Лекциялар Лекция №1 Заманауи педагогика адам жайлы



бет65/108
Дата25.11.2023
өлшемі0,79 Mb.
#126021
түріЛекция
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   108
Байланысты:
downloadPdfUmkd

Панорамалық сабақ. Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты
өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады.
Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты сыныпта екі команда білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем талдау. Алдын ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай команданың жеңгені анықталады. Екі команданың капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Соңынан қорытынды шығарылады.
Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион тәртібін түсіндіру, зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады.
Көңілді тапқыштар клубы көбіне өткен материалдарды қайталау мақсатында өткізіледі.
Шығармашылық сабақ оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы, 10 минут ішінде 1-2 топтың оқушылары сол тақырып бойынша кроссворд құрса, 3-4 топтың оқушылары олардың жауабын айтады. Бір тақырыпқа қысқа шығарма, сценарий, көркем немесе мультфильм құрғызуға болады. Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды.
Оқушымен жеке жұмыс . Әр оқушыға тапсырма беріледі, оны басқа оқушылардың көмегінсіз өзі орындауға тиісті. Тапсырмалардың түрлері: ана тілінен , орыс және шетел тілдерінен жаттығулар жазу, есептер шығару, кабинетте тәжірибе жасау, тірі табиғат бұрышында, оқу-тәжірибе учаскесіндегі жұмыс, тау тастарын, минералдарды зерттеу, т.б . Тапсырмалар әрбір оқушының жеке ерекшеліктеріне сай беріледі, үлгерімдері төмендер білімдеріндегі кемшіліктерді жоюға, жақсы оқитын оқушылар білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алады.Мұғалім әрбір баланың жұмысын, әсіресе сабаққа ынтасы төмен балаларды бақылайды, керек болса көмек, ақыл-кеңес, жетекші сұрақ, қосымша жаттығу береді. Егер барлық оқушылар тапсырманы орындай алмаса, онда жеке жұмысты тоқтатып, бүкіл сыныпқа тапсырманы қайта түсіндіреді.Баспадан шыққан тапсырмалар, жұмыс дәптерлері өте пайдалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет