Лекцияларының жиынтығЫ 2 Сапаров Қуандық Əбенұлы (оқу құралы) Алматы 2004 бет



Pdf көрінісі
бет11/36
Дата10.02.2023
өлшемі1,13 Mb.
#66804
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
 
Пластидтер
Пластидтер - өсімдіктер клеткаларында (саңырауқұлақтар 
мен кейбір балдырларда болмайды) кездесетін органоид. 
Пластидтерді пигменттерінің құрамына қарай хлоропластар
хромопластар, лейкопластар деп үш түрге бөледі. (14-сурет). 


35
Олар бір түрден екінші түрге ауысып отырады. 
Хлоропластар өзінің бойындағы хлорофилл пигменттері арқылы 
Күн сəулесінің жарық энергиясы арқылы бейорганикалық 
заттардан органикалық заттар синтездейді. Бұл процесті 
фотосинтез деп атайды. Фотосинтез реакциясын былайша 
көрсетуге болады: 
СО2+6Н2О=С6Н12О6+6О2 
Хлоропластардың 
құрылысы 
митохондриялардың 
құрылысына ұқсас болғанымен де көптеген ерекшеліктері де 
бар. Хлоропластардың пішіні көбіне сопақша болып келеді, 
оның ұзындығы 5—10 мкм, ені 2—4 мкм. Хлоропластардың 
саны əр өсімдікте əр түрлі, жоғары сатыдағы өсімдіктерде 10—
30 шамасында. Хлоропластарды ішкі жəне сыртқы мембраналар 
қоршап жатады, олардың, қалыңдьғы 7 нм. Хлоропластардың 
ішіне орналасқан стромалардың ламеллаларын құрайтын жəне 
тилакоидтардың құрамына кіретін мембраналарды байқауға 
болады


36
(15-сурет). 
Строманың 
ламеллаларын 
құрайтын 
мембраналар жалпақ қапшықтар тəрізді: олар хлоропластардың 
ішкі мембранасымен тығыз байланысып, бір-біріне параллель 
орналасады. 
Жалпак, жабық мембраналы қапшықтар — тилакоидтер 
бірінің үстіне бірі орналасып, граналар түзеді. Бір гранада 50-ге 
дейін тилакоидтер бар. Хлоропластың барлық граналары өзара 
мембраналар аркылы байланысқан. Хлорофилл осы граналарда 
шоғырланғандықтан, мұнда фотосинтез процесі жүреді. 
Хлоропластардың матриксында нуклеин қышқылдары 
(ДНҚ, РНҚ) жəне рибосомалар орналасады. Хлоропластардың 
рибосомалары белок синтезін жүзеге асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет