Лекцияларының жиынтығЫ 2 Сапаров Қуандық Əбенұлы (оқу құралы) Алматы 2004 бет



Pdf көрінісі
бет16/36
Дата10.02.2023
өлшемі1,13 Mb.
#66804
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
 
Гистология-ұлпа туралы ілім 
Гистология деген сөз гректің гистос (ұлпа) жəне логос 
(ілім, ғылым) деген сөздерін білдіреді.
Ұлпа дегеніміз не? Тарихи жағынан қарайтын болсақ, бұл 
ұғымды ең бірінші француз ғалымы Биша Анатом (1771-
1802жж) енгізді.Ол ағзадағы ұлпалар туралы кітап жазды. 
Роберт Гук биолог микроскоп жасады.1665 жылы 
микроскоптың көмегімен тозағашының (пробка) құрылысын 
зерттеп, оның «клеткадан» тұратынын анықтады. Көп 
кітаптарда осы клетканы «жасушалар» деп атап жүр 
Жануарлар жəне өсімдіктер клеткадан тұрады деген 
көптеген мағлұматтарға сүйеніп 1939жылы Шлейден мен 
Шванн атақты клетка теориясын ашты. 
Гистология бөлімін өтерде, ең алдымен ұлпаға ұғым беріп 
өткен жөн. Ұлпа дегеніміз не? 
Ұлпа дегеніміз жалпы атқаратын қызметіне, құрылысына 
кей жағдайда шығу тегіне ұқсас клетка жəне клетка аралық 
заттардың жиынтығы. 
Белгілі бір ұлпаны қарағанда оның жалпы белгілерін 
дəлелдеп сол белгілері осы ұлпалардың түрлеріне тəн екендігін 
ұғып, басқа да ұлпалардан айырмашылығын білген жөн. 
Эпителий ұлпасы 
Эпителий ұлпасы (epithelium), дененің сыртқы бетін, қуыс 
органдардың ішкі бетін (ішектің, асқазанның, қуықтың) жəне 


51
организмнің секрет бездерін алып жатады. 
Эпителий-шекаралық ұлпа, өйткені ол ішкі ортамен сыртқы 
ортаның аралығында жатады. Эпителий арқылы организм мен 
сыртқы ортаның арасында зат алмасу жүреді. 
Ішек эпителийі арқылы қоректік заттар, белок, майлар, 
углеводтар қан мен лимфаға беріледі, олар арқылы организмге 
таралады, қоректік заттар энергия көзі болып табылады. Көп 
уақытта организмнен сыртқы ортаға əртүрлі продуктылар 
(заттар) сыртқа шығарылып отырады. Мысалы: көміртегі-
өкпеден сыртқа шығады, несеп, несепқышқылы бүйрек арқылы 
сыртқа шығады. Эпителий шекарада тұрғандықтан қорғаныш 
қызметін атқарады. Ол организмді химиялық, механикалық 
жəне басқа да əрекеттерден сақтап тұрады, микроб, улы 
заттарды өткізбейді. 
Секрет шығаратын бездердің эпителий ұлпасы маңызды 
қызмет атқарады, өйткені олар секрет шығарып отырады, ол 
секрет бүкіл организмдегі зат алмасу процесінің дұрыс жүруін 
қамтамасыз етеді. Мысалға, асқазан бөлетін сөл оны химиялық 
жəне механикалық өзгерістерден сақтайды, ішек эпителиі 
шығаратын фермент ас қорту процесінде үлкен роль атқарады. 
Қалқан безі(щитовидная железа) шағаратын гормон жалпы 
организмдегі алмасу процесін реттейді. 
Шығу тегі жəне атқаратын қызметіне байланысты 
эпителийдің құрылысы əртүрлі болады, бірақ та эпителий 
ұлпасының басқа ұлпадан ерекшелігі болады. Бұл ерекшелігі 
оның шекаралық жағдайына жəне атқаратын қызметіне 
байланысты. Эпителий ұлпасы клетка пластысын құрайды. 
Эпителий базальды мембранада жатады, оның астында 
борпылдақ дəнекер ұлпасы жатады. Оларда қан тамырлары 
болмайды, ал қоректік затты базальды мембрана арқылы алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет