4. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси дамуы
Қазақстан Республикасының егемендігінің жариялануы жəне
мемлекеттік тəуелсіздік алуы, бірпартиялық өктемдіктің жəне
социалистік саяси жүйенің ыдырауы демократиялық принцип-
тер негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен
қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Көппартиялық
жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін,
талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси пар-
тиялар қалыптасты. Жаңадан құрылған қоғамдық бірлестіктер мен
саяси партиялар қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, саяси
əр алуандық, халықтың əртүрлі əлеуметтік топтарының мүдделері
мен құқықтарын қорғау, тұрақты əлеуметтік-экономикалық дамуға
қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады. 1990 ж. 1 наурызға
қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет істеп
тұрды.
354
355
1991 жылы тамыз айында Мəскеуде мемлекеттік төңкеріс жасау
əрекеті болды. Оған КОКП Орталық Комитетінің кейбір жетекші-
лері қатысты. Мұның өзі партияның, оның басшы органдарының
беделін түсірді. Бұл жағдай Қазақстан Компартиясының жұмысына
теріс əсерін тигізді. Сөйтіп, 1991 жылғы қыркүйек айында өткен
республика Компартиясының төтенше съезінде оның қызметі
тоқтатылды. Өзін Компартияның ісін жалғастырушымыз деп санай-
тын Қазақстан социалистік партиясы құрылды. Оның құрамында
сол кезде 50—60 мың мүшесі болды. 1992 жылы наурызда Қазақстан
социалистік партиясының кезекті съезі өтті. Съезд республикадағы
саяси, əлеуметтік-экономикалық жағдай жəне партияның таяудағы
міндеттері, партияның бағдарламасы мен жарғысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу сияқты мəселелерді талқылады.
1991 жылы қазанда жетекшілері О.Сүлейменов пен М.Шаханов
болған Қазақстан Халық Конгресі партиясы құрылды. Сондай-
ақ, бірқатар коммунистер бұрынғы Қазақстан Коммунистік
партиясының қызметін қайтадан қалпына келтіруге əрекет жасады.
Барлық саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың алдын-
да тек демократиялық жолмен, Конституция талабына сай қызмет
ету мақсаты қойылды. Олар парламенттік партияларға айналу,
сайлаушылардың көп дауысына ие болу үшін күрес жүргізді. Бұл
саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар тек құқықтық жағдайда
өзара түсінісу, келісу арқылы байланыс жасап отыруға тырысты.
Қайта құру жағдайында Қазақстанның қоғамдық ұйымдарында
да сапалық жаңа өзгерістер іске асты. 1991 жылы қазан айында
Қазақстан комсомолының кезектен тыс ХVІІІ съезі болып өтті.
Съезд делегаттары республика комсомолын Қазақстанның жастар
одағына ауыстыру жөнінде шешім қабылдады. Оның алдында ре-
спублика жастарының құқықтары мен мүдделерін қорғау міндеті
қойылды.
Осы кезде кəсіподақтың жергілікті, əсіресе, бастауыш ұйымдары-
ның рөлін көтеруге ерекше мəн берілді. Олар өздерінің мүшелерінен
жиналған қаржыларды ұйым қажетіне жұмсауға толық ерік алды.
Қазақстан Орталық кəсіподақ комитеті жəне облыстық кəсіподақ
комитеттері салалы кəсіподақ Кеңестері болып қайтадан құрылды.
Соңғы жылдардағы кəсіподақ ұйымдарының негізгі қол жеткен та-
бысы — ол əртүрлі саяси жəне мемлекеттік ұйымдардан тəуелсіздік
алды. Бұқара халықтың мүддесін қорғауда олар көптеген əлеуметтік-
экономикалық мəселелерді мемлекеттік жəне шаруашылық органда-
рымен тең дəрежеде келісе отырып шеше алатын жағдайға қолдарын
жеткізді.
Сондай-ақ бұл жылдары əйелдер кеңесіне балама ұйымдар
əдеттен тыс төменнен пайда болды. Солдат аналарының комитеті,
Қазақстан мұсылман əйелдерінің лигасы, көп балалы аналар,
жанұялар одағы, “Айша”, “Ақ отау” жəне Іскер əйелдер қауымдастығы
құрылды. Сөйтіп, республикада 1991 жылы барлығы 120-дан астам
дербес қоғамдық негізде бірлестіктер жұмыс істеді.
Бұл жоғарыда аталған фактілердің барлығы ХХ ғ. 80- жылдардың
2- жартысында қоғамды қайта құру барысында Қазақстанның
қоғамдық-саяси өмірінде демократиялық қатынастардың кең өріс
ала бастағанын көрсетеді.
Қоғамдық-саяси қозғалыстардың ішінен «Азат» (1990 ж. 1 шілде),
«Поколение» (1992 ж. 24 қараша), «Лад» (1993 ж. мамыр), «Азамат»
азаматтық қозғалысы (1996 ж. 20 сəуір) кең көлемді қызметімен ерек-
шеленді. Қазақстанда қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуының
келесі кезеңінде Қазақстанның либералдық қозғалысы (1997 ж.
мамыр), «Қазақстанның болашағы үшін» (1998 ж. ақпан) жастар
қозғалысы, «Қазақстан — 2030 үшін» (1998 ж. 6 қазан) қоғамдық
қозғалысы, «Өрлеу» (1998), «Ақ жол» қоғамдық қозғалыстары
(1998), Қазақстанның демократиялық таңдауы қоғамдық бірлестігі
(2002), т.б. құрылды. 1989-1994 ж. аяғында Қазақстанда 500-ге жуық
қоғамдық бірлестік ҚР Əділет министрлігінде тіркелді. 1998 ж.
олардың саны 1500-ден асты, ал 2001 жылдың аяғына қарай елде
1700-ден астам ресми тіркеуден өткен қоғамдық бірлестік қызмет
жасады.
Қазақстан Республикасы тəуелсіздік алғаннан кейін елде көп-
партиялық жүйе қалыптасты. Қазақстанның социал-демократиялық
партиясы (1990 ж. 26 мамыр), Қазақстанның социалистік партиясы
(1991 ж. 7 қыркүйек), Қазақстан халық конгресі партиясы (1991 ж.
5 қазан), Қазақстанның республикалық («Азат») партиясы (1991 ж.
4 қыркүйек, 1999 ж. 29 мамырда «Алаш» ұлттық партиясы болып
өзгерді), Қазақстан коммунистік партиясы (1991 ж. қазан), Қазақстан
халық бірлігі партиясы (1993 ж. 6 ақпан), Қазақстан халықтық-
кооперативтер партиясы (1994 ж. 15 желтоқсан), Қазақстан дəуірлеу
партиясы (1995 ж. 27 қаңтар), Қазақстанның демократиялық пар-
тиясы (1995 ж. 1 шілде), Республикалық еңбек саяси партиясы (1995
ж. 18 қыркүйек), т.б. құрылды.
Көппартиялықты құқықтық жағынан реттеу Қазақстан Респу-
бликасы Конституциясының 5-бабында, сондай-ақ, Қазақстан
Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» (31.5.1996) жəне
«Саяси партиялар туралы» (2.7.1996) Заңдарында қамтамасыз етілді.
356
357
Қазақстанның көппартиялық жүйе дамуының келесі кезеңінде
Қазақстанның азаматтық партиясы (1998 ж. 17 қараша), Қазақстан
республикалық халықтық партиясы (1998 ж. 17 желтоқсан),
Қазақстанның аграрлық партиясы (1999 ж. 6 қаңтар), Республикалық
«Отан» партиясы (1999 ж. 19 қаңтар), «Азамат» демократиялық пар-
тиясы (1999 ж. 27 наурыз), Қазақстан əйелдерінің демократиялық
партиясы (1999 ж. 21 маусым), Қазақстан патриоттарының пар-
тиясы (2000 ж. 1 шілде) құрылды. 2002 жылдың 2- жартысында
Қазақстанның бірлескен демократиялық, Қазақстанның «Ақ жол»
демократиялық партиясының құрылтай съездері болып өтті. 2002
ж. 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» жаңа заңда
саяси партиялардың құқықтық негіздері, олардың құқықтары мен
міндеттері, қызметінің кепілдіктері белгіленді, саяси партиялардың
мемлекеттік органдармен жəне басқа ұйымдармен қатынастары
реттелді. Көппартиялық институтының пайда болуы елде азамат-
тық қоғам орнатудың маңызды белгілерінің бірі. Бұл қоғамның сая-
си жүйесінің тиімділігін, елде демократияның орныққанын, саяси
құқықтардың қамтамасыз етілгенін дəлелдейді. 2002 ж. елімізде 16
партия тіркелді.
«Саяси партиялар туралы» Заңға 2002 ж. өзгертулер енгі-
зілуіне байланысты, 2003 ж. Қазақстанның азаматтық партия-
сы, Қазақстанның аграрлық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол»
демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Рес-
публикалық «Отан» саяси партиясы, Қазақстан патриоттарының
партиясы, Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы
қайта тіркеуден өтті.
Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер əлеу-
меттік əділдік, демократиялық құқықтық мемлекет пен азаматтық
қоғам, ұлтаралық жəне азаматтық келісім орнатуға жəрдемдесіп,
Қазақстанның тұрақты дамуына, өзекті қоғамдық мəселелердің
шешілуіне үлесін қосып келеді. Саяси партиялардың көпшілігі Ре-
спублика президентінің алған бағытын, оның жүргізіп отырған сая-
сатын жақтайтындар болып саналады.
Қазақстанның тəуелсіздікке қол жетуімен қазақ халқының ру-
хани өмірінде жаңа мəдени процестер кеңінен өріс алды. Халыққа
білім беру, ғылым мен мəдениет өз дамуының даңғыл жолына
шықты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеоло-
гия мен саяси қағидалардың қыспағынан құтылды.
Өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына қарамастан Қазақстанда
білім жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Соңғы жылда-
ры оқу мазмұны өзгерді, білім стандарттары жасалды, оқытудың
жаңа əдістемесі енгізілді. Бірыңғай орта мектептермен қатар гимна-
зиялар, лицейлер, жеке жəне авторлық мектептер ашылып, жұмыс
істей бастады. Көптеген жаңа оқулықтар шығарылды. Мектептерде
бұрын КСРО тарихы оқытылып келсе, енді қазақ халқының өз тари-
хы терең талданып оқытылатын болды.
Қазақстанның Білім жəне ғылым министрлігінің мəліметтері бой-
ынша 2000/2001 оқу жылында елде жалпы білім беретін мектептердің
саны 8007 болған. Олардың 3545-і (44,2%) қазақ, 2356-сы (29,4%)
орыс, 13-і ұйғыр, 81-і өзбек, 3 тəжік, 1 украин мектебі. Соңғы жыл-
дары республикада қазақ тілінде оқитын оқушылардың саны едəуір
артып, 2003 жылы олар барлық мектеп оқушыларының 54,4%-ін
қамтыған. Республика мектептерінде техникалық-ақпараттық жəне
телекоммуникациялық технологияларын енгізуде де оң қадамдар
өріс алды. 2001 жылы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың
бірінші кезеңі негізінен аяқталды, нəтижесінде 58 оқушыға бір ком-
пьютерден келген. “Интернет-мектепте” бағдарламасы аясында 1414
оқу орны, оның ішінде 868 ауыл мектебі ақпарат желісіне қосылған.
Жалпы білім беретін мектептерді «интернеттендіру» жөніндегі
жұмыстар белсенді түрде жалғастырылып келеді. Бүгінде интернет
жүйесіне ауыл мектептерін қосқанда, мектептердің 95 % қосылды.
Тəуелсіздік алған жылдар ішінде 388 мектеп пайдалануға берілді.
Соңғы он жылда (1997—2007 жж.) білім саласын мемлекеттік қаржы-
ландыру көлемін 6,7 есе арттыруға қол жеткізілді. (Тəуелсіздіктің
16 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы ҚР Президенті
Н.Назарбаевтың сөзінен. /Егемен Қазақстан. 15.12. 2007 ж.).
Жылма-жыл мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға көтеріліп
келеді. 2006 жылдан бері жоғары оқу орындарының таңдаулы 200
оқытушысына конкурстық негізде құны 15 мың АҚШ долларына
тең «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» гранты тапсырылып
жүр. Жыл сайын республикалық бюджет қаржысының есебінен 30
мыңнан астам педагогтың қайта дайындықтан өтуі мен біліктілі-
гінің арттырылуы жүзеге асырылуда.
Еліміз егемендік алған жылдары жоғары жəне орта арнаулы білім
беретін оқу орындарында да бірсыпыра жаңа өзгерістер орын алды.
Республиканың жетекші оқу орындары — əл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Алматы университеті,
Қазақ ұлттық техникалық университеті жəне басқалар Қазақстанның
тəуелсіз ішкі жəне сыртқы саясатын жүргізуге қабілетті маман кад-
рлар даярлайтын жаңа факультеттер ашты. Түркістандағы Ахмет
358
359
Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Сыртқы
істер министрлігі жанынан Дипломатиялық Академия ашылып,
жұмыс істеп жатыр. 1997 жылы республикада мемлекеттік 53
жоғары білім беретін жəне 40-тан астам жеке меншік жоғары оқу
орындары жұмыс істеді. 2002 жылы мемлекеттік жоғары оқу орын-
дары 47-ге дейін азайды, оған керісінше мемлекеттік емес жоғары
оқу орындарының саны 160-тан асты. 2003 жылы Қазақстан Білім
жəне ғылым министрлігінің шешімімен 43 мемлекеттік, 130 жеке
жоғары оқу орындары қалдырылды.
Қазақстанның тəуелсіздік алуымен байланысты халыққа
білім беру саласында халықаралық қарым-қатынас кеңейді.
Бүгінгі күндері мыңдаған оқушылар, студенттер жəне аспирант-
тар оқуларын шет елдерде жалғастырып жатыр. Осы мақсатта
Қазақстан Президенті жанынан “Болашақ” бағдарламасы бойынша
арнаулы қор құрылып, республиканың жоғары оқу орындарынан
жыл сайын жүздеген студент шетелдерге, соның ішінде АҚШ-қа,
Ұлыбританияға, Францияға, Қытайға, Түркияға жəне т.б. жерлер-
ге оқуға жіберіледі. Қазақстан мемлекет есебінен жылына 3 мың
студентті əлемнің 25 университетіне оқуға жіберуде. Соңғы 13 жыл-
да 2 мың қазақстандық шетелдердің жоғары оқу орындарында білім
алып қайтты (Егемен Қазақстан, 27.11.2007). Бүгінде жалпы саны
20 мыңнан асатын қазақстандық шет елдерде білім алуда. Олар
Қазақстанның кадрлық əлеуетінің перспективалық негізі болады
(Егемен Қазақстан. 15.12.2007).
2000 жылдан бастап қазақстандық ғылымды қаржыландыру 7 есе-
ге артты. Бүгінде Қазақстанда бір мың жұмыс істеушіге 3 ғалымнан
келеді, ал енді Ресейде бұл көрсеткіш 7,5-ке, Еуроодақта — 5,8-ге,
АҚШ-та — 9,3-ке тең. Біздің деңгейді орташа еуропалық деңгейге
дейін көтеру үшін біз ғылымды қаржыландыруды 2012 жылы 25 есе
ұлғайтып, оны жылына 350 миллиард теңгеге дейін жеткізуді жо-
спарлап отырмыз (ҚР Президентінің Интернет-конференциясы. Еге-
мен Қазақстан, 08.06.2007). Сондықтан да бүгінде ғылым жəне білім
беру салаларында жоғары қазақстандық стандарттарға қол жеткізу
үшін барлық жағдайлар жасалуда. Ғылымды дамытуда бірқатар ба-
сым бағыттар белгіленді. Астанада арнаулы ғылыми зертханалар
құрылды.
Кейінгі жылдары əдебиет пен ұлттық тілдің мəртебесін көтеруде
бірқатар шаралар іске асырылуда. 30- жылдары нəубетке, жазықсыз
жазаға ұшыраған ғалымдарды, жазушыларды, мамандарды ақтау
жүзеге асты. А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың, М.Дулатовтың,
Ш.Құдайбердиевтің, Ə.Бөкейхановтың, Х.Досмұхамедовтың, Ж.Ай-
мауытовтың жəне басқалардың кітаптары жарық көрді. Іс жүргізуді
қазақ тіліне көшіру жөнінде жан-жақты шаралар белгіленіп, олар
жүзеге асырылуда. Барлық жоғары жəне арнаулы оқу орындарында
қазақ тілінде оқыту бөлімдері ашылды.
Экономикалық қиындықтарға қарамастан республикада мем-
лекеттік театрлардың бірде-бірі жабылған жоқ. Қайта жаңадан
Көкшетауда қазақтың музыкалық драма театры, Батыс Қазақстан
облысында мəдениет институты, Мəдениет министрлігі жанынан
күрделі мəдениет мəселелері бойынша ғылыми орталық ашылды.
Өнерде менеджменттің тиімді үлгілері өмірге келді. Мысалы, Айман
Мұсаходжаева «Солистер академиясы» оркестрін ұйымдастырып,
бүкіл музыкалық білім беруді қайта құру жөнінде ұтымды жұмыс
жүргізді. Соның нəтижесінде 1998 жылы Астана қаласында тұңғыш
рет ұлттық музыка Академиясы құрылды. Жəния Əубəкірова
музыкалық мектептің негізінде колледж, ал жазушы Əбдіжəміл
Нұрпейісов “ПЕН-клубын” ашты. Осының бəрі өнер саласындағы
дарынды адамдардың өз идеяларын жүргізу үшін тиімді де пайдалы
нысандар тауып жатқанын көрсетеді.
Мəдениетті дамытуда жоғары кəсіби мəдениет кадрлары мен
мамандардың атқаратын рөлі зор. Осы жағдайды ескере отырып,
мəдениет саласына қажетті кадрларды дайындау ісі республиканың
5 жоғары 39 орташа арнайы оқу орындарында жүзеге асырылып
келеді.
Еліміздің мəдениеті мен рухани өрлеуіне Президент Н.Ə.Назар-
баевтың 2000 жылды — Мəдениетті қолдау жылы деп жариялауы-
ның үлкен маңызы болды. Бұл жылы мəдениет мекемелерін дамытуға,
олардың материалдық базасын нығайтуға бағытталған едəуір
жұмыстар атқарылды. 727 мəдениет мекемелері жаңадан ашылды.
Олардың қатарында Астанада, Петропавлда, Оралда, Өскеменде
жəне Түркістан қаласында ашылған театрлар бар. Мəдениетті қолдау
жылының шарықтау шегі Түркістан қаласының 1500 жылдық тойын
тойлаумен сабақтас келді. Бұл үлкен тойды дайындау жəне өткізу ба-
рысында Күлтөбе, Отырар, Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі, Əзірет
Сұлтан мемлекеттік тарихи-мəдени қорығы т.б. нысандар қайтадан
жаңғыртылды. 2002 жылы Тараз қаласының 2000 жылдығы ЮНЕ-
СКО деңгейінде атап өтілді.
Қазақстан тəуелсіздік алғаннан бері аз уақыттың ішінде
ұлтымыздың мəдениетін тек өз елімізде ғана емес, сонымен қатар
бүкіл əлемге таныта бастады. 1995 жылы ЮНЕСКО ауқымында
360
361
ұлы Абайдың 150 жылдығы, ал 1997 жылы Мұхтар Əуезовтың
100 жылдық мерейтойлары, 1996 жылы 1916 жылғы ұлт-азаттық
көтерілісінің 80 жылдығы, дарынды ақын, халықтар достығын
жырлаушы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойын тойлау
еліміздің тарихындағы жарқын оқиға болды. Еліміздің Президенті
жарлығымен 1997 жыл жалпыұлттық татулық жəне саяси қуғын-
сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланса, 1998 жыл
— Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы деп атап өтілді. Тарих
жылы 23 ірі-ірі ғылыми форумдардың өткізілуімен ерекшеленді.
Соның ішінде Республика ұлттық ғылым академиясы тарихында
тұңғыш рет АҚШ, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия,
Жапония ғалымдарының қатысуымен отандық тарих проблемала-
рына арналған арнайы сессия өткізілді. Сондай-ақ, “Жібек жолы
жəне Қазақстан”, “А.Байтұрсынов — ғалым, ағартушы, қоғам
қайраткері”, “Қазақстанмен шекаралас аумақтардың тас дəуірі”
сияқты халықаралық жəне көптеген республикалық ғылыми кон-
ференциялар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Республиканың
барлық облыстарына, сондай-ақ, көрші елдердің шекаралас аудан-
дарына ірі-ірі 24 ғылыми экспедициялар аттандырылды. Сонымен
қатар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірінде, Ордабасы тарихи-
мəдени аймағында, Орталық Қазақстан аумағында археологиялық
зерттеулер жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1999 жыл
— Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп жарияланды. Осы-
мен байланысты өткен ғасырлардан жеткен орасан зор мəдени-
тарихи мұраны сақтап, оны жинақтап келешек ұрпақтың игілігіне
айналдыру міндеті қойылды. Өйткені еліміздің аумағында 25
мыңнан астам тарихи-мəдени объектілер бар, олардың 8 мыңнан
астамы мемлекеттің қорғауына алынып, 10-ы ЮНЕСКО-ның Бүкіл
дүниежүзілік мұраларды сақтау орталығының жасалған тізіміне
енгізілген.
Қазақстан полиграфиялық баспаларынан тарихи-мəдени
мұраларды, əлем əдебиетінің ең үздік үлгілерін жарыққа шығару
жандана түсті. Соңғы жылдары “Қазақстан ұлттық энциклопедия-
сының” 10 томы, Н.Ə.Назарбаевтың “Ғасырлар тоғысында”, “Сын-
дарлы он жыл” т.б. еңбектері, 10 томдық “Тарихи жəне мəдени
ескерткіштер” жинағы, Мұстафа Шоқай шығармаларының екі
томдығы, Қытай мұрағаттары негізінде қазақ тарихына арналған
бес кітап, бес томдық Қазақстан тарихының үш томы жарық көрді.
Қазақ халқының 125 томдық ауыз əдебиетін, “Алаш мұрасы” атты
көп томдық серияларын, Ə.Марғұлан еңбектерінің 14 томдығын,
М.Əуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин тағы да басқа қазақ
əдебиеті классиктерінің көп томдық серияларын басып шығару
қолға алынды.
Алдағы кезеңде республика мəдениетін дамыту үшін барлық
мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, оған қолайлы жағдай жасау
міндеті тұр. Осыған байланысты Президент Н.Ə.Назарбаев “Ішкі
жəне сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары”
Жолдауында мəдениетті дамытудың нақты жолдарын “Мəдени-
тарихи мұраны сақтау” деген бөлімінде ерекше атап көрсетеді. Онда
мынадай нақты міндеттер қойылған:
Біріншіден, халықтың орасан мол мəдени мұрасын, соның ішінде
осы заманғы ұлттық мəдениетін, фольклорын, дəстүрі мен салтын
зерделеудің біртұтас жүйесін жасау;
Екіншіден, ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мəдени-
тарихи жəне сəулет ескерткіштерін қалпына келтіруді қамтамасыз
ету;
Үшіншіден, ұлттық əдебиет пен жазудың санғасырлық
тəжірибесін қорыту жəне кеңейтілген көркем, ғылыми, өмірбаяндық
дестелер жасау;
Төртіншіден, мемлекеттік тілде əлемдік ғылыми ойдың, мəдениет
пен əдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білім
берудің толымды қорын жасау.
Қорытып айтқанда, мұның барлығы елдің экономикасы оңала
бастаған тұста əдебиет пен мəдениет, жалпы руханият мəселелеріне
айрықша назар аударатын кез келгендігін, еліміздің болашағы
мəдени дамумен байланысты екендігін көрсетеді.
5. Қазақстан — əлемдік қауымдастықта
Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде
халықаралық қатынастар жасауға, белсенді сыртқы саясат жүргізуге
кірісті. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында үш мəселеге ерекше
назар аударды. Біріншіден, басқа елдермен, соның ішінде бұрынғы
Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс
аймағы, Еуропа елдері жəне АҚШ-пен халықаралық байланысты
өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс
қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мəдени-экономика-
лық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өрке-
362
363
ниетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның
қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды
қолдануды болдырмау.
Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен
халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асы-
рылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі əріптес
мемлекеттерімен байыпты жəне болжауға болатындай байсалды
қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі —
көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол — еліміздің геосаяси
жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған
қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын
дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан
астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-
тан астам дипломатиялық жəне консулдық өкілдіктер ашылды. Ал
Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия,
халықаралық жəне ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұ-
мыс істейді.
Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын жəне ірі көрші
мемлекеттер — солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз
қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан
мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық
жəне өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы
бар. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда
1996 ж. 27- сəуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин
мен Қазақстан Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Алматыда кездесіп,
Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының
маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп
жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық
реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мəні
бар екендігі атап көрсетілді.
Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан əрі
дамуында 1998 ж. 6-шілдеде Мəскеуде қол қойылған мəңгілік
достық пен ынтымақтастық туралы Декларация маңызды рөл
атқарды. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара
келіспеушіліктерді реттеу жəне Байқоңыр космодромын бірлесіп
пайдалану мəселелері шешілді. 2000 ж. 25 қаңтарында Қазақстан
Елбасы Н.Ə.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің кездесуі
болды. Онда екіжақты қарым-қатынасты одан əрі жетілдіре түсуге
жете мəн берілді. Ал 2002 ж. желтоқсанда Қазақстан Президенті
Н.Ə.Назарбаевтың Мəскеуге ресми сапары барысында екі ел ара-
сында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге
күш салынатыны баса айтылды. Сондай-ақ, аймақтық жəне
халықаралық көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-жақты
пікір алмасылды. Екіжақты деңгейдегі, ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ
шеңберлеріндегі ынтымақтастық қарым-қатынастар аймақтағы ел-
дер қауіпсіздігінің, интеграциялануының басты кепілі болып табы-
латыны атап көрсетілді.
2003 жыл — Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 жыл —
Қазақстандағы Ресей жылы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып
өтті. 2004 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 7 млрд.
долларға жетті, мұның өзі 2003 жылғы сондай көрсеткіштен 40%
дерлік көп (Егемен Қазақстан, 12.01.2005). 2005 жылдың басында
Қазақстанда тұтастай жарғылық қоры 250 миллион АҚШ доллары-
нан асатын, Ресеймен бірлескен 1100 кəсіпорын болды.
Тəуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мем-
лекет — Қытай Халық Республикасымен тату көршілік жəне
достық қатынастар орнатуда едəуір табыстарға қол жетті. 1990 ж.
Қазақстан мен Қытайдың темір жол арқылы өзара байланысы іске
асты, сөйтіп, біздің республика Тынық мұхит жағалауына ең қысқа
жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан-Қытай қарым-
қатынасының дамуы өте жоғары қарқын ала бастады. Қазақстан Ре-
спубликасы Президентінің Қытай Халық Республикасына 1992 ж.
тамызда барған алғашқы сапарынан бастап, барлық байланыс жол-
дарын ашудың сəті түсті. Екі елдің арасында сауда соңғы жылдары
ондаған есе өсті. 1997 ж. 25 қыркүйекте Алматыда өткен Қазақстан
жəне Қытай делегациялары арасындағы келіссөз барысында Батыс
Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырына
шығыстағы көршіміз тарапынан 9,5 млрд. доллар жұмсалатыны
жөніндегі шартқа қол қойылды. Мұның өзі саяси-экономикалық
байланысты нығайтуға, шекара маңында тыныштық пен бейбіт
өмірді сақтауға кепілдік берді.
1998—1999 жж. белсенді дипломатиялық əрекеттер арқылы Қы-
тай мен Қазақстан арасында тағы да жаңа маңызды уағдаластықтарға
қол жетті. Ең алдымен шекараны нақтылау негізінен аяқталды.
Қытаймен арадағы шекараны айқындап белгілеу Қазақстанның
ұлттық қауіпсіздігіне қосымша кепілдіктер берілгенін білдірді.
Қазақстан Президентінің Қытай мемлекетіне 2002 ж. желтоқсан
айында жасаған сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың
жаңа кезеңін айқындады. Екі мемлекет басшыларының кездесуі ба-
рысында 5 құжатқа қол қойылды. Оның ең маңыздысы “Қазақстан
364
365
Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату
көршілік, достық жəне ынтымақтастық туралы шарт” болып та-
былады. Сондай-ақ, бұдан басқа екі ел деңгейінде халықаралық
лаңкестікпен, сепаратизммен жəне экстремизммен күресте
ынтымақтастық жөнінде, екі мемлекет арасындағы қауіпті əскери
əрекетті болдырмау туралы жəне т.б. құжаттарға қол қойылды. Екі
арадағы сауда-экономикалық байланыстар жылдан-жылға артып,
2004 жылы оның көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асты. Жалпы
соңғы жылдары ҚХР басшыларымен өзара кездесу, келіссөздер
жүргізу біздің елдің сыртқы саясатындағы тұрақты құбылысқа ай-
налды.
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасы-
ның маңызы өте зор. АҚШ Қазақстан Республикасын тəуелсіз мем-
лекет ретінде таныған 1991 ж. 25 желтоқсаннан бастап, екі мем-
лекет арасында елші дəрежесіндегі толыққанды дипломатиялық
қатынастар орнады. 1991 ж. желтоқсанында Мемлекеттік хатшы
Дж. Бейкер Алматыға келіп, Н.Ə.Назарбаев жəне басқа да ресми
адамдармен келіссөздер жүргізді. 1992 ж. көкек айында Қазақстанға
Еуропадағы қауіпсіздік жəне қарым-қатынастар жөніндегі АҚШ
Конгресі комиссиясының делегациясы келді. Сол жылғы мамырда
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев Америка
Құрама Штаттарына алғашқы сапармен барды. Осы сапардың бары-
сында: “Сауда қатынастары жөніндегі келісім”, “Қаржы салымдарын
өзара қорғау жөніндегі шарт”, “Қазақстан Республикасы жəне АҚШ
үкіметтері арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандум”,
“Қос қабат салық салуды болдырмау жөніндегі конвенция келісімі
туралы бірлескен мəлімдемелерге” қол қойылды. Сөйтіп, екіжақты
қарым-қатынастардың шарттық-құқылық негіздері қаланды.
Осыдан кейінгі жылдары Қазақстан мен АҚШ қарым-
қатынастары серпінді түрде дамып келеді. Қазіргі кезде АҚШ
Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы болып отыр. Вашинг-
тон Қазақстанға Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздік
тұғыры, өзінің осы аймақтағы басты серіктесі ретінде қарайды.
1999 ж. желтоқсан айында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев
АҚШ-қа тағы да бес күндік сапар жасап, екі ел арасындағы
байланысқа жаңа жол ашты. Екі мемлекет арасындағы келісім ба-
рысында ХХІ ғ. басындағы басымдық беретін басты бағыттары
айқындалды.
Біздің мемлекетіміздің тəуелсіздігіне он жыл толуына орай
жіберген құттықтау хатында АҚШ Президенті Дж. Буш Қазақстан
Халықаралық қоғамдастық үшін аймақтағы тұрақсыздық пен
жанжалдарға қарсы шешуші рөл атқаратынын қуаттады. 2001 жы-
лы желтоқсанда Президент Н.Ə.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми са-
пары барысында «Жаңа Қазақстан-Америка қатынастары туралы”
бірлескен мəлімдемеге қол қойылды.
Сонымен қатар, Қазақстан үшін Түркия, Пəкістан, Үндістан,
Иран мемлекеттерімен, сондай-ақ Азияның Жапония, Оңтүстік Ко-
рея сияқты жəне басқа елдерімен ынтымақтастықтың да мəні өте
зор.
Қазақстанға ортақ шекарасы, қалыптасқан шаруашылық, тари-
хи жəне мəдени-этникалық байланыстары бар Орта Азиядағы —
Өзбекстан, Қырғызстан, Тəжікстан, Түрікменстан мемлекеттерімен
тығыз қарым-қатынас жасау өте маңызды. Осы бағытта 1994 жылы
Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды. Оған
Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, кейіннен 1998 ж. 4- мемле-
кет Тəжікстан қосылды. Осы елдер арасындағы жасалған Шартқа
сəйкес Мемлекетаралық кеңес пен оның негізгі институттары —
Премьер-министрлер кеңесі жəне олардың тұрақты органы — Атқару
комитеті құрылды. Ортақ экономикалық кеңістік туралы шартқа қол
қойылғаннан кейінгі жылдар ішінде көпжақты ынтымақтастықтың
маңызды бағыттары, көкейкесті халықаралық күрделі мəселелер
жəне республикалардың экономикалық интеграциясы бойынша 200-
ден астам құжаттар қабылданды. Солардың ішіндегі ең маңыздысы
— Орталық Азия экономикалық қауымдастығының 2005 жылға
дейінгі интеграциялық даму стратегиясы. 2002 жылдың ақпан
айынан бастап Орталық Азия экономикалық қауымдастығы жаңа
келісілген құжат негізінде “Орталық Азия ынтымақтастығы” болып
қайта құрылды.
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты көңіл аударып
отырған мəселелерінің бірі — елдің шекаралық қауіпсіздігін сақтау.
Бізбен солтүстікте бірнеше мың шақырым шекараласатын Ре-
сеймен, оңтүстік-шығыста Қытаймен шекараны тұрақтандырып
бекіту өте қажет іс еді. Шекара — мемлекеттік егемендіктің басты
белгілерінің бірі. Сондықтан бұл маңызды саяси проблема Ресей
мен Қазақстан үкіметтері арасындағы кездесулерде əлденеше рет
əңгіме арқауы болды. Осының нəтижесінде екі ел арасында 1992 ж.
15 мамырда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа жəне 1999 ж. 28
наурызда Қазақстан мен Ресей арасындағы Əскери ынтымақтастық
туралы шартқа қол қойылды. Бұл шарттар бойынша Қазақстан мен
Ресей əрі қарай да аймақтық қауіпсіздікті бірлесіп нығайту жəне
366
367
қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сөйтіп сыртқы
саясат саласында өзара бірлесіп əрекет етуі көзделген. Ресей мен
Қазақстан арасындағы қауіпсіздік жəне сыртқы саясат мəселесі екі
ел арасындағы 1998 жылы шілдеде қабылданған “Мəңгі достық
жəне одақтастық туралы декларацияда”, сондай-ақ, экономикалық
ынтымақтастық туралы алдағы 10 жылға (1998—2007 жж.) арналған
экономикалық бағдарламада өзінің даму көрінісін тапты. Осы
келісімдер негізінде Қазақстан-Ресей шекара белдеулерінде дели-
митациялау шаралары жүргізіле бастады. Ал 2000 жылы қаңтарда
Мəскеуде өткен екі мемлекет басшыларының кездесуінде басты үш
бағыт туралы келісім жасалды. Біріншісі — екі ел саясатындағы
қарым-қатынастың сабақтастығы. Екіншісі — қауіпсіздік мəсе-
лесіндегі ынтымақтастық. Үшіншісі — шекараны нақтылау мə-
селесі.
Қазақстанның көрші мемлекеттермен шекарасының жалпы
ұзындығы 15 мыңға жуық шақырымды құрайды. Соның ішінде
Қазақстанның Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекарасы ша-
мамен 1050 шақырым, Ресей Федерациясымен — 7,5 мыңнан астам
шақырым, Түркменстанмен — 400 шақырым, Өзбекстанмен —
1660 шақырым. Ресеймен шекараны делимитациялау мəселесі 1998
жылғы 6 шілдеде екі ел басшыларының бірлескен мəлімдемесінен
жəне сол жылғы 12 желтоқсандағы мемлекеттік шекараны делими-
тациялау жөніндегі хаттамадан басталды. Алты жыл аралығындағы
құжаттарды əзірлеумен тыңғылықты айналысқан сарапшылар
шекаралық сызықтың барлық нүктелері бойынша ортақ келісімге
келді. Қазақстан Президенті Н.Ə.Назарбаев пен Ресей президенті
В.Путин 2005 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан-Ресей мемлекеттік шека-
расы туралы шартқа қол қойды. Шын мəнінде, тарихи деп бағалауға
болатын осы құжат бойынша екі ел үшін де айрықша маңызы бар
шекара мəселесі халықаралық нормаларға сəйкес шешімін тапты.
Елбасы атап өткендей, “қадым замандардан қазақ-орыс елдері ара-
сында шекара бірінші рет заңды түрде тартылып отыр”. Əлемдегі
жерүстілік ең ұзын саналатын, жалпы аралығы 7591 шақырымды
құрайтын бұл шекара сызықтары белгіленіп жəне мойындалып, екі
мемлекет арасындағы мызғымас достықтың сенімді кепілі ретінде
бағаланды.
Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін Қытаймен арадағы шека-
раны заңдастыруға кірісті. Өзара түсіністік пен мүдделілік бұрын-
соңды болмаған табысқа қол жеткізді. 1994 жылдың сəуір айында
Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен ҚХР Премьер-министрі Ли
Пэн екі ел арасындағы шекара сызығын заңдастырып, белгілеу (де-
лимитация) жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Жалпы ұзындығы
1718 шақырымға созылып жатқан желінің екі шағын учаскесінен
(бұрынғы Талдықорған жəне Семей облыстарындағы) басқасы түгел
заң жолымен бекітілді. Келесі кезектегі мəселелерді шешу үшін
делимитациялық комиссия құрылды. Жоғары дəрежелі кездесу
кезінде шекара мəселелерін толық реттеуге қатысты келіссөздерді
одан əрі жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жетті. Бұл бағытта
1996—1998 жж. үш арнайы келісім болды. Соның нəтижесінде 1999 ж.
қарашада Цзянь-Цземинь мен Н.Назарбаев шекаралық мəселелердің
толық үйлестірілуі туралы арнайы коммюникеге қол қойылды.
Сөйтіп, Қытаймен шекараны межелеу негізінен аяқталды.
Сонымен қатар, Қазақстан бұл жылдары өзінің жақын көршілері
— Қырғызстанмен, Өзбекстанмен жəне Түркменстанмен арадағы
шекара мəселелерін іс жүзінде түпкілікті реттеуге қол жеткізді.
Шекара мəселесін Азия елдерінде тұрақты шешуде Шанхай
ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) маңызды рөл атқарады. 1996 жылғы
сəуірде Шанхайдағы кездесу кезінде Ресей, Қытай, Қазақстан,
Тəжікстан, Қырғызстан басшылары шекараларды бұзбау, олардың
арасындағы бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін
жеткізу келісіміне қол қойылды. Кейін бұл келісімге Өзбекстан
қосылды.
“Шанхай келісімі” негізінде алты ел басшыларының жыл сайын-
ғы кездесуі 1997 ж. Мəскеуде, 1998 ж. Алматыда, 1999 ж. Бішкек,
2000 ж. Душанбе, 2001 ж. Алматыда болып өтті. Онда аймақтық
қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту мəселелері жан-жақты
талқыланып, осының нəтижесінде Декларациялар қабылданды.
2002 жылғы маусымда Шанхай ынтымақтастық ұйымының ке-
зекті саммиті Санкт-Петербург қаласында болып өтті. Оның
жұмысында ШЫҰ құрылымын орнықтыру іс жүзінде көрініс тап-
ты. ШЫҰ-ның Секретариаты Пекинде, ал Аймақтық терроризмге
қарсы құрылымның штабпəтері Бішкекте орналасатын болды. Бұл
кездесуде 3 құжатқа — ШЫҰ Хартиясына, аймақтық терроризмге
қарсы құрылым жөніндегі Келісімге жəне ШЫҰ-ға қатысушы мем-
лекеттер басшыларының Декларациясына қол қойылды.
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты мақсат — бейбіт-
шілік, соғысты болғызбау. 1992 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының 47
сессиясында Президент Н.Назарбаев Азияда өзара ынтымақ пен
сенім шараларын орнықтыру туралы мəселе көтерді. Оған сəйкес
1993 ж. көктемде Алматыда осы мəселеге байланысты шақырылған
368
369
бірінші бас қосуға оннан аса мемлекеттен өкілдер келген болса, сол
жылғы тамыз айындағы кездесуге 17 елден сарапшылар тобы келді.
Қазақстан Хельсинки процесіне қосылып, Еуропадағы қауіпсіздік
пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның жұмысына қатысты (1992
ж.). Ал 1996 ж. 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің
қатарында ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды.
Қазақстанның СШҚ-І-Шарты мен ядролық қаруды таратпау
туралы шартқа қосылуы əлемдік маңызы бар оқиға. Мұның өзі
елдің қауіпсіздігінің кепілдіктерін күшейтті. 1994—1995 жж. ба-
сты ядролық державалар — АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, ҚХР мен
Франция Қазақстанға қауіпсіздіктің бірлескен жəне жан-жақты
кепілдіктерін берді.
Қазақстан саяси-əскери одақ — НАТО-мен ынтымақтастыққа
маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық “Бейбітшілік үшін
əріптестік” бағдарламасы аясында дамып, еліміздің қарулы күштері
үшін кадрлар даярлауға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының тəуелсіздігі мен шекарасының
тұтастығын қорғау үшін өзінің жеке Қарулы Күштерін құрудың
зор маңызы болды. Оны іске асыру Елбасының 1992 ж. мамырдағы
“Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы”
жарлығымен басталды. 2000 ж. 10 ақпанда 1999—2005 жылдарға
арналған жаңа əскери доктрина жəне ұлттық қауіпсіздік стратеги-
ясы қабылданды. Осы құжаттарға сəйкес армия елдің ішкі жалпы
өнімінің бір пайызынан кем емес көлемде қаржыландырылатыны
көзделді. Доктрина негізінде Қазақстан жерінде əскери аумақтық
құрылымға көшіру жүзеге асырылып, елдің барлық аймағын
қамтыған Оңтүстік, Шығыс, Батыс жəне Орталық əскери округтері
құрылды. Сөйтіп, біздің елімізде қауіпсіздікті қамтамасыз ету ең
басты мəселе болып қала береді.
1992 ж. наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше
болып қабылдануы республика үшін орасан зор маңызы бар оқиға
болды. Осыдан кейін елімізге басқа да халықаралық ұйымдарға
мүше болып кіруге жол ашылды. Атап айтқанда, Қазақстан негізгі
валюта-қаржы ұйымдарына — Халықаралық Валюта қорына,
Дүниежүзілік қайта құру жəне даму банкіне, Еуропа жəне Азия даму
банкіне мүше болып енді. 1997 ж. басында Қазақстан 60-тан астам
халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Нəтижесінде
Қазақстанның шет елдермен экономикалық байланыстары арта
түсті, оған берілетін инвестициялық қаржылардың көлемі арт-
ты. Мысалы, 1992—1995 жж. халықаралық қаржы институтының
Қазақстанға бөлген қаржысының мөлшері 2 млрд. АҚШ доллары-
нан асып түсті. Тəуелсіздік алғалы бері 800-ге жуық мемлекетара-
лық жəне үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.
Қазақстанға тікелей инвестиция берушілердің тізімінің басында
АҚШ орналасқан, одан кейін Ұлыбритания, Италия, Канада, Нидер-
ланды, Германия, ал Азия аймағынан Қытай, Жапония, Индонезия
жəне Оңтүстік Корея бар. Қазақстан АҚШ-пен экономикалық қарым-
қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Американдық “Шеврон” компания-
сымен Теңіз мұнай көздерін игеру жөніндегі ірі шартқа қол қойылды.
Қазіргі кезде АҚШ Қазақстанның ең маңызды экономикалық
əріптестерінің бірі болып табылады. Біздің елімізде 350-ден астам
Қазақстан-Американ бірлескен кəсіпорны жұмыс істейді, сондай-ақ
100-ден астам американ компанияларының өкілдіктері тіркелген.
Қазақстан экономикасының дамуында сыртқы сауданың маңызы
зор. Егемендік алған жылдардан бері Қазақстан дүние жүзінің 180-
нен астам елімен сауда қатынасын орнатты. Осының нəтижесінде
сыртқа шығаратын жəне сырттан бізге алып келетін тауарлардың
көлемі жылдан-жылға өсіп келеді. 2001 ж. Қазақстанның сыртқы
сауда көлемі 14 млрд. доллардан асты. Қазақстанның сауда
айналымының шамамен 62% ТМД елдерінің үлесіне, 24% Еуропа
елдерінің (35 ел), 13% Азия аймағы елдерінің үлесіне тиеді.
Біз ашық сыртқы сауда саясатын дəйекті жүргізіп келеміз.
Айталық, 2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемінің оң саль-
досы (Сальдо — белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай түсімдер мен
шығындар арасындағы айырма) 7 млрд. доллардан асатын 33 млрд.
АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен
астам өсті деген сөз. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында негізінен
ТМД-ның ауқымымен шектелген біздің сыртқы саудамыздың
географиясы да біршама тарамдала түсті. Қазақстан тауар
айналымының құрылымында 2004 жылы Еуропалық одаққа мүше
елдер, Ресей, Швейцария мен Қытай алғашқы орындарға шықты.
Осылайша біз əлемдік экономиканың бөлінбес бөлігіне айналып,
жаһандық бəсекелестік арнасына ендік (Қазақстан экономикалық,
əлеуметтік жəне саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республи-
касы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. //
Егемен Қазақстан, 19 ақпан 2005 ж.).
2007 жылы 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер
Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан
Ұйымның 2010 жылғы төрағасы болып сайланды. 2010 жылы
Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі
370
371
ұйымға төрағалық ету мүмкіндігін берген əлемнің 56 мемлекетінің
шешімі — еліміз қол жеткізген тағы бір ірі жетістік. Бұл — елба-
сы Н.Ə. Назарбаевтың халықаралық зор беделінің ерен табысы,
еліміздегі ұлан-ғайыр оң өзгерістердің, біздегі демократияның
айшықты нəтижесі. Біздің еліміз халықаралық мойындауда жəне
өзінің дамуында жаңа сапалық дəрежеге көтерілді. ЕҚЫҰ — дүние
жүзіндегі аса беделді халықаралық ұйымдардың бірінен саналады.
Қазақстан — ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі, ол бірінші
түркі елі, ол тарихи тұрғыда өркениетті ислам кеңістігіне жататын
бірінші ел, ең соңында, ол бірінші азиялық ел.
Қорыта келгенде, тəуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген
елдерімен тең деңгейде дипломатиялық жəне экономикалық
қарым-қатынастар орнатты. Тəуелсіздік жылдары еліміздің сыртқы
саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан зор тарихи маңызы
бар міндеттер орындалды. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта
лайықты өз орнын алды. Егер 1991 жылы əлемдік қоғамдастықтың
іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе, бүгінгі
күні Қазақстанды əбден танып, құрметтеп отыр. Қазақстан Орталық
Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті əріптеске,
халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың
таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды.
Тəуелсіздік жылдарында Қазақстан əлемдік қауымдастықтың
толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тəжірибе жүзінде
əрқашан кең қолдау тапты жəне нақты іс жүзіне асырылып отыр-
ды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дəрежеде танылудың жаңа
сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы
қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы
шешім оның сенімді дəлелі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |