Лекциялар Лекция №1 Заманауи педагогика адам жайлы



бет64/108
Дата25.11.2023
өлшемі0,79 Mb.
#126021
түріЛекция
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   108
Байланысты:
downloadPdfUmkd

Кіріспе сабақ - бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарымен өтетін бірінші сабақ.
Жаңа бөлімді меңгеру сабағы - жаңа оқу материалын өтетін сабақ.
Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
Жаттығу сабағы - оқушылардың білімі мен дағыдысын жаттықтыру сабағы.
Тәжірибелі сабақ - оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақ. Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау-қорыту
сабақтары.
Тексеру сабағы - оқушылардың білімін тексеретін сабақтар .
Білім сапасын бағалау сабағы - оқушылардың алған білімін бағалау сабақтары. Қорытынды сабақ - оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту.
Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс ұйымдастыру үшін маңызы ерекше. Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын құрудағы аса елеулі кезеңі болып табылады.
Сонымен, сабақ түрін жіктеу және құрылымын құру өзара байланысты болғанымен, әрқайсысының өзіне тән өзгешілігі болады.


3.Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың топтық, дербес, фронтальды формалары.
4.Сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары.
Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан -жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет