Лекциялар Лекция №1 Заманауи педагогика адам жайлы



бет39/108
Дата25.11.2023
өлшемі0,79 Mb.
#126021
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   108
Байланысты:
downloadPdfUmkd

Лекция №12


Лекция жоспары:
1.Отбасы тәрбиесінің қазіргі мәселелері
2.Ата-ананың педагогикалық мәдениеті. Ата-аналардың білім берудегі басқаруға қатысуы . 3.Педагогикалық қарым-қатынас
4.Қарым-қатынас - адамды тәрбиелеу құралы.


Лекция мәтіні:
1. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәселелері
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.
Отбасы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөніндегі мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені, бала тәрбиесінің отбасыда, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата – аналардың борышы. Өкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда. Оған дәлел: балалар мекемелері жөніндегі халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балаларды еңбек, спорт лагерьлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми – техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру. Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың ттіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу – әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Бала өмірін және іс – әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі – ұтымды ырғақ жасау. Күн ырғағы өмір тәртібі, еңбекпен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.
Күн ырғағын жасауда ата – ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс . Отбасыда күн ырғағының негізгі құрамды элементтері – еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет. Күн ырғағын сақтау негізінде мидың үлкен жарты шарының қабында шартты рефлекстер жүйесі (динамикалық стереотип) пайда болады. Мысалы, бала белгілі бір уақытта ұйықтауға үйренсе, оның ми қабында тежелу процесі басым болады да тез ұйқыға кіріседі. Сондықтан, ата – аналар белгілі бір уақытта
сабаққа дайындалуға, ұйықтауға, тұруға үйретулері, яғни, ырғақ элементтері берік орындалуы тиіс .
Отбасыда балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады. Оларға мына мәселелері жатады:
Отбасының этикалық құрамы және құрылымы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы. Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл – ауқаты, селодық және қалалық отбасы. Отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті,күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаттарын пайдалана білуі, спортпен айналысу, отбасылық дәстүрлік мерекелер . Ішкі отбасылық қатынастар микроклиматының сипаттамасы, үйелменде көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көз қарасы. Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы. Отбасының тәрбиелік потенциалы: отбасылық тәрбие, қолданылатын әдістер, ата – аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі.
Отбасының өзіне тән ерекше функциялары бар. Олар халықтың өсуі, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажетті шаруашылық функциясы, отбасы мүшелерінің өзара және туған – туысқандарымен қатынас жасау функциясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет