Лекциялар Лекция №1 Заманауи педагогика адам жайлы



бет40/108
Дата25.11.2023
өлшемі0,79 Mb.
#126021
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   108
Байланысты:
downloadPdfUmkd

2.Ата-ананың педагогикалық мәдениеті. Ата-аналардың білім берудегі басқаруға қатысуы.
Ата - аналардың педагогикалық мәдениеті деп олардың педагогикалық мақсатталуы
мен бағытының деңгейін атаймыз, бұлар келесі мәселелерді қамтиды:
 ата - аналардың тәрбиеші ретіндегі кемелденуі;
 олардың педагогика мен даму психологиясы саласындағы теориялық білім деңгейі;
 ата - аналардың тәрбиелік қызметтің алуан түріндегі меңгерген тәжірибелік дағдылары
мен білімі мен іскерлігінің сапасы және саны;
Ата - аналардың педагогикалық мәдениетінің деңгейі олардың әдемі сөйлеуінен емес, тәрбие үрдісіндегі нақты әрекеттерінен байқалуы қажет. Мысалы, достардың ортасында отырып денелік жазалау дұрыс еместігі туралы әңгіме қозғап, ал үйге келе сала "қызыңқырағандықтың" арқасында баласының күнделігіндегі күтпелі бестің орнына басқа баға көргені үшін таяқтың астына алатын жағдайларда кездеседі.
Ата - аналардың тәрбиелік қызметі көп қырлы болып келеді. Ғалымдар оны бес түрге бөліп қарастырады:
1) мақсат қоя білу қызметі;
2) ұйымдастырушылық қызметі;
3) коммуникативтілік кызметі;
4) сараптау - бағалау, болжаушылық.
Мақсатты тұжырымдау қызметі, бәрінен бұрын, ата -аналардың тәрбие мақсатын
анықтай білуімен, балаға әсер етудің түрлері мен үлгілерін таңдай білумен жүзеге асырылады. Ата - аналардың тәрбиелеу қызметі, жалпы айтқанда, бүгінгі күннің талап етуімен қойылған стратегиялық, жедел мақсаттарға бөлінетін педагогикалық міндеттерді үнемі шешу үрдісі болып табылады. Оған ата - аналардың өзінің тәрбиелеу қызметінің жоспарын құрастыру да кіреді.
Ата - аналардың ұйымдастырушылық қызметі отбасында әртүрлі педагогикалық үлгілер мен баланы тәрбиелеудің тиімді әдістерін пайдалану арқылы тәрбиелік қызметті ұйымдастырумен айқындалады.
Коммуникативтік қызмет ата - аналар және балалар, отбасының басқа мүшелері және қоршаған адамдар арасындағы үйлесімді қарым - қатынасты тағайындаумен, сыйластық пен өзара түсіністік ахуалының болуымен мазмұндалады.
Сараптау - бағалау қызметі ата-аналарға отбасылық тәрбие берудің моделін зерттеуге, балаға әсер етудің таңдаған үлгілері мен әдістердің дұрыстығын зерделеуге, отбасылық тәрбиедегі регрессивті беталыстарды түзетудің бағыттарын белгілеуге мүмкіндік береді.
Болжаушылық қызметі баланың тұлғасына тәрбиелік ықпал етудің ұзақ мерзімді жобаларын дайындауға, дамудың әртүрлі нұсқаларын болжауға мүмкіндік туғызады.
Әртүрлі ата - аналар, әрине, педагогикалық мәдениеттің әр деңгейінде болады. Ата - аналардың педагогикалық мәдениеті деп өздігінен баламен педагогикалық әрекеттесу білімі, біліктілігі мен дағдыларына негізделген отбасындағы тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға ата - аналардың дайындық дәрежесі (жоғары, орта және төмен), баланың жеке тұлғалық дамуын түсінуге және оны заманауи қоғамның мәдениеті мен дәстүрлеріне тартуға дайындығы саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет