конференциясында мақұлданған 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің еуропалық ассоциациясы 

(ENQA) 

Еуропа студенттері одағы (ESU) 



Еуропа университеттері ассоциациясы (EUA) 

Жоғары білім беру ұйымдарының еуропалық ассоциациясы (EURASHE) 

Халықаралық білім беру (Education International - EI) 

БИЗНЕС ЕУРОПА (BUSINESSEUROPE) 

Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің еуропалық тізілімі (EQAR) 

 

 



 

 


 

 



 

 

 



 

 

©  Қазақ тіліндегі бейресми аударма Білім беру сапасын қамтамасыздандыру 



тәуелсіз қазақстандық агенттігімен (IQAA) әзірленді, қыркүйек 2015 ж. 

 


 

ЖОҒАРЫ БІЛІМНІҢ ЕУРОПАЛЫҚ КЕҢІСТІГІНДЕ 



САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ СТАНДАРТТАРЫ МЕН 

НҰСҚАУЛЫҒЫ

 

(ESG)

 

 



2015 жылғы 14-15 мамырда Еревандағы Министрлер 

конференциясында мақұлданған 

 

 



Мазмұны 

Алғысөз............................................................................................................... 

І. 



Контекст, қолданылу салалары, мақсаттары мен принциптері ...............  

 

Контексті айқындау.....................................................................................  5 



 

Қолданылу салалары мен ұғымдары .........................................................  6 

 

ESG: мақсаттары мен принциптері ...........................................................  7 



ІІ.  Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз етудің еуропалық 

стандарттары мен нұсқаулығы .................................................................. 

 



 



1-бөлім: Сапаны ішкі қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулығы ..  10 

 

2-бөлім: Сапаны сыртқы қамтамасыз ету стандарттары мен 



нұсқаулығы.................................................................................................... 

 

18 



 

3-бөлім: Сапаны қамтамасыз ету агенттіктеріне арналған стандарттар 

мен нұсқаулық ............................................................................................. 

 

22 



ІІІ.  Қосымша: Стандарттардың қысқаша тізбесі ...........................................  26 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алғысөз 



 

Жоғары  білімнің  еуропалық  кеңістігінде  сапаны  қамтамасыз  ету 

стандарттары  мен  нұсқаулығы  (ESG)  жоғары  білімге  жауапты 

министрлердің  қатысуымен  2005  жылы  Жоғары  білім  беру  сапасын 

қамтамасыз  етудің  Еуропалық  ассоциациясы  (ENQA)  Еуропа  студенттер 

одағымен  (ESU)

1

,  Жоғары  білім  беру  ұйымдарының  еуропалық 



ассоциациясымен 

(EURASHE) 

және 

Еуропа 


университеттері 

ассоциациясымен  (EUA)  ынтымақтастықта  дайындаған  ұсынымынан  кейін 

қабылданған болатын.  

2005 жылдан бері сапаны қамтамасыз ету саласында, сондай-ақ Болон 

процесінің  басқа  да  қызмет  бағыттарында,  атап  айтқанда  біліктілік 

шеңберлерінде, біліктіліктерді тануда және білім беру нәтижелерін қолдануды 

ынталандыруда айтарлықтай ілгерілеу жасалды. Мұның барлығы оқыту мен 

білім берудің студентке орталықтандырылған парадигмасын дамытуға ықпал 

етті.    

Осындай өзгерген контекстке байланысты, 2012 жылы Министрлердің 

коммюникесі Е4 Тобына (ENQA, ESU, EUA, EURASHE) Халықаралық білім 

беру  (Education  International  -  EI),  БИЗНЕС  ЕУРОПА  (BUSINESSEUROPE) 

және  Жоғары  білім  беру  сапасын  қамтамасыз  етудің  еуропалық  тізілімімен 

(EQAR)  ынтымақтастықта  ESG-дің  «анықтығын,  жарамдылығы  мен 

пайдалылығын,  оның  ішінде  қолданылу  аясын  жақсарту  мақсатында»  қайта 

қараудың алғашқы жобасын дайындауды ұсынды. 

Жаңа редакцияны қайта қарау жұмыстары басты мүдделі ұйымдардың, 

сондай-ақ  министрліктердің  қатысуымен  бірнеше  кезеңдегі  кеңестерді 

қамтыды.  Алынған  барлық  түсініктемелер,  ұсыныстар  мен  ұсынымдар 

Басшылық тобымен (БТ) жете талданып, Басшылық тобы (БТ) оларды назарға 

алды. Олар ЖБЕК-тің (ESG) сапаны қамтамасыз ету бойынша стандарттары 

мен нұсқаулығының соңғы нұсқасында көрініс тапты. Сонымен қатар, ESG-

дің осы нұсқасы Жоғары білімнің еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыз 

ету  мәселесін  ілгерілетуде  барлық  қатысушы  ұйымдардың  арасындағы 

консенсусты  көрсетіп,  осылайша  табысты  жүзеге  асыру  үшін  берік  негізді 

қамтамасыз етеді. 

 

Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің еуропалық ассоциациясы 



(ENQA) 

Еуропа студенттері одағы (ESU) 

Еуропа университеттері ассоциациясы (EUA) 

Жоғары білім беру ұйымдарының еуропалық ассоциациясы (EURASHE) 

Халықаралық білім беру (Education International - EI) 

БИЗНЕС ЕУРОПА (BUSINESSEUROPE)  

Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің еуропалық тізілімі  

(EQAR) 


                                                           

1

  



ЕСО (ESU) бұрын ЕСҰО (ESIB) болған – Еуропадағы студенттердің ұлттық одағы 

 

1.



 

Контекст, қолдану салалары, мақсаттары мен принциптері 

 

Контексті айқындау 

Жоғары  білім,  ғылым  және  инновациялар  әлеуметтік  тұтастықты, 

экономикалық  өсу  мен  жаһандық  бәсекелестікті  қолдауда  шешуші  рөл 

атқарады. Еуропалық қауымдастықтың берік білім негізін қалау ұмтылысын 

назарға  ала  отырып,  жоғары  білім  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени 

дамудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Осы уақыттағы дағдылар 

мен  құзыреттіліктерді  игеруге  сұраныстың  артуы  жоғары  білім  берудің 

алдына жаңа міндеттер қойып отыр. 

Жоғары  білімге  қол  жеткізуге  деген  ұмтылыстың  кеңеюі  жоғары  оқу 

орындарына  түрлі  жеке  тәжірибелерді  пайдалануға  мүмкіндік  береді. 

Тәжірибенің алуан түрлілігі білім беруде күтілетін нәтижелерге жауап ретінде 

жоғары білім берудегі қызмет көрсетуді түбегейлі өзгертуі тиіс:   оқыту мен 

білім  беруде  студентке  орталықтандырылған  көзқарасқа  өту,  формалды  оқу 

бағдарламасының  шеңберінен  тыс  алынған  құзыреттілікті  тану  және    білім 

берудегі  икемді  бағыттарды  іздеу  қажет.  Жоғары  оқу  орындары  өздерінің 

миссияларын  жүзеге  асыруда,  білім  беру  қызметі  мен  ынтымақтастықты 

ұсынатын 

формалар 

мен 

тәсілдерде, 



оның 

ішінде, 


интернационализациялауды, сандық оқыту мен білім берудің жаңа әдістерін 

дамытуда


2

  әртарапты  бола  бастады.  Сапаны  қамтамасыз  ету  рөлі  осы 

өзгерістерді  жүзеге  асыруда  жоғары  білім  беру  жүйесі  мен  оқу  орындарын 

қолдауда шешуші болып табылады, өйткені оқу процесінде алынған тәжірибе 

студенттердің  меңгерген  біліктіліктеріне  кепілдік  беріп,  ЖОО-ның 

миссиясында басымдық болып қала береді. 

Жоғары  білімнің  еуропалық  кеңістігінде  Сапаны  қамтамасыз  ету 

стандарттары мен нұсқаулығының (ESG) басты мақсаты  барлық мемлекеттер 

мен  барлық  мүдделі  тараптар  арасында  оқыту  сапасын  қамтамасыз  етудің 

жалпы  ұғымдарына  ықпал  ету  болып  табылады.  Олар  Жоғары  білімнің 

еуропалық  кеңістігі  (EHEA)  және  халықаралық  ынтымақтастық  аумағында 

сапаны  қамтамасыз  етудің  ұлттық  және  институционалдық  жүйелерін 

дамытуда маңызды рөл атқарды және атқара бермек. Сапаны қамтамасыз ету 

процестеріне,  әсіресе  сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету  процестеріне  тарту 

еуропалық  жоғары  білім  беру  жүйесіне  сапаны  көрсетуге  және  ашықтықты 

арттыруға, осылайша өзара сенімділікті қалыптастыруға және біліктіліктерді, 

бағдарламаларды  және  басқа  да  ережелерді  тануды  жақсартуға  мүмкіндік 

береді. 


ESG-ді  жоғары  білім  берудегі  сапаны  қамтамасыз  етудің  ішкі  және 

сыртқы  жүйелері  үшін  анықтамалық  құжат  ретінде  жоғары  оқу  орындары 

және  сапаны  қамтамасыз  ету  агенттіктері  қолданады.  Сонымен  қатар,  осы 

стандарттар сапаны қамтамасыз ету агенттіктерін тіркеуге жауапты және ESG 

                                                           

2

  



Еуропалық комиссияның хабарламасы: Білімдегі ашықтық: жаңа технологиялар мен ашық білім беру 

ресурстары  негізінде  барлығы  үшін  инновациялық  оқыту  мен  үйрету,  COM  (2013)  654,  соңғы  нұсқасы 

http://ec.europa.eu/education/news/doc/openingcom_en.pdf 


 

талаптарына сәйкес Сапаны қамтамасыз етудің еуропалық тізілімінде (EQAR) 



де қолданады.  

 

Қолданылу салалары мен ұғымдары 

ESG  жоғары  білім  берудегі  сапаны  ішкі  және  сыртқы  қамтамасыз  ету 

стандарттары  мен  нұсқаулығының  жиынтығы  болып  табылады.  ESG  сапа 

стандарттары  болып  табылмайды,  сондай-ақ  сапаны  қамтамасыз  ету 

процестерінің  қалай  жүзеге  асырылатынын  да  белгілемейді.  Дегенмен  осы 

стандарттар  жоғары  білім  беру  жүйесінде  сапа  мен  оқу  ортасын  табысты 

қамтамасыз  ету  үшін  ерекше  маңызға  ие  салаларды  қамти  отырып, 

нұсқаулықты  қамтамасыз  етеді.  ESG-ді  Жоғары  білімнің  еуропалық 

кеңістігінде жоғары білім беру саласындағы ашықтыққа ықпал ету мен өзара 

түсіністікке  үлес  қосатын,  біліктілік  шеңберлерін,  ECTS    және  дипломға 

еуропалық қосымшаны қамтитын кеңірек контексте қарастырған жөн. 

ESG-дің негізгі назары жоғары оқу орындарында оқыту мен білім 

берудің, оқу ортасы мен ғылым және инновациямен тиісті байланысты 

қоса алғандағы сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, 

жоғары оқу орындарының ғылыми зерттеу мен басқару сияқты өзінің басқа да 

қызмет  түрлерінде  сапаны  қамтамасыз  ету  мен  жақсарту  үшін  саясат  пен 

процестерді қолданады. 



ESG Жоғары білімнің еуропалық кеңістігі ұсынатын жоғары білім 

беру  қызметінің  барлығына,  яғни  оқытудың  түрі  немесе  білім  берудің 

орнына қарамастан қатысты болады. Осылайша, ESG барлық жоғары оқу 

орындары  үшін,  оның  ішінде  білім  беру  қызметін  трансұлттық  және 

трансшекаралық  ұсыну  саласында  да  қолданылады.  Бұл  құжатта 

«бағдарлама»  термині  жоғары  білімге  қатысты  кең  мағынасында,  яғни 

формалды дәрежені (біліктілікті) алуға апаратын бағдарламаның бөлігі болып 

табылмайтыны есепке ала отырып берілген. 

Жоғары білім беру бірнеше мақсатты жүзеге асыруға ұмтылады: оның 

ішінде  студенттерді  белсенді  азаматтық  ұстанымға,  болашақ  мансапқа 

(мысалы,  жұмысқа  орналасуға  көмек  ету)  дайындау,  заманауи  білімнің  кең 

базасын құру, ғылыми зерттеулер мен инновациялық қызметті

3

 ынталандыру. 



Сондықтан  түрлі  мақсаттары  бар  мүдделі  тараптар  жоғары  білім  беру 

саласындағы  сапаны  түрлендіріп  қарастыра  алса, ал  сапаны  қамтамасыз  ету 

жүйесіне осы көзқарастарды назарға алуы тиіс.  

Бірнеше  мағыналы  анықтамасы  бар  сапа,  ең  алдымен  оқытушылар, 

студенттер  мен  ЖОО-дағы  оқу  ортасы  арасындағы  өзара  әрекеттестіктің 

нәтижесі  болып  табылады.  Сапаны  қамтамасыз  ету  бағдарламалардың 

мазмұны,  білім  алу  мүмкіндіктері  мен  материалдық-техникалық  базасы 

бағдарламаның мақсаттарына сәйкес келетіндей оқу ортасын қамтамасыз етуі 

тиіс.

 

 



                                                           

3

 Жоғары білім мен ғылыми зерттеулердің қоғамдық жауапкершілігі жөніндегі Еуропалық кеңесі Министрлер 



комитетінің ұсынымдары (2007), http://www.coe.int/t/dg4/highereducation/News/pub_res_EN.pdf 

 

Сапаны  қамтамасыз  етудің  барлық  шараларының  негізінде  екі  мақсат 



бар:  есеп  беру  және  жетілдіру.  Екеуін  бірге  алғанда,  бұл  мақсаттарға  қол 

жеткізу  жоғары  оқу  орындарының  қызметіне  сенімділікті  қалыптастыруға 

көмек береді. Сапаны қамтамасыз етудің табысты жүзеге асырылатын жүйесі 

жоғары оқу орны мен әлеуметті жоғары оқу орны қызметінің (есеп берушілік) 

сапасына сендіріп, сонымен қатар, қызметті жақсарту бойынша кеңестер мен 

ұсынымдар  (жетілдіру)  беру  үшін  қажетті  ақпаратты  ұсынатын  болады. 

Осылайша,  сапаны  қамтамасыз  ету  мен  сапаны  жетілдіру  –  бір-бірімен 

байланысты процестер. Олар барлығын қамтитын сапа мәдениетін дамытуды 

қолдауы  мүмкін:  студенттер  мен  профессор-оқытушылар  құрамынан  бастап 

басшылық пен ЖОО басқаруға дейін. 



«Сапаны  қамтамасыз  ету»  термині  бұл  құжатта  сапаны  үздіксіз 

жетілдіру  циклі  аясында  (яғни,  сапаны  қамтамасыз  ету  және  жетілдіру 

қызметтері) барлық қызмет түрлерін сипаттау үшін қолданылады. 

 

Егер  басқасы  көрсетілмеген  жағдайда,  құжаттағы  мүдделі  тараптар 



термині оқу орнындағы барлық мүдделі субъектілер, оның ішінде студенттер 

мен  қызметкерлер,  сондай-ақ  оқу  орнының  жұмыс  берушілері  мен  сыртқы 

серіктестері  сияқты сыртқы мүдделі тараптар деп ұғынылады. 

 

«Оқу  орны»  ұғымы  стандарттар  мен  басқару  принциптерінде  жоғары 



оқу  орнын  белгілеу  үшін  қолданылады.  Дегенмен,  жоғары  оқу  орнының 

сапаны қамтамасыз етуге қатысты көзқарасына байланысты, бұл ұғым тұтас 

жоғары оқу орнын, сондай-ақ ЖОО ішіндегі кез-келген құрылымдық бөлімді 

немесе жекелеген тиісті тұлғаларды білдіруі мүмкін. 



 

ESG: мақсаттары мен принциптері 

ESG-дің төмендегідей мақсаттары бар: 

 

олар  оқыту  мен  білім  беру  саласындағы  еуропалық,  ұлттық  және 



институционалдық  деңгейлердегі  сапаны  қамтамасыз  ету  жүйелері 

үшін жалпы шеңберлерді анықтайды; 

 

олар  Жоғары  білімнің  еуропалық  кеңістігінде  сапаны  қамтамасыз 



етуге және жетілдіруге көмек береді; 

 



олар  ұлттық  шекараның  ішінде  және  одан  тыс  шеңберде  тану  мен 

ұтқырлыққа көмек бере отырып, өзара сенімділікті қолдайды; 

 

олар Жоғары білімнің еуропалық кеңістігіне сапаны қамтамасыз ету 



туралы ақпаратты ұсынады. 

 

Бұл  мақсаттар  ESG-ді  сан  алуан  жолдармен  оқу  орындарының, 



агенттіктердің және мемлекеттердің түрлі көзқарастар негізінде қолдануы мен 

жүзеге асыруы мүмкін құрылымын белгілейді. ЖБЕК өзінің саяси жүйесінің, 

жоғары  білім  жүйесінің,  әлеуметтік-мәдени  және  білім  дәстүрлерінің, 

тілдерінің, 

талап-тілектерінің 

және 


күтілетін 

нәтижелерінің 

сан 

қырлылығымен сипатталады. Мұның барлығы жоғары білім берудегі сапаны 



қамтамасыз етуді және сапаға бірыңғай жалпы тәсілді қолдануды мүмкін емес 

етеді. Барлық стандарттарды кеңінен қолдану Еуропадағы сапаны қамтамасыз 



 

етуде  бірыңғай  түсінікті  қалыптастырудың  қажетті  алғышарты  болып 



табылады.  Сондықтан  ESG  жоғары  білім  беруді  жүзеге  асырудың  барлық 

формаларында қолдану үшін жалпы сипатта болуы керек.  

 

ESG сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің қызметін бағалауға болатын 



еуропалық  деңгейдегі  критерийлерді  ұсынады

4

.  Бұл  Жоғары  білімнің 



еуропалық  кеңістігінде  сапаны  қамтамасыз  ету  агенттіктердің  бірдей 

(біркелкі) принциптерін ұстанатынына, ал процестер мен рәсімдердің ұлттық 

контекстегі мақсаттар мен талаптарға сәйкестігіне кепілдік береді. 

 

ESG Жоғары білімнің еуропалық кеңістігі сапаны қамтамасыз етуде төрт 



принципке негізделеді: 

 



жоғары  оқу  орындары  өздері  ұсынған  білім  қызметінің  сапасы  мен 

олардың сапасын қамтамасыз ету үшін жауапты; 

 

сапаны  қамтамасыз  ету  жоғары  білім  жүйесі,  оқу  орындары, 



бағдарламалар мен студенттердің алуан түрлілігіне әрекеттеседі; 

 



сапаны қамтамасыз ету сапа мәдениетін дамытуды қолдайды; 

 



сапаны  қамтамасыз  ету  студенттер  мен  барлық  басқа  мүдделі 

тараптардың  және  қоғамның  қажеттіліктері  мен  күтетін  нәтижелерін 

ескереді. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

                                                           

4

  

Сапаны  қамтамасыз  етудің  еуропалық  тізіліміне  (EQAR)  енуге  ұсыныс  білдірген  агенттіктер  ESG 



критерийлері  бойынша  сыртқы  бағалаудан  өтеді.  Жоғары  білімдегі  сапаны  қамтамасыз  етудің  еуропалық 

ассоциациясы (ENQA) сапаны қамтамасыз ету агенттіктерін ұйымға толық мүше ретінде қабылдауда ESG-ге 

сәйкестігін ескереді. 


 

ІІ.  Жоғары  білімдегі  сапаны  қамтамасыз  етудің 



стандарттары мен нұсқаулығы 

Сапаны қамтамасыз ету стандарттары үш бөлімнен тұрады: 

 

сапаны ішкі қамтамасыз ету; 



 

сапаны сыртқы қамтамасыз ету; 



 

сапаны қамтамасыз ету агенттіктері. 



 

Дегенмен, бұл  үш бөлімнің  өзара  тығыз  байланысты  екендігін  және  сапаны 

қамтамасыз  етудің  еуропалық  құрылымының  негізін  құрайтындығын  естен 

шығармау керек. 2-бөлімдегі сапаны сыртқы қамтамасыз ету ұйымдардың ішкі 

жұмысы  олар  өтетін  сапаны  ішкі  қамтамасыз  ету  рәсімдерімен  тікелей 

қатысты екендігіне кепіл бола отырып,  1-бөлімдегі сапаны ішкі қамтамасыз 

ету стандарттарын мақұлдайды. Осылайша 3-бөлім 2-бөліммен байланысты. 

Сәйкесінше үш бөлім жоғары оқу орындарында, сонымен қатар агенттіктерде 

бір-бірін  толықтырады  және  басқа  мүдделі  тараптар  оның  құрылымына  өз 

үлестерін қосады деген түсіністікте жұмыс жасайды.  Нәтижесінде барлық үш 

бөлім біртұтастықта қабылдануы және қарастырылуы тиіс.

  

 



 

Стандарттар  ЖБЕК-дегі  жоғары  білім  сапасын  қамтамасыз  ету  үшін 

келісілген  және  мақұлданған  тәжірибені  сипаттап,  тиісінше,  жоғары  оқу 

орындарының  барлық  түрлерінде  мүдделі  тұлғалардың  назарына  алынып, 

орындалуы тиіс

5

.  Сапаны  қамтамасыз ету  стандарттарының  тізімі  қолдануға 



ыңғайлы болу үшін қосымшада берілген.   

 

Нұсқаулық  стандарттардың  неге  маңызды  болып  табылатынын  түсіндіріп, 

стандарттардың  қалай  жүзеге  асырылатындығын  сипаттайды.  Олар  сапаны 

қамтамасыз  етуге  тартылған  тараптармен  тиісті  саладағы  оң  тәжірибе 

үлгілерін  көрсетеді.  Стандарттарды  жүзеге  асыру  контекстке  байланысты 

ерекшеленуі мүмкін. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

                                                           

5

  

Стандарттар ағылшынның ұсыным және ұстаным мағынасындағы «керек» («should») модальды 



етістігін қолданады. 

10 

 

1-бөлім: Сапаны ішкі қамтамасыз етудің стандарттары мен 



нұсқаулығы 

 

1.1 Сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясат 

 

Стандарт: 

Білім беру ұйымдарының сапаны қамтамасыз ету үшін жұртшылыққа 

қолжетімді және олардың стратегиялық менеджмент бөлігін құрайтын 

саясаты  болуы  керек.  Ішкі  мүдделі  тараптар  бұл  саясатты  сыртқы 

мүдделі 

тараптардың 

қатысуымен 

тиісті 

құрылымдар 

мен 

процестердің көмегімен әзірлеуі және жүзеге асыруы тиіс. 

 

 



Нұсқаулық: 

Саясат  мен  процестер  үздіксіз  жетілдіру  циклін  құрайтын  сапаны 

қамтамасыз  етудің  келісілген  институционалдық  жүйесінің  маңызды  тірегі 

болып табылады және оқу орнының есеп берушілігіне өз үлесін қосады. Олар 

барлық  ішкі  мүдделі  тараптар  сапа  үшін  жауапкершілікті  өз  мойындарына 

алатын  сапа  мәдениетін  дамытуға  қолдау  көрсетіп,  білім  беру  ұйымының 

барлық  деңгейінде  сапаны  қамтамасыз  етуге  қатысады.  Осыған  қолдау 

көрсету үшін саясаттың ресми мәртебесі бар және жалпыға қолжетімді болып 

табылады.  

 

Сапаны  қамтамасыз  ету  саясаты  ғылыми-зерттеулер,  оқыту  мен  білім 



беру арасындағы қарым-қатынасты көрсетсе, сонымен қатар, оқу орны өзінің 

қызметін  жүргізетін  ұлттық  контексті,  институционалдық  контексті  және 

оның стратегиялық тәсілдемелерін ескерсе, анағұрлым тиімді болады. Мұндай 

саясат келесі мәселелерді: 

 

сапаны қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыруды; 



 

кафедралар,  мектептер,  факультеттер  мен  басқа  да  құрылымдық 



бөлімдердің,  сондай-ақ  басшылықтың,  жекелеген  қызметкерлер  мен 

студенттердің  сапаны  қамтамасыз  ету  саласындағы  өз  міндеттерін 

орындауын; 

 



академиялық  адалдықты,  еркіндікті  және  академиялық  алаяқтыққа 

қарсы қырағылықты; 

 

студенттерге  немесе  қызметкерлерге  қатысты  қандай  да  бір 



төзбеушіліктен немесе кемсітушіліктен қорғауды; 

 



сапаны  қамтамасыз  етуге  сыртқы  мүдделі  тараптардың  қатысуын 

қолдайды. 

Саясат  оқу  орнының  барлық  құрылымдарының  қатысуына  мүмкіндік 

беретін  сапаны  қамтамасыз  етудің  түрлі  ішкі  процестерінің  көмегімен 

тәжірибеде  жүзеге  асырылады.  Сапаны  қамтамасыз  ету  саясатын  жүзеге 

асыруды,  бақылауды  және  өзгерістер  енгізуді  жоғары  оқу  орнының  өзі 

шешеді. 


11 

 

Сондай-ақ  сапаны  қамтамасыз  ету  саясаты  қосалқы  мердігерлерге 



берілген немесе серіктестермен жүзеге асырылатын оқу орны қызметінің кез-

келген элементтерін қамтиды. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет