Лекциялар Лекция №1 Заманауи педагогика адам жайлы



бет38/108
Дата25.11.2023
өлшемі0,79 Mb.
#126021
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   108
Байланысты:
downloadPdfUmkd

4.Отбасы мен педагогикалық ұжым жұмысындағы сынып жетекшісінің ролі.
Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай өзінің әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен, тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата-аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады. Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігін де шақыру мүмкіншілігі қарастырылады. Mұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің ерекшеліктері, мазмұны мен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарына қатысты мәселелермен ата-аналарды таныстырады.
Сынып жетекшісі бұл бағытта ата -аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағы мінез-құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүктейді. Қазіргі мектеп жағдайында ата -аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда. Бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктің болмауына сенімдерін орнықтырады. Дегенмен де педагогикалық және психологиялық зерттеулер нәтижесі ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады.
Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата -аналардың оған деген cұранысы күннен- күнге артуда. Осы орайда, әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата-аналар және
мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау. Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибесінде ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарына қатысты өзін ақтаған кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз .


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Педагогика. 2015. Әлқожаева. Н.С .
2.Педагогика. 2016. Дүйсенбаев. А.Қ.
3.Педагогика. 2014. Усманов.Ә.Ә. Сәрсенбаева.М.Б .
4.Дидактика. 2013. Әмірова.Ә.С .
5.Педагогиканың философиясы және әдіснамасы. 2016. Таубаева.Ш.Т .
6.Педагогика. 2015. Дүйсенбаев. А.Қ.
7.Педагогика. 2014. Каракулов. К.Н.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет