Лекциялардың тезістері шымкент 2022 ж. Ф 08-19 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет12/43
Дата28.11.2022
өлшемі5,45 Mb.
#53170
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43
Құзыреттілік тәсілдеме
Құзыреттілік тәсілдеме оқудың белгілі бір кезеңінің аяқталуына байланысты күтілетін нәтижелерге оқушылардың сәйкестік дәрежелерін анықтауға бағалаудың бағдарлануын қажет етеді. Күтілетін нәтижелер білім беру стандарттары аясындағы оқу бағдарламаларын меңгеру қорытындысы бойынша қалыптасуға тиісті білімде, білікте, дағдыда, қабілеттілікте және оқушылардың тәжірибесінде көрінеді. ЭЫДҰ баяндамасында құзыреттің үш категориясын атап көрсетеді:
- құралдарды интерактивті қолдану: сөйлеу, символдар мен мәтін, білім мен ақпарат; технологиялар.
- әркелкі топтардың өзара әрекеттері: басқалармен жақсы қарым- қатынаста бола білу қабілеті, командада жұмыс жасау мен ынтамақтасу, келеңсіздіктерді басқару және шешу.
- өз бетінше әрекет ету: барынша кең ауқымдағы көріністі көре білу және әрекет ету қабілеті, өмірлік жоспарлар мен жеке жобаларды қалыптастыру, жүзеге асыру, құқықты, қызығушылықты, нормаларды және қажеттіліктерді қорғау, сақтап қалу.
Білім берудегі құзыреттілік тәсілдеме адамды өмірде қажетті құзыреттерді алу арқылы социумда қызмет етуге, әрекет етуге дайындау қажеттілігін анықтайды. Құзыреттілік тәсілдеме нәтижелерін ұсыну деңгейінің бірі функционалдық сауаттылық болып табылады. Функционалдық сауаттылықтың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анықталған. Функционалдық сауаттылықтың мақсаттарының бірі тез өзгеретін әлемде білім алудағы қажеттіліктерді қанағаттандыратын, әлеуметтік бейімделу мен жетістікті қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі азаматтардың зияткерлік, рухани және дене дамуын қалыптастыру болып табылады.
Оқу мақсаттарының таксономиясы
Оқу мақсаттары оқушылардың ілгерілеуін көрсету үшін тиімді пайдаланылуына болады. Критериалды бағалау жүйесінде оқу мақсаттары ерекше маңызды, өйткені олар критерийлерді түсінікті анық және жеңіл формада құрастыруға мүмкіндік береді. Әр оқу бағдарламасында оқу мақсаттары оқушылардың пәнді меңгеруде дамытуы қажет білім мен дағдыларын анықтайды. Осы дамытуды бақылау және күтілетін нәтижелерді анықтау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында Б.Блумның таксономиясы қолданылады. Б.Блум таксономиясы оқу бағдарламаларында негізгі бағыт болып табылады. Оқу мақсаттарының таксономиясы [Bloom, 1956] ойлау дағдыларының алты деңгейін болжайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет