5
дамуын бақылай келе М. Мальпиги (1671), II. Грю (1671) бұл
жаңалықтарды толық. дəлелдеді.
А. Левенгук (1680) бірінші рет қан құрамында
эритроциттердің барын анықтаса, Фантана (1781) жануарлар
клеткаларындағы небір құпияларды ашты. Осыдан кейін
өсімдіктер мен жануарлардың клеткаларының құрылыстары
белгілі бола бастады. Қлетканың құрамындағы негізгі элемент
— протоплазма (Пуркине 1830) мен ядро (Браун 1833)
табылды. Осы мағлұматтарды негізге алып əрі əр түрлі
ұлпалардың құрылысын, дамуын жанжақты зерттеп, соңынан
нəтижелі қорытындыларын саралай отырып, 1838—1839
жылдары Т. Шванн өзінің атақты клетка теориясын жазды.
Бұл жаңалық табиғаттану ғылымдарында бұрын-соңды
болмаған ұлы жетістіктердің бірі еді.
Т.
ІІІванның
тұжырымы бойынша клетканың пайда болуы өсімдіктерге де
жануарларға да қатысы бірдей заңдылыққа бағынады.
Ғалымның ой елегінен өткізілген осы қағида органикалық
дүниенің даму заңдылығын тағы да бір қырынан көрсетті.
Ф. Энгельстің клетка теориясын XIX ғасырдағы ұлы
жаңалықтардьң бірі деп атауына да осы негіз болса керек.
Достарыңызбен бөлісу: