айналуы; 3 - тромбиннің әсерінен плазмадағы фибриноген белогының ерімейтін ф и б р и н жіпшелеріне
айналып, жараның бетінде тор құруы. Осы торға эритроциттер мен лейкоциттер тұрып калады да
т р о
м б пайда болады.
Тромб сығылып, сарысудан арылады. Жараның беті қабыршақтанып қатып,
жараланған тамыр бүтінделеді. Кейіннен қатқан қан кабыршағы түсіп калады.
Қанның ұюына
эритроциттердің күрамындағьт және қан плазмасындағы бірнеше ферменттер мен кальций иондары,
бауырда түзілетін К витамині қатысады.
Жаңа туған сәбидің қанының ұюы өмірінің алғашқы күндері, әсіресе 2-ші күні
баяу болады, ал 3-ші
күннен бастап 7-ші күнге дейін жылдамданып, ересек адамдардың қанының ұю уақытына жақындайды.
Дегенмен қанның ұю уақытында баланың жеке басының қасиеттеріне байланысты аздаған айырмашылық
болады. 5,5-6 жаста қанның ұюы 1-2
минөттен кейін басталып, 3-4 минөтте аяқталады. Сонымен қатар,
алғашқы күндері мөлшері аз тромбопластин 3
аптада ересектердегідей болады, ал жалпы саны 1 мкл 300
мыңнан 400 мыңға дейін. Тромбоциттер сүйек кемігінде пайда болады. Олардың өсіп жетілу мерзімі 7-8 күн,
ал қан айналымында 5-11 күндей болады. Тромбоциттердің саны тамақ ішкеннен кейін,
ауыр дене
жұмысымен шүғылданғанда, әйел екіқабат болғанда көбейеді. Оның мөлшерінің тәуліктік өзгерісі де бар:
күндіз көбірек, түнде азырақ болады.
Достарыңызбен бөлісу: