Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары


Амилаза крахмал мен гликогенді ыдыратады. Лизоцим



Pdf көрінісі
бет47/66
Дата07.11.2022
өлшемі0,73 Mb.
#47955
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66
Амилаза крахмал мен гликогенді ыдыратады. Лизоцим аспен бірге енген микроорганизмдерді жояды. 
Бірақ ас ауыз қуысында ұзақ болмайды. 
Сәби туғаннан бастап сілекей бездері жұмыс істейді, бірақ сілекейдің мөлшері өте аз болады. 
Мектепке дейінгі балалардың сілекейінің жалпы тәуліктік мөлшері 850-1000 мл шамасында болады. 
Жұтқыншақ. Жұту кезінде арнайы тетіктер ас қоймалжыңының тыныс жолдарына бармай, 
өңешке өтуін қамтамасыз етеді. Жұтқыншақ пен өңеште ас қорытылмайды. Жұтқыншақтың өңешке кіре 
берісінде сфинктер болады. Сондықтан өңешке өткен ас кері шықпайды. 
Өңеш. Өңеш ұзындығы 22-27 см шамасындағы ұзын түтік. Нәрестелердің өңешінің кілегей қабаты 
нәзік болады, сондықтан ірі ас түйіршіктері оңай жаралайды. Жаңа туған сәбидің өңешінің ұзындығы 10 
см, 5 жаста – 16 см, 15 жаста – 19 см. 
Қарындағы астың қорытылуы және оның жас ерекшеліктері. Қарынға түскен ас 
қоймалжыңына қарын сөлі әсер етіп, ас қорытыла бастайды. Қарын сөлінің құрамында 98% су, 0,3%-
0,5% тұз қышқылы және әртүрлі тұздар мен органикалық заттар болады. Қарын сөлінің рН реакциясы – 
қышқыл. Сөл құрамында белокты ыдырататын пепсин, сүт казейнін ыдырататын химозин, майды 
қорытатын липаза ферменттері болады. 
Пепсин рН реакция 1,5-2,5, яғни қышқыл ортада ғана белсенді қызмет атқарады. Қарында барлық 
белоктар қорытылады, сонымен бірге тұз қышқылының әсерінен тамақпен түскен бактериялар да 
қорытыла бастайды, яғни қарын сөлі қорғаныс қызметін де атқарады. 
Қарын сөлінің құрамындағы липаза ұсақ молекулалы (жұмытрқаның сары уызындағы, ана сүтінің 
құрамындағы) майды ғана қорытады. Ол майды глицерин мен май қышқылына дейін ыдыратады. 
Бұл ферменттің әсер етуі үшін тұз қышқылы астың құрамындағы майды ұсақ май тамшыларына 
ыдыратады. Қарында ас 3-4 сағаттан 10-11 сағатқа дейін болады. 


31 
Жаңа туған сәбидің қарны көлденеңдеу, ересек адамдарда тік орналасқан. Қарынның пішіні 
әртүрлі: 1,5 жасқа дейін дөңгелектеу, 2-3 жаста алмұрт тәрізді, 7 жаста ересек адамның қарнындай 
болады. Сиымдылығы да әртүрлі: жаңа туған сәбиде – 30-35 мл, 1жаста 300-350 мл, 10-12 жаста - 1,5 л, 
ересек адамдарда 1,5-2 л. 
Ферменттердің мөлшері 1,5-3 жаста қарқынды арта бастайды, 12-14 жаста ересектердікіндей 
болады. Тұз қышқылының концентрациясы 6-7 жасқа дейін төмен болады, сондықтан балалар ішек 
жұқпалы ауруына тез шалдығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет