Лекциялар Лекция №1 Заманауи педагогика адам жайлы



бет18/108
Дата25.11.2023
өлшемі0,79 Mb.
#126021
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   108
Байланысты:
downloadPdfUmkd

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Қазақ энциклопедиясы


Лекция №5
Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні және құрылымы


Лекция жоспары:
1. Педагогикалық процестің тұтастығы
2. Біртұтас педагогикалық процестің құрамдас бөліктерінің құрылымы мен сипаттамасы


Лекция мәтіні:
1.«Мұғалімнің іс-әрекет объектісі», «педагогикалық үдеріс» ұғымдары (П.Ф.Каптерев, Н.Д.Хмель, В.А.Сластенин және т.б.).
«Педагогикалық үдеріс (процесс)» деген сөздік ғылыми айналымға ХІХ ғасырдың екінші жартысында (П.Ф.Каптерев) енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болады.
Педагогикалық үдерістің мәні туралы әртүрлі көзқарастарды зерттеу жалпы тәртіптегі қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Педагогикалық үдеріс оқушылардың бірлескен ұстаздардың қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын іс-әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені меңгеруге және әрбір оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталған, дамуға және өзін еңбекке, қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын.
Педагогикалық үдерістің мәні туралы әртүрлі көзқарастарды (С.Т.Шацкий, Н.К. Крупская, А.С.Макаренко, М.А.Данилов, Б.Т.Лихачев, Ю.К.Бабанский, В.М.Коротов және т.б.) зерттеу жалпы қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Педагогикалық процестің мәні туралы А.Ф.Каптерев, М.А.Данилов: «біртұтас педагогикалық процесс - оқыту мен тәрбиенің бірігуі» десе, Ю.К.Бабанский: «Педагогикалық процесс - оқыту, даму және тәрбиелік қызметтерінің бірлігі» - деп қарастырды.
Сонымен, педагогикалық үдеріс дегеніміз оқушылардың мәдени байлықты меңгеруге және еңбек пен қоғамдық өмірге даярлануға бағытталған, мұғалімнің қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын өзара байланысқан іс-әрекеті болып табылады. (Н.Д.Хмель)
Ал тұтас педагогикалық үдеріс дегеніміз - оқытушылар мен тыңдаушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған, мазмұнды түрде ұйымдасқан, бағыт беруші белсенді іс-әрекеті .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет