Лекцияларының жиынтығЫ 2 Сапаров Қуандық Əбенұлы (оқу құралы) Алматы 2004 бет



Pdf көрінісі
бет2/36
Дата10.02.2023
өлшемі1,13 Mb.
#66804
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


4
ЦИТОЛОГИЯ ІЛІМІ ЖƏНЕ КЛЕТКА ТЕОРИЯСЫ 
ТУРАЛЫ ҰҒЫМ 
Цитология клеткалардың құрылысын, атқаратын қызметін, 
дамуын зерттейтіи ілім. Грекше kytos — клетка, logos— ілім 
деген мағынаны білдіреді. 
Цитологияның биология ілімінен өзінің іргесін бөлгеніне 
небары жүз жылдай ғана уақыт өтті. Осы аралықта ол жедел 
қарқынмен 
дамып, 
жазбаша 
морфологиялық 
ілімнен 
экспериментальды ілімге айналды. Сөйтіп цитология бүгінгі 
таңда клетканың құрылысын ғана емес, ондағы күрделі 
физиологиялық процестерді де зерттейтін ауқымды ғылым 
саласының біріне айналып отыр. 
Морфология ілімінен өрбіген цитология анатомия, 
гистология, физиология, эмбриология, генетика, биохимия т. б. 
ілімдерімен тығыз байланыса келіп, клетка физиологиясы, 
цитохимия, 
цитогенетика, 
цитоэкология, 
салыстырмалы 
цитология сияқты өзінің төл тармақтарын туындатты. 
Цитология да биохимия, биофизика, генетика жəне 
молекулалық биология салаларындай ғылыми əдістемелік 
тəсілдерге жүгінеді. Осы тəсілдер арқылы ол соңғы жылдары 
клетканы жан-жақты зерттеуде нəтижелі жетістіктерге жетті. 
XIX ғасырдың басында жүргізілген микроскопиялық 
зерттеулер 
жануарлар 
мен 
өсімдіктер 
организмдерінің 
клеткадан құрылатынын дəлелдеп қана қоймады, органикалық 
дүниенің даму заңдылықтарын ашып берді. Я. Э. Пуркине жəне 
И. П. Мюллер ұйымдастырған ғылыми мектептер өмірге клетка 
теориясы 
жөнінде 
көп жаңалықтарды 
əкелді. 
Жалаң 
физиологиямен жəне фармакологиямен айналысқан Пуркине 
енді өзінің ғылыми бағыт-бағдарын өсімдіктер мен жануарлар 
клеткаларын зерттеуге қарай.бұрды. 
Клетка теориясы ашылғанға дейін биология саласында 
оптикалық құралдармен жабдықтау, оны жетілдіру сияқты 
күрделі жұмыстар жүргізілді. Сөйтіп өсімдіктер мен 
жануарларды зерттеуде алғашқы мағлұматтар алына бастады. 
1665 жылы Роберт Гук тұңғыш рет үлкейтіп көрсететін 
шынының көмегімен тозағашының құрылысын зерттеп, оның 
«клеткадан» тұратынын анықтады. Кейін өсімдіктердің өсіп 


5
дамуын бақылай келе М. Мальпиги (1671), II. Грю (1671) бұл 
жаңалықтарды толық. дəлелдеді. 
А. Левенгук (1680) бірінші рет қан құрамында 
эритроциттердің барын анықтаса, Фантана (1781) жануарлар 
клеткаларындағы небір құпияларды ашты. Осыдан кейін 
өсімдіктер мен жануарлардың клеткаларының құрылыстары 
белгілі бола бастады. Қлетканың құрамындағы негізгі элемент 
— протоплазма (Пуркине 1830) мен ядро (Браун 1833) 
табылды. Осы мағлұматтарды негізге алып əрі əр түрлі 
ұлпалардың құрылысын, дамуын жанжақты зерттеп, соңынан 
нəтижелі қорытындыларын саралай отырып, 1838—1839 
жылдары Т. Шванн өзінің атақты клетка теориясын жазды. 
Бұл жаңалық табиғаттану ғылымдарында бұрын-соңды 
болмаған ұлы жетістіктердің бірі еді.
Т. 
ІІІванның
тұжырымы бойынша клетканың пайда болуы өсімдіктерге де 
жануарларға да қатысы бірдей заңдылыққа бағынады.
Ғалымның ой елегінен өткізілген осы қағида органикалық
дүниенің даму заңдылығын тағы да бір қырынан көрсетті. 
Ф. Энгельстің клетка теориясын XIX ғасырдағы ұлы 
жаңалықтардьң бірі деп атауына да осы негіз болса керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет