Лекциялар Лекция №1 Заманауи педагогика адам жайлы



бет26/108
Дата25.11.2023
өлшемі0,79 Mb.
#126021
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   108
Байланысты:
downloadPdfUmkd

Тәрбие технологиясы - тәрбие мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін оқыту формаларының, әдістерінің, жолдарының, тәсілдерінің және тәрбие құралдарының жиынтығы. Бұл дамыту, оқыту және тәрбие процестеріне ықпал ететін тәсілдердің бірі. Осыған байланысты тәрбие жүйесіндегі тәрбие технологияларының орны мен рөлін, тұлғалық - бағдарлы тәрбие технологияларының ерекшеліктерін анықтау, тәрбие технологияларын пайдалану процесін ұйымдастыру және жағдай жасау өзекті болып табылады.
Оқыту технологиясы дегеніміз - бағдарламаларда көрсетілген оқыту мазмұнын жүзеге асыру мен қойылған мақсаттарға жетудің ең тиімді жолмен қамтамасыз ететін пішіндер, әдістемелер және құралдар жүйесі. Оқыту технологиясы – оқытушыға оқу үрдісін жүзеге асыруға қажет болатын білім немесе мәліметтер жиынтығы, яғни нақты оқу үрдісі, оның ұйымдастырылуы, құрылымы және қамтамасыз етілуі.4
И.П. Волков: “Педагогикалық технология бұл жоспарланған оқу нәтижесіне жету процесінің нұсқауы, ал оқыту технологиясы - бұл дидактикалық жүйенің негізгі процессуалды бөлігі”-деп атайды.
Жоғары білім саласында мамандықтары бойынша студенттердің білімі мен біліктілігін қалыптастыратын, мамандардың кәсіби қызметтерінде қолданылатын арнайы авторлық оқыту технологиялары жасалынып, Әділет министрлігінде бекітілді. “Ақпараттық жүйелер” , “Электрондық мұрағат”, “Дискреттік құрылымдар”, “Компьютерлік желілер”, “Avto Doc – элекрондық құжаттық басқару”, “Информатика” т.б. авторлық электрондық оқулықтар мен бағдарламалық жабдықтар мысал бола алады.
Жаңа ақпараттық техника мен технологиялардың оқу процесіне енуі студенттердің кәсіптік бағыттылықта даярлануымен бірге араласып кетті. Мамандарды даярлауда оқу жоспарын өзгерту, оқылатын пәндер құрамы мен мағынасын, қолданылатын оқу құралдары мен ақпараттық технологиялар, сол технологиялар негізінде жасалған оқу-әдістемелік құралдар, студенттердің кәсіби ойлау дүниесін, іскерлік қабілеті мен білгірлігін қалыптастырудағы ықпалын анықтауды, қабілетіне сай үзбей білім беруді туындатады. Оқу-әдістемелік құралдар технологиялары да педагогикалық технологияны былайша сипаттай аламыз: ғылыми тұрғыда - білім бағдарламалары мен стандарттарына сай мазмұн, әдістеме және құралдар жасау, технологиялық (педагогикалық) процесті іске асыру бөлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет