Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет65/69
Дата11.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#42397
түріЛекция
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Қ ызамық – қоздырғышы стрептококтар. Сондықтан ауруды тек қызамықпен ауырған 
адамнан ғана емес, стрептококты баспамен ауыратындардан да жұқтырады. 
Егер ауру асқынбаса, стрептококтың бөлінуі 7-10 күнде тоқталады. Ауру асқынса 
жұқпалы кезең ұзарады. Балаға ауру науқас адаммен қарым-қатынас кезінде ойыншық, кітап, 
сүлгі арқылы жұғады. 
Аурудың белгілері: кенеттен қызу көтеріледі, бірнеше сағаттан кейін немесе келесі күні 
баланың денесінде қызарған ұсақ бөртпелер пайда болады. Мұрын-еріннен басқа жерге түгел 
шығады. Жамбас-кіндіктен төмен жерге, шап, қолтыққа қалың шығады. 
Бөртпелер 3-5 күндей тұрады. Ең тұрақты белгісі – баспа. Бүкіл жұтқыншақ ашық қызыл 
түсті болады. Алғашқы күні тілді қою сары-сұр түсті зат басады. 
Аурудың алғашқы 5-6 күні бала жатуға тиіс. Балалар бақшасына, мектепке ауыра 
бастағаннан 22 күн өткенше баруға болмайды. 
Антибиотикпен емдейді. 
К үл - қоздырғышы уландырғыш күл таяқшасы, оның күшті у бөліп шығаратын қасиеті 
бар. 
Аурудың таралу көзі – ауырған адам немесе ауру таяқшасын таратушы сау адам бола 
алады. Жасырын кезеңі 2-10 күн. 
Күлмен ауырған жұтқыншаққа тән белгі сұрғылт, бүкіл жұтқыншақты жауып тұратын 
маржандай жылтыраған немесе ойық-ойық болып тұратын сірі қабық. Мұны анықтау үшін 
бактериологиялық анализ жасау керек
Жұтқыншақтағы күл өте ауыр өтеді. Қызуы 40º жетеді, жұтқыншақ қызарып ісінеді
мойны ісініп, бала әлсізденеді. Бұл ауруға дер кезінде шара қолданбаса бала өміріне қауіп 


төнеді. Ең басты күл ауруына қолданатын дәрі – қан сарысуы. Күлмен ауырған баланы тез 
ауруханаға жеткізу қажет. 
Қазір күл ауруына қарсы алдын ала егуге байланысты сирек кездеседі. Уақытында егілмей 
қалған балалар ауруы мүмкін. 
Жұлынның қабынуы (полиомелит) – қоздырғышы вирус. Күл ауруы сияқты алдына 
ала егудің нәтижесінде сирек кездеседі. Бірақ егілмеген балалар үшін өте қауіпті. 
Ауруды таратушы – ауырған адам немесе оның вирусын тасушы. 
Бұл ауру екі жолмен жұғады: 1) ауру адаммен қарым-қатынаста ауа арқылы; 
2) жуылмаған көкөніс-жеміс арқылы ішке түседі. 
Жасырын кезеңі 3-35 күн. Полиомелит ауруы жүйке жүйесін зақымдап, сал ауруына 
соқтырады. Кейде жеңіл өтеді. 
Белгілері әртүрлі: қызуы көтеріледі, құсады, іші ауырады, кеңірдектің шырышты қабаты 
қабынып, тамағы қызарады. Аурудың салға айналу кезеңі 2-5 күнге созылады. 4-5 күнде қызуы 
төмендейді. Осы жақсару жағдайында күтпеген жерде сал бола бастайды. Аяғының еттері жиі 
салданады, қол, мойын, кеуде бұлшық еттері сирек салданады. Ауруханаға жылдам жеткізу 
керек. 
Кейбір балаларда, әсіресе бұрын егілген балаларда полиомелит тез, ешбір белгісіз өтеді. 
Егер баланың бұлшық еті босаса, аздап ақсайтыны байқалса дереу дәрігерге көрсету қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет