Лекцияларының жиынтығЫ 2 Сапаров Қуандық Əбенұлы (оқу құралы) Алматы 2004 бет



Pdf көрінісі
бет5/36
Дата10.02.2023
өлшемі1,13 Mb.
#66804
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Гисто-Цито.книга

 
 
Авторадиография. 
Бұл əдіс клеткадағы зат алмасу процесін зерттеуде 
қолданылады. Ол үшін фосфор- (Р32),көміртегі (С14), сутегі 
II'3) радиоактивті элементтер немесе олардың қосындылары 
пайдаланады. 
Клеткаларды толық жəне жан-жақты зерттеуде басқа да 
əдістер қолданылады: ұлпалар мен клеткаларды өсіру, 
микрохирургия т. б. 
 
ЦИТОПЛАЗМА 
Тірі организмдердің құрамына кіретін клеткаларды екі 
топқа бөлуге болады: ядро қабаты болмайтыны прокариоттар 


8
оларға көк жасыл балдырлар жəне бактериялар жатады
(1-
сурет), ядро қабаты жақсы жетілгені эукариоттар, бұған 
өсімдіктер мен жануарлар клеткалары жатады (2-сурет). 
Эукариотты клеткалар үш бөлімнен тұрады: сыртын 
қоршап жатқан плазматикалық мембранадан, цитоплазмадан 
жəне ядродан (3-сурет). 
1-сурет. Прокариот клеткаларының қиыстырылған үлгісі: 1 
— клетка қабығы, 2 — плазматикалық мембрана, 3— нуклеоид 
аймағындағы ДНК, 4 — цитоплазманың полирибосомалары, 5 
— мезосома, 6 — ламеллалар құрылымдар, 7— плазматикалық 
мембрананын, клетканың ішкі жағына ығысуы, 8 — 
хроматофоры, 9 — клетка қосындыларының вакуольдері, 10 — 
талшықтар, 11— қатпарлы тилакоидтар. 
Прокариоттар мен өсімдік клеткаларының плазматикалық 
мембраналарының сыртында клетка қабаты болады, ал 
жануарлар клеткаларында мұндай қабат болмайды. Клетканың 


9
ядросын қоршап жатқан қоймалжың затты цитоплазма деп 
атайды Эукариотты клеткалар цитоплазмасының əртектілігі 
оның құрамында гиалоплазманың болуынан. Гиалоплазма 
мембраналы жəне мембранасыз компоненттерден тұрады. 
Мембраналы компоненттерге митохондриялар, пластидтер, 
эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, лизосомалар, ал 
мембранасыз 
компоненттерге 
центрольдар, 
рибосомдар, 
микротүтікшелер, микрофиламенттер жатады. Цитоплазманың 
кұрамындағы жоғарыда аталған компоненттер бір-бірімен өте 
тығыз байланыста болады. 
Клетканың зат алмасу процесінде гиалоплазма үлкен рөл 
атқарады. Цитоплазманың негізгі матриксы (негізгі плазмасы) 
болып саналатын гиалоплазма — клетканын өте маңызды 
бөлімі. Электронды микроскоптан қарағанда цитоплазманың 
кұрамында гомогенді жұқа түйіршікті денелердің, бары 
байқалады. Цитоплазманың физикалық жəне химиялық 
ерекшеліктеріне келетін болсақ, ол
2-сурет. Эукариот клеткаларының қиыстырылған үлгісі: 
а — жануар клеткасы, б— өсімдік клеткасы; 1— 
хроматыны жəне ядрошығы бар ядро, 2 — плазматика 
мембранасы, 3 — клетка қабығы, 4 — ІІлазмодеома, 5 — кедір-
бұдырлы эндоплазмалық тор, 6 — тегіс эндоплазмалық тор, 7 — 
пиноцитоз вакуолі, 8 — Гольджи аппараты, 9 — лизосом, 10 — 


10
тегіс 
эндоплазмалық 
тордағы 
май 
тамшылары, 11— 
центрольдер, микротүтікшелер жоие центросфералар, 12 — 
митохондрия, 13 — гиалоплазманың полирибосомдары, 14 -- 
орталық вакуоль, 15 — хлоропласт. 
Негізінде кұрамында белоктар, нуклеин қышқылдары, 
көмірсулар болатын күрделі қоймалжың заттардан тұрады. Бұл 
жүйе сұйық күйден қатты күйге немесе керісінше ауысып 
отырады. Бұл жағдай көбіне сыртқы əсерлермен байланысты. 
Егерде клеткаға жоғарғы гидростатикалық қысыммен əсер 
ететін болсақ, цитоплазма қатаймай сұйыла бастайды. Бұл 
құбылыс 
молекулалардың 
арасындағы 
байланыстардың 
нашарлауынан туады. Физика-химиялық жəне электронды-
микроскопиялық əдістерді қолдана отырып зерттеулердің 
арқасында негізгі плазма деген түсінік пайда болды. Бұл көп 
компонентті цитоплазманың жұмысын реттеп, үйлестіріп 
тұратын жүйе болып саналады.
Атқаратын қызметтеріне карай цитоплазманың əрбір 
бөлімдері өздерінің агрегатты күйін өзгертіп отырады. Мысалы, 
кейбір жағдайларда тубулин-белоктарының молекулалары 
цитоплазмада шашырап, ал белгілі бір мезгілде жинақталып, 
микротүтікшелер 
түзеді. 
Микротүтікшелердің 
өздігінен 
жиналуы— қайтымды процесс. Егер де клетканың өмір сүру 
жағдайын өзгертсек (қысымды көбейтсек немесе клетка 
мембранасының өзгергіштігін өзгертсек), онда микротүтікшелер 
тубулин молекулаларына дейін ыдырап кетеді. .Сонымен 
гиалоплазмада белок молекулаларының кешені пайда болып 
жəне ыдырап отырады.


11
3-сурет. Клетканың жалпы құрылысының үлгісі. (Ж.-Х. 
Ролан, А. Селоши, Д. Селоши бойынша). 
Егер клетка гомогенатынан оның ядроларын, мембранадан 
тұратын органоидтарын, рибосомдарын тұндырып алып, қалған 
сұйықтықты (цитозоль) тексерсек, онда оның күрамында 
гиалоплазманың негізгі химиялық құрамын табуға болады. 
Гиалоплазманың құрамында белоктар, цитоплазмалық 
ферменттер көрінеді. Эукариотты клеткалардағы белоктың 
20—25%-і осы гиалоплазманың кұрамында бар. Бактерия 
клеткасының гиалоплазмасы барлық белоктардың 50%-тін 
қамтиды. Гиалоплазма матриксында гликолиз ферменттері,
қант метаболизміне қатысатын ферменттер, азот негіздері,
аминкышқылдары, майлар жəне т б. күрделі қосылыстар бар. 
Матрикс 
кұрамында 
белок 
синтездеу 
барысында
аминқышқылдарын күшейтетін ферменттер де баршылық. 
Гиалоплазма — клетканың барлық құрамдарын біріктіріп
тұратын жəне бір-бірімен химиялық қатынасын камтамасыз 


12
ететін 
орта. 
Гиалоплазма 
арқылы 
клетка 
ішіндегі 
аминқышқылдары, 
нуклеотидтер: (қанттар, 
майларды 
тасымалдау) процесі жүреді. Гиалоплазма АТФ молекулалары
жинақталатын орын. Мұнда гликоген. май тамшылары сияқты 
қоректік заттар жиналады. 
Соңғы жылдары меговольтты электронды микроскоптың 
көмегімен К. Р. Портер клетканың гиалоплазмасынан 
микротрабекулярлық тор тапты. Осы тордың негізінде
цитоплазманың ішкі (2-нм) талшықтардан түратынын
байқаған. Трабекуля жүйесі — гиалоплазмадағы бүкіл жүқа 
түтікшелерді, жіпшелерді, мембраналы органеллаларды жəне 
плазматикалық мембрананы біріктіріп тұратын тор. Трабекуля- 
тордың түйісетін не косылатын нүктелеріне рибосомдар I 
(полисомдар) орналасады. Сонымен трабекуля жүйесі 
гиалоплазманы белоктарға бай полимерлі фазаға жəне 
трабекулялар арасындағы сүйықтық фазаға бөледі. Трабекуля 
жүйесі клетканың ішкі тірегі болумен катар, цитоплазмадағы 
ферменттердің орналасуын реттеп отырады. Трабекуля жүйесі 
— козғалмалы жүйе. Ол сырттан келген əсерлердің салдарынан 
ыдырап та кете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет