Лекциялар Лекция №1 Заманауи педагогика адам жайлы



бет25/108
Дата25.11.2023
өлшемі0,79 Mb.
#126021
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   108
Байланысты:
downloadPdfUmkd

Лекция мәтіні:
Педагогикалық технология – практикада іске асатын, нақтылы педагогикалық жүйе, жоба деп анықтама береді Б.А.Беспалько. Педагогикалық жүйені, тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін, арнайы ұйымдастырылған мақсатты, бір -бірімен өзара байланыстағы әдіс- тәсілдер деп қарастырады.
Оқытудың технологиялары –дидакттиканың құрамдас процессуалды бөлігі.
Технология” түсінігі техникалық процеспен байланысты және сөздікке сүйенсек (гректің techne -өнер, біліктілік және logos – оқу ұғымдары), материалды өңдеудің тәсілдері мен құралдары туралы білімнің жиынтығы.
Ғылыми әдебиеттерде қазір технология түсінігіне мынадай анықтама беріледі: “Технология” – бұл қоғамдағы практикалық процесстердің техникамен реттеліп отыратын және материалдық дүниенің заңдылықтарымен анықталатын, техникалық құралдар мен объектінің өзара әрекеттесуінен туындайтын процесс” және “технология” термині үш түрлі аспектіні береді: технология-материалдық игіліктер өндірудің тікелей процесі; технология- технологиялық процесс; технология - осы процестің заңдары туралы ғылым.1
Ғылым мен техниканың дамуына қарай педагогиканың да мүмкіншіліктері артты, жаңа технологиялар пайда болы. Қоғамдағы талаптар мен әлеуметтік сұраныстар педагогикалық технологиялардың тууына себеп болды.
Алғаш рет “педагогикалық технология” 20 жылдары педология туралы және рефлексология туралы еңбектерде кездесті ( И.П.Павлов, В.М.Бехтерев, А.А. Ухтомский, С.Г.Шацкий).
40-50 жылдары оқыту процесінде техникалық құралдарды енгізе бастағанда, “білім технологиясы” термині пайда болды да, кейінірек әртүрлі техникалық оқыту құралдары, соның ішінде, кино, радио, бақылау құралдары енгізіле бастағаннан кейін “педагогикалық технология” түсінігіне ауысты.
60 жылдардың ортасында педагогикалық технологиялар түсінігі шет елдердің педагогикалық басылымдарында (АҚШ, Англия, Жапония, Франция, Италия, Венгрия) және халықаралық конференцияларда кең талқыға түсті де, екі бағытқа бөлінді. Бірінші бағытты жақтаушылар техникалық құралдармен баағдарламалап оқыту құралдарын пайдалану қажеттігін тұжырымдайды. Екінші бағыттағылар - оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін арттыру мен педагогикалық идеялардың техниканың ғарыштан дамуынан қалып қоюын жоюды шешуді алға тартты. Сонымен, бірінші бағыт “оқу процесіндегі техникалық құралдар”, екіншісі, кейінірек пайда болған “оқыту технологиясы” немесе “оқу процесінің технологиясы” деп аталады.
1950- 1960 жылдардағы бағдарламалап оқыту – оқытудың жаңа технологиясының фундамаенті болды. АҚШ –тың (1979 ж.) педагоикалық коммуникациялар және технологиялар ассоциациясында педагогикалық технологияға берілген анықтамада: “Педагогикалық технология” дегеніміз - білімнің барлық аспектілерін қамтитын және адамдар, идеялар,проблемеларды талдау мен жоспарлау, оларды шешуді бағалау мен басқару қызметін ұйымдастырудың құралдары мен тәсілдерінен тұратын кешенді, интегративтік процесс . Педагогикалық технология түсінігінің негізіне оқу процесін толық басқаратын, жоспарлайтын және оқыту циклының өнімділігінің идеясы жатыр .
Кейінгі кезде дәстүрлі оқу процесінің тиімділігін арттырудың бір шарты ретінде басқа салалардың технологиялық тәжірибелерін игеру жолға қойылған. Жаңа технологиялардың
білім кеңістігіндегі ассимиляциясы ақпараттық технологиялардың мысалымен байқалады. В.П.Беспалько “ ... технологиялау тек оқу процесін компьютермен қамтамасыздандыру ғана емес, компьютердің барлық мүмкіншілігін пайдаланудың шегіне жеткізетін жаңа сапа” дейді.2 Сонымен, технология маңызы жағынан рефлекске және арнайы материалдық -
техникалық құралдарға негізделген білімнің, мәдениеттің, қоршаған ортаның, ойдың жүйелі ұйымдастырылуының тәсілі .



Технологияны жаппай енгізу мынадай жағдайларға байланысты: білімнің мақсаты мен концепциясын құрумен: психологиялық, медициналық, эргономикалық, экологиялық жолдар мен критерийлерін анықтаумен, сонымен қатар дифференциалдық оқытудың тиімділігін бағалаумен; жаңа оқыту құралдары мен олардың негізінде оригиналды педагогикалық технологияларды құрумен; мемлекеттік білім бағдарламалары мен стандарттарына қарай технологияны икемдеу арқылы оқу процесін басқарумен байланысты. Педагогтар білім сферасына қажет емес технологияларды енгізудің қауіптілігін де байқауы керек.
“Білім технологиясы”, “педагогикалық технология”, “оқыту технологиясы” терминдері әртүрлі мағына береді.3 Оларды былайша шектеуге болады. Білім технологиялары иерархия бойынша бірінші тұрады, әр елдің білім жүйесін бейнелейді, яғни оқыту қызметінің жүйелі ұйымдастырылуының тәсілін көрсетеді, мемлекеттік бағдарламалар мен білім стандарттарында белгіленген білім қызметін жүйелі ұйымдастыру құрылымы мен формасының тәсілін және тұтас білім кеңістігінің жалпы даму стратегиясын бейнелейді. Білім технологиясының негізгі функциясы - болжамдық болып есептеледі. Негізгі қызметі - жобалау, себебі жоғары білікті мамандарды даярлауда жалпы мақсатты және нәтижелерді, негізгі кезеңдерді, білім - тәрбие процесінің тәсілдері мен ұйымдастыру формаларын жоспарлады. Білім технологияларының сипаттамасының критерийлік параметрлері білім дамуының концепцияларында келтіріледі.
Қазақстан ғалымдары Г.Н.Нұртаева, Қ. Қабдықайырұлы, Ж.А.Қараев педагогикалық технологияның оқытушының әрекетін жаңартатын технологиялық құрал және соңғы жоспарланған нәтиженің кепілдік беруі екенін айтады.
Педагогикалық технология енгізілген және дамыған оқу орындарында жүйесі мен оқу процестерін қайта жоспарлау, жаңа саламен дамыту іске аса бастайды. Ол оқу процесінің инновациялық технологиямен оқыту, оқу орнын әлемдік білім кеңістігіне шығуына мүмкіндік жасайды. Оның принциптік екі жағдайы ерекшеленеді:
. технология - көзделген нәтижеге жетудің кепілдігі;
. технология - болашақ оқу үрдісінің жобасы.
Педагогикалық технология – оқудың арнайы жиынтығы мен құрамдастар пішінін,
әдістемесін, әдісін, тәрбие құралдарын анықтайтын психологиялық - педагогикалық
белгілеуіштер жиынтығы, ал педагогикалық процестің ұйымдастыру - әдістемелік сайманы болып табылады” (Б.Т.Лихачев) деп анықтама беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет