Лекцияларының жиынтығЫ 2 Сапаров Қуандық Əбенұлы (оқу құралы) Алматы 2004 бет



Pdf көрінісі
бет14/36
Дата10.02.2023
өлшемі1,13 Mb.
#66804
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
 
КЛЕТКАЛАРДЫҢ КӨБЕЮ ЖОЛДАРЫ 
Клеткалар санының көбеюі негізінен клетканың бөлінуінен 
басталады. Клетка бөлінер алдында хромосома жəне ДНК 


45
редупликациясы жүреді. Бұл қүбылыс прокариот жəне эукариот 
клеткаларына ұқсас. Клетканың екі бөліну аралығын клетка 
циклі деп атайды. Бұл аралық əр клеткада əр түрлі жүреді. 
Мысалы, 
бактерия 
клеткаларында 20—30 мин. 
Қарапайымдыларда бұл уақыт ұзақтау. Инфузория бір тəулікте
1-2 рет, амеба 1,5 тəулікте бір рет қана бөлінеді. Сонымен 
клетка циклінің ұзақтығы клеткалардың түріне жəне оны 
қоршаған ортасына, əсіресе, температураға байланысты. 
Көп клеткалы организмдер клеткаларының бөліну 
қабілеттілігі əр түрлі болып келеді. Жас эмбриональ 
организмнің клеткалары жылдам бөлінсе, есейген организм бұл 
қабілеттілігін жоғалтады. Адам организмінің барлық клеткалары 
бірдей бөлінбейді. Организмді жаңартып отыратын клеткалар 
(дəнекер ұлпаның клеткалары, қан, эпителии, жілік майының 
клеткалары, көк бауыр) тез бөлініп, өлген клеткалардың орнын 
басып отырады. Нерв клеткалары бөлінбейді. Клетканың өмір 
сүру ережесін түсінуде клетка циклін тереңірек білген абзал. 
Клетка циклі негізінен төрт бөлімнен тұрады: негізгі митоз (М), 
пресинтетикалық (G1), синтетикалық (S) жəне 
постсинтетикалық (G2)*G1, S, G2 бөлімдері — интерфаза кезеңі 
немесе клетканың бөлінуге дайындық кезеңі болып саналады. 
Пресинтетикалық (G1) кезеңде — клетка өседі жəне ДНҚ 
синтезіне дайындық жүреді. Клетка өскеннен кейін ғана бөліну 
процесі басталады. G1 кезеңінде ферменттер, РНҚ жəне белок 
синтезделеді. S — кезеңінде РНҚ синтезі күшеюіне байланысты 
ДНҚ-ның мөлшері көбейеді, ал G2— кезеңінде ДНҚ-ның көбею 
мөлшері өзінің деңгейіне жетеді. G2— кезеңінің аяк кезінде 
хромосомның тығыздалуына байланысты РНҚ синтезі азаяды 
да, ал митоз кезінде толық тоқталады. 


46
Көбею тірі организмдерге тəн қасиет. Прокариот 
клеткалары күрделі аппарат құрмай-ақ қақ бөлінеді. Мұндай 
жағдайда ДНҚ молекуласы жас клеткаларға шамамен тең 
беріледі. Эукариот организмдері -митоз, амитоз жолдары 
арқылы көбейеді. 
Клеткалардың митоз жолымен бөлінуі. Митоз 4 фазаға 
бөлінеді: профаза, метафаза, анафаза, телофаза. Осы фазалардың 
ұзақтығы əр клеткада əр түрлі жүреді. 
Профаза. Интерфазаның G2 кезеңінен кейін профаза 


47
басталады. Профазаның бастапқы бөлімінде жіңішке жіпше 
тəрізді 
хромосомалар 
пайда 
болып, 
олар 
бірте-бірте 
тығыздалып, жуандап барып қысқарады. Бұл процесте 
хромосомалар спиральданып ширатыла бастайды. Профазаның 
орта бөлімінде əрбір хромосома шиыршықталған екі жіпшеден 
— хроматидтен тұрады. Хромосомалдардың тығыздалуына 
байланысты ядрошық жойылады. Сонымен қатар ядро қабаты 
жəне ядро порлары бұзылып, ұсақ фрагменттерге бөлінеді. 
Цитоплазмадағы түйіршікті эндоплазмалық тордың ыдырауына 
орай белок синтезі төмендейді. Профаза кезінде центрольдар 
полюстерге қарай тартылады. Екі полюстердегі центрольдердің 
аралығында жіңішке ұршық жіпшелері түзіледі. Кейбір жоғары 
сатыдағы өсімдіктер жəне қарапайымдыларда ұршық жіпшелері 
центрольдерсіз пайда болады. Профазаның аяқ жағында 
кариоплазма мен цитоплазма араласып кетеді. 
Метафаза митоздың 1/3 бөлімін алады. Хромосомалар 
ұршық жіпшелерінің экваторына. 
Экваторға жеткеннен кейін хромосомалар бір жазықтыққа 
орналасып, оның əрқайсысына ұршық жіпшелері жабысады. 
Хромосомалардың экватор бөліміне орналасуын метафаза 
пластинкасы деп атайды. Өсімдік клеткаларында метафаза 
кезінде хромосомалар экваторда ретсіз орналасады. 
Анафаза митоздың ең қысқа кезеңі болғандықтан, клеткада 
көп өзгерістер жүреді. Анафазада əрбір хромосоманың 
хроматидтері клетканың полюстеріне ажырай бастайды. 
Хромосомалардың полюске жылжуы біркелкі, жылдамдығы 0,2 
— 5 мкм/мин. Сонымен анафазаның ерекшелігі ұқсас 
хромосомалардың клетканың əр полюсіне ажырауы болып 
саналады. Хромосомалардың полюске жылжуына центромер 
бөлімі мен кинетохор ықпал етеді. Хромосомалар жылжыған 
кезде V — тəрізді иілген ұршық жіпшелер керіп тұрған 
центромерлермен бірге алға жылжиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет