Лекциялар Лекция №1 Заманауи педагогика адам жайлы



бет5/108
Дата25.11.2023
өлшемі0,79 Mb.
#126021
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108
Байланысты:
downloadPdfUmkd

Бақылау әдісі. Алдымен бақылау объектілері бөлініп, бақылау арқылы түскен мәліметтерді хаттамаға жазуға болады. Күнделік, алдын -ала әзірленген кестелер қолданылады, оларға оқушылардың іс қимылдары, т.б. жазылады. Бақылау материалдары дәл жазылуы керек.
Ал педагогикалық процесс мүшелерінің іс -қимылдары туралы объективтік деректер беретін - оларды үнтаспаға жасырын түрде жазу, фотоға түсіру, киноға түсіру. Арнайы дайындықты талап ететіні - киноға түсіру. Материалдарды бірнеше рет еске түсіруге мүмкіндік беретін техникалық құралдар. Жасырын жазба кезінде зерттеуші әдеп сақтау керек. Сондықтан алыстан басқарылатын магнитофон қолданған жақсы. Бірақ қандай жағдайда да бақылау әдісі шектеулі мәлімет береді, сондықтан оны басқа әдістермен ұштастырған жақсы.
Сонымен, бақылау жүмысы зерттеу жүмысының тақырыбына сай жүргізіледі. Оның бағдарламасына объект, мақсаты, жоспары жазылады. Нәтижелері белгіленеді. Қорытынды пікірлердің дұрыстығына жету үшін басқа әдістерді де қолдану керек.
Эмоциялық алғырлығы, қайырымдылығы, тапқырлығы белгілі бір іске қабілеттілігі сияқты жеке қасиеттерінен көзге түскен оқушыларға бақылау жасау да мұғалімнің тәрбиелік ісіне қызықты материалдар береді.
Бақылаудың осы айтылған жақтары ешбір алдын ала белгіленген ережесіз, сол күйінде, оқиғаның болған кезіне қарай, жоғарыдағы екінші жазуда айтылғандай жазылуы тиіс . Күнделік дәптерге әрбір оқушы туралы жүйелі түрде жазып отыру керек.
Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтері әңгіме әдісі арқылы түскен деректермен толықтырылады. Оның арнайы жоспары болады. Әңгімелесу кезінде жеке адамдардың дербес ерекшеліктерін ескеруді керек етеді. Себебі, кейбір оқушылар мұғалім сұрағына жауап бермей, өзінше сақтанып ар жағындағы ойын айтпайды. Сондықтан әңгімелесуге мұғалім алдын ала дайындалу керек. Жауаптар дәптерге жазылады. Кейде оқушыға білдірмей магнитафонға жазуға болады. Әңгіме бақылау және экспериментпен ұштасса, нәтижелі болады.
Педагогикалық эксперимент - педагогика ғылымындағы негізгі әдіс .
Эксперимент - оқыту және тәрбиенің қандай да бір әдісін, тәсілін тәжірибе арқылы сынақтан өткізу. Педагогикалық эксперименттің негізгі міндеті - педагогикалық ықпал мен оның нәтижелері арасында байланыс орнату. Эксперимент өткізер алдында белгілі бір педагогикалық әдіс-тәсілдің тиімділігі туралы ғылыми гипотеза айтылады. Ғылымға сүйеніп жасалған, алдын-ала айтылған ой - гипотеза деп аталады.
Мақсатына қарай эксперимент анықтаушы, тексеруші, нақтыландырушы деп бөлінеді. Озат және көпшілік тәжірибені зерттеу процесінде жасалған гипотеза тексеріледі. Жасампаз, өзгертуші эксперимент арқылы жақсы жағдайлар жасалады. Зертханалық эксперимент жүргізу үшін бір немесе бірнеше оқушыны ұжымнан бөліп алу керек.
Педагогикалық эксперименттің ережелері: оқушылардың денсаулығы мен дамуына оңтайлы ықпал етіп, олардың жан дүниесіне, өміріне зиянын тигізбеу.
Соңғы уақытта эксперимент ашық түрде өтіп, оқушылар, студенттер ізденіске қатысуда . Олардың пікірлері, ақыл-ойлары, сезімі эксперимент арқылы тексерілетін әдіс - тәсілдің сапасы тиімділігі туралы құнды мәліметтер береді.
Педагогикалық эксперимент оқыту, білім, тәрбиенің тиімді әдіс -тәсілдерін, құралдарын анықтауға көмектеседі.
Мектеп құжаттарын зерттеуде кейбір күдікті жайттарды құжаттарға сүйеніп зерттеуге болады. Мұрағат мәліметтері, сынып журналдары, оқушы күнделіктері, сыныптың оқу-тәрбие жоспары, үйірме жұмыстарының жоспары мен есеп, үйірме мүшелерінің баяндамалары, педагогикалық кеңестің хаттамалары, мектептің жылдық есебі, мұғалімдердің озат тәжірибесі негізіндегі әдістемелік баяндамалар және тәрбие жұмыстарының тақырыптарына жазылған баяндамалар мен ғылыми мақалалар жатады. Педагогика тарихының мәселелерін мұрағат мәліметтеріне сүйеніп зерттейді. Оқу жұмысының жетістіктері мен кемшіліктерін ашып, тиісті қорытынды шығаруға мүмкіншілік береді.
Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасаған заттары зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Оқушылардың дербес қабілетін, оқуға және еңбекке көз қарасын, тәжірибелік даярлығын, мұғалімдердің де іс -әрекетін зерттеп анықтауға болады. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуінің жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын ұштастырып жүргізудің және осы сияқты дидактикалық мәселелерді қолданудың тиімді жолдарын іздестіреді.
Кибернетикалық және математикалық әдістерді педагогикалық зерттеулерге енгізу. Бұл әдістер әр түрлі педагогикалық құбылыстардың өзара сандық байланыстарын, олардың өлшемін, сапалық ерекшеліктерін айқындау үшін қолданылады. Бұл үшін әр түрлі көрсеткіштерді, мысалы, оқушының сабаққа қатысуын, алған бағаларын, мектепте таза, жинақты жүруін т.б белгілі уақыт ішінде қалай өзгеруін тіркеу, тәртіпке келтіру немесе реттендіру, яғни бөліп отыру жүйелі жүргізіледі.
Педагогикалық зерттеулерде математикалық әдістерді қолдану эксиперименттік зерттеулердің сандық деректеріне статистикалық өңдеу жасау үшін қажет.
Педагогикалық процестерді үлгілеу. Үлгілеу педагогикада кибернетикалық идеялар мен әдістерді пайдаланумен байланысты, олар негізінен алғанда қарапайым деңгейде, яғни озат тәжірибені қорытуға, қарапайым материалды жинап сипаттауға және алғаш рет өңдеп, жүйеге келтіруге педагогикалық зерттеу дәрежесін көтеруге көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет