4.Мұғалімніңзерттеушілікіс-әрекетініңәдістері. Ғылыми-қолданбалы білімдер жүйесі мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру алдыңғы қатарлы озат педагогикалық іс-тәжірибені зерттеу, үйрену, тарату және пайдалану, мектеп практикасына педагогика ғылымының жаңалықтарын ендіру, педагогика ғылымы мен практикасының өзара байланысын орнату, сондай -ақ, мектептің оқу-тәрбие үрдісіне мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында білім беру саласындағы педагогикалық шығармашылық пен жаңашылдықты енгізу, инновациялық педагогикалык технологиялардың қыры мен сырын меңгеруді үйрету болып табылады. Бұлардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып кетейік.
1)Мектептегіғылыми-әдістемелікжұмыс-мұгалімніңзерттеушілікмәдениетін қалыптастырудыңалғышарты. Әдістемелік жұмыс мұғалімнің өзін -өзі дамыту барысында өзінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға педагогикалық әсерінің қажетті мүмкіндігін қалыптастыратын іс-әрекеттерінің өзара байланысқан әдіс-тәсілдерінің нақты жиынтығын кұрайды. Әдістемелік жұмыс жүйесінің төмендегідей элементтер жиынтығын ашып көрсетуге болады: мақсат, ұйымдастыру принципі, мазмұны, формасы, әдстері және нәтижесі. Автор әдістемелік жұмыстың мақсаты мұғалімді педагогикалық шығармашылыққа жеткізетін білім, білік, дағды мен зерттеу мәдениетінің, рухани мәдениеттің бірін -бірі толықтыруы ретінде анықтайды.
Ғылыми-әдістемелік жұмыс өзара бір-бірімен тығыз байланысқан 2 бөліктен тұрады:
-оқу-әдістемелікжұмыс-педагоггарды оқу жоспары мен бағдарламасын құруға бағыттап, оқушыларды үздіксіз жалпы білім беруге даярлау идеясын жүзеге асырады, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын қамтамасыз етеді;
-ғылыми-зерттеушілікжұмыс- оқушылардың оқу материалын меңгеру механизмдері мен заңдылықтарын айқындауға, педагогикалық ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен техникасын меңгеруге көмектеседі, білім беру мазмұнының жаңаруына байланысты жаңа әдіс -тәсілдерді, технологияларды меңгеру, оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау критерийлерін анықтау жолдарын үйретеді.