3.Оқытудыңпсихологиялықнегіздері. Оқу - оқыту процесіндегі оқушылардың іс - әрекеті. Оқыту процесінің логикасы және құрылымын анықтайды, ал құрылымына оқыту процесінің таным іс-әрекетінің кезеңдері кіреді.
1. Танымміндеттерінжететүсіну. Таным міндеті түсінікті болса, оны оқушылар өз бетімен ізденіп шешуге тырысады, оқыту процесінің әрбір кезеңдеріне жеке -жеке дайындалады.
2. Жаңаматериалдықабылдау. Оқушыларды жаңа материалдармен таныстыру, бақылау, эксперимент, практикалық жұмыстар процесінде тікелей қабылдау арқылы және жанама түрде мұғалімнің сөзі, эвристикалық әңгіме, оқулық арқылы іске асырылады.
3. Ұғыну-жаңаоқуматериалдарынтүсініп,жинақтаупроцесі. Ұғыну - бұл сапалы түрде ғылыми білуі, заңдылықтарды тану, ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал терең ойластырылады, дәлелденеді және бекітіледі.
4. Білімді,іскерліктіжәнедағдыны бекіту және жетілдіру. Бекіту бұл оқушылардың білімді берік ұғуының тиімді тәсілі .
5. Білімді,іскерлікті,дағдыныпрактикадақолданабілу. Білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдану оқушылардың өзіндік қасиеттерін дамытады. Оқушылардың өз бетімен дамуына лабораториялық жұмыстар, практикалық және семинар сабақтары, үйрету машиналары, ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары мүмкіндік туғызады.
6. Оқушылардыңжетістіктерінталдау,білімін,іскерлігінжәнедағдысынтексеру,бағалау- бұл оқытудың кері байланыс процесі. Оқушылардың барлық жетістіктерін - білім сапасын, пайымдау сауаттылығын, жалпы ой -өрісінің даму дәрежесін ескеріп, талдау жасау қажет. Осының негізінде білім мазмұны анықталады, әділ баға қойылады.
Оқыту процесіндегі танымдық әрекеттің логикалық бірізділігі мынадай:
1) Нақтыаңғару - түйсік және қабылдау;
2) Абстрактыойлау - ұғыну, мәнін түсіну;
3) Практика- бекіту, білімді, іскерлікті, дағдыны практикада қолдану, оқу процесінің компонеттерін тексеру, бағалау.