Ұстаздар мен жасөспірімдер және мектеп оқушылары газеті 19 мамыр 2016 жыл №6,7



Pdf көрінісі
Дата18.01.2017
өлшемі7,34 Mb.
#2174

Ұстаздар мен жасөспірімдер және мектеп оқушылары газеті 

19 мамыр 

2016 жыл

№6,7

(19)

Талаптыға нұр жауар!

2

бет


8

бет


Email: zhaskiran.kz@mail.ru

Email: zhaskiran.kz@mail.ru

таланттылар

газеті!

2016 ЖЫЛҒА ЖАЗЫЛУ ЖҮРІП Ж



АТЫР

ÃÀÇÅÒІÍÅ


ÆÀÇÛËÛҢÛÇ!

Əрі сапалы, əрі арзан!

Жазылу индексі – 65004. Аудан мен қала үшін 68004 

«Қазпошта» арқылы жазылу бағасы оқушылар үшін алдағы 6 

айға – 520 теңге. Ұстаздар үшін  алдағы 6 айға – 1200 теңге. 

Жазылуға қатысты қандай да бір сұрақ, мəселе болса, 

мына телефондарға хабарласыңыз:

87052765307, 87072765307, 

87476443461, 87074810967.

Би - саз ырғағымен түрлі қозғалыстар жасап орын-

далатын, көңіл-күйге негізделе көрсетілетін көне өнер 

түрі. Адамның сөйлеуі  ым, ишара қимылдарынан 

басталып, кейін жекелеген дыбыстардың айтылуы 

нəтижесінде дамып, қалыптасқандығы белгілі. Осы-

лайша адамның алғашқы дыбысы музыканың негізін 

салды.

БИЛЕ, ТƏУЕЛСIЗ ЕЛ-ҰРПАҒЫ

ҚҰЛАҚҚАҒЫС

Сіздер «Жас қыран» газетіне туған күн, мерейтой, еске алу, сабақ жоспарларын, 

тағы  басқа  да  мерекелік  құттықтаулар  мен  ха барландырулар  беретін  болсаңыздар, 

ақы лы негізде жүргізіледі.



Байланыс телефондары: 8 (7242) 20-07-34,   87052765307, 87072765307

Өмірден өткеніне көп уақыт болмаса да, кезінде 

қатарлас қызмет атқарған замандастары, құрдастары, 

«Мəкең, айтып еді...»,  – деп соңында əдемі, əдепті 

əңгімесі қалған азамат, Білім беру саласының үздігі, 

білікті басшы - Мəді Жұмаділұлы жайлы лебіз ай-

туды тағдыр біздерге қалдырыпты. Сол Мəді, əкесі 

Ұлы Отан соғысына аттанғанда 1942 жылдың қазан 

айының 7-де Ақтоған елді мекенінде дүние есігін ашып-

ты. Ағайындардың ортасында болғанмен отбасының 

тауқыметі анасы - Қаншайдың мойнында. 

Колхоздың жұмысшысы ретінде ерте 

тұрып, кеш жату. Керіліп, созылатын 

уақыт емес. Мəдіні құндақтап алып 

жұмыс басына алып келеді. Балық 

аулау, шөп ору, тіршілік таусылған 

ба? Үйге келген соң да, малдың қамына 

кіріседі. – Сонда балам жылауды 

білмейтін еді – деп, анасы Қаншайдың 

еске алғанын естіген едім. 

Тумысы бөлек 

Тұлға

ÌӘIJ


ÌÀÕÀÍÎÂÒÛҢ 

ÐÓÕÛÍÀ


Сөйлесе бал таматын таңдайынан,

Əңгіме-сыр айтатын ел жайынан.

«Ақтоған туған жерім – дейтін Мəді,

Іргесі қалың тоғай мал жайылған.

Əкем бе?

Майдан кеткен – оралмады,

Ал шешем, келеді деп көп алдады.

Жеңіспен соғыс бітті, жетілдік біз,

Сияқты жетімтоқты көгалдағы».

Деп көкем мұңды жинап жанарына,

Өзіңіз тартты мені жанабына.

Шыққанда жыр жинағым – «Көкемарал»,

«Нұр жаусын!» деген еді талабыма.

Төгілген нұрдай болып тал, қайыңнан,

«Отыр» деп ұстаушы еді шалғайымнан.

Басқарып білім беру ісін үздік,

Сипады мұғалімнің маңдайынан.

Мінезі: жылы жүрек, берік ұстам,

Сүрінбей өтті көкем небір тұстан.

Таратып тəжірибесін елімізге,

Таныды Махановты Қазақстан.

Бұл жиын əлі есімде, үш күн өткен,

Саңлақтар əр өңірден тілек төккен.

Мектептің жанындағы шағын ферма,

Сол жылдар сиыр сауып, құс  түлеткен.

Ілдіріп кірпігіне төре түнді,

Толғанып терең ойын өретін-ді.

Аққұба, бидай өңді, бойшаң келген,

Спортты көкем жақсы көретін-ді.

P.S. Қалың ел, Сырдария ұлықтайды,

Тасбөгет Махановты ұмытпайды.

Мұхамеджан Нұрханов.

2

19 мамыр 2016 жыл

2

Ұ Л Ы Қ Т А У

Кейін,  Ақтоған  елді  мекенінен 

Бірқазанға көшіп, сонда тұрақтанады. 

Бұл  жерге  келгенде  өзінің  қам қор­

шысы  болған  Жұмаділдің  інісі  – 

Ибаділ  жайлы  Мәкең  көп  айтып 

отыратын.  Ол  кісі  мұғалім.    №16, 

17  Теміржол  бекеттерінде  бас­

тауыш  сыныптарда  сабақ  берсе, 

Мәді  қасында.  Бірқазанда  жеті  жыл­

дық  мектепті  бітіріп,  1956  жылы 

Қызылорда  қаласындағы  Бірінші 

май  орта  мектебіне  қабылданып, 

мектеп  жанындағы  интернатқа  ор­

наласады.  Аталған  мектепті  1959 

жылы  аяқтайды.  Менің  таныстығым 

осы  жылдар  аралығында  бастал­

ды.  Менде  қаладағы  №6  мектеп­

ке  қабылданып  оқып  жүрген  кезім.  

Ата – анам Тартоғайға көшіп барған. 

Үйге баруға №55, 56 Ташкент – Мос­

ква  поезына  мінетінбіз.  Кейде  билет 

жоқ,  билет  болса  қалтада  тиын  бол­

майды.  Сонда  жасырынып  тұрып, 

қозғалған поездың вагондарына жар­

масамыз. Бірде оның сәті түссе, бірде 

міне  алмай  қаламыз.  Осылайша  бір 

сәтсіздікте  вагонның  жол  серіктері 

біздерді Бірқазаннан түсіріп тастады. 

Алдымыз  кеш.  ­  Қайда  барасыңдар, 

үйге  жүріңдер  ­  деп,  бізге  аяныш 

сезімін  білдірген,  талдырмаш  бала 

осы Мәді еді. Алғашқы танысуымыз. 

Үйіне  бардық,  анасы  қайда  бараты­

нымызды сұрап, қолда барын біздерге 

тосты. Ал, біздер Ерғали Сансызбаев 

екеуміз  Тартоғайға  баруымыз  керек 

болатын. Кеш болса да әлденіп алып, 

теміржол бойымен алға жүріп кеттік. 

Міне,  Мәдімен  таныстық  осылай 

басталған болатын.

Кейін  қала  мектептерінің  спорт­

тық  ойындарында,  фестивальдер­

де  қатар  жүрдік.  Мектеп  бітірген 

соң  Хрушевтің  заманы  ғой,  еңбек 

өтілі  болмаса  оқу  орындары  қа был­

дамайды.  Сол  кезде  Мәкең  темір­

жолда  жұмысшы  болып  істепті. 

1961  жылы  Қызылорданың  пединс­

титутына  құжат  тапсырып  жүр­

генінде  Мәдіге  кездестім.  Ол  да 

«Жаратылыстану» 

факультетіне 

құ  жат  тапсырған  екен.  Әрі  қарай 

студент  атандық,  институттың  1 

курс  студенттерінің  ортақ  лекция­

ларын    бірге  тыңдаймыз.  Институт 

қабырғасындағы  түрлі  шараларға, 

қоғамдық  жұмыстарға  бірге  ара­

ластық.  Өзі  «Жаратылыстану»  фа­

культетінде  оқыса  да,  әдебиетке, 

соның  ішінде  поэзияға  құмар  еді. 

Кейбір  ақындардың,  соның  ішінде 

Абай  мен  Қасымның  (Аманжолов), 

Оспанхан  мен  Асқардың  сатиралық 

өлеңдерін  жатқа  айтатын.  2  курста 

оқып  жүргенімізде  Талдықорғанның 

драма  театры  Қызылордаға  көшіп 

келді.  Институттың  филология  фа­

культе тімен  байланыс  жасаған  болу 

керек.  Өйткені  факультеттің  «Ән» 

бөлімі  болатын.  Театр  әртісі  Халық 

Саурықов драма үйірмесін ашып, сту­

денттермен  жұмыс  жасады.  Іріктеу 

қорытындысында  басқа  факультетте 

оқитын Мәді тізімге ілінді. Ең алғаш 

қойылған:  «Қозы  Көрпеш  –  Баян 

Сұлу»  спектаклінде  Мәді  –  Жантық 

рөлін  сомдады,  мен  музыкалық 

көркемдеуші болған едім.

Мәкеңнің  бойында  өзіндік  өлең 

шумақтарын  құрастыруы  да,  бір 

қақпайлары да жетерлік болатын. Ол 

ән  айтып,  музыка  аспабында  ойнай­

тын,  шебер  ұйымдастырушы,  волей­

бол оның сүйікті спорты. Инс титуттың 

3  курсында  оқып  жүр гені мізде  мен 

армия қатарына алындым, Мәді 1964 

жылы алынған болатын. Етінің тірілігі 

шығар,  барған  жерінде      Корғаныс 

Министрлігіне дейін ар мияға негізсіз 

алынғанын, жалғыз шешесінің асыра­

усыз  қалғандығын  жазып  жеткізеді. 

Нәтижесінде, екі жылдан кейін еліне 

қайтарылады.  Осы  аз  уақыт  ішінде 

КПСС­тің  пар тия  қатарына  канди­

дат  болып  қайтады.  Институттағы 

оқуын  сырт  тай  жалғастырып,  №41 

М.В.Ломоносов  орта  мектебінде 

«Химия­биология»  пәнінің  мұғалімі 

болып  тағайындалады.  Кейін  мектеп 

директорының  тәрбие  ісі  жөніндегі 

орынбасары 

қызметінде, 

1970­


1973  жылдары  аудандық  мәдениет 

бөлімінің меңгерушісі, 1973 жылдың 

маусым  айынан  Сұлутөбе  ауылдық 

округіндегі  №41  орта  мектепке 

директор  болып  тағайындалады. 

Мәкеңнің педагогикалық еңбек жолы, 

мектеп  басқарудағы  шеберлігі  осы 

мектептен бастау алады. Алға қойған 

мақсаттарын  орындауда  тынымсыз 

еңбек  етті.  Көп  ізденді.  Мектептің 

материалдық  базасын  жетілдірді. 

Мектеп  жанынан  аудандық  музы­

ка  мектебінің  спорт  және  натура­

листер  станциясының  филиалдары 

ашылды. Бұған кадрларды жергілікті 

жерден  орналастырды.  Жыл  санап 

аудандағы өзіндік тарихы бар мектеп 

нәтижелі  істер  мен  табыс  биігінен 

көрінді.  Спорт  мектебінің  филиа­

лы  қазақ  күресінен  оқушылар  да­

йында  аудан,  тіпте  республикалық 

жарыстарға  дейін  барып,  нәтижелі 

оралды. Алғашқы жаттықтырушылар 

Әмірбай  Таспанбетов  (марқұм),  

Башар Ерназаровтың еңбектері ерек­

ше  еді.  Кейін  нарыққа  көшкенде 

мектеп  жабылды.  Соны  аяқсыз 

қал дырмай  жалғастырып  бірнеше 

спорт  шеберлерін  дайындаған  Ба­

шар  Ерназаровтың  еңбегі  ескеріліп 

«Спорт  қайраткері»  төс  белгісін 

алды.  Мәкең  1987  жылы  аудан­

да  алғаш  рет  конкурспен  білім 

бөлімінің басшысы болып сайланды. 

Жоғарғы  жақтармен  тіл  табысудың 

нәтижесінде  аудан  мектептерінің 

мате риалдық­техникалық 

жағдай­


ларын  көтеруді  басты  мақсат  етті. 

Мектептер жанынан қосалқы шаруа­

шылықтар  ұйымдастыруды  аудан 

басшыларына  жеткізе  білді.  Сол 

кездегі  аудандық  Кеңестің  төрағасы 

И.Әбибуллаев  мектептерге  техни­

калар  алып  беріп,  шаруашылықпен 

айналысуға  толық  мүмкіндіктер  жа­

сады.  Әсіресе  №41  М.В.Ломоносов, 

№143  С.М.Киров  орта  мектептері 

ерен  еңбектің  үл гілерін  көрсетті. 

№41 орта мектепте құс өсірілді, егін 

шаруашылығы, шағын сауын ферма­

сы  жұмыс  атқарды.  Осындай  оқуды 

еңбекпен  ұштастыру  бағытындағы 

Сырдария  аудандық  білім  бөлімінің 

атқарып  отырған  жұмыстарының 

қоры тындысымен 

Республикалық 

семинар  1991  жылдың  мамыр  айын­

да  аталған  екі  мектептің  базасын­

да  өтілді.  Семинарға  19  облыстың 

білім  басшылары,  еңбек  жөніндегі 

инспекторлары  Оқу  Министрінің 

орынбасары  Б.Әбдікәрімов,  Е.Ушу­

ров тар  қатысқан  еді.  Басшы  өзі 

ізденіп,  қарамағындағы  мамандарға 

жұмыс  істетсе,  тың  ойлардың  пай­

да  болатындығы  белгілі.  Сондай 

ізденіс  нәтижесінде  ауданда  түрлі 

сайыстар,  конкурстық  байқаулар  өт­

кізіле  бастады.  «Сынып  жетекшісі» 

байқауы  алғаш  ауданда  өтті.  Бұдан 

кейін  пән  мұғалімдерінің  байқауы, 

мектеп  директорларының  байқауы, 

пионер  ұйымы  тарағанда  оқу  жо­

спарына  "Кәусар  бұлақ"  жоспа­

рын  батыл  қадаммен  енгізген  де 

аудандық  білім  бөлімі  болатын. 

Жаңа шылдықтың  бастамасы  Сырда­

рия ауданынан бастау алатын. Әрине, 

осындай  жаңа  бастаманы  қолға  алу 

жаңа  басшының  жаңалығы  екені 

белгілі.  Аудандық  білім  бөлімінде 

Шәумен  Есмағанбетов,  Әбдібек 

Омаров,  Жайылхан  Рсалиев  мек­

теп  инспекторлары  болса,  Мәрия 

Шәріпова  әдістемелік  кабинеттің 

меңгерушісі, 

оның 


әдіскерлері 

Қадыркүл  Шаймағанбетова,  Рсал­

ды  Қалжановалар  сауатты,  өз  ісінің 

мамандары  болды.  Мектеп  инспек­

торлары  Әбдібек  пен  Жайылхан­

дар  мектепке  келсе,  мұғалімдер 

қуанатын.  Өйткені  мұғалімге  де­

ген  салиқалы  сөздері  мен  ақыл­

кеңестерін  айтудан  жалықпайтын, 

мұғалімдер  еңбегін  бағалайтын. 

Мето дикалық  жұмыстардан  аудан­

да  пән  мұғалімдерінің  озат  тәжірибе 

мектептері  жұмыс  істеді.  Нәтижесі 

жақсы  болды.  Пән  мұғалімдері 

облыстық,  республикалық  байқау­

ларға  қатысып,  жүлделі  орындар 

алып жүрді. Оның нақты дәлелі №41 

орта  мектепте  қазақ  тілі,  әдебиет 

пәнінің мұғалімі Үміткүл Жәнібекова 

облыстық  және  республикалық  жа­

рыста  жүлделі  І  орын  алып  келді. 

Ү.Жәнібекованың  жұмысын  сара­

лап  көрсетуде  аудандық  қазақ  тілі 

мен  әдебиеті  пәнінің  атаулы  мектеп 

жетекшісі  –  Ү.Сәдуақасова  және 

аудандық 

әдістемелік 

кабинеті, 

оның  жетекшісі  –  М.Шәріпованың 

еңбектерін атаған орынды болар.

Осындай  жаңалықтың  жаршысы 

болып отырған республикаға танымал 

аудандық  білім  бөлімі,  ондағы  кадр­

лар  Сырдария  ауданының  тарауына 

байланысты 3­ке бөлініп кете барды. 

Тараудың  алдында  нарықтық  эконо­

мика деп, мектеп жанындағы қосымша 

білім  беру  оралықтары,  интернаттар 

жабылды.  Орыннан  босағандар  да­

лада  қалғандай  күй  кешті.  Тартоғай, 

Сұлутөбе  аумағындағы  7  мектеп 

Шиелі ауданына өтті. Сонда Мәдінің 

көпшілдігі,  азаматтығы,  қамқорлығы 

сол – өзі ауданға барып, біздерді та­

ныстырып,  тіпте,  аудандық  білім 

бөлімінің меңгерушісіне: ­ Сырдария­

дан  қосылған  мектеп  директорын 

екі  жылға  дейін  қозғамаңыз    ­  деп, 

тапсырған еді. Басқа ауданды да осы­

лай тапсырды. Расында да солай бол­

ды,  істеген  еңбегіме  орай,  зейнетке 

Шиелі  ауданынан  шықтым.  Міне, 

бұл  да  болса  Мәдінің  адамға  деген 

қамқорлығы.  Өзінде  болмаса  да, 

өзгені ойлайтын азаматтығы.

Мәкең  де  өзі  сияқты  ақкөңіл, 

жайдарлы  Шиелінің  аруы,  өзінің 

курстасы  Тұрғанкүлдей  жар  тапты. 

Ұл­қыздары  дүниеге  келді.  Олардың 

дүниеге  келген  кездерінің  бәрі  көз 

алдымда. Өйткені қатар екі станция­

да  тұрдық.  Жиі  араластық,  сол  бала 

кездегі  достастығымыз  құдалыққа 

жалғасты.  Мәді:  ­  Қарақыпшақ, 

мен  Сарықыпшақ,  олардың  бала­

лары  Қоңыр  қыпшақ  болады,  ­  деп 

күлдіретіні бар еді.

Бұл  күнде  Мәкеңнің  арамыз­

да  сөзі  қалды,  артында  ұрпақтары, 

іздеушілері қалды. Сол іздеушілердің 

ұйымдастыруымен  облыстық  тур­

нир  өткелі  жатыр,  қолдоптан.  Бұл 

Мәді  Жұмаділұлына  деген  құрмет 

болса  керек.  Келешекте  ұрпақтар 

сабақтастығын  жалғастырушы  да 

іздеушілер.  Мәкеңнің  алға  қойған 

үлкен  жоспары  бар  болатын.  Ол 

жос парды  орындауға  соңғы  кездері 

сыр  берген  денсаулығы  2012  жылы 

сәуір  айында  төсекке  таңды.  Сөйлеу 

қабілетінен  айырды.  Ендігі  жерде 

іске  аспаған  Мәкеңнің  жоспарын 

іске  асырушы  ұрпақтары  –  Өздерің­

сіңдер!  Іздеушілері  –  артында  қал­

ған  қатарлас,  замандастары  –  Сіз­

дерсіздер!  –  Қолы  ашық  адамның 

пейіште  нұры  шалқиды­дейді,  Ыла­

йым солай болсын!



Ерденбек МҰХАНОВ.

Тумысы бөлек 

Тұлға


3

19 мамыр 2016 жыл

3

Біздің пешенемізге жазылған қызмет 



–  ағартушылық  болыпты.  Оқу­тәрбиені 

таразылап,  талдағанды  қалаймыз.  Осы 

салада көп жыл еңбек еткендіктен білім 

саласының  басшыларын  топқа  бөліп 

бағалауға болады. 1 топтағы басшыларға 

сенім артуға болады, мадақтауға тұ рар­

лық. Олардың жұмысы жақсы, бас қа лар­

ға насихаттау керек. 2 топтағы басшылар 

көп  қадағалауды  қажет  етеді,  ол  жерде 

көбірек  тексеру  жұмыстарын  жүргізіп, 

басшыларды  жұмыс  істеуге  мәжбүрлеу 

қажет. 3 топтағы басшылар жұмыс істе­

гісі келеді, көрсету, оқыту, үйрету қажет. 

4 топтағы басшылардан арылу қажет. 

Сондай  жоғарыдан  болатын  тап­

сырманы  орындаумен  қатар  өз  бетінше 

ізденімпаздықпен  жұмыс  істеген,  біраз 

жыл  қызметтес  болған,  ауданы  тарап 

кеткенге дейін Сырдария аудандық білім 

бөлімін  басқарған  Маханов  Мәді  ау­

дан  мектептеріне  біршама  бастамалар­

ды  ендірді.  Атап  айтқанда,  нарықтық 

экономиканың өтпелі кезеңінде мек теп­

тердің  жанындағы  қосалқы  шаруашы­

лық тарды  ұйым дастыруы  облыс,  одан 

кейін  республика  көлемінде  жақсы 

қолдау  тапты.  Еліміздің  егемендік  алу­

ына  байланысты  ұлттық  салт­дәстүрді 

жандандыру мақсатын іске асыруда Зей­

неп  Ахметованың  «Кәусар  бұлақ»  бағ­

дарламасы  аудан  мектептерінде  сабақ 

есебінде өтілсе, Мұхаммедрахым Хурса­

баев тың  «Атамекен»  бағдарламасы 

тәрбие  жұмыстарында  кеңінен  қолда­

ныл ды.  Осы  бағдарламаны  іске  асыру 

үшін Сүйеубаева Баян Алматыға коман­

дировкаға  жіберілді.  Кейіннен  ол  ав­

торлар  аудан  орталығына  шақы рылып 

кездесулер  өткізілді.  Әрбір  мектептер­

де  Атамекен  отауы,  аудан  орталығында 

Атамекен ордасы ұйымдастырылды.

Ұлттық  салт­дәстүрді  насихаттау 

жөніндегі іс­тәжірибе білім министрі та­

рапынан қолдау тауып 1991, 1995 жыл­

дары  қалалық,  аудандық  білім  бөлімі 

меңгерушілермен  республикалық  семи­

нарлар өткізілді. Ауданға орыс тілділері 

көп, қазағы аз Орал, Ақтөбе, Ақтау, Аты­

рау облыстарының өкілдері өз бет терін­

ше келіп тәжірибе алмасты.

№138  Абай  атындағы  орта  мектеп­

те  Абайдың  туғанына  100  жыл  толуы­

на  байланысты  мұражай  ұйымдастыру 

идеясы  туды.  Ол  үшін  Семейге  2  кісі 

жіберілді.  Ол  жақтан  біраз  мәліметтер 

алдырылды. Сөйтіп Абай атындағы орта 

мектепте үш бөлмелі мұражай Абайдың 

туған күніне даяр болды.

Ол жұмысты іске асыруда  ауданның 

барлық мектептері ат салысты. Ал егер 

тек  №138  мектепке  қарап  отырғанда 

мұражай Абайдың туған күніне даяр бола 

алмаған  болар  еді.  Әрбір  мектептің  не 

дайындап беру керек екендігі, ол заттың 

қойылатын  орнына  сай  өлшемдері  бе­

рілді.  Ал  эстетикалық  талғамын  тау­

ып  жасау  әркімнің  өз  еріктерінде  бол­

ды.  Басында  бұл  шараға  теріс  қабақ 

танытқандар байқалса, соңында олар өз 

үлесімді қосқаным дұрыс болған екен де­

ген сезімде болды. №174 А.С.Макаренко, 

№44  Жамбыл  Жабаев  орта  мектерінде 

де  Макаренко,  Ж.Жабаев  мұражайлары 

осылайша  көрермендеріне  өз  есіктерін 

айқара ашып еді. 

Зейнеткерлікке  құрметпен  шыға рып 

салу  шаралары  мен  үздік  мұғалімдерді 

таңдап  алу  сайыстарын  ұйымдастыру 

шаралары облыс бойынша Сырдария ау­

данында бірінші болып іске асырылды.

Бұрын  облыс  бойынша  өткізіліп 

тұра тын  спорт  спартакиадасын  ауданда 

өткізуді  бірінші  болып  идея  көтерген 

де,  жас  өнерпаздар  ара сындағы  «Әнші 

балапан»  сайысын  ұйымдастыруға  бас­

тамашы  болған  да  Сырдария  аудандық 

білім бөлімінің меңгерушісі М.Маханов 

еді.  Қазір  «Әнші  балапан»  республика 

көлемінде жұмыс істеп келе жатыр. Бұл 

идеялардың  іске  асырылуына  Мәдінің 

әртүрлі  спорттық  жарыстарда  волей­

бол  командасының  белсенді  мүшесі 

болғандығының,  кітапты  көп  оқып, 

өлеңді жазатындығы мен әнді нақышына 

келтіріп  айта  алатындығы,  баянды 

да  ойнай  білетіндігін,  сонымен  қатар 

аудандық  мәдениет  бөлімін  бірнеше 

жыл басқарғандығының әсері болған бо­

лар.  Аудан  орталығын  былай  қойғанда 

бірнеше  ауылдық  мектептерде  спорт 

мектептері  филиалдары  мен  5  елді  ме­

кеннен  музыка  мектебінің  ашылуының 

себебі де содан шығар.

Аудан мектептерінен әр пән бойынша 

озат  мұғалімдерді  тауып,  озат  тәжірибе 

және  атаулы  мектептер  ұйымдастыруы 

педагогикалық  жұмыстардың  жанда на 

жүргізілуіне  зор  ықпалының  болған­

дығын ешкім жоққа шығара алмайды. 

Уақытында  У.Төрәлиев  аудандық 

білім  бөлімі  меңгерушілерін  облыс­

тық  оқу  бөлімінің  тәрбиесінен  өткен 

қызметкерлерден  тағайындаса,  М.Ма­

ханов мектеп директорларын жұмыс ба­

рысында тәрбиелеп шы ғарды. Аудандық 

білім  бөлімінің  кеңесі  көбіне  жұмысты 

талап етумен қатар қалай орындау керек 

жолдарын айтумен, ұсыныс – кеңес бе­

румен өтетін еді.

1997 жылы Сырдария ауданы тараған 

кезінде аудан мектептері Тереңөзек (Сыр­

дария), Шиелі аудандары мен Қызылорда 

қаласына таратылды. Әр ауданға (қалаға) 

мектептерді  аралап  жүріп  өткізді.  Сол 

кездегі  мектеп  директорларының  көбі, 

тіптен түгелге дерлігі осы уақытқа дейін 

сенімнен  шығып  жұмыс  істеп  келе  жа­

тыр. Білім саласында ізденімпаздықпен 

көп  жыл  істеген  менің  бастықтарым 

аз  емес.  Олардың  қызметтерін  жоққа 

шығармаймын.

Соның ішінде жаңашылдыққа жаны 

құмар  және  оны  тауып,  тани  білетін 

бірін ші топтағы бастықтардың қатарына 

жататын менің бастығым – Мәді Маха­

нов деп білемін. 

15  жылдай  №41  орта  мектебінде 

директор  болып  жүрген  кезінде  көп 

жаңалықтардың  жаршысы,  бастама­

шысы  бола  білді.  Соның  нәтижесінде 

жыл  сайын  аудандық  не  облыстық  кө­

лем де  семинарлар  өткізіліп  тұратын. 

Әсіресе,  мектеп  жанындағы  интернат 

пен  оқу­тәрбие  участогына  байланыс­

ты  ұйымдастырылған  облыстық  семи­

нарлар  өмір  талаптарын  іске  асырудың 

дәлелді куәсі болса, 5 жылдай қаладағы 

№1  Макаренко  атындағы  мектеп­ин­

тернат  директоры  қызметін  атқарып, 

осы  жылдар  ішінде  ол  мектеп  өміріне 

түбегейлі өзгерістер енгізді. Демеушілер 

тарту  арқылы  мектеп  осы  заманғы 

құрал­жабдықтармен 

жабдықталды. 

Оқу кабинеттері, балалар жатын жайла­

ры қайта жаңғыртылды. Мектептің іші, 

сырты  ұлттық  педагогика  талаптары­

на  сай  безендірілді.  Мектеп  мұражайы, 

өнер  үйі  ашылды.  «Атамекен»  кешенді 

бағдарламасы жүзеге асырылды. Ұлттық 

аспаптар  оркестрі,  би  үйірмесі  тұрақты 

жұмыс істей бастады. 

Мектеп­интернатта  монша,  кірхана 

іске  қосылды.  Спорт  алаңы  жасалды. 

Оқушылардың  еңбек  тынығу  лагері 

ұйымдастырылды.  Алғашрет  жылыжай 

жасалды. Қысқасы ол басқарған кезінде 

балалар үйінің көзі ашылды. Мәді бала­

лар  үйінің  бағы  болды.  Шынайы  ұстаз 

бағбан ғой, шіркін!



Қадыркүл ШАЙМАҒАНБЕТОВА,

№176 орта мектебінің директоры,

Қазақстан Республикасы 

Білім беру ісінің

Құрметті қызметкері.

Ұ Л А Ғ А Т

Балалық  шақтың  ең  қызықты  кезеңі  мектептегі 

бастауыш  баспал дағынан  басталатынын  біреу 

білсе, біреу біле бермес. Биылғы оқу жы лында 5­ші 

сыныпқа қадам бас қа нымда шамалы жатырқағаным 

рас.  Дегенмен,  әне­міне  дегенше  үс тіміздегі  оқу 

жылы да аяқталып келеді. Бесінші сыныпты сынып­

тастарымызбен  ойдағыдай  аяқтағалы  жатырмыз. 

Мен сыныбыммен мақ танамын. Себебі бастауыш сы­

ныпты бітіргелі жатқанда сынып жетекшіміз Ләззат 

апайымыз бізді барлық жағынан 5­ші сыныпқа дай­

ындады. Үнемі әрбір баланың тәртібіне, үлгеріміне 

өздері жауапты болу керектігін ескертіп отыратын. 

Әрбір сабақ сайын Мағжан Жұмабаевтың «Әр бала 

өз күшіне сеніп оқу керек» деген сөздерін жиі айта­

тын. Сондықтан да бастауыш сынып қабырғасында 

алған  білім  мен  тәрбие­баланың  болашақ  өміріне 

жасалатын алғашқы қадам дары деп білемін.

Мен бастауыштың өзінде бірнеше  ұстаздың ал­

дынан өттім. Оған себеп: ата­анамның жұмыстары 

жиі ауысатындықтан, бізге бір қаладан екінші қалаға 

ауысуға тура келетін. Бірақ мен оған еш өкінбеймін. 

Бірі  Жұмагүл  апай.  Ол  менің  сүйікті  мұғалімім 

еді. Екіншісі Шынар апай. Үшіншісі екі жыл сабақ 

берген Ләззат апай. Мен 2013 жылдың қыркүйегін 

есімде  сақтап  қалдым.  Себебі,  Қызылордаға  келіп 

жаңа  достарыммен  таныстым.  Әр  мұғалім  шәкірт­

тері не  алғашқыда  қалам  ұстауды,  есеп  шығаруды 

үйретеді. Әр жыл сайын сабақ қиындай береді. Бірақ 

мұғалім барда еш қиындық жоқ. 

Төртінші    тоқсан    басталғанда    “Ақ  кеме,,    де­

ген  мәтінді  өттік.  Сол  кезде  мен  ауырып  қалдым. 

Әрдайым  сабақты  апай  түсіндіретін.  Сол  кезде 

қасымда апайым болмай қатты қиналдым. Баланың  

өмірінде ұстаз дың ерекше орын алатынына сол кезде 

көзім жетті. Барлық ұстаздардың еңбегіне алғысым 

шексіз.  

Еркежан ДЕМЕСІН,

№3 мектеп-лицейінің

5 «В» сынып оқушысы.

БАСТАУЫШЫМ – БАСПАЛДАҒЫМ

ӨЗІ АЛТЫН АДАМҒА - АЛТЫН 

ЖҰЛДЫЗ ЕШТЕҢЕ ҚОСПАЙДЫ



4

19 мамыр 2016 жыл

4

ÀÍÀÌÀ



Анам менің жақсы адам,

Мен анаммен мақтанам.

Жалғыз адам сол шығар,

Меннен еш мін таппаған.

Мен анамды сыйлаймын,

Оның жайын ойлаймын.

Қуанса екен анам деп,

Көмектесем күн сайын.



Ұлмекен ОҢДАСЫН,

№ 176 мектеп оқушысы

4 «Ə» сынып оқушысы.

МЕКТЕП БІЛІМ ОРДАСЫ

Мен ақылды баламын,

Оқып білім аламын.

Күнде ертемен қуана,

Мен мектепке барамын.

Жақсы оқысақ сабақты,

Бестік баға қояды.

Ұстазымыз мадақтап,

Арқамыздан қағады.

Ұстазымды сыйлаймын,

Айтқан сөзін тыңдаймын.

Зерек оқушы боламын,

Үздік баға аламын.

Наздана ҚЫРҒЫЗБАЙ,

№ 43 қазақ орта мектебінің

1 «Б» сынып оқушысы.

ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАНДАРЫ



Қ А Н А Т   Қ А Қ Т Ы

АНА

Мен қуансам қуанған,

Мен жыласам жұбатқан.

Ақ сүт беріп өсірген,

Айналайын анадан!

Жақсы болсын балам деп,

Үйретуден шаршамай.

Ғұмырының барлығын,

Перзенті үшін арнаған,

Айналайын анадан!

Әркім үшін анадан,

Артық қымбат бар ма екен?

Себебі оның жүрегі,

Мейірімнен жаралған,

Айналайын анадан!

Асылзада АЛТЫНБАЕВА,

№ 43 қазақ орта мектебінің

1 «Б» сынып оқушысы.

ҰСТАЗЫМ

Дәріс берген 

мұғалім,

Талабымды 

ұштадың.

Білмей қалсақ 

әрқашан,

Қинап бізді 

қыспадың.

Білім берген мұғалім,

Ақылыңды ұғамын.

Беспен оқып қашанда,

Тек биікте тұрамын.

Дінмұхаммед ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ,

№ 43 қазақ орта мектебінің

1 «Б» сынып оқушысы.

ӘКЕ


Әке деген асқар белің алдағы,

Әке емес пе бұл өмірдің бар мәні!

Адам болсын менің мына балам деп,

Осы емес пе барлық әке арманы. 

Қалай адам қыламын деп баланы,

Уайыммен атар кейбір таңдары.

Баласының қабағына қарайды,

Атса екен деп қуанышпен нұр таңы.

Әкесінің қамын жейді құрметтеп,

Ұлтшыл демек рухы биік ұрпағы.



Дильназ ҚАЙРАТҚЫЗЫ,

№ 261 орта мектебінің

4 «Ə» сынып оқушысы.

АНАШЫМ


Ақ сүт беріп аялаған,

Бар жақсыны аямаған.

Әлпештеп мені өсірген,

Жақсы көрем анамды.



Абылай ҚАЙЫРБЕКОВ,

№ 261 орта мектебінің 

1 «В» сынып оқушысы.

ҰСТАЗЫМ


Қолға қалам ұстатып,

Оқу, жазу үйреттің.

Тентек болсам кешірдің,

Мың алғыс сізге ұстазым!



Нұрасыл БАУЫРЖАНҰЛЫ,

№ 261 орта мектебінің

1 «В» сынып оқушысы.

ÀҚ ӘÆÅÌ


Әжем менің, ақ әжем,

Жақсылыққа үйретіп.

Жамандықтан шектеген,

Аман жүрші, ақ әжем.



Əділет ЖАҚСЫЛЫҚ,

№ 261 орта мектебінің

1 «В» сынып оқушысы.

ӘÆÅÌÅ


Мен ұйықтарда айтады,

Ертегісін, әндерін.

Құрт, май, шайын береді,

Құлыным деп мақтайды.



Мейірлан ТҰРАБАЙ,

№ 261 орта мектебінің

2 «В» сынып оқушысы.

АНАШЫМ

Мәпелеп мені өсірген,

Аяулы асыл анашым.

Зор рахмет білдіріп,

Өлең жазды балашың.

Сіз берген үлкен үмітті,

Ақтайды балаң бүгінде.

Білім алып жатырмын,

Алтын ұя мектепте.

     


ƏЖЕ

Әжетайым менің,

Жақсы көріп өтемін.

Құрмет жасап сізге,

Әрдайым мен жүремін.

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР

Мініп алып құртқа,

Өрмеледім бұлтқа.

Алып келіп айды,

Көрсеттім көп жұртқа.

Масаға мініп сирақты,

Моторын «гүр­гүр» еткіздім.

Адасып жүрген жирафты,

Орманға лезде жеткіздім.

Алыстағы Марсқа,

Бақа қашып кетіпті.

Тасбақамен жарыста,

Қоян зорға жетіпті.

Арайлым СƏДУАҚАС,

№ 176 орта мектебінің

4 «А» сынып  оқушысы.

ТУҒАН ЕЛ


Сүйемін туған елімді,

Сүйемін туған жерімді.

Маржанды асыл қасиетің,

Сүйемін туған өлкемді.

Сүйемін ата­анамды,

Сүйемін бауыр, бабамды.

Сүйемін мәңгі сүйемін,

Сүйемін барша адамды.



Ержігіт НҰРИСЛАМ,

№ 176 орта мектебінің

4 «А» сынып оқушысы.

  

ҚÛÑ



Қыста қызық жұмыс бар,

Дала аппақ күміс қар.

Балалар далада ойнады,

Ойында олар тоңбады.

Сырғанақ болады мұз,

Сырғанап ойнаймыз біз.



5

19 мамыр 2016 жыл

5

ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАНДАРЫ



Қ А Н А Т  Қ А Қ Т Ы

СҮЙІКТІ ҰСТАЗЫМА

Алғаш қалам ұстатып, жазуымды түзеткен,

Әріптердің қыр­сырын, әліппеден үйреткен.

«Тәртіпті бол, оқы»­деп, қаншама рет айтса да,

Шаршамайтын, талмайтын ұстазыма рахмет!

Апайымды жақсы көрем өзім де,

Өйткені ол екінші анам емес пе.

Күн сайын сыныбыма жеткенше,

Асығамын апайымды көргенше.

КҮЗ ТАБИҒАТЫ 

ТАМАША

Күз мезгілінде күн салқындай 

бастайды. Күз мезгілінің ба­

сында жеміс­жидектер жина­

лады. Айнала сап­сары түске 

енеді. Құстар жылы жаққа 

ұшып кетеді. Күз мезгілі сон­

дай тамаша!



АНА

Ақ сүт беріп аялаған,

Түн ұйқысын аямаған.

Сәл кешіксем алаңдаған,

Менің анам алтын адам.

ОТАНЫМ

Отаным менің 

шаңырағым!

Отаным менің ата­анам.

Отаным менің отбасым,

Бәрінен де ыстық маған.



АНАШЫМ

Анашым анажаным,

Аяулы алақаның.

Жүрегің тәтті,

Құшағың балдай,

Ұнайсың сен маған 

анашым!

ƏЖЕ

Әжем менің ақ әжем,

Ақыл беріп үйреткен.

Аппақ әжем, жан әжем,

Мейіріммен тербеткен.

Аман болсын басыңыз,

Ағармасын шашыңыз.

Шөбере сүйіп әлі де,

100­ге жетсін жасыңыз.

ЖАЗ

Жаз мезгілі маған қатты ұнайды,

Жазда бәрі асыр салып ойнайды.

Каникулда кей жерлерге қыдырып,

Доп қуалап, жарыспасақ болмайды.

Жаз мезгілі қызық қой, өте тамаша,

Күн де жылы, айнала да жаңаша.

Жеміс­жидек, көкөністің баршасы,

Піскен кезі, міне осы тамаша!

ƏЖЕ

Әжетайым, анашым,

Еркелеткен баласын.

Жақсы көрем өзіңді,

Ақылдысың, данасың.

Әжетайым, анашым,

Маған биік дарасың.

Көңіліме ұнайды,

Жақсы көрген қарасың.

МЕНІҢ МЕКТЕБІМ

Мен  Қызылорда  қала­

сындағы  №  261  орта  мек­

тебінің  4  «Ә»  сыныбында 

оқи мын. Менің мектебім әсем 

де  әдемі.  Мен  сыныптағы 

озат  оқушылардың  бірімін. 

Менің  апайым  Камаладинова 

Бақтыгүл апай. Апайым жақсы 

адам, бізге әрқашан қамқор бо­

лып жүреді. Сы нып тағы менің 

жан досым Диас. Бірақ біз кей­

де ұрысып, қайта татуласамыз. 

Сабақтан  шыққанда  біз  үнемі 

бірге қайтамыз. Үй тапсырма­

сын  бірге  орындаймыз.  Мен 

Диаспен  мәңгілік  дос  бола­

мын.


Шадияр ҚОЖАБАЙ,

№ 261 орта мектебінің

4 «Ə» сынып оқушысы.

Шахназ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ,

№ 176 орта мектебінің

3 «Ə» сынып оқушысы.

Инабат КЕМЕЛ,

№ 43 қазақ орта мектебінің

1 «Б» сынып оқушысы.

Нұрдəулет 

МЫРЗАҒҰЛ,

№ 261 орта мектебінің

2 «З» сынып оқушысы.

Арайлым АХМЕТ,

№ 261 орта мектебінің

2 «З» сынып оқушысы.

Диас АЛТАЙҰЛЫ,

№ 43 қазақ орта мектебінің

1 «Б» сынып оқушысы.

Инабат ТАЖМҰХАНБЕТ, 

№ 43 қазақ орта мектебінің

1 «Б» сынып оқушысы.

Арман АСАНХАН,

№ 43 қазақ орта 

мектебінің

1 «Б» сынып оқушысы.

Айсұлу САДЫҚБЕК,

№ 43 қазақ орта мектебінің

1 «Б» сынып оқушысы.

6

19 мамыр 2016 жыл

6

ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАНДАРЫ



АЯУЛЫ АНАШЫМ

Аяулы анашым,

Ақ сүтіңнен айналдым.

Аяулы алақаның,

Аясы құшағыңның.

Ыстық сенің жүрегің,

Есімде сенің қызым деген бір сөзің.

Жанымда ыстық жалын от,

Жанымда сенің жүрегің.

ÀҚ ӘÆÅÌ


Әжем менің ақ әжем,

Өсірдің мені аялап.

Білемін сенің еңбегің зор,

Апарған мені мектепке.



Альбина БАҒДАТ,

№ 176 орта мектебінің

3 «В» сынып оқушысы.

МЫСЫҒЫМ


Үлпілдек жүнді мысығым,

Тентек болма, пұшығым.

Сүйкімдісің, еркесің,

Бөпеге ұқсас пішінің.

Еркелік қоймасаң,

Ойынға бір тоймасаң.

Дос боп алдық екеуміз,

Ертелі­кеш ойнаймыз.



Наргиз МЫЛТЫҚБАЕВА,

№ 176 орта мектебінің

3 «В» сынып оқушысы.

АТАШЫМ


Ата, ата, аташым,

Берер ме екен батасын?

Ұзап кетсең алысқа,

Сағына ма екен ботасын?

Ата, ата, аташым,

Мен еркеңмін қашатын.

Қуып көрші қанекей,

Мен емеспін сасатын.



Дильназ ШАРИБЕК,

№ 176 орта мектебінің

3 «В» сынып оқушысы.

ҚЫЗҒАЛДАҚ

Гүлдердің сан алуан түрі бар,

Соның бірі – қызғалдақ.

Қызғалдақтай әдемі,

Болады екен – сарғалдақ.

Шахризада ТОҚБОЛАТОВА,

№ 176 орта мектебінің

4 «А» сынып оқушысы.

ӘЖЕМ


Әжем мені өсірген,

Әжем сізге рахмет.

Әжем мәпелеп өсірген,

Айналайын, ақ әжем!

 

Елдос МАРАТ,

№ 176 орта мектебінің

3 «В» сынып оқушысы.

ÒÓҒÀÍ ÆÅÐ

Туған жер – ол ауылым,

Туған жер – ол өзенім.

Бәрі сонда бауырым,

Сондықтан да өз елім.

Ыстығыма күйетін,

Туған жерім – ата­анам.

Туған жерім сүйемін,

Жақсы бала атанам.



Ақкүміс КƏРТАЕВА,

№176 орта мектебінің

3»В» сынып оқушысы.

ÀÒÀ


Әр нәрсені ұғындырар,

Бағыт­бағдар беріп маған.

Ақылшым менің асыл атам,

Қорғайтын мені жамандықтан.

Қорғанышым менің батыр атам,

Немерем деп сүйіп­өбіп.

Қуанышыма ортақтасқан,

Аметқұл менің жан атам.

Әæå

Әжетайым ақ әжем,



Тәтті сенің бал көжең.

Еркелетіп, мәпелеп,

Көре қалсаң, көкем деп,

Иіскеп, сүйіп, өбектер!



Темірхан АМЕТҚҰЛ,

№ 176 орта мектебінің

4 «А» сынып оқушысы.

ƏР МЕЗГІЛДІҢ 

ӨЗІНДІК 

ЕРЕКШЕЛІГІ БАР

Бір  жылда  төрт  мезгіл  бар. 

Әр мезгілдің өз ерекшелігі бола­

ды.  Жаз  өзінің  ыстығы,  жеміс­

жидектерімен  есте  қа лады.  Күз 

алтындай  сар ғайған  жапырағы, 

көктем  жұпар  аңқыған  иі сімен, 

қыс қарымен ерекше. Балалардың 

бәріне  қыс  мезгілі  өте  қатты 

ұнайды.  Қыста  күн  суып,  айна­

ланы  ақ  көрпедей  қар  қаптайды. 

Күн  қысқарып,  түн  ұзарады.  Ба­

лалар  мәз  мейрам  болып  аулада 

бірі  аққала  жасап  ойнаса,  бірі 

шанамен сырғанап, ал басқалары 

болса  жай  ғана    қар  атысып  ой­

найды. Бұл мезгілде мерекелер де 

көп. Қыстың алғашқы күнінен ба­

стап  Президент  күні,  Тәуелсіздік 

мерекелері  болады.  Балалардың 

көптен күткен жаңа жыл мерекесі 

де қыс мезгілінде атап өтіледі. 



Шахноза ЖОЛШЫ,

№ 176 орта мектебінің

4 «Ə» сынып оқушысы.

Төрт  мезгілдің  ішіндегі  ең 

кереметі  –  қыс.  Ол  өзінің  кіршіксіз 

аппақ  қарымен,  қаһарлы  мінезімен, 

сықырлаған  аязымен  ерекше.  Қыста 

күн  қысқарып,  түн  ұзарады.  Ақұлпа 

қар  айналаға  сән  бергендей.  Қыста 

жануарлар  ұйықтап,  құстар  жылы 

жаққа ұшады. Қыс мезгілінде әртүрлі 

мерекелер  болады.  Қолдарына  шана 

сүйреген  балалар,  жүздері  күлкіге 

толы  адамдар,  барлығы  бейне  бір 

қыстың  суығын  емес,  оның  аппақ 

нұрынан  нәр  алғандай  қуанады.  Қыс 

мезгілінің  суығы  да,  сұлулығы  да 

әдемі ғой, шіркін!



Диана ЕГІЗБАЕВА,

№ 176 орта мектебінің

4 «Ə» сынып оқушысы.

ҐÛÑ ÌÅÇÃІËІÍ 

ҰÍÀÒÀÌÛÍ

Қ А Н А Т   Қ А Қ Т Ы


7

19 мамыр 2016 жыл

7

Осыдан  біраз  жылдар  бұрын 



соғыс  оты  лаулады.  Соғыс 

бірнеше жылдар бойы жалғасын 

тапты.  Біздің  елімізден  жанда­

рын  шүберекке  түйіп,  намыс­

тарын 

бермейтұғын 



батыл, 

ержүрек  ерлерімізбен  қоса  ақ 

жаулықты  аналарымыз,  көздері 

мөлдіреген  аруларымыз  соғысқа 

аттанды. Олар болашақ ұрпақтың 

қамы  үшін  жандарын  құрбан 

етті.  Соғыс  –  нағыз  найзағайлы 

бұлт  секілді  еді.  Сол  соғыстан 

оралған  адамдардан  қазіргі 

күні  санаулы  ғана  адам  қалды. 

Олар  өздерін  ойламады.  Ата­

анасы,  баласы  жыласа  да,  ке­

лешек  ұрпақ  жыламасын  деген 

оймен  жүрді.  Осы  күні  біздің 

бейбіт  өмір  сүріп  жүргеніміз 

осы  жауынгерлеріміздің  арқасы 

деп  білемін.  «Жеңіс»  деген 

сөздің  астында  талай  адамның 

көз  жасы,  талай  адамның  жан 

кешуі  жатыр.  Біз  әрбір  арайлап 

атқан  таңымызды  қуанышпен 

қарсы  алғанымыз  үшін  сол  ба­

тыр  бабаларымызға  алғыс  айту­

ымыз  қажет.  Міне,  сұм  соғысқа 

менің  де  ауылымнан  көптеген 

адамдар  аттанып,  өмірлерін  жау 

қолына  қиды,  елге  аман­есен 

оралғандары  да  бар.  Елге  аман 

оралып, бүгінгі күнге дейін өмір 

сүрген  ауылымның  соңғы  сол­

даты  Өрікбайұлы  Сүлеймен 

ата.  Сүлеймен  ата  соғыста  ерен 

еңбегімен  елімізді  жау  қолынан 

азат  етуге  барынша  үлес  қосқан 

батыр болған. Соғыстан кейін де 

үйде  қарап  отырмай  совхоздың 

малын  бағып,  бақташы  болған. 

Біз,  мектеп  ұландары  үнемі  ба­

тыр атаның отбасына барып, хал­

жағдайын сұрап сұхбаттасып оты­

ратынбыз.  Мектепте  өт кі зілетін 

шараларға  ша қы  рып,  атаның 

қызықты оқи ғалары мен соғыста 

көрген  қасіретін  тыңдайтынбыз. 

Соғыс  ардагері  Сүлеймен  ата 

биылғы  жылдың  ақпан  айы­

ның 19­ы күні 91 жасқа қараған 

шағында дүниеден озды. Біз жас 

ұландықтар  соғыс  ардагерлерін 

есімізден  шығармай  үнемі  еске 

алып, жарқын болашақтың сана­

лы азаматы болуы тиіспіз. 



Перизат СЕЙТМҰРАТ 

№116 орта мектептің 

7 сынып оқушысы, 

«Жас ұлан» ұйымының 

мүшесі.

Жалағаш ауданы, 

Ақсу ауылы.

ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАНДАРЫ

ÀÍÀÌ ÌÅÍІҢ - 

ÀßËÀҒÀÍ ÀҚ ÃҮËІÌ

Мен  анамды  қатты  жақсы  көремін,  әрі  сыйлай­

мын, құрметтеймін. Әрбір бала өз анасын құрметтеуге 

міндетті.  Біз  ана  алдында  парызымызды  ешқашан 

өтей  алмаймыз.  Себебі  ол  бізді  тәрбиелеп  өсірді. 

Ана өз баласына кешірімшіл. Ол бір қолымен бесікті 

тербетсе, енді бір қолымен әлемді тербеткен. Ана ең 

аяулыға лайықты жан. Анамыз «Балам оқысын, білім 

алсын»­деп, бізге барлық жағдай жасап беріп жатыр. 

Анамыздың істеген жақсылығын өзіне қайтару біздің 

міндетіміз. Ананың орнын ешкімде алмастыра алмай­

ды. Анам менің ­ аялаған ақ гүлім. Сол гүлімнің солмай, 

жайнап, жайқалып тұруына өзім тікелей себепкермін. 

Өзі дүниеге әкелген баласы дені сау, тіл алғыш, сабағы 

жақсы,  ақылды  болса,  ана  солмайды,  қартаймайды, 

ауырмайды, ұзақ өмір сүреді. Ана жүрегіндей жүрек 

жоқ. Ол жатса да, тұрса да баласының тілегін тілейді. 

Анам жұмыста болса үй іші жым­жырт күйде, көңілсіз 

болатыны­ай.  Анашым  күн  нұрындай  жылулық  бе­

реді, жұлдыздай жарқырайды, ай сәулесіндей жарық 

сыйлайды.  Анам  үйде  болса,  дастарқанның  берекесі 

кіріп,  үйде  мереке  болады.  Аналардың,  өз  анамның 

құрметіне бір шумақ өлеңімді ұсынамын.

Мейірімді көздері,

Жаныма жылу сыйлайды.

Жылағанда жұбанышым боп,

Анашым мені қуантады.

Еркелетіп «ботам»­деп!

Құшағына алады.

Қуансам мен егер де,

Қуанар ол да шаттанар.

Тілегімді тілейтін,

Болсыншы аман аналар!

ÒÓҒÀÍ ÅËІÌ, 

ҚÀÇÀҚ ÆÅÐІÌ

Менің елім – Қазақстан. Мен бұл сөзді асқан айбын­

ды лықпен,  зор  мақтанышпен  айта  аламын.  Жасам­

паз қазақ елінің менің Отаным болғанына қуанамын. 

Ұлан ғайыр атырапқа созылған қазақ жері маған рух 

пен  күш  беріп  тұратындай.  Елімнің  әсемдікке  толы 

табиғаты мен ата­бабамыз қалдырған мол мұрамыз әлі 

күнге дейін өз құндылығын жоғалтқан жоқ.

Халқымыздың  заңғар  жазушысы  М.Әуезов  не­

бәрі  жиырма  жасында  «Ал  қазақ,  мешел  болып 

қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе!»­деген 

қанатты сөзді жазды емес пе?!

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін!­деп, ақын Мағжан Жұма­

баевта жастарға жалынды сөз арнап, жас жеткін шек­

терге сенім артқан.

Қазіргі заман жаңара отырып, әркім өз өміріндегі 

дара жолын салып, өз тағдырын өзі қалауы тиіс деп 

санаймын. Сонда ғана ол аяғына нық тұрып, бұл менің 

жолым, әрі тағдырым деп мақтанышпен айта алады. 

Елдің әр азаматы өз тағдырын ел тағдырымен байла­

ныстырып, шын ықыласымен еңбек ететін болса ғана 

біз Елбасы айтқандай «Қазақстан­2050» стратегиясы­

на  сай  бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына  кіретін 

боламыз.  Елімнің  келешегі,  табиғаты  таңға жайып, 

экономикасы нығайған, медицина, білім беру жүйесі  

жолға  қойылған  мемлекеттер  қатарынан  кө ріне­

тіндігіне сенемін.

Өзімнің  болашағымды  ойлағанда  алға  қойған 

мақсатыма  жетем  деп  ойлаймын.  Өйткені  еліміздің 

бола шағы  нұрлы  болашақ.  Мен  егеменді  елімнің 

болашағын биік белестерге апаратын азаматша болуға 

талпынамын. 



Еңлік МЫРЗАХАНҚЫЗЫ,

№ 101 мектеп оқушысы.

КӨКТЕМ  


НҰРЫ

Көктем келді бүгін,

Күнім төкті нұрын.

Сайрап барлық құстар,

Ән салуға құштар.

Мен тұрмайын текке,

Гүл терейін көкте.

Жібек ЖҰМАБАЙ,

№ 110 мектеп лицейінің

3 «Ə» сынып оқушысы.

Жаңақорған ауданы.

АНА

Ана. Бар болғаны үш 



әріптен құралған. Бірақ 

мағынасы теңіздің терең 

тұңғиығындай, қол жет­

пес көк аспандай,  ауаның 

керектілігіндей қажет. Ана­

мыз бізді тоғыз ай көтеріп, 

жарық діниеге алып келген 

соң, қанаттыға қақтырмай, 

тұмсықтыға шоқтырмай өсірді. 

Бізге бесік жырын айтып 

әлдилеген анамызға мың алғыс. 

Біз анамызға мәңгілік қарызбыз 

және оны ешқашан өтей алмай­

мыз.


Жұлдызай КӨГЕНБАЙ,

№ 110 мектеп-лицейінің 

4 сынып оқушысы.

Жаңақорған ауданы.

ÆÅҢІÑІÌ ÑÀҒÀÍ, 

ÆÀÑ ҰËÀÍ


ЕСКІРМЕЙТІН 

ҚАЗАҚТЫҢ 

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ

Мен қарапайым қазақ  қы зымын. 

Мен  үшін  қазақтың    бар лық  салт­

дәстүрлерінің  ор ны  ерекше.  Себебі 

олардың бар лығы қызық және үлкен 

тәр бие лік  мәні  зор  дүниелер.  Атап 

айтар  болсақ:  шілдехана,  бесік  той, 

тұсаукесер,  тілашар,  келін  түсіру 

т.с.с.  Шілдехана  ол  жаңа  туылған 

сәбидің  құрметіне  жасалатын  той. 

Тұсаукесер  енді  ғана  тәй­тәй  басып 

келе  жатқан  баланың  қадамына  жа­

салатын  той.  Қарапайым  «Беташар­

ды»  алып  қарасақ  оның  басынан 

аяғына дейін қаншама өсиет, тәрбиелі 

сөздер айтылады.  Қазақ атам барлық 

салт­дәстүрлерді  «Артымдағы  ұр­

па ғыма  үлгі  өне ге  болсын»  ­  деп 

қалдырып  кеткен  сияқты.  Барлық 

салт­дәстүрлердің астарынан үл кенді 

сыйлау, кішіге, ата­анаға қамқор болу 

сияқты  асыл  өсиеттерді  аңғаруға 

болады.  Біздің  міндетіміз  сол  дәс­

түр лерді  сақтап,  кейінгі  ұр паққа 

өнеге болатындай етіп қалдыру. Мен 

қазақтың барлық дәстүрлерін мақтан 

тұтамын, өзге құрдастарыма да соны 

айтамын.


Дильназ ДҮЙСЕНБАЕВА,

№3 мектеп-лицейінің 

4 «В» сынып оқушысы.      

ҚÀÐÒÛ ÁÀÐ ҮÉIJҢ ҚÀÇÛÍÀÑÛ ÁÀÐ

Әрбір  баланың  адам  болып  қалыптасуына  зор  үлесін  қосушы, 

тілектес жандары – атасы мен әжесі. Ата­әже тәрбиесінде өскен бала 

тереңінен пайымдайтын, ақылды әрі зерек болып өседі. Ұлы Абай­

ды  да  тәрбиелеген  –  әжесі,  елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлын  да 

тәрбиелеген – әжесі.

Менде  отбасымыздың  ақылшысы,  алтын  тірегі  –  әжемді  жақсы 

көремін.  Әжемнің  аты  Жамал,  жасы  65­те.  Біз  әжемізбен  бірге 

тұрамыз. Әр сөзін тыңдап, нәтиже шығаруға тырысамын.  Мейірімі 

мол ананың – жүрегі жылы, қолы кең, пейілді атаның – жүзі жылы, 

жолы  кең,­демекші,  әжемнің  ойлағаны  тек  біздің  азамат  болып  бой 

жеткеніміз, сондықтан, барлық балаларға айтатыным ата­әжелеріңді 

қадірлеңдер, ренжітпеңдер!



Дана ЖҰМАДІЛДАЕВА,

№3 мектеп-лицейінің 

4 «В» сынып оқушысы.

Қ А Н А Т   Қ А Қ Т Ы

8

8

19 мамыр 2016 жыл

Газет ҚР Инвестициялар жəне даму министрлігі Байла-

ныс жəне ақпарат агентігінде 12.02.2015 жылы тіркеліп, 

№15117-Г куəлігі берілген.

Ұстаздар мен жасөспірімдер жəне 

мектеп оқушылары газеті 

Меншік иесі: ДК «Жас қыран»

Бас редактор -

Ерденбек МҰҚАНОВ

Газет айына бір рет шығады. Мақала авторларының пікірлері редакция 

көзқарасын білдірмейді Қолжазба өңделеді және кері қайтарылмайды



Редакцияның мекен-жайы: 

Тасбөгет кенті, Есенов көшесі 3

Тел: 8(7242) 20­07­34, 87052765307, 

87072765307, 87074810967, 87476443461.



E-mail: zhaskiran.kz@mail.ru

vk.com: zhas.kiran

Газет редакцияның компьютер орталығында 

теріліп, беттеліп, «ПРИНТ» баспаханасында 

басылды. Газет сапасына баспахана жауапты.

Қызылорда қаласы, Байтұрсынов №49  

Тапсырыс №

Таралымы – 3100

ЕСКЕРТУ


Ұялы  телефонмен  түсірілген  сурет­

теріңіздің газетке сапасыз болып шыға­

тындығын ескертеміз!

СУРЕТ


СЫРЛАРЫ

Ақылдастар алқасы: 

Бауыржан ЕЛЕУСІЗОВ, облыстық «Өрлеу» білік тілікті арттыру 

институтының директоры, профессор.



Шанжархан БЕКМАҒАНБЕТОВ, Қорқыт Ата университетінің доценті, 

филология ғылым дары ның кандидаты.



Сара ТАЙМАНОВА, «Болашақ» университетінің  доценті, филология 

ғылымдарының кандидаты.



Жібек БАЙМҰРАТОВА, Шиелі аудандық білім беру басшысының 

міндетін атқарушы.



Əділмырза ТАЖІДЕНОВ, №110 мектеп­лицей директоры.

Д Е М А Л Ы С   Б Е Т І

Дизайнер ­ Нұршах ҚЫПШАҚ

Индекс-65004, 68004

Тілші ­ Айгүл КЕНЖЕҒҰЛОВА

Бүгінгі  күнде  би  өнерінің  барлық  түрі 

дамыған. Кез­келген ата­ана баласының сым­

батты  да  сұлу  болып  өскенін  қалайды.  Сол 

себепті,  көптеген  ата­аналар  қыз  балаларын 

би  үйірмелеріне  апаруға  ынталы  келеді.  Би  

­  табандылық  пен  төзімділікті  қажет  ететін 

өнер  түрі.  Сондықтан  да  сахна  төрінен 

көрініп жүрген әрбір  балалардың  еңбегі  зор.

Кез  келген  бала  әйтеуір  бір  өнердің  иесі 

екені  рас.  Соны  дер  кезінде  көру,  оны  сол 

өнердің  сағасына  жетелеу  кез  келген  ата­

ана  мен  сынып  жетекшінің  жұмысы  болып 

табылады.  Бала  бойындағы  талантын  жан­

жақты  ашуда  ата­ана  мен  мектеп 

арасындағы ынтымақтастықты арт­

тыру  мақсатында  қаламыздағы  №3 

мектеп­лицейінде  жуырда  бал дық 

би өнері байқауы  өтті.

Көптен  күткен  байқаудың  бас­

талар  сәті  де  келіп  жетті.  Бірнеше 

ай  бойы  балалармен  бірге  жүрген  

ата­аналар  мен  ата­әжелерге  зал 

лық  толды.  Алыстан  көз  тартатын 

қызыл­жасылды киімдерінен  лицей  

оқушыларын тану мүмкін емес еді. 

Әрбір  сыныптың  қойған  билеріне,  

балалардың  өнеріне  көрермендер 

қауымы тәнті болды. 

Байқау қорытындысында 1 сыныптар бой­

ынша 1 «Ә», 2 сыныптар бойынша 2 «Б», 4 

сыныптар  бойынша  4  «Б»  сыныптары  бас 

жүлдені иемденді. 1 орынды: 1 «Ж», 2 «Ә», 

4 «Д». 2 орынды: 1 «А», 2 «Д», 4 «Е», 2 «А». 

3 орынды: 1 «Д», 2 «Г», 4 «В» жеңіп алды. 

Барлық  қатысушыларға  бағалы  сыйлықтар  

және дипломдар тапсырылды. 

«Биле, биле тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты 

би байқауының жоғары деңгейде өтуі алды­

мен  сынып  жетекшілері  мен  ата­аналардың 

белсенділігінде  деп  білеміз.  Себебі,  барлық 

балалардың костюмдерінің сапалы да, әдемі 

болуына  ата­аналар  ат  салысты.  Үлкен 

жауап кершілікпен  қарады.  Сонымен  бірге, 

бірнеше ай бойы балалармен бірге дайындық 

жұмыстарына қатысу үлкен табандылық пен 

төзімділікті қажет етеді.

«Өнерлі бала сүйкімді»­деп, халқымыз бе­

кер айтпаған. Балаларымыздың ашық, жайда­

ры болып, кез келген ортада өзін еркін ұстауы 

үшін  баланың  талап­тілегімен,  арманымен 

санасып  отыруымыз  қажет.  Сонда  ғана  біз 

заманға лайықты, заман көшіне ілесе алатын 

ұрпақ  дайындаймыз.  Сондықтан  да  мұндай 

байқаулар балаға үлкен қанат бітірері сөзсіз.

Лəззат БАЛТАБАЕВА,

№3 мектеп-лицейінің 

бастауыш сынып мұғалімі.

БИЛЕ, ТƏУЕЛСIЗ ЕЛ-ҰРПАҒЫ

Баланың қиялын шыңдап, арман, мақсатына 

жетуде баспасөздің оқушылар өмірінен алар 

орны ерекше. Бүгінгі күннің басты мәселесіне 

айналған тәлім мен тәрбиеге бау луда бағыт­

бағдар көрсетіп, орамды ойлар қозғайтында 

газет екенін айта кетуіміз керек. Бала бойындағы 

кішкентай болса да таланты мен талабын байқап 

халыққа жеткізе білетін, оның шығармасына 

жол ашып, жөн сілтейтін де газет. Осы бағытта 

облыстық «Жас қыран» газеті оқушылардың 

өлеңдері мен мақалаларын, салған суреттері мен 

қолдан жасаған бұйымдарын қалың қауымға 

таныстыруға әрқашан қолдау көрсетеді.

Сондай­ақ ұстаздардың сабақ берудегі 

шығармашылықтары мен инновациялық 

негіздегі сабақ үлгілеріне, мектепішілік сабақ 

түрлеріне, басқада өткізген іс­шараларға газет 

бетінен орын беріледі.



ҚАДІРЛІ АТА-АНАЛАР! 

Балаңызды жалпақ ел танысын, білімін 

ұштап, өнерін дамытсын десеңіз, аталмыш га­

зетке жазылуына ықпал ете біліңіз. 

Бұл газет заман талабына сай түрлі­түсті. Әрі 

өте сапалы түрде шығып, балалардың серігіне 

айналуда.  Әрбір балалардың талабы мен та­

лантын ашып көрсетуде біз сіздермен біргеміз! 

Сондықтан 2016 жылдың кез келген айнынан 

бастап жаздырып алуларыңызға болады.



Əрі сапалы, əрі арзан, «Жас қыранға» 

жазылыңыздар! Жазылу индексі – 65004. Ау-

дан мен қала үшін 68004 «Қазпошта» арқылы 

жазылу бағасы оқушылар үшін алдағы 6 айға 

– 520 теңге. Ұстаздар үшін  алдағы 

6 айға – 1200 теңге. 

ҚҰÐÌÅÒÒІ ÎҚÛÐÌÀÍ!

Òұðñûíòàé Åðàñûë

1 «Â» ñûíûï îқóøûñû

Ìàðæàí

1 «Â» ñûíûï îқóøûñû



Àқëèìà Òåìіðáåê 

1 «Â» ñûíûï îқóøûñû




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет